СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес

Категория: Право

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты студенттердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеттіліктерін қалыптастыруға негізделген.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес»

ТАҚЫРЫБЫ: «Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес»


Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың мәні мен себептерін және ауқымын түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізу; білім алушылардың топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру арқылы өзінің көзқрасын айта білуге және оны дәлелдей білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: сыбайлас жемқорлық бойынша құқықтық жауапкершіліктің негізгі түрлері туралы баяндай отырып, қандай жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың туындайтынын түсіндіру; сыбайлас жемқорлықтың әр түрлі салаларда туындай себептеріне сипаттама бере отырып, адамның әр түрлі жағдайлардағы іс әрекеттеріне баға беруге үйрету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру.

Бұндай құқық сағатты сабақта және сабақтан тыс уақыттарда жүргізуге болады. Дайындықтың барысында аталмыш тақырып бойынша суреттер мен плакаттар сайысын ұйымдастыруға болады.

Өтілу формасы: блицтурнир.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікір алмасу, ой қорытындылау, құжаттармен жұмыс, топтық жұмыс, кесте бойынша жұмыс, жағдаяттарды шешу.

Жоспары:

1. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі.

2. Сыбайлас жемқорлықтың туындауы.

3. Топтық жұмыс.

4. Қорытындысын шығару.


Топтар:

1-ші топ: Заңгерлер.

2-ші топ: Оқытушылар.

3-ші топ: Журналистер.


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқытушы тақырыпты және оның мақсаты мен міндеттерін хабарлайды.

Білім алушыларға сыбайлас жемқорлық туралы не білетіндерін естеріне түсіргізіп, сол бойынша сұлба-кластер құрғызу тапсырылады. Білім алушылардың тақырыпқа қызығушылықтары жоғары болған сайын олардың құратын сұлба-кластерінің де ауқымы кең болады. Бұл білім алушылар үшін аталмыш тақырыптың қаншалықты көкейтесті екендігін аңғартады.

Сұлба-кластер


Қорқытып алушылық


сатылғыштық

Құқық бұзушылық


Сыбайлас жемқорлық



Парақорлық



Пара беру

Пайда күнемдік



ІІ. Негізгі бөлім.

1. Кіріспе әңгіме.

Оқытушы:

-Жемқорлық - латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.

«Сыбайлас-жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғыдан қарасақ, бұл «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ) сыбайлас жемқорлыққа – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп анықтама берілген.

1. Қылмыстық сатылғыштық - лауазымды тұлғалар өзінің қызметтік жағдайын жеке басының баюы мақсатында пайдаланануы.

2. Параға сатып алу, сатылғыштық, парақорлық, буржуазиялық әлемде арасында лауазымды тұлғалар мен саяси қайраткерлер, ірі шенеуніктердің іс тәжірибесінде кең таралған қылмыстық іс әрекет. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық көптеген капиталистік елдердің заңнамасында қылмыс ретінде қарастыралады, оның заң алдындағы жауапкершіліктері де бекітілген.

3. Лауазымды тұлғалардың және қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығы, пара алушылығы.

4. БҰҰ-ның құжаттарында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік өзінің жеке мақсатында асыра пайдалану ретінде анықталады.

5. «Қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясы» (1998) былайша түсінік берілген: сыбайлас жемқорлық ұлттық және шетелдік көпшілік жиналыстардың, судьялары мен лауазымды тұлғаларын актив және пассив түрде параға сатып алу, халықаралық ұйымдардың және халықаралық парламенттік жиналыстардың мүшелерінің теріс әсерінен пайдакүнемдік мақсаттарда, жеке сектордағы параға сатып алу.

6. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықтың төмендегі типологиясына сипаттама берілген.


І


Сыбайлас жемқорлықтың түрлері

Қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдалану

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық

Коммерциялық сыбайлас жемқорлық

Саяси сыбайлас жемқорлық


ІІ


Пара беруші субъект

Жеке адам парасы (кез-келген азамат)

Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)

Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс таратушылар)


ІІІ

Параның түрлері

Ақшалай пара

Қызмет көрсету

Сыйлық түріндегі пара


2. Жағдаяттарды шешу және оларға талдау жасау:

1. Әскери бөлімшенің қолбасшысы мекеменің есебінен өзіне саяжай салдырады (әскери қызметшілер, техника, материалдар), бірақ ол жалғыз оны жасамайды. Бұл ретте, өз билігін заңсыз пайдалана отырып, материалдық игіліктерді алады және өзінің «сыбайластарына» сыйақы беру түрінде, олардың қызметін заңсыз жылжытумен немесе басқа да заңсыз тәсілдермен атқарылған жұмыстың құнын осылайша өтейді.

Жауап:

1-топ:

2-топ:

3-топ: (өз жауаптарын айтып дәлелдейді).

2. Шенеулік заңсыз кедергілерді құра отырып, қандай да бір бизнесті ашуға лицензия беруге өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Жауап:

1-топ:

2-топ:

3-топ: (өз жауаптарын айтып дәлелдейді).

3. Шенеунікті қысыммен немесе бопсалай отырып заңсыз шешім қабылдауға мәжбүрлейді.

Жауап:

1-топ:

2-топ:

3-топ: (өз жауаптарын айтып дәлелдейді).


3. Дәйектер мен дәлелдер:

Әлемде жыл сайын 1 трилл дол­лар пара берушілкке кетіп отырады. Ең сыбайлас жемқор мемлекеттер - Сомали және Мьянма, ал сыбайлас жемқорлық әрекеттері төмен мемлекеттер — Финляндия, Жаңа Зеландия мен Дания (Трансперенси Интернэшнл халықаралық ұйымның мәліметтері бойынша).

  • Transparency International мемлекеттегі қай қызмет түрінің сыбайлас жемқорлыққа жақын екенін анықтамақ болған. Қазақстандық респонденттердің 28 пайызы денсаулық сақтау саласын, 29 пайызы сот жүйесін, 31 пайызы білім саласын, 36 пайызы жер телімін алуға қатысты қызметтерге, 54 пайызы полицияға пара берген болып шыққан.

Қазақстан Республикасы үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте «үздік тәжірибелерді» қолдану үшін жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін зерттеу және талдаудың маңызы зор.

Қазіргі қоғамда елдердегі жемқорлық деңгейін анықтау үшін көптеген зерттеулер, мониторингтер жүргізіледі. Солардың ішіндегі маңыздылары Жемқорлықты қабылдау индексі, Пара төлеушілер индексі, қылмыс құрбандарына халықаралық шолу, Мемлекеттік айқындықты (тазалықты) бағалау индексі, Жаһандандыру индексі т.б.

Көптеген зерттеулер ішінде әлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ең толық әрі дұрыс мағлұмат беретін және жемқорлық факторларын анықтайтын Трансперенси Интернэшнл халықаралық зерттеу ұйымы болып табылады.

Трансперенси Интернэшнл (Transparency International) сөзінің аудармасы Халықаралық айқындық деген мағынаны білдіреді, (Прозрачность) – бұл халықаралық деңгейде және жеке елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күресті зерттейтін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. Олардың мақсаттарының бірі – билік органдарының айқындығына, есеп берушіліктеріне қол жеткізу. Transparency International бөлімдері көптеген елдерде құрылған, олардың барлығын ең алдымен қаржы саласындағы айқындықты қалыптастыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы идеология біріктіреді. Бұл - ұзақ уақыттан бері сыбайлас жемқорлықтың сан алуан салалардағы көріністерін зерттеп, анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынатын көпшілікке танымал ұйым. 1993 жылы Transparency International әлемдегі жемқорлық деңгейін жүргізетін статистикаға балама ретінде пайда болды десек те болады.


4. Топтық жұмыс.

3 топқа тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріледі. Топтар 10 минуттың көлемінде жағдаяттарды шеше отырып, өз пікірлерін айтып, жұмыстарын қорғайды.

Топтарға көмекші құрал ретінде 1-2: «Жағдай, қылмыстың себептері және жауапкершілік» және «Заңды жауапкершіліктен босату» туралы көмекші таблицалар беріледі.


Сұлба «Жағдай, қылмыстың себептері және жауапкершілік»

Таблица 2


Заңды жауапкершіліктен босату


Өтеу мерзімінің өтуіне байланысты (2 жыл — кейін кішігірім ауырлықтағы қылмыс, 6 жыл — орташа ауырлықтағы қылмыс, 10 жыл — ауыр қылмыстан кейін, 15 жыл — аса ауыр)

Өзгерту жағдайы: тұлға және іс-әрекет қауіпті болудан қалды

Тұлғаның кінәсін мойындап, ерікті түрде келуі және келтірілген залалды өтеуге, қылмысты ашуға көмек көрсету, жасағаны үшін алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін.

Алғаш рет қылмыс жасап тұрған адамның зардап шегушімен келісімге келуі және келтірілген залалды өтеуі.


ІІІ.Қорытындылау.

Қорытындылау кезінде әр топтың алдында берілген құжаттарды негізщге ала отырып таблицаны толтырады.

1.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы (2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V).

2.Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы).

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы. (2015 жылғы 23 қарашадағы №416- V Заңы (01.01.2016 ж.қолданысқа енгізілді).

4.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы).

5. «Нұр Отан» партиясының«2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» 2014 жыл, 8 шілде.

6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.

7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. 24.11.2015 редакциясында Жарияланған: «Егемен Қазақстан» 09.07.2014 ж. № 132 (28356); «Казахстанская правда» от 09.07.2014 г. № 132 (27753); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 83-құжат. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ


Таблица 4

Заң жүзіндегі жауапкершілктің түрлері


Жауапкершілік түрлері

Не үшін

Кім басқарады

Қандай формаларда жүзеге асырылады

Қылмыстық

Қылмысы үшін

Сот


Әкімшілік




Азаматтық - құқықтық




Тәртіптік





Бұнда 1 топты ғана осы таблицаны толтыруға жауапты етіп қойып, ал қалған екі топ осы таблицаға қосымша енгізу үшін бөліп тастауға болады.

Анықтамалар

1. Заңдар мен баптардың жинағы_____(кодекс).

2. Құзыретті мемлекеттік органдар санкцияларын құқық қорғау нормаларын құқық бұзушыға қолдану _____ (жауапкершілік).

3. Икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар _____( Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес).

4. Келісім тараптардың өзара міндеттемелері _____(контракт).

5. Реттілікті, тәртіпті белгілейтін қандай да бір нұсқама, ______(ереже).

6. Жеке адам___________(индивид).

7. Барлық қол сұғушылықтардан қорғалушылық______( қол сұқпаушылық).

8. Жалпыға міндетті нормалардың жүйесі __________(құқық).

9. Бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы ___________(сыбайлас жемқорлық).

10. Сот шешімі________(үкім).

11. түрік тілінде ақша деген мағына береді, қазақша сыпайылап «пәрелейді», яғни майлайды ___________(пара).

12. Заңды сақтамаушылық_________(бұзушылық).

13. Қоғамға қарсы іс-әрекет ____________(құқық бұзушылық).

14. Пара берушінің немесе пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей паралық нәрсені беретін адам _________( Парақорлыққа делдал болу).

15. Келісім_____________(шарт).

16. Негізсіз айыптау ___________ (жала жабу).

17. Шаралар қолданылатын құқық бұзушыға әкелетін үшін оған белгілі бір жағымсыз салдарлар,__________(санкция).

18. Қамауға алу_____________(арест).

19. Заңда белгіленген немесе шартта көрсетілгендей ақшалай өндіріп алу шарасы материалдық ықпал ету, қолданылатын тәртіппен және жағдайлар _____(айыппұл).

20. Қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау,_______(пара беру).

21. Бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау ________(қорқытып алушылық).

22. Бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны ___________( алаяқтық).

23. Бүреудің мүлкін жасырын ұрлау ____________(ұрлық).









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!