СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2-сынып 20 сабақ «Обал мен Сауап»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебі

Тақырып:  20 сабақ «Обал мен Сауап»

Құндылық: Қиянат жасамау 

Қасиеттер: Өзгелерді ренжітпеу, жануарларға қамқорлық көрсету киянат жасамау.

Мұғалiм: Бакитжанова Альбина Галымжановна

Класс: 2

Оқушылар саны:16

Сабақ мақсаты: Мейірімділік туралы түсінік бере отырып , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Обал мен сауап туралы түсінік беру;

Балаларда бірін-бірін өзгелерді  ренжітпеу қасиеттерін дамыту.

Қиянат жасамауға, қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

 Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Қандай әсер алдыныз?
  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 20  сабақ   «Құс ұясын бұзбайық»

Б.Әділов

  1. Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?
  2. Біз жан-жануарларға қандай қамқорлық көрсете аламыз?
  3. Өзгелерді ренжіткенде біз қандай сезімде боламыз?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесін

Халық даналығы

  1. Сауап дегенді қалай түсінеміз?
  2. Қиянат жасамаудың жолдары қандай?
  3. Қиянат жасамайтын адам қандай адам?

Әңгiмелеу.

Ертегі  

 «Түлкімен ешкі»

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.

Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
  • Ой, не қыласың жаным жай тауып тұр.

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онын мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып , жөніне кетіпті...

  • Балалар түлкінің бұл іс – әрекеті  дұрыспа?
  • Сіздер түлкінің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?
  • Өзгелерді ренжітпи қиянат жасамай өмір сүру оңайма?

Шығармашылық, топтық жұмыс.

Балаларды екі топқа, екі шеңберге бөлемін

Ойын «Обал –Сауап»

Қазір біз «Обал –сауап» деген ойын ойнаймыз, мен бір сөйлемді бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы сөйлемді «Обал болады» немесе «Сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. Мысалы:

-көк шөпті жұлма обал болады

-торға түскен құсты босат,сауап болады.

-құстың ұясын бұзба,обал болады.

-ақты төкпе, обал болады.

-көшеде үлкен қарияға жолдан өтуге көмектес сауап болады.

-автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады.

-көршіңе көмектес, сауап болады.

Топпен ән айту.

«Жарқын заман бөбегі»

Сөзі: Е.Жумагалиев

Әні: И.Нүсіпбаев

Үй тапсырмасы.

21 сабақ

«Еңбексіз өмір - сүрмеңіз»

Б.Әділов

Дәптермен жұмыс

 Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.

Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда  үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөлені табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы боламын. Мен жақсылық нұрын құямын. Л.Хейдің «Ризашылық» әнінің музыкасы  жіберілді. Мінекей балалар сендер осындай бала болып келе жатырсындар.Балалар әрқашан, қайырымды, мейірімді, үлкендерді сыйлауға әуес болыңдар. Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін. Олай болса бүгінгі сабақтан ескерткіш ретінде менің сіздерге «Мейірім гүлін» ұсынамын.

Интернет желісі

Просмотр содержимого документа
«2-сынып 20 сабақ «Обал мен Сауап»»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!