СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жақсылық жасау дегеніміз бірейге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. -Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөлініп, бақытты боласың.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жақсылық жасау дегеніміз бірейге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. -Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөлініп, бақытты боласың.              

Просмотр содержимого документа
«Жақсылық жасау дегеніміз бірейге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. -Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөлініп, бақытты боласың.»

Лицей № 24 Күні:

Мұғалім:Кенебай М.Ж.

Сыныбы: 0 а, ә,б,в,г

Тақырыбы: Жүрегімде жақсылық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдылық,бәрін жақсы көру,адамдарға риясыз қызмет ету

Сабақтың мақсаты:  : Жақсылық ұғымын сүйіспеншілік құндылыға арқылы түсініктерін кеңейту.

Оқушыларға жақсы қары-қатынас жасау қиянат жасамау екендігін түсіндіру.

Міндеттері: - оқушыларға адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

- оқушыларға өзін-өзі айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жақсылық туралы суретін салу



  1. Дәйексөз.

«Жақсылық жанды жадыратады»

Хормен қайталап айтып, жаттайды

Жақсылық жасау дегеніміз бірейге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. -Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөлініп, бақытты боласың.

Нақыл сөз


  1. Мұғалімнің сыйы.

Өзім жүрем

Дәурен әкесімен колхоз

базарына барды. Әкесі сәбіз, жуа, сарымсақ, картоп сатып алды.

- Әке, мен алып жүрейін

дорбаны, - деді Дәурен.

Әкесі:

- Көтере алмайсың, - деп

еді, Дәурен көнбеді. Ол жылап та алды. Әкесі дорбаны оның қолына бере қойды.

- Ой, ой әке, көтере

алмаймын. Өзің алып жүрші, - деді Дәурен. Енді дорбаны әкесі алып жүріп келеді.

Дәурен әбден шаршады. Дәуреннің шаршағанын сезген әкесі:

- Дәуренжан, шаршасаң, арқама

міне ғой, - деді.

- Жоқ, әке, өзім жүремін.

Жүгің ауыр ғой, - деді Дәурен.

• Дәурен қандай бала?

• Үйлеріңде үлкендерге қалай

көмектесесіңдер?

Қ. Көпішев

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын. «Көлеңке».

Ойынның шарты:Балаларды екі-екіден бірнеше топқа бөледі. Өзі бір баланы қасына алып, қалған балаларға: «Бұл менің көлеңкем болады», - деп түсіндіреді. Топтағы балалардың қасындағы

әрбір екінші жолдасы өздерінің көлеңкесі болып есептеледі. Көлеңке болған балалар бірінші балалардың жасаған іс-әрекеттерін, қимылдарын айнытпай жасаулары тиіс. Ойын музыкамен сүйемелденеді. Музыка нотасы қосымшада берілген.

Тәрбиеші музыканың ырғағына ілесіп түрлі қимылдар жасап көрсетеді, ал көлеңкелер де сол көрсетілген қимылдарды қайталап отырулары қажет. Ол қимылдарда: отыру, тұру, жүру, би қимылдары, секіру және т.б. болуы мүмкін.

Ойын аяқталып, екінші рет басталарда кезек ауысады, көлеңке болу енді басқа балалардың үлесіне тиеді.

Ойынды былай

қорытындылауына болады:

- Балалар біздің әрбір жасаған

ісіміз, сөйлеген сөзіміз басқаларға әсер етеді. Ойын барысында байқаған

боларсыңдар айнала қоршаған ортаға, адамдарға қандай іс жасасақ, олар да өзіңе

солай жауап қайтарады екен. Сондықтан іс-әрекетімізді тек қана жақсылыққа құрып,

бағыттауымыз керек.


  1. Топпен ән айту.

Біз - өмірдің гүліміз

Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен

Біз - өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз.

Тыныштықта,Нұр кұшақта

Бақыттымыз бәріміз.


Ә. Дүйсенбиев



  1. Үй тапсырмасы.

«Жақсылық» тақырыбына сурет салу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!




Тексерілді:




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!