СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2017-2018 оқу жылына «Полицияның жас достары» отрядының жұмыс ЖОСПАРЫ

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі                                                    2017-2018  оқу  жылына «Полицияның  жас  достары»  отрядының  жұмыс 

ЖОСПАРЫ

 

Атқарылатын  іс-шаралар

 

Мерзімі

Жауапты

1

Мұғалімдер  тобынан  шығатын  рейдтік  жұмыстарға  қатысу, қоғамға  қарсы тәртіптер мен құқық бұзушылық  әрекеттерін  болдырмау

үнемі

Отряд  мүшелері

2

Би, демалыс  кештерінің  қызметін  бақылау

үнемі

Отряд  мүшелері

3

«Жасөспірімдердер  тарапынан  құқықбұзушылық  әрекеттер» тақырыбы  аясында  ІІБ  қызметкерлерімен  кездесу 8-11 сыныптар

қазан

Мукашов М

Маралбаев Д

4

Мектепішілік  «Мектеп  тынысы» газетіндегі  «Заң  және  жасөспірім» айдарына мақалалар  жазу

айына  екі рет

Сагымбекова А

Ордаханова М

Далибаев Қ

5

«Заң  және мен» дөңгелек үстел 

5-10 сыныптар

қаңтар

Маралбаев Д

Увалиева Ж

Калдыбетова А

6

«Зиянда заттардан  қорғану» ауыл  учаскелік  дәрігерімен  кездесу

сәуір

Мавинова А

7

Зиянды  заттарды  қолданудың  қауіптілігі  туралы  ақпараттық  тақта  ұйымдастыруға  көмек көрсету

жыл  бойы

Отряд  мүшелері

 

 

 

 

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.С.Мукашов

 

Просмотр содержимого документа
«2017-2018 оқу жылына «Полицияның жас достары» отрядының жұмыс ЖОСПАРЫ»

«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық №


Мектепте полицияның ___/_____/2017 ж.

жас достары отрядын

ұйымдастыру туралы


Қоғамдық тәртіп сақтау бағытын жетілдіру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:


1. Мектепте полицияның жас достары отряды құрылсын.


2.Полицияның жас достары отрядының жетекшісі болып алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Мукашов М бекітілсін.


3.АӘД Мукашов М және тарих пәнінің мұғалімі Маралбаев Д:

2.1.Полицияның жас достары отрядының мүшелері №1 қосымшаға сәйкес іріктеліп,жасақталсын.

2.2.Тәртіп бұзушылықтың алдын алу туралы іс-шаралар жоспары № 2 қосымшаға сәйкес жасалып бекітілсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжигитов М.Р жүктелсін.




Мектеп директоры: М.Д.Джекебаев





















№ ____ бұйрыққа

№ 1 қосымша


«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2017-2018 оқу жылында «Полицияның жас достары» отрядының тізімі


І-топ


1.

2.

3.

4.


ІІ-топ


1.

2.

3.

4.


ІІІ-топ


1.

2.

3.

4.

















№ ____ бұйрыққа

№ 2 қосымша


«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылына «Полицияның жас достары» отрядының жұмыс

ЖОСПАРЫ


Атқарылатын іс-шаралар


Мерзімі

Жауапты

1

Мұғалімдер тобынан шығатын рейдтік жұмыстарға қатысу, қоғамға қарсы тәртіптер мен құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау

үнемі

Отряд мүшелері

2

Би, демалыс кештерінің қызметін бақылау

үнемі

Отряд мүшелері

3

«Жасөспірімдердер тарапынан құқықбұзушылық әрекеттер» тақырыбы аясында ІІБ қызметкерлерімен кездесу 8-11 сыныптар

қазан

Мукашов М

Маралбаев Д

4

Мектепішілік «Мектеп тынысы» газетіндегі «Заң және жасөспірім» айдарына мақалалар жазу

айына екі рет

Сагымбекова А

Ордаханова М

Далибаев Қ

5

«Заң және мен» дөңгелек үстел

5-10 сыныптар

қаңтар

Маралбаев Д

Увалиева Ж

Калдыбетова А

6

«Зиянда заттардан қорғану» ауыл учаскелік дәрігерімен кездесу

сәуір

Мавинова А

7

Зиянды заттарды қолданудың қауіптілігі туралы ақпараттық тақта ұйымдастыруға көмек көрсету

жыл бойы

Отряд мүшелері






Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.С.Мукашов










----------------------------мектебі/колледжі

БҰЙРЫҚ №


«-----» ----------- 2016ж.



«Полицияның жас көмекшілері» тобын құру және жұмысын ұйымдастыру

туралы Ережесін бекіту туралы»


Білім беру ұйымында қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:


  1. Білім беру ұйымында «Полицияның жас көмекшілері» тобы құрылып, оның жұмысын ұйымдастыру туралы Ережесі, жұмыс жоспары бекітілсін.

  2. Сынып/Топ жетекшілеріне:

2.1 Ішкі істер бөлімдерінің инспекторлық құрамына «Жас полиция көмекшілері»

топтарын құруда жан-жақты көмек көрсетілсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелсін.



Мектеп/колледж директоры



«Полицияның жас көмекшілері» топтарының қызметі туралы ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

    1. «Полицияның жас көмекшілері» (ары қарай – ПЖК) топтарын жергілікті жердегі ішкі істер бөлімдері мен білім бөлімдері, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің басшыларының қолдауымен ұйымдастырылады. Аталған топтар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қаңғыбастық, қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде құрылады.

    2. «Полицияның жас көмекшілері» топтары Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдеде қабылданған № 591-ІІ Заңы мен басқа да нормативтік актілерді, осы Ережені басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды.

    3. «Полицияның жас көмекшілері» топтары –заңнамалар мен нормативтік актілерді меңгерген, бойларында жауапкершілік сезімдері мен кәсіптік бағдарлары қалыптасқан оқушылардың еркін ұйымы. Өздерінің білгендерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына насихаттап, оларды осы топтарға бейімдейді.

    4. Аталған топтар аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдерінің ықпалымен білім беру мекемелерінде құрылады.

    5. Аудандар мен Тараз қаласында құрылған топтардың жұмысын жергілікті ішкі істер бөлімдерінің учаскелік немесе мектеп инспекторлары үйлестіреді. Мектеп әкімшілігі олармен келісе отырып, педагогтар тарапынан топ жетекшісін тағайындайды.

    6. Топтардың жұмысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жалпы бақылау жасайды


  1. Полицияның жас көмекшілері топтарын құрудың негізгі мақсаттары


    1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алуда білім беру ұйымдарының қызметін жандандыру.

    2. Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру

    3. Білім алушыларға заңға мойынұсынушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау.

    4. Білім алушыларды ішкі істер органдарында қызмет етуде кәсіби бағдар беру, дайындау.

    5. Білім беру ұйымдарында құқықтық және азаматтық тәрбие беруге жағдай жасау.

    6. Білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру.

    7. Адамгершілік сезімдерін, еңбекшілдікті және белсенділікті арттыру.

    8. Түрлі жастағы балаларды бірге және ашық түрде іс-әрекет жасауға үйрету.


  1. ПЖК топтарының міндеттері


    1. Білім беру ұйымдарының ұжымдарына балалар арасындағы қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алуда көмек көрсету.

    2. Басқа да қоғамдық ұйымдарымен ықпалдасу, мектептерде немесе колледждерде қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік актілерді насихаттауда еріктілер жұмысын ұйымдастыру.

    3. Түрлі байқаулар, фестивальдер, слеттар мен жарыстарға қатысу , қоғамдық ұйымдармен, ішкі істер бөлімдерімен бірге рейдтерге шығу.

    4. Алғашқы жедел жәрдем көрсету әдістері мен дағдысын меңгеру.

    5. Ішкі істер органдарының техникалық құралдарымен танысу, олардың біліктілігі мен шеберлігін меңгеру.


  1. ПЖК топтарының қызметінің негізгі бағыттар


    1. Ақпараттық қызмет. Бұқаралық ақпарат құралдарында топтардың қызметі туралы материалдар дайындауды, мектеп, колледж радиоторабында бағдарламалар жасауды, мектеп, колледж стендтерінде түрлі рубрикалар жасауды, «Полицияның жас досы» атты қабырға газеттерін, рейдтердің қорытындылары туралы әскери парақшалар шығаруды қарастырады.Құқықтық білімнің негіздеріне байланысты ақпараттық бұрыштар, кабинеттер безендіріп, мектептің немесе колледждің теле және радио бағдарламаларына қатысу.

    2. Насихаттық қызмет. Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын, құқық

бұзушылық пен қараусыздықтың алдын алу жұмыстарын насихаттауда ағарту жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен заңнамаларын, мектеп жарғысын, ішкі тәртіп ережесін насихаттауда бұқаралық ағарту жұмыстарын жүргізу.Түрлі ойындар, викториналар, экскурсиялар, жарыстар мен байқаулар ұйымдастыру және өткізу.

    1. Басқарушылық қызмет. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары арасында байқаулар, бірлескен іс-шаралар жүргізу арқылы оларда нормалар мен құндылықтарға құрмет көрсетуді үйрету, олардың бойында ішкі істер органдарының қызметкерінің жағымды образын қалыптастыру.

    2. Патрульдік қызмет. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Патрульдік қызметтің түрлері:

  • Қолданыстағы заңнамаларды бұзудың алдын алу мақсатында адам көп шоғырланған көшелерде рейдтер және патрульдеуді жүргізу.

  • Ауылдар мен білім беру ұйымдарында кезекшілік ұйымдастыру.


  1. ПЖК топтарындағы қызметті бөлу


5.1.Топтар құрамында 8 адам болғанда құрылып, бөлімшелерге бөлінуі мүмкін.

5.1.1. Ұйымдастыру бөлімшесі – профилактикалық іс-шаралардың өңдемелерін жасап,

жарыстар мен байқауларды өткізеді.

5.1.2. Редколлегия бөлімшесі – көрнекі насихатқа жауап береді.

5.1.3. Насихат бөлімшесі – заңнамаларды түсіндіреді, көшедегі тәртіпті бақылайды, кішкене балаларға қауіпсіз тәртіпті үйретеді.

5.1.4. Патрульдеу бөлімшесі – мектеп территориясында рейдтер жүргізеді, білім

мекемелерінің жарықтандырылуын, қоршалуын, мектеп территориясына бөтен адамдар

келмеуін бақылайды.

5.1.5.Спорттық бөлімшесі – спорттық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.

5.1.6.Топтың штабтарына кіретін топтың командирі, бөлімшелердің жетекшілері сайланады. Кейбір бөлімшелер жұмыстың нәтижелігін арттыру үшін бірігуі мүмкін.


  1. ПЖК топтарының жұмысын жоспарлау


    1. ПЖК топтарының жұмысын жоспарлау білім саласы қызметкерлері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, полицияның жас көмекшілері топтарының негізгі мәселесі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен қараусыздықтың санын азайту, туындаған мәселені шешуде мақсатты, нәтижелі жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану болып табылады.

    2. Жасалынатын жоспарда оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс іс-шаралар жүйесі қарастырылып, қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, көрнекі құралдар, құқықтық білімге арналған бұрыштар жасау қамтылуы тиіс.

    3. ПЖК топтарының жұмыс жоспарында

  • оның мүшелерінде құқықтық сананы, ішкі істер органдарының қызметіне құрметпен қарау, салауатты өмір салтын қалыптастыруды тәрбиелеу;

  • нормативтік құқытық актілерді үйрену, оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қараусыздық пен қаңғыбастықтың алдын алудың әдістерін меңгеру,ішкі істер органдарында қолданылатын техникалық құралдарды, алғашқы жедел жәрдемді көрсету дағдыларын меңгерту;

  • аудандық (қалалық), облыстық байқаулар, фестивальдарға қатысу;

  • топтардың мектепке дейінгі мекемелермен, қосымша білім беру ұйымдарымен, балалар мен

жасөспірімдер ұйымдарымен, жасөспірімдер мен балалардың спорт мектептері мен ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеу қамтылуы тиіс.

    1. ПЖК топтарының жұмыс жоспарлары мектеп директорымен бекітіліп, ішкі істер

органдарымен келісіледі.


  1. ПЖК топтарының қызметін қаржылай қамтамасыз ету


    1. Іс-шараларды (жиындар, слеттар, жарыстар, байқаулар, фестивальдер, экскурсиялар, топтардың киім формалары, төсбелгілері, куәліктері, қажетті әдістемелік әдебиеттер, мәдени-көпшілік жұмыстарға қажетті заттар, кеңсе тауарлары, топ мүшелерін оқыту шығындары, топтармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер т.б) өткізу шығындары қолданыстағы бағдарламаға сәйкес іске асырылады.

    2. Топтардың арасында өткізілетін байқаулар мен жарыстарда мүдделі органдардан қажетті мамандарды шақырады.

    3. Білім беру ұйымдарының басшылары қосымша қаржы көздерін демеушілер тарапынан тарта алады.


  1. ПЖК топтары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері


    1. Аталған топтардың құрамына қызығушылық танытқан білім беру мекемелеріндегі 10 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының жазбаша өтініші арқылы кіре алады.

    2. Ата-аналарының өтініштерінің негізінде білім мекемелерінің басшыларының бұйрығымен ПЖК топтары құрылып, оның құрамына кәмелетке толмаған жасөспірмдер қабылданып, оладың өмірі мен денсаулығына жауапты ретінде арнайы педагог тағайындалады. Оған өткізілетін іс-шаралар кезінде жауапкершіліктер жүктеліп, оның атқаратын міндеттері мен жұмыс бағыттары айқындалады.

    3. Топтың құрамына қабылдау салтанатты түрде арнайы жиында жүргізіледі. Қабылданған топ мүшелерімен нұсқаушы арнайы оқыту сабақтарын жүргізіп, соңына қарай жас мүшелері сынақ тапсырып, қолдарына куәліктер мен төсбелгілер тапсырылады.

    4. Сынақты комиссия құрамында: білім мекемесінің қызметкері, топ жетекшісі, ИДН инспекторы мен топ командирі қабылдайды.

    5. Топ жетекшісі топ қызметінің жылдық жоспарын жасап, оны аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімімен келісіліп, директормен бекітіледі.

    6. Жоспар құқықтық білім мен нормативтік құжаттардың негізін қалыптастыратын, тәртіп мәдениетін, іс-шараның міндеттері мен мақсаты, оған қатысатын тұлғалардың тізімі, аталған іс-шараны өткізуге жауапты адамның аты -жөні мен өткізілу орны көрсетіле отырып, жасалады.

    7. ПЖК топтарының мүшелерімен өткізілетін сабақтар топ қызметінің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі.

    8. Іс-шараның өткізілгені туралы арнайы бағанда көрсетіліп, «Топ мүшелерімен жүргізілетін жұмыстарды тіркеу журналында» жазылады.

    9. Топтың командирі топтың жалпы жиналысында сайланады.

    10. ПЖК топтарының жұмысына күнделікті жетекшілік ету жалпы жиналыста сайланған штаб арқылы жүзеге асырылады.

    11. Штабтың міндеттері:

  • Топтардың мүшелеріне жалпы басшылық жасайды.

  • Топ жетекшісіне жоспар жасауда, топтың атын, ұранын және рәміздерін жасауда көмек береді.

  • Топты құру немесе тарату, бөлімшелердің жетекшілерін тағайындауда, марапаттауда және жазалауда шешімдер қабылдайды.

  • Штаб топ командиріне сенімсіздік білдіруге және оны қайта сайлау туралы жалпы жиналыс шақыруға құқылы.

  • Штаб отырысы айына кемінде 2 рет өткізіледі.

    1. Топты басқарудың жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. Топ мүшелерінің жалпы дауыс беруі арқылы ең өзекті мәселелер шешіледі. Оқу жылының соңында топтың жалпы жиналысында топ командирі мен оның мүшелерінің есебі тыңдалып, жаңа мерзімге сайлау жұмыстары жүргізіледі.

    2. Командирді қайта сайлаудың себептері:

  • Білім мекемелерінің жұмысының тоқтатылуы

  • Есепті жылдағы қанағаттандырғысыз жұмыс

  • Топты басқарудан бас тартуы

  • ИДН-ге есепке алынуы.

  • Құқық бұзушылық жасауы, білім мекемелерінің Жарғысын, ішкі тәртіп ережесін бұзғанда, қоғамдық жерде және көшелерде тәртіп бұзғанда

    1. «Полицияның жас көмекшілері» топтарының аты, ұраны, рәміздері – топ эмблемасы, гимні, топ стендісі болуы тиіс.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!