СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 санына көбейту және бөлу кестесі

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесі

Мектеп: №47 ЖОББМ

Күні: 17.10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тлеукенже Нұрбол Ерболұлы

3 «в» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4.6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. 

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.

3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы  теңдік ретінде  түсіну.

Просмотр содержимого документа
«7 санына көбейту және бөлу кестесі»



Тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесі


Мектеп: №47 ЖОББМ

Күні: 17.10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тлеукенже Нұрбол Ерболұлы

3 «в» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.4.6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.

3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну.

Сабақтыңмақсаттары

7-ге көбейту мен бөлу кестесін құруды және қолдануды үйренеді. Есептердішығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдаланады. 4-ші пропорционал шамаларға берілген есептерді құрастырады, салыстырады, талдайды.

Бағалау критерийлері

  • 7-ге көбейту мен бөлу кестесін құра алады;

  • Өрнектерді салыстыра алады, мәнін есептей алады;

  • Кесте бойынша есептер құрастыра алады;

  • Есептің қысқаша жазылуын толықтыра алады;

  • 4-ші пропорционал шамаларға берілген есептерді салыстыра алады

Тілдікмақсаттар

Дағдыларын дамыту:

шамалардың өзара тәуелділігін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

көбейту мен бөлу кестесі, есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

  • Бір заттың бағасын қалай білеміз?

  • Сатып алынған заттардың құны мен санын біле отырып, нені білуге болады?

  • Бірдей заттардың жалпы массасын анықтау үшін нені білу қажет?

  • заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып, бір заттың массасын қалай анықтаймыз?

Жазылым:

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдық қарым-қатынас орната отырып топ ішінде жұмыс жасау, тыңдау, өз қызметін және топ мүшелерінің қызметін талдауда сауатты сөйлеу, бірігіп шешім қабылдау қабілеттерін қалыптасады

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Бастапқы білім


6 санына көбейту мен бөлу кестесі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

0´-3´












4'-6'

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (дәптерлерін қарап тексеру)

ІІ. Ауызша есептеу кезеңі.

«Алтын балық» ойыны. Көбейту мен бөлу өзара қарама-қарсы амалдар екендігін түсіну, компоненттер, осы амалдардың қорытындылар арасындағы тәуелділікті анықтау, көбейту кестесін білу.

Мысалы:

6*8=48 54:6=9 6*7=42

36:6=6 42:6=7 6*8=48

«Шапалақ» арқылы бағалау




Өзектендіру.

7 санына көбейту және бөлу кестесін құру.

«Кестені білемін» ойыны ойнатылады. Балалар 2 командаға бөлінеді. Әрбір командадан 9 адамнан шығып, арақашықтықта орналасқан қатарлас екі сапқа тұрады. Әрбір сапта оқушылар ретімен санап, кеуделеріне қағазға жазылған тиісті нөмірді қадап алады. Мұғалім көбейту кестесінен келтірілген қандай да бір санды айтады, мысалы 48 саны. 48 саны – 6 саны мен 8 санының көбейтіндісі, сондықтан әрбір саптан осы нөмірі бар балалар жүгіріп шығуға тиіс.

(Түсінбеген оқушыларға түсіндіру)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

1-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған парақтар


Сабақтың ортасы

7'-11'











12'-29'









29'-43'

Ұ.Ж.1- тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға мынадай жағдаятты ұсынады: Тақтаға 9 оқушы шығады сынып бүгін дәлізде кезекшілік етуде, олар бір-бірінен жеті қадам қашықтықта тұрады. Оқытушы

7-ден санауды ұсынады.

Сан сызғышы арқылы көрсету:

7-ге бөлу және көбейту кестесі

«Шапалақ» арқылы бағалау

Оқулық


Жаңаныашу.

(Ж.Ж)2-тапсырма. Есептемей салыстырады жұбымен талдайды.

Шешуі:

3*7=7*3

7*7

3*7+24

7*7+20

7*(3+6)=7*3+6

(7+2)*3=7+2*3

(Т.Ж) Кесте бойынша құрастырып,оларды шығар.

І топ.3-а) тапсырманы орындайды – есептер бойынша өрнектер құрастырып, оларды шығарады.

1 жәшіктің массасы(кг)

Жәшіктің саны (дана)

Жалпы масса(кг)

?

6

18

6

7

?

9

?

54

?

6

42

Шешуі:

  1. 18:6=3

  2. 6*7=42

  3. 54:9=6

  4. 42:6=7

ә)

Тауар

1жәшікттің массасы

Жәшікттің саны

Жалпы масса

Алмұрт

6 кг

7 дана

?

? ?

Алма

8кг

6дана


Шешуі:

1)6*7=42(кг)

2)8*6=48(кг)

3) 42+48=90(кг)

Жауабы: жалпы массасы 90 кг.

б) есептің қысқаша жазылуын толықтырып, оны шығар.

- Оқушылар бос орынға кез – келген санды қойып оны көбейтеді де жалпы жәшіктің саннын шығару үшін көбейтіндінің мәнін қосады.

Өрік – 9 кг-нан жәшік ? кг

Шабдалы – 8кг –нан жәшік


Бағалау критерийі:

  1. Есептердің мәндерін дұрыс табуы;

  2. Топ мүшелерінің толық қатысуы;


4-тапсырма. Сурет пен кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығар:








Бағасы

Саны

Құны

Бірдей

5 дәптер

40 теңге

? дәптер

56 теңге







1) Мазмұнын талдау.

- Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы)

- Есепте не белгілі? (5 дәптер 40 теңге тұрады)

- Есепте не белгісіз ? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны)

- Есеп не сұрайды? (56 теңге қанша дәптер келетінін).

- Есептің сұрағына бірден жауап беруге болады ма? (Болмайды).

- Неліктен? (Себебі 1 дәптердің қанша теңге тұратынын білмейміз).

- Ал оны табуға болады ма? (Болады).

- Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).

- Енді есептің сұрағына жауап беруге болады ма? (Болады). - Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).

Шешуі:

40:5= 8(тг)

56:8= 7 (д)

Жауабы: 56 теңгеге 7 дәптер келеді.

(Қиындық келтірген оқушыларға көмектесу)

5-тапсырма.5 дәптер үшін35 теңге төленді.Осындай 8 дәптер қанша тұрады?Кестедегі есепке қара.Есеп сұрақтарына жауап беру үшін нені білу керектігін түсіндір.

Бір дәптердің бағасын қалай білеміз?

Бір дәптердің бағасын біле отырып, сондай 8 дәптердің құнын тап.

1) Мазмұнын талдау.

-Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы)

-Есепте не белгілі? (5 дәптер 35 теңге тұрады)

-Есепте не белгісіз ? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны)

-Есеп не сұрайды? (8 дәптердің қанша теңге тұратынын).

-Есептің сұрағына бірден жауап беруге болады ма? (Болмайды).

-Неліктен? (Себебі 1 дәптердің қанша теңге тұратынын білмейміз).

-Ал оны табуға болады ма? (Болады).

-Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).

- Енді есептің сұрағына жауап беруге болады ма? (Болады). -Қандай амал қолданамыз? (Көбейту)


Бағасы

Саны

Құны

Бірдей

5 дәптер

35 теңге

8 дәптер

? теңге


Шешуі:

35:5= 7дәптер

8*7= 56 теңге

Жауабы: 8 дәптердің құны 56 теңге

6- тапсырма.Төмендегі а) және ә)есептерінің берілуін салыстыр (ә) кесте бойынша есеп құрастырып,оны шығар.

а)

Бағасы

Саны

Құны

бірдей

7 дана

56 теңге

6 дана

? теңге

ә)

Бағасы

Саны

Құны

бірдей

7 дана

56 кг

6 дана

? кг




Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Ө.Ж.Алғашқы бекіту үшін балалар оқытушының басшылығымен сурет және 5 және 6-тапсырмада кестелер бойынша есепті құрып, оны шығарады.

«Басбармақ» арқылы бағалау



Оқулық
































7-тапсырма.Өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап.


7*7

8*7

7*9

6*7

+ -

5*3

6*4

7*0

9*2

Тақтаға А3 форматында қағазға, өрнектер құрастырып, сандар жазылған қима қағаздарды оқушылар кезекпен шығып жабыстырады.

A3,маркер,қима қағаздар



Рефлексия

43'-45'


ІІІ.Қортынды

Бүгінгі сабақты қортындылау үшін Күн және Бұл әдісі арқылы аяқтаймыз.Егер сабақ ұанаса күнге, ал егер ұанамаса бұлтқа жабыстырамыз.


Үй тапсырмасы

90 беттегі, №8 тапсырма













Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ













Сабақ жоспары



Тақырыбы:7 санына көбейту және бөлу кестесі









Өткізген: Тлеукенже Н.Е.

Сыныбы: 3«д»

Мерзімі: 14.11.18

Бекітемін: _________

Әдіскер: Мавлитаева Г.А.

Келісемін: ______

Сынып жетекшісі: Дастанова Т.Ш.

Бағасы:_____________







Семей 2018


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!