СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 сынып тапсырмалар жинағы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып оқушыларына және мұғалімге көмек құралы

Просмотр содержимого документа
«7 сынып тапсырмалар жинағы»


81 ЖББОМ Жантемирова Айнур Болатовна

30 ОМ Жунусбекова Сабира Игеновна


7 сынып география пәнінен күрделілігі әртүрлі тапсырмалар жинағы




Мазмұны

І тарау. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері. 2

ІІ тарау.Материктер мен жеке елдер географиясы.

АФРИКА 3

АВСТРАЛИЯ 3

АНТАРКТИДА 4

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА 5

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА 6

ЕВРАЗИЯ 7

ІІІ тарау. Деңгейлі сұрақтар 8

Литосфера және Жер шарының рельефі

Дүниежүзілік мұхит

Атмосфера және климат

Табиғат кешені

Африка

Австралия

Мұхит аралдары. Антарктида

Оңтүстік Америка

Евразия

Солтүстік Америка

VІ тарау. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар 10

V тарау. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар 21

Қолданылған әдебиеттер 33






















Түсінік хат


7 сынып оқу материалының курсы негізінде, тарауларына сәйкес әзірленген деңгейлі дидактикалық тапсырмалар жинағы. Күрделенген тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылауға, жеке жұмысын ұйымдастыруға, оқу материалын жалпылауға және жүйелеуге мұғалім үшін көмекші құрал. Бірінші және екінші тарау 9 түрлі тапсырмалар бойынша сұрақтардан құралған.

  1. Салыстыру жүргізуге арналған

  2. Талдау жасап қорытындылауға арналған

  3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

  4. Географиялық объектілердің және құбылыстардың орналасуын анықтауға арналған.

  5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

  6. Объектілерді топтастыруға арналған.

  7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды моделдеуге арналған

  8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

  9. Географиялық объектілерді болжауға арналған.

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар тарауында ашық және жабық тест құрастырылған, ал функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар тарауы мәтіннен ақпаратты таба білу, арнайы жағдаятта ақпаратты қолдана білу, қорытындысына дәлел табу сияқты оқушылардың оқу еңбегін талап етеді.


























Күрделенген тапсырмалар жүйесі

І тарау. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері.

1.Салыстыру

Материктік және мұхиттық қыртыстарын салыстыр.Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Литосфералық тақталардың қозғалысы және жер қыртысының пайда болуы тұрғыдан түсіндір.

2.Талдау жасап қорытындылауға арналған

«Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдаланып жанартаулар мен жер сілкінісі жоқ, жаңа қатпар облыстары жоқ материкті көрсетіңіз

3.Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Таулардың жасаруы деген не? Көне платформалардың орнында бұрын биік таулары болғаны белгілі. Платформаларда жер сілкінісі, сөнбеген жанартаулар болмайды, платформаны құрайтын тау жыныстары қатпарға иілмеген. Рельефтің даму кезеңі аяқталғандай болады, бірақ сондай-ақАфриканың платформаларында сөнбеген жанартаулар бар, жер сілкіністері болады. Бұл факті ненің айғағы?

4.Географиялық объектілердің және құбылыстардың орналасуын анықтауға арналған.

А) шөлдерде өзендер аз. Неге?

Ә) Жер шарында ірі жазықтардың таралуының себептері не?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тропикалық шөл мен шөлейт сияқты ТТК тудыратын факторлар жер бетінде қайда басым болады?

6. Объектілерді топтастыруға арналған.

А) Ұсынылған объектілерді топқа бөліңіз, әр топқа атау беріңіз: Лавразия, платформа, жазық, Солтүстік Америка, Гондвана, Австралия, Африка, жанартаулар, сейсмикалық белдеулер, таулар, үгілу.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды моделдеуге арналған

А) Сіздің ойыңызша алыс болашақта Жер бетінде жаңа мұхиттар мен жаңа материктер қайда пайда болуы мүмкін?

8.Географиялық объектілерді болжауға арналған.


А) Ойланыңыз, Гибралтар бұғазының орнына құрлық көпірін салу қандай салдарға әкеледі?

Ә) Евразия мен Африканы бөлген Жерорта теңізі экватор аймағында пайда болды деп елестетіңіз. Бұл жаңа пайда болған материктердің климат пен рельефіне қалай әсер етер еді.


АФРИКА.

1. Салыстыру жүргізуге арналған

Негеылғалды экваторлық орман тұрғындары- пигмейлерде саванна тұрғындары –кафрларға не бушмендерге қарағанда терісі ақшыл келеді? Бұл халықтардың сыртқы ерекшеліктерін салыстырыңыз.

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


А) көлдің тұздылығы оның ағып шығуына байланысты. Чад ағынсыз көл болса да неге суы тұщы болып келеді?

Ә) Африка үшін шөлдену, яғни шөл аудандарының ұлғаюы тән. Бұл қандай себептермен байланысты? Бұл құбылысты болдырмауға болады ма?

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған



1.Облыста қандай климат, егер ондағы өзендердің келесі ерекшеліктері болса?

а) қатпайды, қыста суы толады, жазда қатты тартылады;

б) қатпайды, тасиды;

в) жыл бойы суы мол және қатпайды;

г) мұхитқа ағыны жоқ, жазда кейде кеуіп қалады.

2. Келесі тұжырымдардан себеп-салдардың тізбегін құрастыр:

а) Чад көлі кеуіп қалады;

ә) Африкада шөлдердің ауданы өте үлкен;

б) Африканың солтүстігінде жауын-шашын мөлшері өте аз түседі;

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

а)Шөл – Жер бетіндегі заңдылық па әлде қалыптан ауытқу ма?


ә) Африканың климаттық облыстарының пайда болуы мен орналасуында қандай негізгі атмосфераның айналым ерекшеліктері өзіндік көрініс тапқан?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

а) Табиғат зонасында топырақ түзілу жыл бойы өте белсенді жүреді, және қызыл-сары ферралитті топырақ түзіледі. Бұл зонаның өсімдік және өзендерінің ерекшеліктерін көрсетіңіз


6. Объектілерді топтастыруға арналған тапсырмалар.

Ұсынылған Африканың объектілерін топқа бөліңіз группы, әр топқа атау беріңіз.

Шығыс – Африка таулы үстірті, Ливия шөлі, Намиб шөлі, Эфиопия таулы үстірті, Нигер, Атлас, Кап таулары, Сомали түбегі, Нил, Сахара, Танганьика көлі, Гвиней шығанағы.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

а)Егер Африка экваторды солтүстік бөлігінде, оңтүстік бөлігінде кесіп өткен жағдайда оның климаттық белдеулері қалай орналасар еді? Оны шамалап сызбамен көрсетіңіз.

ә) Қай жерде ең ылғалды климат, қай жерде құрғақ болар еді?

б) Шөлдер қайда болар еді, олардың ауданы қанша болар еді?

в) Африканың қай жағалауында жылы, қай жағында суық ағыстар болар еді?


8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Өзен оңтүстіктен солтүстікке 6671 км ұзындыққа ағып жатыр, жоғарғы ағысында көптеген салалар қосылады, оның атырауы көне өркениет орны болған


9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

а) Саваннада жауын шашын мөлшері 4 есеге кемісе қандай экологиялық салдарға әкеп соғуы мүмкін, болжап көріңіз.

ә) Атлас таулары батыстан шығысқа жалпағынан созылып жатса не болар еді?


АВСТРАЛИЯ.

1. Салыстыру жүргізуге арналған

а)Австралия мен Африканың ГО ұқсас және айырмашылық белгілерін атаңыз.

ә) Австралия мен Оңтүстік Африка субтропикалық белдеуінің табиғат зоналарын салыстырыңыз.

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


Климаттық белдеулер картасы бойынша Австралияның шығыс жағында қандай климат екенін анықтаңыз. Шығыс пен батыстың климатында қандай ортақ ұқсастық бар? Бұл территориялардың климатындағы айырмашылық неде?

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

а) Материктің көлемі мен өзендері арасында қандай тәуелділік бар?

ә) Рельеф пен ішкі сулар арасында қандай тәуелділік бар?

б) Климат пен ішкі сулар арасында қандай тәуелділік бар??

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

а) Австралия – мұздықтар мен жанартаулары жоқ жалғыз материк. Оны немен түсіндіресіз?

б) Австралияның таулары ескі екенін қалай түсіндіруге болады?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

а) Адамның шаруашылық әрекетінде географиялық қабықтың тұтастылық заңдылығын ескеру неге маңызды

ә) Қалай ойлайсыз, Австралияның рельефі салыстырмалы түрде қарапайым?


6. Объектілерді топтастыру

Ұсынылған Австралия объектілерін топтастырыңыз; әр топқа атау беріңіз: Мурей, Дарлинг, Эйр, Құмды шөл, Виктория, Үлкен суайрық жотасы, Тасмания.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

Үлкен суайрық жотасы материктің батысында жатқанда Австралияның климаттық белдеулері мен облыстары қалай орналасатынын шамалап сызба түрінде көрсетіңіз; материктің солтүстігінде?

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Үстірт үгілуге қатты ұшыраған, бұзылу өнімдерімен көмілген. Кейбір жерлерде көне кристалл тау жыныстары – қалқандар шығып жатыр, соның бір шегінде Макдоннелл таулары орналасқан. Қалқандардың биіктігі от 800 до 900 метр аралығында. Үстірттің орталық бөлігінде шөл орналасқан. Қандай?

9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

Австралияның климаты қандай болар еді, егерде ол Антарктидамен дерлік қосылған болса?


Антарктида

1. Салыстыру жүргізуге арналған.


а) Антарктидалық шөлдердің ерекшелігі неде? Оларды Африка шөлдерімен салыстырыңыз. Қайсысы шөлді және неліктен?

б) Антарктида оазистерінің Африканың тропикалық шөл оазистерінен несімен айрықшаланады?

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


Карта аңызын зерделеңіз, Антарктида мұз жамылғысының табанын, яғни платформаның бетін, теңіз деңгейінен жоғары және төмен жатқан орындарын анықтаңыз. Картадағы ғылыми станцияларды тауып, материкке қатысты олардың орнын анықтау керек.

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Антарктидада мұз күмбезінің болуы рельеф пен жануарлар әлеміне әсер етеді.Мұздықтардың табиғат кешенінің әртүрлі компоненттеріне әсер етуіне мысал келтір. Неге мұздық климатпен тура және кері байланыста болады?

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтауға арналған.

а) Антарктидада жоғары сатылы өсімдіктер жоқтың қасы. Бұндай жағдайда жануарлар немен қоректенеді?

ә) Антарктиданы таза ауаның эталоны деп неге атайды?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

Арктикалық және антарктикалық климаттық белдеулерді салыстырыңыз. Ұқсастықтары неде, себептері қандай?Айырмашылықтары неде? Олар қандай себептерге байланысты. Бұл себептер қандай факторлар тобына жатады?

6. Объектілерді топтастыру

Ұсынылған объектілерін топтастырыңыз; әр топқа атау беріңіз: Эребус, Росса, Восток, Молодежная, теңіз арыстаны, Адели, альбатрос, Шмидт жазығы, Новолазаревск, Берд жазығы.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

Антарктиданың рельефі тегіс жазық болған жағдайда мұз жамылғысының биіктігі өзгерер ме еді?

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Материктің көп бөлігінің негізінде, оның шығыс жартысында көне тақта жатыр. Бұл материкте Жердегі судың 80% шоғырланған.

9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

Антарктидада пайдалы қазбаларды игеру материктің экологиялық жағдайына әсер етер ме еді.


Оңтүстік Америка

1. Салыстыру жүргізуге арналған

Қайда шөлдер үлкен ауданды алып жатыр, Австралияда ма әлде Оңтүстік Америкада ма, қайда аз және неліктен?

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


Климаттық белдеулер мен облыстар картасы бойынша материктің тропикалық климаттық белдеулердің шығысы мен батысында қандай климат түзілетінің анықта. Бұл территориялардың батысы мен шығысындағы климатында қандай ортақ белгілері бар?

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Материктің даму тарихы және жағалау сызығының кескіні арасында қандай тәуелділік бар? Қазіргі кезде бұл материктердің рельефінде өзгерістер болып жатыр ма?

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

Оңтүстік Америка жер бедерінің жер қыртысы құрылысынан тәуелділігі неден байқалады? Австралия мен Оңтүстік Америка жер бедерінің айырмашылығы неде? Ол немен түсіндіріледі?

Чилидің жағалауының батыс аудандарында қандай литосфералық тақталар соқтығысады? Бұның салдарынан не түзіледі?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

Солтүстік пен оңтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеулерін салыстыр. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Олар қандай себептерге байланысты? Бұл себептер қандай факторлар тобына жатады?

6. Объектілерді топтастыру

ҰсынылғанОңтүстік Американың объектілерін топтастырыңыз; Әр топқа атау беріңіз: Анды, Амазонка, Амазония, Оринока, Ла – Плата, Аконкагуа, Бразилия, Гвиан, Ориноко, Бразилия, Гвинея, Колумбия, майя, ацтектер.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

Анды таулары шығыс жағалауда орналасқан жағдайда Оңтүстік Американың климаты қандай болар еді?

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Құрлықтағы ең ұзын тау тізбегін құрайды, олардың жоталары бірде айырылады, бірде қосылады және өте биік шыңдарымен таулы торап құрайды, олардың ішінде сөнген және сөнбеген жанартаулар көп.


Тыныш қойнауларда және жылғаларда қалқыған жапырағының диаметрі 2 метрге дейін жететін Виктория регия құмырасы өседі

9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

Амазония ормандарында трансамазония жолдарының салынуы сияқты адамның шаруашылық әрекеті оның табиғатына қалай әсер етеді? Амазония ормандарын кесу қандай қабықтарға әсер етеді?


Солтүстік Америка.

1. Салыстыру жүргізуге арналған

Морфомүсінді рельефтің қандай түрлерін білесіз? Олардың қайсылары Жерде көбірек тараған? Солтүстік және Оңтүстік Американың морфомүсіндерін салыстырыңыз.Олардың айырмашылық себептерін атаңыз.

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


Материктің солтүстік және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналары бірін бірі қай бағытта ауыстырады? Ол немен анықталады? Кордильердің жағалау жоталары түзілу уақыты бойынша ең жасы, бірақ ең биігі емес. Таулардың биіктігі мен түзілу уақыты арасындағы сәйкессіздік немен түсіндіріледі?

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған



Материктің солтүстігі Солтүстік Мұзды мұхит суларымен шайылып және мұхиттан ылғалды ауа келуі тиіс секілді. Бірақ ол жақта жауын-шашын Кордильердің ішкі таулы үстіртінен де аз түседі. Ол немен байланысты?


материктің көлемімен өзендері арасында қандай тәуелділік бар? Бұл тәуелділік Солтүстік Америкада қалай байқалады?

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

Солтүстік Америка жер бедерінің жер қыртысы құрылысынан тәуелділігі неден байқалады? Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка жер бедерінің айырмашылығы неде? Ұқсастықтары бар ма? Ол немен түсіндіріледі?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың тропикалық белдеулерін салыстырыңыз. Қандай ұқсастықтары бар? Ұқсастықтың себебі неде? Бұл себептер ТТК түзілу факторларының қандай тобына жатады?

6. Объектілерді топтастыру

Ұсынылған Солтүстік Американың объектілерін топтастырыңыз: Калифорния, Гудзон, Флорида, Колорадо, Лабрадор, Орталық, Ұлы, Ниагара, Миссури, Эри, Онтарио.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

Кордильер мен Аппалач таулары орындарымен ауысқан жағдайда Солтүстік Американың табиғат зоналарын сызба түрінде шамалап қалай орналасатынын көрсетіңіз. Жағдаятты және құбылыстарды моделдеуге сұрақтарды құрастырыңыз және оларға жауап беріңіз.

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Таулар адам айтқысыз әдемі. Олар каньондармен – терең өзен аңғарлармен тілемделген.

Жердегі ең ұзын өзендердің бірі және континенттің ең суы мол өзен.

Өзен әктастардан құрылған төбелі үстіртті кесіп өтіп көлдерді қосқан.

9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

Солтүстік Американың қандай аудандары адамның өміріне және шаруашылық әрекетіне аса қолайлы? Өз болжауыңызды халықтың тығыздық картасымен салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.

Апалач таулары Кордильер сияқты биік болғанда табиғат зоналары қалай өзгерер еді?


Е В Р А З И Я

1. Салыстыру жүргізуге арналған.

Солтүстік Америка мен Евразия, Евразия мен Оңтүстік Американың қоңыржай климаттық белдеулерін салыстырыңыз.

2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .


климаттық белдеулер картасы бойыншақоңыржай және субтропиктік климаттық белдеулерінің шығыс жағында, сондай-ақ Еуразияның оңтүстігінде қандай климат қалыптасатынын анықта.

Бұл территориялардағы қаңтар мен шілде айындағы желдің бағытын анықта

Желдердің маусымдық өзгерісі немен түсіндіріледі?

Еуразияның оңтүстік пен шығыстың (қоңыржай мен субтропиктік белдеулердің) климатында қандай ұқсастық бар .

Бұл территориялардың климатының айырмашылығы неде?

3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған



Материктің мына ерекшеліктеріне қарап климаттың ерекшеліктерін анықтаңыз:

  1. Евразия солтүстіктен оңтүстікке үлкен ұзындыққа созылып жатыр.

  2. Евразия батыстан шығысқа үлкен ұзындыққа созылып жатыр.

  3. Гималаи және басқа тауларматериктің ішкі жағынамуссондардың кіруіне жолына бөгет болады.

  4. Қыста материк бетінің көп бөлігі қатты суиды.

  5. Евразияның аралдар бөлігі оңтүстікте және экватордың маңында орналасқан.

Келесі климат ерекшеліктерінің салдарын анықтаңыз:

  1. Евразии көп бөлігі қоңыржай белдеуде жатыр.

  2. Жерортатеңіздік климат облыстарында жазда тропиктік, ал қыста теңіздік, қоңыржай ауа массасы басым.

  3. Тропиктік белдеуде үнемі құрғақ тропиктік ауа басым

Өзендердің қандай ерекшеліктері келесі себептермен байланысты. ( яғни,көрсетілген себептерден болатын салдарды анықтаңыз):

  1. Материктің үлкен көлемі.

  2. Материктің орта бөлігінде ірі тау сілемдері орналасқан

  3. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері негізінен субарктикалық белдеуде және қоңыржай белдеудің континенттік климат облысында ағып өтеді.

Ішкі сулардың келесі ерекшеліктерінің себептерін анықтаңыз:

  1. Үлкен облысты ішкі ағын алабы алып жатыр.

  2. Байкал көлі– жер шарындағы ең терең көл.

  3. Хуанхе өзенінің суы өте лайлы.

4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау

Географиялық ендікке климаттың тәуелділігін ескере отырып Евразияда қаңтар айының ең төменгі температурасы қайда байқалуы тиіс деген болжам жасаңыз.

Өзінің болжамыңды климаттық карта бойынша тексер. Қорытынды жаса.

Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі суы неге тұщы, ал шығысында тұзды?


5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.

Тура және кері байланысты орнату

1. Неге Батыс – Сібір жазығында, сондай-ақ Тигр мен Ефрат өзендерінің төменгі және орта ағысы аудандарында мұнай мен табиғи газ қабаттары орналасқан?

2. Евразия жер бедерінің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

3. Тайга зонасындағы маусымдық өзгерістер немен байланысты?

Саванна және сирек орман зонасында немен байланысты?

6. Объектілерді топтастыру

Ұсынылған Евразияның объектілерін топтастырыңыз, әр топқа атау беріңіз: Кавказ, Волга, Сена, Рим, Қытай, Гималаи, Тигр, Обь, Альпы, Днепр, Апенин, Арабия, Каспий, Байкал, Сахалин, Жаңа Жер.

7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу

Орал таулары 5000 м –ден биік, ал Гималаи мен Тибет 2000 м-ден төмен болғанда климат қалай өзгерер еді ? Таулардан бастау алатын өзендер қандай болар еді?

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

Бұл қандай климат: қысы жылы, жазы ыстық емес. Күллі аспан аясында бұлттар баяу әрі үздіксіз жылжиды, олардың боз-қорғасынды түсі, олардың шексіз қатары келе жатқан жауын туралы ой шақырады.Теңіз бен өзендер, қаныққан дымқыл жер беттерінен үздіксіз бу көтеріледі. Ауа ашық күндердің өзінде ауа ылғалды.

9. Географиялық жағдаяттарды болжау.

Гималаи және Тибет таулары2000 м төмен болған жағдайда климат қалай өзгерер еді? Таулардан бастау алатын өзендерге не болар еді?






Деңгейлі сұрақтар

Литосфера және Жер шарының рельефі

I. 1. Жер қыртысы құрлысының негізгі түрлерін сипатта (аты, қалыңдығы, тау жыныстарын құрайтын қабаттарының саны)? жер қыртысының тік жатқан қалыңдығы қабаттар санынан қалай байланысты болады?

2. Қозғалуына байланысты жер қыртысы қандай бөліктерге бөлінеді? Платформа және қатпарлы аймақтар деген не?

II. 1. Материк және мұхит астында, мұхит табанындағы материктік шельф аудандарында қандай жер қыртысының түрлері таралды..

2. Литосфералық тақталар деген не? Жер қыртысы құрлысының картасын физикалық картамен салғыластырып литосфералық тақталардың шекаралары қайда және қалай өтетін анықта

III. 1. Неге платформаларда жазықтар орналасады?

2. Неге қатпарлы белдеулерге жер бедерінде таулар сәйкес келеді?

3. Рельефтің жер қыртысы құрылымынан тәуелділігін сызба түрінде көрсет

Дүниежүзілік мұхит

I.* Су массалары дегеніміз не, олардың қандай қасиеттері бар? Қай қасиеті негізгі? Неге

* Қандай толқындарды білесің, пайда болуы бойынша олар қалай ажыратылады

* Дүниежүзілік мұхитта ағыстың пайда болуы немен байланысты

II.* Жер шарында жылу мөлшерінің таралу білімін пайдаланып ДЖ мұхит су бетінің температурасы қалай және неге өзгеретінін түсіндір

* Судың агрегаттық күйіне температура қалай әсер етеді? Неге полюстер аймағында мұхит суының темперасы-1,8гр.С дейін жетеді

III. * Неге Солтүстік Атлант ағысы суының темп. =12гр.С жылы деп есептеледі, ал Қанар ағысы суының темп. +19гр. болса да суық деп есептеледі?

* Мұхит суы ащы-тұзды? Мұхит суында тұздар қайдан пайда болды

Атмосфера және климат

I.*Ауа массалары деген не? Олардың қасиеттері қандай жағдайларға байланысты

* Атмосфералық қысым белдеулерінің жер шары бойынша таралу сызбасын жаса. Белгілі территорияға түскен Күннің жылу мөлшері қысым шамасына әсер ете ма?

II.* Күн жылуының мөлшері арқылы ауаның температурасын анықтайды. Күн жылуы Жер бетінде ендік бойынша таралған. Климаттық картадан изотермалар әрқашан ендік бағытта таралған ба? Анықтаған фактілеріңді түсіндір.

*Пассаттар мен муссондарды салыстыр. Нәтижесін салыстыру кестесінде көрсет

III. *Пассаттар тұрақты желдер деп есептеледі. Пассаттар жыл бойы емес, тек қана бір маусымда соғатын территориялар жер шарында кездесе ма?

Табиғат кешені

I.* Географиялық қабық деген не? Ол қандай компоненттерден тұрады? Оның жоғарғы және төменгі шекаралары неге сәйкес жүргізілген?

* Табиғат зона деген не? Ол қандай компоненттерден тұрады? Оның ішінде бастысы қайсы және неге?

* Биіктік белдеулік деген не? Тауға көтерілген сайын заңды түрде өсімдік, топырақ, жануарлар әлемі неге ауысады?

II.* Картаны пайдаланып әртүрлі табиғат зоналарына мысал келтір. Неге табиғат зоналары өсімдіктің сипаты бойынша аталады?

* Табиғат кешені жөнінде оқудың қандай мәні бар? Неге адамға табиғат компоненттері арасындағы өзара байланыс жөнінде білу маңызды.

III.* Қандай материктерде және қандай себептерге байланысты табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке сонымен қоса батыстан шығысқа қарай бір-бірін ауыстырады?

Африка

I.1. Африканың қай бөлігінде ірі көлдер орналасты? Танганьика, Ньяса, Виктория көлдерінің қазаншұнқырының пайда болуы қандай?

2. Материк территориясында табиғат зоналары қай бағытта ауысады? Табиғат зоналарының таралуы қандай географиялық тәуелділікті дәлелдейді?

II. 1. Жоспар бойынша Африканың географиялық орнына сипаттама бер.

2. Солтүстік және оңтүстік Африканың климатына пассаттар қалай әсер етеді? «Пассат» -бұл ылғалды жел деген тұжырым әділ ма?

3. Африканың физикалық және климаттық карталарын пайдаланып, Нигер және Замбези өзендеріне оқулық соңындағы жоспар бойынша сип.бер.

4. Кескін картаға Африкадағы ірі көлдер мен өзендерді, сарқырамалар мен бөгендерді белгіле

5. Әр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді?

III. 1.Неге Африканың жоғарғы нүктесі –Килиманджаро жанартауы- басқа материктердегідей қатпарлы аймақта емес, платформа шегінде орналасты?

2. Күн экватор мен оңтүстік.тропикте орналасқанда ауаның орта темп. 24гр. жетеді. Бірақ с.тропикте күннің дәл сондай жағдайында орташа темп. 32гр. оны немен түсіндіруге болады?


Аустралия

I.1. Материктің негізгі ерекшеліктерін ата

2. Аустралияның ірі өзендерін ата. Олар қай мұхит алабына жатады? Неге Аустралия беткі суларға кедей?

3. Материктің негізгі табиғат зоналарын ата, т. Зоналардың таралуы түскен жауын-шашын мөлшерімен қалай байланысты?

II. 1. Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін, жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бұғаздарды белгіле

2. Аустралия – мұздықтар мен жанартаулары жоқ жалғыз материк. Оны немен түсіндіруге болады?

3. Органикалық дүниесінің өзіне ғана тән ерекшелігі неде байқалады және оны немен түсіндіреді?

III. Физикалық карта арқылы Африканың көп бөлігінде жауын -шашын аз түсетінін қалай анықтауға болады?

2. Физикалық картамен оқулық мәтінін пайдаланып ОЖШ материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықта

Мұхит аралдары. Антарктида

II. Физикалық. және климаттық карталарды пайдаланып Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.

III. 1. Географиялық орнының негізгі ерекшеліктерін ата. Материктің шеткі нүктелерін табуға тырысыңдар.

Антарктидада жоғарғы сатылы өсімдіктер жоққа тән. Бұндай жағдайда жануарлар немен қоректенеді?

2. Неліктен Антарктида материгіндегі тіршілік мұхит суымен байланысты?


Оңтүстік Америка.

I. 1. Неге Жаңа дүние бөлігі д.а. Америка атауы қайдан шықты, Вест-Индия, үндістер?

2. Материктің жер қыртысын қалыптастырушы негізгі элементтер қандай? Олар жер бедерінде қалай байқалады

II. 1. Тынық мұхитқа қараған батыс Андының әртүрлі бөліктерінде неге жауын-шашын мөлшері біркелкі түспейді? (200мм ден 3000мм дейін)

2. Бұрын оқылған материктерден Оңтүстік .Америка өзінің жануарлар әлемінің ерекшеліктерімен қайсысына ұқсайды? өз көзқарасынды дәлелде

3. кескін картаға материктегі елдердің шекаралары мен астаналарын белгіле.

4. Елдердің біріне жоспар бойынша сипаттама бер

III. 1.Неге Бразилия т.үстірті және Амазония ойпаты Оңтүстік Америка платформасында орналасып теңіз деңгейінен биіктігі бірдей емес және бет пішіні әртүрлі

2. Неге экватор аймағында тіршілік ететін Оңтүстік Америкалық тұяқты жануары ламаның ұзын әрі қалын жүні бар?

Еуразия

I. Жаға сызықтарының сипаты бойынша материктердің қайсысына ұқсайды

2. Тұрғындардың қандай шаруашылық әрекеттерінің түрлері ішкі суларымен байланысты? Осыған байланысты қандай мәселелер пайда болады?

II.1. Материктің ГО сипаттама бер. Солтүстік оңтүстікке, және батыстан шығысқа созылуын анықта. Материктің орнының және көлемінің ерекшеліктері оның табиғатында қалай байқалады

2. Карта бойынша Еуразия жер қыртысы құрылымының ерекшеліктерін басқа материктермен салыстыр. Мат. территорияда көне, тұрақты жер қыртысы учаскелері бар ма, нешеу? Қай жастағы қатпарлы белдеулер таралды? Қорытынды жаса.

3. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Еуразияның батысындағы Атлант, шығыстағы Тынық мұхитына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама бер.

4. Берілген климаттық диаграммаларға оқулық соңындағы жоспар бойынша талдау жасап, олардың қандай белдеу мен климат сипатына сәйкес келетінін анықта

5. Еуразияның қоңыржай және тропиктік белдеулеріндегі шөлдердің ерекшеліктерін атап, салыстырыңдар

III. 1.Неге шілде айында ең жоғарғы темп. материктің ең оңтүстік шетінде емес (Малакка түбегі), солтүстікке қарай (Арабия түбегінде) болады?

2. Гималай етегіндегі Черапунджи жері «ылғалды жер» деп аталады. Бір жыл ішінде 12000мм астам жауын шашын түседі. Оны немен түсіндіруге болады? Олардың түсу режимі қандай? Өздерінің қоныстанған жерде жылдық жауын -шашын мөлшерін анықта және бұндай ылғалдылық сендерде неше жылда түсетінін есепте?

3. Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар арасында теңіз саяхатын жаса.

4. Бір елге қосымша әдебиеттер мен ақпарат құралдарын пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама құрастыр

Солтүстік Америка

I. 1. Жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты материкті қандай бөліктерге бөлуге болады?

2. С. Американың қай бөлігіне пассаттар әсер етеді? Ал қоңыржай ендіктің батыс желдері қандай жерлерге? Бұл құбылыс немен байқалады?

II. 1. Ұлы және орталық жазықтарының рельеф ерекшеліктерін салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндір.

2. С.Американың жазықтарында жылдық жауын-шашын мөлшерінің әртүрлілігін түсіндір: -100, 200мм, 2000мм-ден көп

3. оқулық мәтіні мен табиғат зоналары картасын пайдаланып Еуразия мен Солтүстік Америкадағы тундра мен тайга зоналарының географиялық орны мен табиғат жағдайларын салыстыр, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

III. Материктің солтүстігі СММ суларымен шайылады, яғни мұхиттан ылғалды ауа келетіндей. Бірақ жауын-шашын Кордильердің ішкі таулы қыраттарынан аз түседі. Бұл немен байланысты?

2. С.Американың қай аудандары адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы? Өзінің болжамыңды халықтың тығыздық картасымен тексер.қорытынды шығар.







Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар



Талаптар

Тапсырмалар

Қолдану: бірнеше дұрыс жауапты табу

Геосинклиналь, гилея, ксерофит, льянос, пампа, прерий, пушта, самум, сельвас, терая терминдеріне анықтама бер.

8848 м, 7723 м, 1024 м, 7690 м, 4807 м, 1620 м, 6671 км, 7439 м, 6960 м, 6193 м сандарының қандай обьектілерге сәйкес келетінін анықтап жаз.

Канберра, Мехико, Сантьяго, Кито, Вьентьян, Джакарта, Антананариву, Джорджтаун, Найроби, Нуакшот қандай мемлекеттің астаналары екенін тауып, ретімен жаз.

Талдау: Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

*Қандай мемлекеттердің территориялары Жердің солтүстік және оңтүстік шарларында бір мезгілде орналасады?

* Қандай мемлекеттер әртүрлі дүние бөліктерінде орналасады?

* Қазақстанның астанасы орналасқан өзен қай елдің территориясында бастау алады? Қай теңізге ол құйылады?

Жауабы: Қазақстан; Карск теңізі.

* Екі теңізді және екі мұхитты қосатын, екі дүние бөлігін, екі түбекті және екі аса ірі мемлекеттерді бөліп тұрған қандай бұғаз? Беринг

* Қандай мұхит тек бір дүние бөлігінен өзге барлық дүние бөліктерін шайып жатыр Атлант

*Екі мұхиттың суларымен шайылып жатқан және экваторға қатысты екі жарты шарда бірмезгілде орналасқан қандай мемлекеттер? Оларды атаңыз

Жауабы:Колумбия, Индонезия.

Себеп-салдарды анықтау

* Қай өзендердің тасуы жылына екі рет болады. Неге?

Білу, түсіну

* Қоңыржай климаттың қай түріне ең төменгі қысқы температуралар тән?

а) Теңіздік ә) Қоңыржай континенталды

б) Күрт континентік в) муссонды


* Солтүстік Американың қай түбегі тынық мұхиты суларымен шайылады?

а) Флорида ә) Юкатан б) Аляска в)Лабрадор


*Жер қыртысының қалыңдығы қай жер астында көп?

а) Охот теңізі б) Шығыс- Европа жазығы в) Алтай г) Кавказ


* Ресейдің қай шеткі нүктесі батыс бойлыққа сәйкес келеді:

а) Игольный мүйісі б) Дежнев мүйісі в) Челюскин мүйісі г) Гдан шығынағындағы бұрым


* Орал тауының геологиялық тарихи үрдістерінен қайсысы ең біріншіден пайдалы кендер мен минералдардың алуан-түрлілігін түсіндіреді :

а) жер қыртысы боймен магманың көтерілуі б) қатпарлану үрдісі

в) күшті үгілу г) көне теңіз алабының түбінде шөгінді қабаттардың жинақталуы


*Қай теңізде су көптеу: (дәлелде) а) в Беринг б) Балтық в) в Азов


*Қай бағытты туристтер тобы қозғалды, егер олар Темірқазық жұлдызын өздерінен оң жағында көрсе? А) батысқа б) шығысқа в) оңтүстікке г) солтүстікке


*Қоңыржай климаттың қандай типіне ең төменгі қысқы температуралары тән ?

а)теңіздік ә) қоңыржай континенттік б)күрт континенттік в)муссонды


* Оңтүстік жарты шар материктерінде қандай табиғат зонасы кездеспейді

а) қатқыл жапырақты мәңгі жасыл орман

ә) саванна мен сирек орман

б) шөл мен шөлейт

в) тундра мен орманды тундра


* Аталған Ресей территорияларының қайсында жер сілкінуі ықтимал?

а) Кольск түбегі ә)Жаңа Жер аралы б) Сахалин аралы в)Таймыр түбегі


* Солтүстік Америка материгінің территориясында ең үлкен ауданды алып жатқан климаттық белдеу қайсы?

а) тропиктік ә) субтропиктік б) қоңыржай в) арктикалық


* Көрсетілген территориялардың қайсында қатты жер сілкінулер ықтималдығы көбірек?

1) Жапон аралдары

2) Шри-Ланка аралдары

3) Мадагаскар аралдары

4) Канада Арктикалық архипелагы


*Батыс Еуропа климатының жұмсақтығы немен түсіндіріледі?

а) Батыс Еуропаның ендігінен созылуынан

ә) Батыс Еуропаның теңізге жақын болуынан

б) Батыс Еуропаның меридиан бойынша созылуынан

в) Батыс Еуропаның қалын орманның болмауынан


*Жерорта теңіздік климатқа жататын өсімдік түрі қайсы?

а) тундра

ә) көкнәр

б) ылғалды тропикалық орман

в) дала


* Географиялық терминдердің келесі қатарларынан мазмұны бойынша сәйкес емес сөздерді сызып тастаңыз:

а) тайга, шөл, дала, тундра, топырақ;

б) аңғар, тасқын, арна, алқап;

в) табиғи газ, көмір, бензин, торф, жанғыш сланец


*Жағалауда орналасқан шөл қайсы?

а) Руб-Эль-Хали

ә) Гоби

б) Атаками

в) Такла-Макан


* Калифорния түбегінде шөлдер мен шөлейттердің басым болуының себептерін көрсетіңіз

А) түбектің субтропиктік ендіктің жоғарғы қысымды белдеуінде орналасуына

Ә) бұл аймақтағы жоғарғы тектоникалық белсенділіктен

Б) Калифорния ағысының әсері

В) Калифорния шығанағы мен тынық мұхит беттерінен көп булануына байланысты

Г) түбекте ормандардың белсенді кесуден

Жауабы: а) және б)

* Сахарадағы тасты шөлдерді жергілікті халық айтады:

А) саванна

В) хамада

С) ломас

D) гуано

Е) криктер

* Африканың табиғат зоналарының сипаттамасы бойынша самум желдері соғатын табиғат зонаны анықта:

А) Ылғалды экваторлық ормандар

В) Саванналар мен сирек ормандар

С) Тропиктік шөлдер

D) Субтропиктік қатты жапырақты орман

Е) биіктік белдеу

Қолдану бірнеше дұрыс жауапты табу

* Оңтүстік Американың картасында көрсетілген ел мен әріп арасындағы сәйкестікті табыңыз .




СТРАНА


БУКВА

1)

Колумбия

А)

А

2)

Чили

Б)

Б

3)

Боливия

В)

В



Г)

Г



* Африканың саяси картасында келтірілген ел мен әріп арасындағы сәйкестікті табыңыз.


Ел


ӘРІП

1)

Судан

А)

А

2)

Ангола

Б)

Б

3)

Алжир

В)

В



Г)

Г


Номенклатура

*Крым түбегі Европа картасында қандай әріппен белгіленген?



1)

A

2)

B

3)

C

4)

D


Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

* Орман өсімдіктерімен ең көп жабылған территория үлесі қай екі климаттық белдеуге сәйкес келеді? Жауабы: экваторлық, қоңыржай

* Басқа мұхиттармен салыстырғанда Атлант мұхитының беткі суының орташа тұздылығы көптеу деп есептеледі. Бірақ Африка жағалауындағы Б нүктесінде А нүктесіне қарағанда ол әлдеқайда төмен. Бұның екі себебін атап түсіндіріңіз



Талдау

*Андының батыс беткейінде 20º ендігіне қарағанда 50º ендігінде қар сызығы 3000м-ден төменде өтуі неліктен? Екі себебін көрсетіңіз.

*Чилидің жағалауының батыс аудандарында қандай литосфералық тақталар соқтығысады? Бұның салдарынан не түзіледі?

*22 маусымда Күн қай жақта қысқа болады: солтүстік немесе оңтүстік тропикте ме? Жауабыңды негізде.

* Қай жер шарын айналып шығу саяхаты ең қысқа болады? (құрлық немесе суға байланысты емес тура дүниежүзілік саяхат деп есептесек):

а) 50 параллель бойынша;

б) экватор бойынша.

Жауабын дәлелдеңіз. Қажетті барлық есептеулерді келтіріңіз.

*Тундра зонасының табиғатына қарағанда Шығыс Еуропа жазығындағы дала зонасының табиғатын адам неге көбірек өзгерткен?


Жабық тест: Бірнеше дұрыс жауапты табу

* Жерортатеңіздік субтропикалық климаттың сипатын таңда:

А. Қыста қоңыржай ауа массасы басым;

Ә. Қыста тропикалық ауа массасы басым;

Б. Жазда қоңыржай ауа массасы басым;

В. Жазда тропикалық ауа массасы басым;

Г. басым жауын-шашын жазда түседі;

Д. басым жауын-шашын қыста түседі;

Е. Қыста ауа температурасы төмен;

Ж. Қыста ауа температурасы 0 0 С жоғары, ал жазда температура жоғары


* Евразияның ішкі ағын алабына жататын өзендерді таңдаңыз:

А) Селенга Ә) Днепр Б) Хуанхэ В) Амударья Г) Дунай Д) Или Е) Дон Ж) Кама


Жабық тест: Дұрыс тізбекті анықта

1. Геологиялық эраларды өсу ретімен орналастыр: ең көнесінен ең жасына дейін

А. протерозой,

Б. кайнозой,

В. мезозой,

Г. палеозой,

Д. архей.

2. Негізгі тау жыныстарының түрлерін жер қыртысындағы көлемдерімен сәйкестеңдір: 9,4%, 26,5%, 64,1%.

Магмалық

Метаморфты

Шөгінді


3. Тау түзілу процестерін ең көнесінен ең жасына дейін орналастыр:

Альпілік, мезозой, каледон, байкал, герцин


4.Жас платформаларды анықта:

Сібір, Антарктикалық, Туран, Қытай, Батыс – Сібір, Патагония.


5. Европалықтармен жаңа жерлерді географиялық ашуларын хронологиялық ретімен қойыңыз


  • Камчатка түбегі;

  • Парсы шығанағы;

  • Куба аралы;

  • Қайырлы Үміт мүйісі;

  • Үндістан түбегі;

  • Жаңа Зеландия;

  • Жапон аралдары;

  • Ньюфаундленд аралы;

  • Гренландия аралы;

  • Австралия.

Талдау

Жабық тест: сәйкестендіру

Сыртқы іс-әрекеттерді жер бедерінің түрлерімен сәйкестендір:

Сыртқы іс-әрекет Жер бедері

Ағынды су. Өзен аңғары.

Мұздау. Жыра.

Жер. Барқан.

Төбе.

Өзек Шағыл.

Ашық тест

Тек бір ғана атау беріңіз.

  1. Бұл сөз скиф тілінде – «Дон», манси тілінде – «Обь», черкес тілінде – «Псоу», удмурт тілінде – «Кама». А қазақша қалай болады?Бұл Американың мемлекеті қателікпен «күмісті» деп аталады.

  2. Қай мемлекеттің атауы араб тілінде «қара адамдар мемлекеті» деп аталады?

  3. Қазақстанның қай қалаларының атауында пайдалы қазбалар кездеседі?

  4. Африканың қай шөлін аборигендер «Кари – Кари», «бейнетті» деп атайды……………………………………………………………………

  5. Қай бұғазының атауы грек тілінен «сиыр өткелі» деп аталады? .............

  6. Иран мемлекетінің астанасы Тегеран қаласы парсы тілінен жер бедерінің бір түрі болып аударылады. Қандай? ............................

  7. Анды сөзі қалай аударылады?……………………

  8. Араб тілінен Сахара сөзі нені білдіреді? …………………

  9. Канада сөзі ирокез тілінен нені білдіреді?……………………

  10. Батыс Еуропадағы қай елдің 1/3 көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан және оның тұрғындары теңізден жерді дамбылар жасау арқылы тартып алып жатыр.

Логикалық сұрақ

*Мына қалалардың қайсында суы ең төмен температурада қайнайды? Мәскеу, Астана, Париж, Канберра, Аддис – Абеба.

*Марста табиғат кешені бар ма? Болса оның бөліктері неден құрылған?

* Физикалық картадан гидросфераның қай бөлігін көруге болмайды?

Объектілерді топтастыру

* Аталған географиялық объектілерді материктерде дұрыс орналастырыңыз:

Евразия _____________________________________________________________

Солтүстік Америка ____________________________________

Оңтүстік Америка_____________________________________

Африка ______________________________________________________________

Австралия____________________________________________________________

Таулар: Аппалач, Орал, Кавказ, Альпы, Кордильер, Анды, Гималаи, Атлас, Памир, Үлкен Суайрық жотасы. Жазықтар: Шығыс Еуропа, Бразилия таулы үстірті, Амазония ойпаты, Ұлы жазықтар. Жанартаулар: Везувий, Гекла, Килиманджаро, Котопахи, Орисаба, Ключи шоқысы.


Қолдану:

бұл құбылысты қандай теория арқылы түсіндіруге болады

* Олардың қажымас әрекеті нәтижесінде Жер бетінде алуан-түрлі рельеф пішіндері басым болып келетін ғажайып «сәулеткерлерді» атаңыз


*«Климат» сөзі «клима» - «еңістік» грек сөзінен шыққан. Күн сәулелерінің еңістік бұрышы климатқа қандай әсері бар?

* Шұңғымалар қалай пайда болады

* Неге Австралияның көп өзендері материктің шетінен ортасына қарай ағады?

Синтез

*Бұл қай ел?

«Бұл ел үш жарты шарда жатыр. Құрлықтың 13% алады және ауданы бойынша Антарктида мен Австралиядан үлкен. Бұл елдің тұрғындары жаңа жылды 11 рет қарсы алады. Оның шекарасы экватордан 1,5 ұзын

Бұл қай ел? Ол қайда орналасты? Неге оның тұрғындары жаңа жылды 11 рет қарсы алады?


*Бұл қай теңіздер?

теңіздерді бұғаз қосады. Біреуінің тереңдігі 2211м., ал екіншісінің тереңдігі 245,5 есе кіші. Екіншісінің ауданы біріншіден 11 есе аз. Біріншісінде 200м-ден төменде тіршілік жоқ, ал екіншісінде барлық қабаттарда тіршілік мекен еткен


*Өзендерді атаңыз.

олардың алабы Австралия ауданының 2/3 дерлік құрайды. Олар бірдей табиғат зоналарын кесіп өтеді, бірдей қоректенеді және орасан зор гидроэнергия қорына бай. Мұхитқа құйылар сағасында біреуі кең әрі ұзын шығанақ құрайды, екіншісі кең дельта құрайды. Біреуі елдегі ең ұзыны, ал екіншісі ең үлкен алапқа ие.

* Бұндай жазба қай жерде жазылуы мүмкін: «Біз екі жарты шарлардың шекарасында, Үнді мұхитынан шамамен 500 шақырымдай қашықтықта орналастық. Оңтүстікте зәулім сөнген жанартау асқақтаған. Оның қарлы шыңына қарап, осыдан не бары 1000 шақырым ғана қашықтықта әлемдегі ең үлкен шөл орналасқанына тіпті сене де алмайсың

* Саванналар қай материктерде кездеседі? Ол қандай табиғат зонасы және қандай климатта қалыптасады?


Синтез

Мамандарды есептеуі бойынша қалыңдығы 3 км Антарктиданың мұз жамылғысын еріту үшін Жердің орта температурасын 2.50С-қа көтеру керек. Көп миллиондық қалаларда температураның өзгерістері әлден байқалады. Қалаларда ауа температурасының жоғарлауы немен байланысты? Ол жалпы атмосфера циркуляциясына әсер етеді ма? Өз ойыңызды білдіріңіз

Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Аралдың картасындағы А, В, С, D әріптерімен берілген елді мекендердің қайсысында жауын шашының ең аз мөлшері түседі? Жауабыңды дәйектеңіз. Оған екі дәлелден кем келтірмеңіз.



Жауаптар (бағалау критериялары):


дұрыс жауаптың элементтері


Ұпайлар

1) пункт А


2) тропикалық ендіктерде шығыс желдері басым(пассаттар)

не

мұхиттан жауын шашынды шығыстан келетін жел әкеледі

не

таулар жауын шашынды бөгейді


3) аралдың батыс жағалауында суық ағыс өтеді.


бағалауға нұсқау


Жауапта жоғарыда аталған үш элементтің барлығы бар

2

Жауапта жоғары аталғандардың екеу (1-і, 2-інемесе 1-і, 3-і) бар

1

Жауапта жоғары аталған элементтердің біреуі(кез келген) бар не жоғары аталғандардың ешқайсы болмайды


0


ашық тест

* Кеме жүретін еуразиялық бұғаздарды ата.

* Еуропа мен Азияда бір мезгілде орналасқан мемлекеттерді ата.

*Ява аралында ерекше гүл бар. Ол Патша примуласы деп аталады, бірақ жергілікті халық оны «бұзу гүлі» деп атайды. Неге?

* Еуразияның қай мемлекетінде жартысы тұщы, жартысы тұзды көл орналасқан? Көлді ата.

*Осы географиялық объектілер барма екен. Болса қай мемлекетте орналасқан?

Өзен Агу –

Өзен Ау –

Өзен Ура –

Өзен Ух –

Өзен Ай –

Тұсбағардың тілінің оңтүстігі-қызыл, солтүстігі – қара. Ассирий күнтізбесінде солтүстік –қара мемлекет, оңтүстік – қызып деп атанған. Ал шығыс пен батыс қалай атанды екен?

* Бос орындарға мағынасы бойынша келетін сөздерді орналастыр.

Екі түрлі қасиеті бар ауа массаларының соқтығысқанда жылы және суық фронт қалыптасады. Ені ондаған км, ұзындығы жүздеген км алады. Бұл ауа массаларының шекаралары ешқашан тік болмайды, олар толқын тәрізді Жылы фронттың келу үрдісі баяу, созыңқы ақжауынмен, қыста-қармен жүреді. Суық фронт келгенде құбылыстар тез болады, жазда найзағайлатқан жаңбыр, бұршақ, қыста боран, күшті желдер.



жабық тест

*Конго өзені Гвинея шығанағына көп су әкеледі. Нілдің Жерорта теңізіне әрекетін суынан неше есе көп? 2 есе, 40 есе, 70 есе, 80 есе, 10 есе, 15 есе. Дұрыс жауаптың астын сыз.

*Сахара шөлінің неше пайызын тасты шөл – «гамади» алып жатыр ( %), 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80.

Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану

*А. Беляевтың кейіпкері «Человек - амфибия» Ихтиандр Оңтүстік Американың қай бөлігінде тұрды? …

* Жер шарында «рухтар аңғары» бар. Ол АҚШ-тың солтүстік-батысында орналасқан. Ол неге солай аталады.

* Бұл таудағы көл құрақтан жасалған жүзетін аралдарымен әйгілі. Олармен бүгінгі күнге дейін жергілікті тұрғындары жүзеді. Оның жағасында мекен ететін тұрғындар үшін бұл өте қасиетті жер және қазіргі кезде «урос» аралдары – туристтердің табынатын объектісі болып отыр, бірақ әлі күнге дейін бұл жерде электр тогы – жоқтың қасы.

Бұл қандай көл?




Жабық тест: балама жауапты таңдау

Аталған елдердің қайсысы Жерорта теңізі суларымен шайылмайды

а) Сирия;

ә) Алжир

б) Израиль;

в) Түркия;

г) Ливан;

д) Иордания;

е) Греция;

ж) Албания;

з) Египет;

и) Ливия;


Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану


Сипаттамасы бойынша объектіні анықта.


1. Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері жоқ, жыл бойы жылы әрі ылғалды.

2. Бұл бірдей температуралары бар нүктелерді картада қосатын сызықтар

3. Бұл атмосфералық қысым белдеуінде ауаның өрлеген қозғалысы басым және жауын-шашын түседі.

4. Бұл климаттық белдеуде батыс желдері басым

5. Бұл желдер жылына екі рет бағытын өзгертеді.

6. Бұл желдер тропиктен экваторға соғады.

7. Бұл климаттық белдеуде жыл бойы суық әрі құрғақ

8. Бұл ауа массасы субтропиктік климаттық белдеуде қыста басым болады

9. Бұл бірдей жауын-шашын мөлшері бар нүктелерді картада қосатын сызықтар.

10. Бұл климаттық белдеуде қоңыржай ендіктің және тропиктік ауа массалары басым

Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану


Бұл климаттық белдеу тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Ұзақ әрі қатал қыс қоңыржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.

Бұл белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массасы басым болады, оның жазғы температурасы өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.

Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері айқын ажыратылады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.

Бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі түседі.


Синтез

Пасхи аралы қай елдің бөлігі:

а) Ұлыбритания; ә) Эквадор; б) Чили; в) АҚШ; г) Колумбия

Бұл объектінің координаталарын анықтаңыз. Бұл арал неге олай аталған, ол несімен әйгілі

Жауабы: б, координаталары 27°07′ о. е. 109°21′ б. б., голланд теңізшісі Якоб Роггевен 1722жылы Пасха күні ашқан. Құрлықтан ең шалғай орналасқан аралдардың бірі. Жанартаулық күлдермен нығыздалған биіктігі 20м. адамның басы түрінде тас мүсіндерімен, ронго-ронго жазуларымен әйгілі

Қолдану: есеп

* Австралияның шығыс бөлігінде Тынық мұхиты деңгейінде ауаның температурасы +24°С болғанда, Косцюшко тауының шыңында ауаның температурасы қанша болады? Есептеулеріңді жазып көрсет.

Жауабы: 10,6°С; Косцюшко тауының шыңы 2228 м құрайды. (2228 м /100 м = 222,8 м) оны 0,6°С көбейтеміз. Температура айырмашылығын 13,4°С. Содан кейін (24 – 13,4 = 10,6°С).

* Қай жер шарын айналып шығу саяхаты ең қысқа болады? (құрлық немесе суға байланысты емес тура дүниежүзілік саяхат деп есептесек):

а) 50 параллель бойынша;

б) экватор бойынша.

Жауабын дәлелдеңіз. Қажетті барлық есептеулерді келтіріңіз.

Жауабы: а) 50 параллель бойынша;

Дәлел: 50 параллель бойынша 1° 71,7 км-ге тең (71,7 км х 360°= 25812 км.)

Объектілерді топтастыру

* Әлемде қай елдердің атаулары және олардың астаналары сәйкес келеді?

Жауабы:Люксембург, Монако, Сан-Марино, Алжир, Тунис, Панама, Гватемала, Джибути, Сингапур

* Бірнеше Оңтүстік Америка елдерінің шекара қызметкерлерінің басшылары көрші-елдердің территорияларының карталарына тапсырыс берді. Төменде аталған елдердің қай басшысы карталардың санына ең көп тапсырыс беруге мәжбүр болады: Чили, Аргентина, Перу, Бразилия, Боливия.

Географиялық объектілердің және құбылыстардың орналасуын анықтауға арналған.

* 22 маусымда күн қай жақта қысқа болады: солтүстік немесе оңтүстік тропикте ме? Жауабыңды негізде.

* Ұсынылған тізімнен сізге белгілі мемлекеттердің шекараларында орналасқан сарқырамаларды таңдап алыңыз. Бұл мемлекеттердің атауларын келтіріңіз.

а) Рейнй; ә) Анхель; б) Кивач; в) Ниагара; г) Виктория; д) Игуасу; е) Стэнли; ж) Ливингстон.

* Ұсынылған тізімнен сізге белгілі мемлекеттердің шекараларында орналасқан тауларды таңдаңыз. Бұл мемлекеттердің атауларын келтіріңіз.а) Косцюшко; ә) Биік Татры; б) Белуха; в) Эльбрус; г) Эверест; д) Мак-Кинли; е) Монблан; ж) Бандейра.


Талдау

* Теңізшілер жолында айсбергтерді кездескенде, олар желге қарсы жүзетінін бірнеше байқаған. Қалай ойлайсыз, бұл неліктен болады?


*Табиғаттың барлық заңдылығына қайшы келетін бастаулары мен құйылар жері мерзімдік ауысуға ұшырайтын өзендер бар. Ол неліктен болады?


*Ширек ғасыр бұрын Тынық мұхитында Эль – Ниньо деген атқа ие болған жылы ағыс табылды. Оңтүстік-шығыс пассаттар әлсіреген кезде оның қуатты жылы ағыны 7-14 жылда бір рет пайда болады. 1982жылы қыста тағы оқысынан пайда болған Эль-Ниньоның салдары және себептері қандай болды?

* Мельбурн Сиднейге өте ұқсас. Бірақ олардың арасындағы басты айырмашылық – ауа райы. Сиднейде жиі күн шуақты болады, Мельбурнде салқын маусым ертерек басталады. Аталған қалалардағы климатындағы, ауа райындағы бұндай айырмашылықтарды түсіндіріңіз. Олар қандай климаттық белдеулерде орналасқан?

* 1000метрден артық тереңдікте тіршілік ететін теңіз жануарларын зерттей келе, гидробиолог-ғалымдар әртүрлі мұхиттарда және әртүрлі ендіктерде олардың түр құрамында ұстанымды айырмашылықтар таба алмады. Оны немен түсіндіруге болады? Қандай мұхитта судың беткі қабатында дәл сондай жануарларды кездестіруге болады? Мұхиттарда әртүрлі ендіктерде орналасқан аралдардың жануарлар әлемінде айырмашылық бар ма?


* Үлкен емес аралдардың жанындағы қайран суларындағы жануарлар әлемінің ерекше алуан түрлілігі теңіз гидробиологтарды әрқашан таң қалдырған. Ол жерлерде көптеп моллюскі, тікенді терілер, актиний, балықтар кездеседі.Қалай ойлайсыз, бұл қандай аралдар? Олар дүние жүзі мұхиттың қай аудандарында кездеседі? Бұл аралдардың пайда болу ерекшеліктерін сипаттаңыз. Олардың жағалау суларындағы ихтиофауна түрлерінің бай болуы немен байланысты?

* Тропикалық белдеудің тұрғындары – нилоттарға қарағанда экваторлық орманда өмір сүретін пигмейлердің терісі ашықтау келуінің себебі неде? Бұл халықтар қай елдерде таралған? Олардың өмір салты, айналысатын шаруашылығы немен айрықшаланады?

* Эскимостардың арғы бабалары өздерінің қолайсыз өлкелерінде қызыққа құштарланып қоныстанбаған- олар бұл жақта оңтүстіктің аса күшті тайпалардың тегеурінінен қорғаныс тапқан. Қазіргі эскимостар қайда тұрады? Олар қандай нәсілге жатады және олардың ағзасы ерекше тіршілік ортасына қалай бейімделген? Бұл аудандарды мекен еткен эскимостар мен басқа халықтардың шаруашылығы несімен айрықшаланады

* Гималай етегіндегі Черапунджи орны жер шарының ең ылғалды жері деп есептеледі. Бұнда жылына 10000 мм артық жауын шашын түседі. Бұны қандай себептермен түсіндіруге болады? Бұл аудандағы жауын шашының жылдық түсу режимі қандай? Черапунджиде бір жылда түсетін ылғал мөлшері Астанада неше жылда шамамен сонша мөлшерде түсетінін анықтаңыз. Черапунджи секілді ең ылғалды жерлер кездесетін басқа материктердегі елдерді атаңыз.

* Экватор және Оңтүстік тропиктің аспан биігінде Күн көзі тұрған кезде, бұл ендіктердегі қаңтар айының орташа ауа температурасы Африкада 24° С жетеді. Бірақ Солтүстік тропикте Күн көзінің ұқсас орналасқан жағдайында орташа температура шілдеде 32°С-қа жоғары болады. Бұны немен түсіндіруге болады? Бұл климаттық жағдайларға қандай табиғат зонасы сәйкес келеді? Бұндай табиғат зонасы кең ішкі аймақтарды алып жатқан тағы бір материкті атаңыз, және осы аймақтарды тізіңіз.

* Кейінгі жылдары климаттың жылынуы туралы көп айтылады. Ауа температурасының жоғарлаған кезінде поляр маңы мұздарының және тау мұздықтарының еруі басталады. Бұл жағдайда дүние жүзілік мұхиттың көлемі көтеріледі. Егер дүние жүзілік мұхиттың деңгейі 200м-ге көтерілсе қандай жазық түрлері су астында батар еді? Мысалдар келтіріңіз.


  • Сәйкестендір:

Табиғат зонасы

Ерекшелігі

Ылғалды экваторлық ормандар

Жауын-шашын көп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай

Саванналар мен сирек ормандар

Ылғалды кезең 3-ке бөлінеді, шөптесін өсімдік басым

Тропиктік шөлдер

Жауын-шашын 100мм-ден аз, құмды шөлдер орын алады

Субтропиктік қатты жапырақты орман

Түйнекті, тамыржемісті өсімдіктер көп


* Кестедегі мәліметтерге сүйене отыра, Қазақстанның қай аймағы ормандар көлемі аз екенін анықта:

А) Солтүстік

В) Батыс

С) Оңтүстік

D) Шығыс

Е) Орталық

Қазақстан облыстары

Жалпы жер көлемі млн.га

Орманды көлемі

млн. га

Солтүстік

56,6

1,8

Батыс

70,5

0,3

Оңтүстік

70,1

8,6

Шығыс

28,3

1,8

Орталық

35,6

0,1



Болжау

  • Литосфера тақталардың жылдамдығын және бағытын анықтап миллиондаған жылдардан кейін материктер мен мұхиттардың орнының ауысуы туралы болжаңыз

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Атлант, Тынық мұхиттарының аудандары қалай өзгереді? (Атлант үлкейіп, Тынық азаяды)

- Австралияның орны қалай өзгереді? (Евразиямен қосылады)

- Африканың орны қалай өзгереді? (солтүстікке ауысады)

- Солтүстік Америка мен Африканың пішіні қалай өзгереді? (Солтүстік Америка солтүстіктен оңтүстікке, Африка батыстан шығысқа созылады)


  • Тұманды Альбион…….. бұндай атауға Европа жағалауындағы осы аралдар ие. Олар қалай аталады? Ондай атау неліктен пайда болған?







Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар


Мәтінді тиянақты оқып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап бер

«Оңтүстік Американың биіктік белдеу зонасы»

Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25°-30С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері, салқын, «соқыр» тұмандарды –гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыр жемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңғырықтарынан – қалыңдығы 30м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл –Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі. Батыс Кордильера жотасының 2500м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.

1.Анд тауы белдеуіндегі гаруаның қалыптасу себебі:

А) климаттың қаталдығы

В) тәулік ішінде температураның ауытқуы

С) ең төменгі бөлікте шөлдің орналасуы

D) ксерофитті бұталардың болмауы

Е) шықтардың пайда болуы


2. Түйнекті өсімдіктердің биіктік белдеуде кездесуі:

А) бриз желдері әсерінен

В) тұманның тұрақты болуынан

С) температураның ауытқуынан

D) ылғалдың көп болуынан

Е) шықтың болуынан


3. Атакама жағалық шөлінде гуаноның жиналуы:

А) Чилидің басқа елдерге сататын негізгі тыңайтқышы

В) мұхит суы тіршілікке бай

С) құс базарының болуы

D) бағалы азотты тыңайтқыштың болуы

Е) климаттың қолайлығы



Чад көлі

  • 1 суретте Сахара шөлінің солтүстік Африка бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі шашамен б.э. дейін 20 мың жыл бұрын соңғы мұз басу кезеңінде толығымен жойылып кетті. Шамамен б.э. дейін 11мың жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Б.э. д. 1000жылы оның тереңдік деңгейі қандай болса, бүгінгі күні ол шамамен дәл сондай.

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін Чад көлі туралы алдындағы беттегі ақпаратты пайдалан

  • 1 сұрақ: Чад көлі

Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қанша?

А. Шамамен 2 метр

В. Шамамен 15 метр

С. Шамамен 50 метр

D. Ол толығымен жойылып кетті

E. Ол туралы мәлімет жоқ

Тапсырманың орындалуын бағалау

Әрекет: Ақпаратты табу

Код 1: Жауап А- шамамен 2 метр

Код 0- Басқа жауаптар

2 суретте көрсетілген диаграммада Сахарадағы тасқа салу өнері (үңгірдің іргесінде табылған көне суреттер) және жануарлар әлеміндегі өзгерістер көрсетілген.




2 сұрақ: Неге автор графиктегі бастапқы нүкте ретінде дәл осы жылды алған ?

Тапсырманың орындалуын бағалау

Әрекет: Рефлексия және бағалау

Код 1: Көл қайтадан пайда болды

Код 0- Басқа жауаптар

Мысалы: ол кезде жануарлар пайда болған

11000 жыл біздің эрамызға дейін адамдар жартастарда сурет сала бастаған кезде

3 сұрақ: Сұраққа жауап беру үшін 1-ші және 2-ші суреттерде көрсетілген ақпаратты біріктіру қажет.

Сахара шөліндегі жартастардағы суреттерінен гиппопотам, зубр, мүйізтұмсықтардың жоғалуы

А. Ең соңғы мұз басу кезеңнің басында

В. Чад көлі тереңдігі ең жоғарғы деңгейге жеткен кезеңнің ортасында

С. Мың жылдан артық бойы Чад көлінің деңгейі төмендегеннен кейін

D. Үздіксіз құрғақ кезеңнің басында

Тапсырманың орындалуын бағалау

Әрекет: Мәтінді түсіндіру

Код 1: Жауап С: Мың жылдан артық бойы Чад көлінің деңгейі төмендегеннен кейін

Код 0- Басқа жауаптар


КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ

Мәтінді оқып, ғылыми дәлелдерді пайдалану, сұрақтарға жауап беріңдер.

КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ: ШЫНДЫҚ ПА, ӘЛДЕ ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН БА?

Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін энергия қажет. Жер бетіндегі өмірді қолдайтын энергия, өте ыстық болғандықтан, ғарышқа энергия шығаратын Күннен келеді. Осы энергияның титтей бөлігі Жерге жетеді.

Жер атмосферасы ғаламшардың бетін жауып жатқан көрпе секілді қызмет атқарады және оны ауасыз кеңістікте болуы мүмкін ауа айырмасынан қорғайды.

Күн шығаратын энергияның көп бөлігі жердің атмосферасы арқылы өтеді. Жер осы энергияның қайсыбір бөлігін сіңіріп алып, басқа бөлігі жер бетінен кері түседі. Осы түскен сәуленің бөлігін атмосфера сіңіреді.

Осының нәтижесінде жер бетіндегі орташа температура, егер атмосфера болмағанда болуы мүмкінге қарағанда жоғары болып табылады. Жер атмосферасы көшетхана ретінде қызмет етеді, содан барып «көшетхана әсері» термині туындаған. Көшетхана әсері жиырмасыншы ғасырда көбірек байқалатын болды деп есептейді.

Жердің орташа температурасының ұлғайғаны айғақ болып табылады. Газеттер мен басқа да мерзімдік баспа беттерінде жиырмасыншы ғасырдағы температура ұлғаюының басты себебі атмосфераға көмір қышқыл газының тасталуы болып табылады деп атайды.

Андрей есімді оқушы Жер атмосферасының орташа температурасы мен Жер атмосферасына көмір қышқыл газының тасталуы арасындағы ықтимал байланысқа қызығушылық білдірді.

Ол кітапханадан келесі екі кескінді тауып алды.

ЖЫЛДАР Жер атмосферасының орташа температурасы Көмір қышқыл газының тасталуы (жылына мың миллион тонн)

Андрей осы екі кескін негізінде Жер атмосферасының орташа температурасының ұлғаюы шын мәнінде көмір қышқыл газының ұлғаюына байланысты деп қорытынды жасады.







Жауап толығымен қабылданады:

Энергиямен, немесе Күн сәулесімен байланысты факторлардың бірі көрсетіледі.

Күннің жылы сәуле шығаруы, немесе жер орналасуының ықтимал өзгеруі.

Жерден түскен энергия. («Жер» деген сөзді білімгер ғаламшардың өзін емес, жердің беткі қабаты деп түсінеді деп болжанады).


Жер табиғатының жеке құрауыштарымен, немесе қоршаған орта ластануымен байланысты фактор көрсетіледі.

Ауадағы су булары.

Бұлттар.

Жанартау атқылауы.

Атмосфераның ластануы (газ, жанармай).

Лақтырынды газдар көлемі.

Фреондар.

Автокөлік саны.



ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Мəтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2002 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Австралияда - ең қысқа күнді атап өтеді. Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, жəне толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды. Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды. Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер өсінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты. *Мельбурн – шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.

Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.

Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.

Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер жəне Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар. ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Сұрақ 2: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Қай пайымдау Жердегі күн мен түннің ауысуын көрсетеді? Ал Жер өз осінен айналып тұрады.

А Жер өз осінен айналып тұрады.

В Күн өз осінен айналып тұрады.

С Жер осі иілген.

D Жер Күнді айналып тұрады.

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………

ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ АРТУЫ

Өткен ғасырда жер атмосферасының орташа температурасы көтерілген. Газеттер мен мерзімдік баспасөзде температура көтерілуінің басты себебі атмосферадағы көмір қышқыл газы шоғырлануының артуы деп жиі атайды.

ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Жердегі температура көтерілуінің салдарларының бірі Антарктида мен Гренландияны басып жатқан мұздардың еруі болып табылады. Полярлық мұздардың еруі келешекте жағалауда жатқан, немесе соның жанындағы әлемдегі әрбір елге айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін .

Сұрақ 3:Осы әсер келешекте нақты не нәрседе көрінісін табуы мүмкін?

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………

Тұтылу

Төрт жеткіншек күн тұтылу кезде аспанды зерттейді. Біреуі ғаламшар Жер мен күннің арасында тұрады дер ойлайды. Екіншісі күн Жер мен айдың арасында тұрады деп ойлайды. Үшінші бала Жердің көлеңкесі күнге қарайды деп ойлады. Соңғы бала ай көлеңкесі Жерге қарайды деп ойлайды.

Сұрақ 4: Кім дұрыс ойлайды? Неліктен?

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………

Мұзды блок

Үш адамда үлкен мұз блогі болды. Оның еріп кетпеуіне жол бермеудің қандай ең қолайлы əдістері болады? Біреуі мұзды блокқа жамылғыш жабуды ұсынады. Басқалары ол мұз сеңінің еріп кетпеуіне септігін тигізеді деп ойлайды. Үшіншісі ол мұзды блоктың жылдам еріп кетпеуіне еш септігін тигізбейді деп ойлайды.

Сұрақ 5: Қайсысы дұрыс айтады? Неліктен? Ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіруге болады?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………


Толық жарық күн

1 сұраққа жауап толық қабылданады – 2 балл.

Тапсырманың орындалуына жоғары ұпай қою үшін, Жер осі Күнге бұрышы тікесінен 100 -тан 450 –қа дейін иіліп бейнеленуі керек.

Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларының белгіленуіне назар аудару керек (олар белгіленген бе əлде жоқ па немесе бір ғана жарты шар белгіленіп, ал басқасы тұспалданған ба).

1 сұраққа жауап жартылай қабылданады – 1 балл.

Жер өсінің иілу бұрышы тікесінен шамамен 100 -тан 450 –қа дейін бейнеленген, Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарлары дұрыс белгіленген (немесе бір ғана жарты шар белгіленіп, басқасы тұспалданған), бірақ экватордың иілу бұрышы дұрыс емес, ол көлденеңінен 100 -тан 450 –қа дейінгі шамадан асып кеткен, немесе экватор бейнеленбеген.

Экватордың иілу бұрышы көлденеңінен шамамен 100 -тан 450 –қа дейін бейнеленген, Солтүстік жəне/немесе Оңтүстік жарты шарлары дұрыс белгіленген (немесе бір ғана жарты шар белгіленіп, басқасы тұспалданған), бірақ өстің иілу бұрышы дұрыс емес, ол көлденеңінен 100 -тан 450 –қа дейінгі шамадан асып кеткен, немесе ось бейнеленбеген.

Экватордың иілу бұрышы көлденеңінен шамамен 100 -тан 450 –қа дейін дұрыс бейнеленген, Жер өсінің иілу бұрышы көлденеңінен шамамен 100 -тан 450 –қа дейін бейнеленген, бірақ Солтүстік және/немесе Оңтүстік жарты шарлары дұрыс белгіленбеген (немесе бір ғана жарты шар дұрыс белгіленбеген, ал басқасы тұспалданады, немесе екеуі де бейнеленбеген).

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

2 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауап: А.

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

3 сұрақтың жауабы

Жауап толығымен қабылданады

Ықтимал су тасқыны (теңіздегі су деңгейінің көтерілуіне сілтеме жасалынуы, немесе жасалынбауы мүмкін), немесе басқа да салдарлары көрсетіледі.

 Жағалауды су алады.

 Өсімдіктер жойылады.

 Құрылық саны азаяды.

 Су көтерілуі.










«Мұз құрсауындағы кеме»

Тапсырма: Австралиялық ғалымдармен ғылыми экспедицияға шыққан ресейдің «Академик Шокальский» кемесі 2013 жылдың 25 желтоқсанында Антарктидада Австралияның Хобарт қаласынан 2700 км қашықтықта мұз құрсауында қалды. Кеме қозғалтқыштарының қуаты қалың мұз қабатын жарып өтуге жеткіліксіз болғандықтан, оны мұз тұтқынынан құтқару мақсатында шыққан американдық және қытай кемелерінің іс-әрекетінен еш нәтиже шықпады. Сол себептен ғалымдар тікұшақтың көмегімен құтқарылып, команда кемеде қалсын деген шешім қабылданды. Кеме мұз құрсауынан 2014 жылдың 8 қаңтарында ғана босатылды.


Қолдану

Төмендегі картаны пайдаланып, Хобарт қаласының географиялық координатасын анықтаңыз.


Бағалау

1937 жылдың 23 қазанында Лаптев теңізіндегі Бельковский аралының батыс жағалауында мұз құрсауына түскен «Георгий Седов» кемесінің мұз көшкінімен ығысуы 1940 жылдың 3 қаңтарына дейін созылғаны белгілі. Бұл кеме 812 күн бойы мұз тұтқынында болған.

«Георгий Седов» пен«Академик Шокальский» кемелерінің мұз құрсауында болу ұзақтықтарын салыстыра отырып,екінші кеме мерзімінің қысқа болуына әсер еткен факторларды жорамалдаңыз.


ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Мəтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2002 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Австралияда - ең қысқа күнді атап өтеді. Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, және толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды. Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды. Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер өсінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты. *Мельбурн – шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.

Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.

Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.

Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер жəне Солтүстік жəне Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар. …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………

Сұрақ 2: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Қай пайымдау Жердегі күн мен түннің ауысуын көрсетеді? Ал Жер өз осінен айналып тұрады.

А Жер өз өсінен айналып тұрады.

В Күн өз өсінен айналып тұрады.

С Жер өсі иілген.

D Жер Күнді айналып тұрады.

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………



ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ АРТУЫ

Өткен ғасырда жер атмосферасының орташа температурасы көтерілген. Газеттер мен мерзімдік баспасөзде температура көтерілуінің басты себебі атмосферадағы көмір қышқыл газы шоғырлануының артуы деп жиі атайды.

ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Жердегі температура көтерілуінің салдарларының бірі Антарктида мен Гренландияны басып жатқан мұздардың еруі болып табылады. Полярлық мұздардың еруі келешекте жағалауда жатқан, немесе соның жанындағы әлемдегі әрбір елге айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін .

Сұрақ :Осы әсер келешекте нақты не нәрседе көрінісін табуы мүмкін?

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………

Тұтылу

Төрт жеткіншек күн тұтылу кезде аспанды зерттейді. Біреуі ғаламшар Жер мен күннің арасында тұрады дер ойлайды. Екіншісі күн Жер мен айдың арасында тұрады деп ойлайды. Үшінші бала Жердің көлеңкесі күнге қарайды деп ойлады. Соңғы бала ай көлеңкесі Жерге қарайды деп ойлайды.

Сұрақ: Кім дұрыс ойлайды? Неліктен?

………………………………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………


Мұзды блок

Үш адамда үлкен мұз блогі болды. Оның еріп кетпеуіне жол бермеудің қандай ең қолайлы əдістері болады? Біреуі мұзды блокқа жамылғыш жабуды ұсынады. Басқалары ол мұз сеңінің еріп кетпеуіне септігін тигізеді деп ойлайды. Үшіншісі ол мұзды блоктың жылдам еріп кетпеуіне еш септігін тигізбейді деп ойлайды.

Сұрақ: Қайсысы дұрыс айтады? Неліктен? Ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіруге болады?

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Талдаңыз және анықтаңыз:

Суреттегі 16,7 сан – бұл ....

A)ағып құйылу биіктігі

В) шектеулі биіктік

C)шың биіктігі

Д) салыстырмалы биіктік

Континенттің ауданы

Антарктиданың картасы


Километрлер 0 200 400 600 800 1000

Сұрақ: берілген картаның масштабын пайдаланып Антарктиданың ауданы нешеге тең екенін шамалап анықтаңыз

Шешімі: Антарктиданың ауданын континентке салынған шеңбер ауданымен бағалаңыз.


Километрлер 0 200 400 600 800 1000


Бейнеленген шеңбердің диаметрін сызғышпен өлшеп және 1000км ұзындықты масштабты сызғышпен өлшеп олардың ара қатынасын табу арқылы шеңбердің шынайы мөлшерін білеміз. Ол 4000км құрайды. Шеңбердің ауданы шамамен 12,6 млн км. Кв.

Жауабы: 12,6 млн км. Кв.





















Қолданылған әдебиеттер:


  1. Бейсенова Ә.,т.б. Материктер мен мұхиттар географиясы. 7 сынып. Оқулық.  Алматы. Атамұра 201

  2. К.Мамырова, Ү.Сүйінбаева. Физикалық география. 7сынып. Жұмыс дәптері, 2013

  3. Международная дистанционная обучающая олимпиада по географии (ДООГ-2015)

  4. geo.1september.ru - сайт "Я иду на урок географии" Статьи по разделам

  5. geographic.org - Geography, climate, countries, Maps, Flags

  6. http://geo.metodist.ru

  7. http://ruolimpiada.ru/olimpiada-po-geografii-6-klass-zadaniya/

  8. http://www.waikato.ac.nz/fass/geoolympiad/http://www.waikato.ac.nz/fass/geoolympiad/

  9. http://nic-snail.ru/lp/olimpiady_srednie_geog?yclid=6426703255719907627







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!