СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалада 5 сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуі туралы жазылған.  5 сынып оқушыларымен жұмыс тәжірибесінен алынған ақпарат.

Просмотр содержимого документа
«5-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуі»

5-сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуі

Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс. Ғалымдардың айтуы бойынша, кейбір балалар бұл кезеңнен онша қиналмай өтсе,яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын.  Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.

Бесінші сынып оқушыларымен жұмысымды жалпы білім беретін мемстандарт және жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде әзірленген қысқа мерзімді жоспарға сәйкес жүргіземін, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлаймын. Оқушылармен жұмыс жасауда сараланған тәсілді қолдануға тырысамын. Жоғары мотивациясы оқушылармен де, үлгерімі төмен оқушылармен де әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Сабақтарда көркем жазу жұмысын тұрақты негізінде жүргіземін. Қосымша жұмыс ретінде грамматикалық ережелерді, лексикалық тақырыптарды бекіту үшін балалармен ереже дәптерін, сөздік дәптерін бастадым. Сонымен қатар, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту үшін музыканы тыңдауға, фильмдерді көруге, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқуға кеңес беремін. Мотивацияны арттыру және танымдық қызығушылықты дамыту үшін сабақта үнемі карточкаларды қолданамын. Онда тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес жасалады, міндетті түрде дескрипторларды ұсынамын. Балалардың көпшілігі карточкаларды алған кезде тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Шаршауды жеңілдету, ақыл-ой белсенділігін арттыру үшін үнемі физикалық минуттарды өткіземін.

1 тоқсанда бесінші сынып оқушыларымен жұмысты талдағаннан кейін мен келесі нәтижелерге қол жеткіздім: білім сапасы 53%, үлгерім пайызы 100%.

Қорытынды:

Бесінші сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейімделуін қанағаттанарлық деп тану. Оқушылардың сауаттылығын арттыру, орфографиялық қырағылықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыру. Оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, осындай қызығушылықты оятуға ықпал ететін іс-шаралар ойластыру.

Ұсыныстар: көркем жазу жұмысын жалғастыру, сондай-ақ тыңдалым, айтылым дағдыларын әрі қарай жетілдіруге жоспарлау. Жоғары мотивациясы бар оқушылармен конкурстар мен олимпиадаларға қатысу, ал үлгерімі төмен және ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін менталды карталарын әзірлеу. Оқушыларға сенім білдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жылы лебізден ықылас пен көмек көрсету.
Мұғалім өзін-өзі меңгеріп, ұстамдылық үлгісін көрсету, әдісшіл болу. Оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!