СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Управление автоматизированных систем

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Основные схемы управления автоматизированными системами

Просмотр содержимого документа
«Управление автоматизированных систем»

Пән атауы, кабинет №, күні

«Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру», № кабинет

Курсы, тобы

ІІІ курс 309 АС

Сабақтың нөмірі, тақырыбы

84.Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы туралы ұғым.

Сабақтың мақсаты

Студенттерді жалпы технологиялық процестердегі құрылғылармен таныстыру,пәннің мақсаттары және міндеттерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері

білім беру

дамыту

тәрбиелік

жаңа материалдарды түсіндіріп, алынған білімдерді бекіту, студенттердің білімдерін тәжірибе жүзінде орындау, зерттеу, студенттердің «Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы туралы ұғым» туралы білімін тереңдету

студенттерді жауапкершілікке, іздемпаздыққа, өз беттерімен және бірлесіп жұмыс жасай білуге жұмыс дағдыларын қалыптастыра отырып тәрбиелеу өз ойларын нақты жеткізуге, тапсырмаларды өз бетінше талдау жасауға үйрету

ғылыми көзқарастарын дамыту, зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Оқу сабағының типі

Аралас

Оқыту әдістеры, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педогогикалық технологиялар:

оқу дәрісі, әңгіме

Көрнекілік: презентация

Практикалық: жазбаша жаттығулар, компьютер

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер,кестелер, сызбанұсқалар,)

Слайд, суреттер, видео материал.

Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (Интернет желісі ресурстары, бейнематериалдар,презентациялар)

Бейнематериалдар, презентациялар.

Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)

Компьютер, проектор

Интернеттегі білім ресурстары

www.youtube.com, www.wikipedia.org, www.kipia.ru www.avomatica.ru

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Гуров А. М., Поченкин С. М., Технологиялық процестерді автоматтандыру. –М .: Жоғары мектеп






Сабақтың құрылымы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты, мин

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Оқытушының қызметі

Студенттің

қызметі

Ұйымдастыру кезеңі

2

Студенттерді сабаққа дайындау.Оқу көрнекіліктерін дайындайды. Сабақ кезеңдерін түсіндіру

Студенттердің қатысымын тексереді, кабинет тазалығын қадағалайды, студентті жұмыс ырғағына бейімдейді. Оқу міндеттерін қояды, оқу сабағының мақсаттары мен міндеттері қалыптастырады

Оқытушымен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Өзін психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындайды.

Жан – жақты білімдерін тексеру


30

Өткен материалды қайталау. Студенттердің білімін тереңдетіп, негіздеп, жүйеленеді. Студенттердің «Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы» туралы білімдері тексеріледі.

Студенттерге «Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы» туралы жалпы сұрақтар қойылады.

Студенттер берілген тапсырмалар орындайды. Техникалық диктант сұрақтарына жауап береді.

Жаңа тақырыпты хабарлау

2

Жаңа тақырыппен танысу

Студенттердің іс- қимылдарын түсіндіру

Тыңдайды, конспектілейді.

Жаңа сабақ түсіндіру

25

Студенттердің шығармашылық дамуы, жауапкершілік, сабақ тақырыбын білуге құмарлық. Ең бастысын білуі, білімін нақтылау. Студенттердің өзіндік жұмыс жасауын дамыту

Жаңа тақырыпты түсіндіреді. Дәрістік материалдарды үлестіру. Студенттердің қызметін ұйымдастырады. Студенттерге олардың іс-әрекеттерін бақылайды.

Оқытушыны тыңдайды, керекті мағлұматтар жазады. Слайдтар мен бейнематериалдарды қарайды.

Жаңа тақырыпты бекіту

20

Сабақтан алынған білімдерін бе-кіту, ой-өрісін кеңейту, студент-тердің сөздік қорын толықтыру

Материалды меңгеру дәрежесін түсіндіреді, хабарлайды және бақылайды.

Сұрақтарға жауап береді және дәріс материалдарымен салыстырады.

Сабақты қорытындылау

5

Өзіндік жұмысының нәтижесін көруі және жинақтай білуі.

Студенттердің бірлесіп жұмысын және жеке жұмыстарын қорытындылау.

Сабақтағы өз жұмыстарын талдайды, пікірлерін білдіреді.

Бағалар қою

3

Студенттер білімін бағалау

Студенттердің жауаптарын бағалау

Тыңдайды.

Үй тапсырмасын беру

3

Студенттердің дербестігін дамыту.

Студенттерге тапсырма береді, тапсырманы түсіндіреді.

Үй тапсырмасын жазып алады.



Дәріс тақырыбы: Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы туралы ұғым.

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeменттің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады. Оның маркалары :200,300,400,500, 600 .

Сонымен бірге цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей (1958) және Өскемен (1961) цемент зауыттары іске қосылды.

Цемент өнімдерін ылғалды тәсілмен өндіру кезінде шикізаттарды майдалау үшін, негізінен шарлы диірменді пайдаланады. МС4 х 13,5 типті құбырлы диірмен бұл жаңа технологиялық жүйелерді орнатылған аса жоғары өнімді жабдық болып саналады. Диірмен барабаннан 1, арту-тиеу 5, түсіру –төгу 6 құрылғыларынан, арту камерасын 2, негізгі және қосалқы қозғалтқыш жүйелерінен тұрады. Негізгі қозғалтқыш екі сатылы редуктордан , жалғастыру білігінен , муфтадан және электрлі қозғалтқыштан тұрады. Қосалқы қозғалтқыш жөндеу кезінде диірменді айналдыру үшін, қызмет істейді.

Барабан екі жағынан қалыңдығы 45 мм болатын түптермен 4 жабылған. Барабанның түптерінде кіретін және шығатын келте құбырлар-цапфарлар орналасқан.

Цапфарлар барабанның бар салмағын көтеріп, оны бетондық іргетасқа беріп тұратын цапфарлық зырылдауықтарға отырғызылған. Түптер барабанның бүкіл шеңберінің бойымен болттармен бекітіліп, іш жағынан грондалған плитамен қапталады. Барабанда майдалағыш денелерді салуға брондық плиталарды орнатылған және ауыстыруға арналған қақпағы бар, дөңгелек тесіктер, лүктер орналастырылған барабанның бір жағында түсіру тігу құрылғылары жағында түсіру төгу торлары орналасқан.

ММС 70 х 23 типті гидрофол диірмені екі цапфалық зырылдауыққа отырғызылған қысқа барабанды құрылғы. Барабанның ішкі жағы бұрандалған плиталармен қапталған Брон плиталардың көтергіш қырлары майдаланатын материалдарды көтеріп, аударып тастауға есептелген.
Барабанның екі жақ қабырғаларына арту-тиеу 2 және түсіру 5 тірегіш цапфалары орнатылған. Тиегіш құрылғылар жағында елегіш тор 12 орнатылған. Ол арқылы дайын шлам өтеді.
Дайын шлам қалақшамен тиегіш ұңғыға беріледі. Шламның арасынан ірі түйірлерді бөліп, алу үшін ойықтары және 40 мм болатын қабаттардың конустық есеппен –бутара жабдықталған. Диірмен тиісті дөңгелек арқылы редуктор және электрлі қозғалтқыш көмегімен айналдырады. Диірмен негізгі қозғалтқыштан бөлек жөндеу кезінле барабанды айналдыруға арналған. Қосалқы айналдырғыш жүйемен жабдықтанған материал диірменге ұнғы және бас цапфа арқылы салынады. Барабанның ішінде лифтерлармен жоғары көтеріліп, ең жоғарыдан төмен қарай құлатылады. Сөйтіп, бір-біріне және Брон плиталарға ұрылып, майдаланады. «Гидрофол» диірмені беріктілігімен және ұзақ уақыт бұзылмай жұмыс істейтіндігімен ерекшеленеді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Цeмент құрамын атаңыз

  2. Цeменттің көп тараған түрінің бірі .

  3. Цемент өнімдерін ылғалды тәсілмен өндіру кезінде шикізаттарды майдалау үшін, негізінен қандай типті диірменді пайдаланады?

Жаңа тақырыпты бекіту «Кім шапшаң» ойыны: Студенттер 5-6 дан бөлініп, жаңа тақырып бойынша кроссворд дайындайды. Бірінші дайындаған топ пен көп сұрақтын жауабын айтқан студенттер бағаланады.

Қорытындылау: Жаңа тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра мысал келтіре отырып, сабақты қортындылау.

Бағалау: Сабақ барысындағы белсенді студенттер бағаланады.

Үй тапсырмасы: дәрісті оқу, Гуров А. М., Поченкин С. М., Технологиялық процестерді автоматтандыру. –М .: Жоғары мектеп

(516-520 беттер)





























АҚТӨБЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ









САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән атауы: «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру»

Сабақтың тақырыбы: Цемент өндірісін автоматтандыру. Шикізатты ұсатуға арналған құбыр-шарлы диірменнің құрылысы мен жұмысы туралы ұғым.









Дайындаған: Барсай Арай Болатбайқызы





Келісілді:

«Автоматтандыру және басқару» ЦӘБ төрағасы _______________ Утеулиев Е.Б.

«_____»______________ 2017 ж.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!