Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы Мақсаты: Түрлі жарақаттардың алдын алу үшін нұсқаулықты еске түсіру, жұптық және топтық жұмыс арқылы волейболдағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, сабақты жүзеге асыру үшін сынамалау жаттығуларын орындату, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: Оқушылар нұсқаулықпен жеке танысады, шағын топтарда жұмыстана отырып сабақ тақырыбын жүзеге асырады. Мұғалім әрекеті: Сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді; Бейнематериал көрсетеді; Жақындату жаттығуларын волейбол добымен ұйымдастырады; Сыныпты жұптастырады,топтастырады; Оқушылардың доппен орындаған жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалайды; Оқушылардың жіберген қателіктерін айтып отырады; Жаттығуларды бір біріне көрсету барысында кері байланыс бере отырып қателіктерді түзетіп отырады; Келесідей сұрақ қою арқылы білімді бекітеді: Оқушы әрекеті: (С). 1-тапсырма: Бейнематериал тамашалайды.Оқушылар жұптасып бір-біріне 6-7 м арақашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мұғалім көрсеткен жақындату жаттығуларын орындайды. Оқушылар көрген жаттығуларды жаттығуын әр фазасын бөлшектеп орындайды: - Допты жоғарыдан беру әдіс-тәсілі. (допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрыс); - волейбол добын төменнен қабылдау әдісі (қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі); - допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру; - допты қайтару әдісі, соғу. (допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек) - тордың алдында біріне доп беріп көтеру арқылы тордан доп соғу,яғни шабуылдау әдістерін үйрету. - тордың алдында доп көтеру арқылы саусақтың ұштарымен қарсыланың алаңының бос жеріне доп тастау. - тор алдында 1-2 немесе 3 адамнан қарсыласына тосқауыл қою (блок). - әріптесі тосқауыл қоюға секіргенде сақтандыру әдістерін жасау. Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар: - тапсырмаларды орындау кезінде реттілікті сақтайды; -волейбол добымен жаттығуларды орындау барысында қол, аяқ, дене қалыптарын талапқа сай қояды; 2-тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді, дене жаттығуының сапасын жақсартуға арналған баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құрады.Өздерінің ойлап тапқан әдістерін флипчартқа түсіреді. Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар: - сабақ барысында қолдануға келетін тәсілдер құрастырады; Бағалау:Бағалау кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады: - мен бүгін ... туралы білдім; - … қиын болды; - … туралы түсінік пайда болды; - мен … үйрендім; - … жасау қолымнан келді; - … туралы білу қызықты болды; - … мені таң қалдырды; - мен … жасағым келді және т.с.с. |