СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып «Қаржылық есептілік тұжырымдамалары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

№2 тақырып «Қаржылық есептілік тұжырымдамалары»

Просмотр содержимого документа
«Тақырып «Қаржылық есептілік тұжырымдамалары»»

2 тақырып «Қаржылық есептілік тұжырымдамалары»


  1. Қаржылық есептің мақсаты мен міндеті

  2. Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамасы

Кәсіпорында қаржылық есептілікті ендіру мақсаты:   Қаржылық есептің мақсаты мен міндетін анықтайды.

Есептілікті пайдаланушылар инвесторлар, кредиторлар және өзгелер пайдаланушы ретінде анықталады. Пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын қаржылық есептілікті дайындау мақсатын тізбектейді. Бухгалтерлік есептің концепцияларының шеңберінде болашақты көрсетеді.

Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары.

Қаржылық есеп берудегі ақпараттарды бағалау үшін бухгалтерлік есеп сипаттамаларын бекітеді.

Сипаттамалары: Түсініктілігі, орындылық, маңыздылық, сенімділік (ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңына сай түсініктілік; орындылық; сенімділік; салыстырмалылық;).

Қаржылық есептілік элементтері. Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпараттарда классификациялау критериін бекітеді.

Қаржылық есептілік элементтері: Активтер Міндеттемелер Капитал / таза активтер Кіріс Зиян Пайда

Тану немесе өлшеу Қаржылық есеп беруді ұсынуға қажетті жағдайларды анықтау үшін критериін бекітеді.

Тану критериі Өлшеу критериі

Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамасы

— есептеу; — үздіксіздік; — түсініктілік — орындылық; — маңыздылық; — сенімділік; — шынайы ұсыну; — маңыздылықтың басым болуы; — бейтараптылығы; — мұқияттылық, ұқыптылық; — толықтылығы; — салыстырмалылығы; мерзімділігі.


Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамасы

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Қаржылық есептілік элементтері: Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

Қаржылық есептіліктің элементтері дегеніміз олардың экономикалық сипаттамасына байланысты кластарға бөлінген қаржылық бірліктерді айтамыз. Бұл элементтер кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін бағалау үшін маңызды болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей кәсіпорынның мүлкі, оның міндеттемелері мен мүлкінің құралу көзі, шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің обьектілері болып табылады. Кәсіпорындағы маңызды есеп обьектілеріне материалдық емес активтер, негізгі құралдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру мен өндірістьік шығындар, дайын өнім мен оны өткізу, қаржылық нәтижелер жатады.

Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

Міндеттеме - дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Капитал - дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.



Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
  1. Кәсіпорында қаржылық есептілікті ендіру мақсаты ?

  2. Қаржылық есептің мақсаты мен міндеті?

  3. Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары?

  4. Қаржылық есеп берудегі ақпараттарды бағалау дегеніміз не?

  5. Қаржылық есептілік элементтері дегеніміз не?

  6. Тану немесе өлшеу критериі дегеніміз не?

  7. Бухгалтерлік есеп принциптері қандай?


Тапсырма №1

Қаржылық есеп қағидаттары” ұғымына “ПОПС” стратегиясын қолданып, тапсырманы орындаңыз.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!