СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты бірге сақтайық! 5 «г» сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін: ____________________

Күні: 16.09.2022

Сыныбы: 5 «г»

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты бірге сақтайық!

Сабақтың мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету,табиғатқа деген аялы қарым қатынастарын дамыту  түрі:  аралас

Сабақта қолданатын әдістер: Талдау, топтастыру,пікірлесу

 Күтілетін нәтиже:Топта талдайды, салыстырады, бір-бірінің ойын тыңдайды. Мәтіндегі негізгі ойды өзара  анықтайды

 Дерек көздер мен құрал- жабдықтар: Электронды оқулық, суреттер,ватман қағаз,нақыл сөздер жазылған қағаз,бояулар,желім,стикерлер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

 Тынышытық сәті

Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

  • Тіршіліктің оянуын, Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау

 «.Аялы алақан» сергіту ойыны.Оқушылар аялы алақанға табиғат бейнелерін орналастырады.

Шығармашылық тапсырма: суреті арқылы сөйлемді аяқтап жазу

Егер мен тау болсам,  ..........биік болар едім.

Егер мен  күн болсам, ..........  жарық болар едім.

Егер мен  бұлақ болсам, ..........  мөлдір болар едім.

Егер мен  бүркіт болсам, ..........  мықты  болар едім.

Егер мен  елік  болсам, ..........  жүйрік болар едім.

Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы,түсіндіруі

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты бірге сақтайық! 5 «г» сынып»

М әтінмен жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы,түсіндіруі

Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.

Ү лкен ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың “Саялы орманынан”, ортаншы ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

  • Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?

  • «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Табиғат дегеніміз не? Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

  • Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?

Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?

Неліктен табиғатты анаға теңейміз?

Тыныштық сәті. «Көңілді күн»

Шығармашылық жұмыс.

Табиғат дегеніміз не? Табиғатқа не жатады?
Тіршілік атаулының бар арманы – ауа. Тіршілік көзі – су.
Табиғат байлығы - өсімдіктер. Орман сәні – құстар.
Табиғаттың сұлу мүсіні – хайуанаттар.

Аружан : Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі, аңсар арманы – таза ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Сұлу: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.

Халқымыз ежелден – ақ суды қастерлеп, Сулы жер – нулы жер, - деп бағалай білген.

Су деген – тіршіліктің наны емес пе,Су деген – табиғаттың жаны емес пе,

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

Бегжан: Табиғат байлығының бір тобы жер бетіндегі сәулетті еліміздің дәулеті – жасыл әлем.

Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыздың өсімдікті өмір өзегі деп аялап, оған қамқорлығын еш уақытта аямаған. Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсындеген көрнекті сөз соның айғағы.

О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,Бүгін менің әулием сен, ием сен.

Осындайда ойланып қой, жігітім,Жығылмайсың орманыңа сүйенсең.

Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз, - деген нақыл сөз бар ата – бабамызда.

Айсұлу: Қалықтай ұшып, шарықтап биікке шығып ән салатын құс біткен – табиғаттың әні мен сәні. Олардың әсем де әсерлі әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді.

Көктемде құсты атпаңдар,Сенімін оққа сатпаңдар.

Кішкентай әнді сақтаңдар,Оларда да титтей жүрек бар.

Мөлдір Табиғаттың сұлу да сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар.

Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған.Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,Өзге аңға жануарды тең көрмедім.Адамның баласынан кем көрмедім.

Мұғалім: Балалар! Қазіргі кезде айналамыздағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Сондықтан жастарды қоршаған ортамен байланыс жасауға үйрету, экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру – жалпы білім беретін мектептердің міндеттерінің бірі болып отыр. Өткен сабақта біз экология мәселелерінің біразына тоқталып өттік. Сондықтан да экология деген сөз нені білдіреді?

Суреттерге қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақы­рыбына әңгіме

құрастырыңдар.

Тапсырма:

-Құстардың дауысына құлақ сал!

-Табиғат сұлулығын сезіне біл!

-Табиғатты қорғай біл!

«Қос қарл

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Табиғатты бірге сақтайық!

5 «г» сынып

Өткізген:Ханов Ш.У.

2022-2023 оқу жылы

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!