СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттер арқылы видеофильм жасау.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Windows Movie Maker  бағдарламасында  фотосуреттер

арқылы  видеофильм жасау.

 

Просмотр содержимого документа
«Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттер арқылы видеофильм жасау.»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Сырдария ауданы, Шаған ауылы №37 мектеп-лицей











Тақырыбы:Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттер

арқылы видеофильм жасау.



Бағыты: Жаратылыстану



Секция: Информатика





Оқушының аты жөні: Рамазанова Айжан 6 «А» сынып оқушысы






Шығармашылық жетекшісі: Мұхамеджанова Ләззат Төлеуқызы

№37 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі









Сырдария ауданы, Шаған ауылы № 37 мектеп-лицейінің

6 «А» сынып оқушысы Рамазанова Айжан « Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттер арқылы видеофильм жасау» атты ғылыми зерттеу жобасына




Пікір



Рамазанова Айжан аталған тақырып бойынша былтырғы жылдан ізденушілік, шығармашылық жұмыстарын жасап келеді.
Ғылыми жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде Windows Movie Maker бағдарламасы туралы мәлімет келтірілген. Бағдарламаны іске қосу, оның жасалу жолдары, ғылымдағы видеофильм, анимация, эффект, аудио ұғымының маңызы көрсетілді.

Екінші бөлім ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, өмірлік жағдайларда қолдану туралы мәлімет берілді.

Үшінші бөлімде ұсынған технологияларды зерделеу, практика жүзінде Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттерден видеороликті құрастыру айтылады.

Қорытындыда істелген зертеулердің негізінде мәселені шешу үшін қажетті оқушының ұсынысы келтірілген.










Физика,математика және информатика

пән бірлестігінің жетекшісі: Г.Сәтбаева










Аннотация

Жобаның мақсаты:

  • Windows Movie Maker бағдарламасын зерттеп, бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету әрі бағдарламаны информатика, физика, математика пәндерінде оқытудың маңызын таныту. Оқушылардың

  • Windows Movie Maker бағдарламасымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін пайдалану.


Гипотезасы: Қазақстан 2050 стратегиясын іске асыру үшін, мемлекетіміздің әрбір азаматы инновациялық технологияларды толық меңгеріп, күнделікті өміріне енгізуі керек.


Зерттеу кезеңдері:
Windows Movie Maker туралы жалпы мәлімет және оның құрылымы.
Windows Movie Maker бағдарламасының көмегімен сабақ барысында жаңа сабақ түсіндіру, қызықты видеороликтер жасау мүмкіндіктерін қарастыру.

Эксперимент әдісі: кітапханамен, ғаламтормен, информатика пәніне арналған журналдармен жұмыс.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: еліміздегі ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру.

Зерттеу нәтижесі мен қорытынды: Windows Movie Maker бағдарламасының пайдасы дәлелденіп, мектеп бағдарламасында қолдану аясы көрсетілді. Зерттеу барысында маңызды ойлар түйінделіп, ұсыныстар мен шешу жолдары көрсетілді.

Міндеттері:

- Windows Movie Maker бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу;
- Бағдарлама арқылы әр тақырыпта видеороликтер жасауды үйрету;

-Жасалған видеороликтерді оқу процесінде қолдану.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Компьютер Пресс №3'2000 журналы, Математика – Плюс, Castlecamelot, books. net - soft. ru сайттары., ғаламтор.



















Аннотация























































































Abstract

Project goal:

• Explore Windows Movie Maker to show the program's capabilities and to highlight the importance of the program in informatics, physics and mathematics.

Use students to work with Windows Movie Maker to increase interest in the classroom.

Hypothesis: In order to implement Kazakhstan 2050 Strategy, every citizen of our state should fully understand and apply innovative technologies in everyday life.

Research Stages:

General information about Windows Movie Maker and its structure.

Explore Windows Movie Maker to explore new lesson lessons and create interesting video clips.

Experimental method: work with libraries, the Internet, journals for informatics.

The novelty of the research: improvement of education through the use of information and communication technologies in the country.

The result of the research and conclusion: The benefit of Windows Movie Maker has been proved and the scope of application in the school program has been demonstrated. In the course of the research, a number of important ideas were presented, recommendations and solutions were presented.

Duties:

- Get acquainted with the basic features of Windows Movie Maker;

- Teaching video clips on each topic through the program;

- Use of video clips in the learning process.

Basis of the study: Computer Journal of Press # 3'000, Mathematics - Plus, Castlecamelot, books. net - soft. ru sites, internet.

















Мазмұны



  Кіріспе:



Windows Movie Maker бағдарламасында фотосуреттер арқылы

видеофильм жасау.



        2. Windows Movie Maker бағдарламасы және оны іске қосу

        3. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу.

4. Дайын слайдты видеороликке ауыстыру.

      5. Қорытынды

       6.Қолданылған әдебиеттер



         ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибелерін заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз» – деп атап көрсеткен. Өркениетті қоғамның дамуы – ақпараттандыру үрдісімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл үрдістің басты ерекшелігі – қоғамдық қызметтің барлық саласында ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты жинау, өңдеу, олардың қорын жасау, сақтау және тарату болып табылады. Менің зерттеу тақырыбымның өзектілігі: білім беру саласын ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды оқу үрдісіне қолданумен, олардың әдістемелік негіздерін жасап ұсынумен және тиімді пайдалана білуді жүзеге асырумен анықталады. Мұндағы басты мақсатым – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласынан тыс заман талабына сай тиімді түрде қолдануды игеру.
Windows Movie Maker бағдарламасы көркемдік және жарнамалық бағытта- өте күшті графикалық пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру мүмкіндіктерін қарастырады. Яғни, бағдарлама графикалық бейнелерді құру және өңдеу үшін мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады.
Windows Movie Maker бағдарламасы – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.

Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.

Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.

Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.

Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.

Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.

Жоба - раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmm болып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.

Фильм – бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.

Кадр - саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.

Клип – үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.

Жоба файлы - ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.

Шығыс файлы – бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.

Windows Movie Maker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты сақтауға болады.

Windows Movie Maker-де жазылғандар мазмұны Windows Media форматында сақталады.

Windows Movie Maker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:

Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.

Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.

Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.

Windows Movie Maker бағдарламасының интерфейсі бірнеше элементтерден тұрады:

  1. Жоба аты көрсетілген тақырып жолы;

  2. Меню жолы;

  3. Құралдар тақтасы;

  4. Фильмдермен жұмыс жасау панелі;

  5. Жинақтар панелі;

  6. Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ;

  7. Монитор терезесі.



Меню жолы және құралдар тақтасы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы меню командаларымен және құралдар тақтасымен орындалатын тапсырмалар туралы мәліметтердің құрамы.



Фильмдермен жұмыс жасау панелі. Фильм құру кезіндегі орындалатын әрекеттерден (бейне жазу, фильмді монтаждау, фильм құруды аяқтау, фильм құру туралы кеңестер) тұрады.



Жинақтар панелінде импортталған клип жинақтары (кескіндер, бейне және дыбыстар т.б.) көрсетіледі.



Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ. Раскадровка немесе уақыт шкаласында орындалатын әрекеттерді көрсетеді.

Уақыт шкаласы жоба клипіндегі уақыт параметрінің өзгерісін қарастырады. Уақыт шкаласында ағымдағы жобаға қосылған файл типтерін көрсете отырып келесі жолдар бейнеленген: бейне, ауысым, дыбыс, дыбыс немесе әуен, атау кірістіру.

Монитор терезесін жеке клиптерді және толық жобаны көру үшін қолдануға болады. Монитор терезесі фильмді сақтар алдында алдын ала көру үшін қолданылады.



Негізгі бөлім



Қарапайым анимация кинода қозғалыстың көрсетілуі, көрермендерге үлгісін қамтамасыз ету бойынша телекөрсетілім және компьютерлік графикада жиеліліктік суреттер мен кадрлар жүйелілік жолымен іске асырылады.
Анимация – бейнелер жиының құру процесі, уақытқа байланысты объектілердің өзгерісін демонстрациялау және бұл бейнелерді ойнату кезінде олардың жылдамдығының арқасында бір сарынды қозғалыс ретінде көрінетін болады. 
Windows Movie Maker — бағдарламасы мүмкіншілігі жағынан өте мықты бағдарлама. Ол анимацияланған графиканы салуға және видеофильмдерде эфектілерді жасауға, интернетте мультимедиалық файлдарды жасауға арналған.Кез келген анимацияның өзін қолдануға немесе бірнеше әсерлерді бірге бірлестіруге болады.


Windows Movie Maker бағдарламасымен жұмысты бастау үшін, ең алдымен компьютерімізге Windows Movie Maker 2.6 бағдарламасын көшіріп аламыз.


Windows Movie Maker бағдарламасының іске қосу үшін мына әрекеттерді қолданамыз.


Бағдарламаны ашып қойып, ең алдымен керекті суреттерімізді Power Point бағдарламасына орналасырып аламыз.

Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.
















Презентация ұғымы өзінің толық мағанасында (лат.рrаеsеntо тапсырамын

немесе ағыл. рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады. Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі – МS Offiсе құрамдасы Windows-тың қосымшасы Роwer Рoint программасы.


Сақталған слайдты қайта сақтап, форматын «Gif» форматына ауыстырамыз да Movie Maker фильм жасау бағдарламасына орналастырамыз. Ол үшін Жұмыс үстелінен слайдты тауып алып,импорт белгішесін басамыз.


Импорт изоброжений әрекетін орындаймыз. Сборникке суреттер түскеннен кейін, уақыт шкаласына суреттерді сүйреп апарып орналастырамыз.


Видеопереходы белгішесін басып, өзімізге ұнаған ауысымды қоямыз.

Фильмге музыка орналастыру үшін Импорт звука или музыки әрекетін орындау арқылы өзімізге ұнаған музыканы фильмге қоя аламыз.


Егер фильмге дайын видеоны қосатын болсақ онда: Youtube браузерінен керекті видеоны көшіріп аламыз. Ол үшін WWW.ssyoutube.com сайтындағы SaveFrom бағдарламасын пайдаланамыз.

Көшірілген видеолар Movie Maker бағдарламасында бірден қойылмайды. Ол үшін интернет арқылы Видеоконвертер бағдарламасында көшірілген

видеоның форматын wmv форматына ауыстырамыз да,Импорт видео әрекеті арқылы дайын видеоны да орналастыруға болады.

Бағдарламаға сурет, музыка, видео орналастырып болған соң




завершение создание фильма----- файлдың атын жазып, сақтаймыз.

 Windows Movie Maker бағдарламасында ойнату.

Windows Movie Maker - барлық қарапайым пайдаланушыларға арналған тиімді бағдарлама. Сонымен қатар, ол бірыңғай бейнефильмді - Windows Media Video (WMV) ғана іс жүзінде жұмыс істейді. DVD-Video (MPEG-2) DVD ойнатқышы MPEG-4 (DivX, XviD), қазіргі заманға сай ойнатқыштарды қолдайтын бағдарламаны орындамайды. Бағдарлама DV-AVI форматында құрылған фильмді жасай алады, бірақ, оны DVD-Video (MPEG-2) стандартты DVD-Video-ға (мысалы, MPEG-2) шығару үшін, конвертерде өңдеп алу керек.

Сонымен қатар, Windows Movie Maker бағдарламаларын жасау және пайдалану туралы бірнеше кинорежиссерлердің кеңестерін жасау.

1. Компьютерге арналған бейнежазбаны электронды түрде түсіріп, монтаждауға арналған арнайы роликті бөлек сақтап қоямыз.

Әдеттегі барлық бейнематериалдардың бастамасы - әртүрлі бейнеффектілердің роликтері. Егер Windows Movie Maker бағдарламасында автоматты түрде сценарийлер жасалса, нәтижесінде он бес секундтан кейін әртүрлі сценарийлер мен әртүрлі бейнеэффектілер біріктіріледі.

Windows Movie Maker бағдарламасы әр түрлі тәсілдер жиынтығымен редакциялауға мүмкіндік береді. Ұзақ клипті неғұрлым қысқа екі клипке бөлуге болады. Немесе екі клипті бір етіп біріктіруге болады.Клиптің басы мен аяғын кесіп тастауға, тіпті жаңасын жасауға болады.

Кейде, керісінше шағын өлшемді клиптерге бөлінген файлдарды біріктіру қажет болуы мүмкін. Алайда, аралас клиптерді ғана біріктіруге болады.»Аралас клиптер» деген термин екінші клиптің бірінші клип біткеннен кейін бірден басталуын білдіреді. Мысалы, Windows Movie Maker импортында бейнелік немесе дыбыстық файл.

Клипті бөлу

1.Раскадровка немесе Шкала времени бөлімінде бөлу керек болған бейнеклипті немесе дыбыстық клипті таңдап алаңыз.

2.Көру терезесінің астында орналасқан Воспроизвести батырмасын басамыз.

3.Клип ойнатылып, бөлінетін жерге дейін жеткенде,Пауза деген батырманы басыңыз.

4.Көру терезесінің астында орналасқан бейнені жаңғыртуды басқару элементінің көмегімен клипті бөлетін жерге келіңіз.

5.Көру терезесінің астындағы Разделение кадра на две части по текущему кадру деген батырманы басамыз.


Клиптерді біріктіру.

Клиптерді біріктіру үшін CTRL батырмасын басып тұрып, Сборники немесе Раскадровка панелінен, біріктіретін аралас клиптерді таңдап алыңыз. Клип мәзірін шертіңіз, сосын Объеденить батырмасын шертеміз.


Бейнеклип фрагменттерін қию.

Клипті қию кезінде кесудің жаңа нүктелері басы және/немесе соңы пайда болады. Бас жағын қию нүктелері клиптің қашан басталатынын, ал соңын қию нүктесі фильмнің немесе жобадағы клиптің қашан тоқтайтынын анықтайды.

Қорытынды

Өз жұмысымда мен дербес компьютерде фотосуреттер арылы видео фильмдер мүмкіндіктерін қолдану мәселесін зерттедім. Барлық салаларда – ол инженерлік болсын, ол ғылыми болсын, ол бизнес болсын, ол өнер болсын, ол әскери кешен болсын - бәріде де компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері өрістерінің бірін қолданады. Егер болашақты елестететін болсақ, онда болжаудың қажеті де керек емес сияқты, өйткені бәрі де айдай анық. Заман талабына сәйкес компьютердің өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану. Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мүғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады. Сондықтан күнделікті сабақта біз танымдық қабілет пен біліктілікті қалыптастыру мақсатында және информатика пәнінде компьютерді тиімді қолдану, дыбысты жазу және ойнату, Windows Movie Maker бағдарламаларын жетік білу мақсатында оның мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын көріп жүрміз.
Windows Movie Maker бағдарламасын пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісіндей басқа барлық салаларда да айтарлықтай жақсарта алады. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық құралдар ең маңызды құрал болып саналады. Өйткені, бұл құралдардың көмегімен жетер жетістігіміз көп деп сенемін. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Олай болса, халық даналығы айтқандай «сәлем түзелмей, әлем түзелмейді дегендей»,- өз білімімізбен елімізге үлес қосамыз десек, алдағы уақытта дербес компьютердің көптеген мүмкіндіктері туралы білімімізді тереңдете түсу үшін мектеп бағдарламасына енбеген бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасауға оқушылар атынан ұсыныс жасаймыз. Киностудия Windows Live, Move maker, Macromedia flesh MX, Camtazia бағдарламаларын тереңдетіп оқысақ, ХХІ ғасыр жас жеткіншіктері компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті болып шығатынымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атаған. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін әлде де жетілдіре түссе нұр үстіне нұр болары сөзсіз деп аяқтағым келеді.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Балапанов. Информатика 30 сабақ оқулығы, 2007- Алматы;

  2. О.Камардинов. Информатика, 2006 – Алматы;

  3. Н. Ермеков «Информатика». Алматы,

  4. О.А.Акулов «Информатика» .Москва 2005.

  5. Н.В.Медведев «Информатика» Алматы,2005

  6. К. Изтілеуов «Информатика». Ақтөбе, 2005

  7. Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

  8. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі» Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.

  9. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы 2003ж

  10. Интернет беттерінен;

























16



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!