СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тіл шамшырақтары" байқауының тапсырмалары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл шамшырақтары" байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жазба жұмысының біреуін таңдап жазады.Екінші кезеңде тыңдалым, оқылым, айтылым дағдылары бойынша тапсырмаларды орындайды. 

Просмотр содержимого документа
«"Тіл шамшырақтары" байқауының тапсырмалары»

«Тіл шамшырақтары» байқауының тапсырмалары


5сынып


1 кезең.


Жазылым.


Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.


1. Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз.


2. «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазыңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді қолданыңыз.


3. «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында 80-90 сөзден тұратын эссе жазыңыз.


























2 кезең.


Тыңдалым.


Мәтінді 2 рет мұқият тыңдаңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


1. Ыбырай кімнің немересі?

А) Балқожа би

В) Төле би

С) Қазыбек би

2. Ол қандай мектепте оқыды?

А) ағылшын-қазақ

В) орыс-қазақ

С) қазақ

3. Ыбырай оқыған қала.

А) Тобыл

В) Қостанай

С) Орынбор

4.Сөйлемді толықтырыңыз.

Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына .............. ашты.

А) мектеп

В) колледж

С) дәріхана

5. Жауап беріңіз.

Балаларға арнап не жазды?




Оқылым


Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.

Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.

Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жоға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге ,туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.

Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.


1. Мәтінге қайсысы сәйкес емес?

А) Бата берудің тәртібі.

В) Батаның пайдасы.

С) Батаның түрлері.

Д) Батаның дәстүрі.

2. Кіріспе қай сөздермен аяқталады.

А) рәсімдері бар

В) терең сөз

С) маңызы үлкен

Д) бата беру

3. 1-сөйлемдегі «ертеден» сөзінің синонимі қайсы?

А) қазірден

В) болашақта

С) бұрыннан

Д) әйгілі

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақтар ............... өте жоғары бағалаған.

А) би өнерін

В) сөз өнерін

С) айтыс өнерін

Д) ән айту өнерін

5. Мәтіннен «жақсы» сөзінің антонимін табыңыз.

А) жаман

В) қысқа

С) ұзын

Д) әдемі



Айтылым


Берілген тақырыптардың бірін таңдап, диалог құрастырыңыз.

Диалог тақырыптары:


  1. Тұмар ханшайым туралы аңыз

  2. Судың адам ағзасына пайдасы

  3. Мектеп кітапханасында

  4. Отбасындағы дәстүрлер

  5. Менің туған күнім

  6. Менің сүйікті ісім

  7. Үй жануарлары

  8. Тәуелсіз елдің Астанасы

  9. Компьютер тілін табу – өнер

  10. Қазақстандағы ұлттар достастығы


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!