СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

10 сынып Физика КТП

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып: 10                                               Пән: «Физика»

Бағыты: ЖМБ                                       Тілі: қазақ                                                    Аптасына сағат саны: 4                    

Просмотр содержимого документа
«10 сынып Физика КТП»

Сынып: 10 Пән: «Физика»

Бағыты: ЖМБ Тілі: қазақ Аптасына сағат саны: 4


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны

1-тоқсан (8 апта 32 =30+ 2 сағат)


Кіріспе

  1. Қазіргі замандағы физиканың рөлі

10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу;


1

Физикалық өлшеулер

  1. Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу

№1 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»

10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;

10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;

10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;





2

Кинематика

  1. Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары

10.2.1.1 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;

10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану;





2

  1. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар

Галилейдің салыстырмалылық принципі

10.2.13 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;

10.2.1.4 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану;


1

  1. Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

10.2.1.5 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;



2

  1. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

№2 Зертханалық жұмыс

«Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»

10.2.1.6 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау;

10.2.1.7 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу;




2

Динамика

  1. Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру;



2

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10.2.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру;

10.2.23 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру;

10.2.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану;





2

  1. Абсолют қатты дененің инерция моменті

10.2.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану;


2

  1. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы

Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.

10.2.2.6 - айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;

10.2.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу;





2

  1. №3 Зертханалық жұмыс

«Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»

10.2.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау;


1

Статика

  1. Массалар центрі.

10.2.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау;


1

  1. Тепе-теңдік түрлері.

10.2.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату;


1

  1. №4 Зертханалық жұмыс

«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»

10.2.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау;


1

Сақталу заңдары

  1. Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы.

10.2.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану;


2

Сұйықтар мен газдардың механикасы

  1. Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары.

10.2.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау;


1

  1. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш.

10.2.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;


2

  1. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы

10.2.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;


2

  1. №5 Зертханалық жұмыс

«Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»

10.2.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну;



1

Жиынтық бақылау жұмысы

2

2 тоқсан (8 апта 30+2 сағат)


Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

  1. Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi.



  1. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе.





  1. Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі

10.3.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;








4

  1. Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi

10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау;

10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;


3

Газ заңдары

  1. Идеал газ күйінің теңдеуі

10.3.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

2

  1. Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері.

  2. Дальтон заңы

10.3.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы);

10.3.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);

10.3.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы);

10.3.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану;





4


Термодинамика негiздерi

  1. Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық.

10.3.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану;


3

  1. Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі

10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;



3

  1. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.

  2. Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі.

10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;

10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану;



3

Сұйық және қатты денелер

  1. Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.

  2. Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте. Заттың кризистiк күйi

10.3.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;


3


  1. Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

10.3.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау;


2

  1. Кристалл және аморф денелер.

  2. Қатты денелердің механикалық қасиеттері

10.3.4.3 - әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату;

10.3.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау;



3

Жиынтық бақылау жұмысы

2

3 тоқсан (11 апта 42+2 сағат)


Электростатика

Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы

10.4.1.1 - электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;


2

Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі

10.4.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;


2

Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны.

Гаусс теоремасы

10.4.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану;



2

Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы.

Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы

10.4.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу;


2

Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс

10.4.1.5 - электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;

10.4.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің күштік және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру.




3

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер;

10.4.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электросттикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау;


2

Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау

10.4.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу;

10.4.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын есептер шығаруда қолдану;



3

Электр өрісінің энергиясы;

10.4.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу;

2

Тұрақты ток

Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау

10.4.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану;


2

№6 Зертханалық жұмыс

«Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»

10.4.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;


2

Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі.

10.4.2.3 - ток көзінің әртүрлі жұмыс режимі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) кезіндегі кернеу мен ЭҚК -інің арасындағы байланысты зерттеу;


2

Толық тізбек үшін Ом заңы;

10.4.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану;

2

№7 Зертханалық жұмыс

«Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау»

10.4.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау;


1

Кирхгоф заңдары

10.4.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану;

2

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану;


2

Әр түрлі ортадағы электр тогы


Металдардағы электр тогы.

Асқын өткiзгiштiк

10.4.3.1 - металдардағы электр тоғын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;

10.4.3.2 - жоғары температурадағы асқын өткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау;



2

Жартылайөткiзгiштердегi электр тогы. Жартылайөткізгішті құралдар;

10.4.3.3 - жартылайөткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылайөткізгішті құралдардың қолданылу принципін түсіндіру;


2

№8 Зертханалық жұмыс

«Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»

10.4.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;


2

Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы

10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;


2

№9 Зертханалық жұмыс

«Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу»

10.4.3.6 - электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау;


1

Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.

Электронды-сәулелік түтікше

10.4.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

10.4.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру;



2




Жиынтық бақылау жұмысы












2

4 –тоқсан (8 апта 30+2 сағат)


Магнит өрiсi

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі

10.4.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсіндіру;




4

Ампер күші, сол қолы ережесі;

10.4.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру;


4

Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы

10.4.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмы істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру;

10.4.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу;



4

Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры

10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау;

10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау;




4

Электромагниттiк индукция

Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны.

Электромагниттiк индукция құбылысы

10.4.5.1 - Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу;



4

Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі.

Өздік индукция. Индуктивтілік

10.4.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану;


3

Магнит өрісінің энергиясы

10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу;


3

Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы

10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру;



4

Жиынтық бақылау жұмысы

2






























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!