СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау  туралы мәлімет

Просмотр содержимого документа
«Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау»



Пәні

Информатика

Сынып

6 «А», «Ә»

Күні

21.11.2017 жыл

Сабақ тақырыбы:

Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау

Жалпы мақсат:

Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын біледі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, доп.

Оқыту әдістері:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.

Жұмыс түрлері: жеке

Дерек көздері:

  • Информатикаға арналған жұмыс дәптері.

  • Оқулық

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс.


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(5 мин)

Сұрақ-жауап.

1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?
2. Тармақталу операторының толымды түрі?
3. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?
5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі




Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың негізгі бөлімі

(2 мин)


Сыныпты сан арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

ІІІ. Жаңа тақырып

(10 мин.)













  • Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
    Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
    қадамдар саны белгілі цикл
    қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
    Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
    Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
    FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
    FOR операторының екі түрі бар:
    FOR:= to do;
    FOR:= downto do;
    Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; — цикл тұлғасы.
    FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
    Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
    Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

IV. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(7 мин)

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Бет 70-71 сұрақтарға жауап беру

Сұрақтарға жауап береді.

V. Сергіту сәті.

(3 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

V І. Бекіту.

Оқулықпен жұмыс

(3 мин)


Өзіңді тексер! Бет 71.

Тест орындайды.






VІІ. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)

§11 оқу, мазмұндау

Күнделікке жазады.


VIІІ. Бағалау

(2 мин)


Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

ІХ. Рефлексия

(3 мин )


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!