СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс сабақ. Информатика Дарабозы.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика пәнінен 21 ғасырлық үлгіде жасалған сыныптан тыс сабаққа жоспар.

7 сыныптар арасында өткізіледі.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс сабақ. Информатика Дарабозы.»

Күні: 12.12.2018ж Сыныбы: 7 Ә сынып

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру. Өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, жалауша, смартфон, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең:

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушылар өзін таныстыру;

  3. Жарыстың кезеңдерімен таныстыру;

Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге”
ІІ. “Тіл - өнер”
ІІІ. “Көкпар”
ІV. “Адасқан әріптер”
V. «Мақал –сөз мәйегі»
VI. “Жорға”
VII. Марапаттау.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 7-сынып оқушыларымен «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

«Еліміздің ертеңі – білімді жастардың қолында» деген Елбасымыз. Ендеше бүгін шәкірттеріміз өздерінің білім дәрежесін көрсетпек. Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асады. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де – 
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушылармен танысайық.



Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 14 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 14 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Мақал –сөз мәйегі» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 5 - 5 – тен сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
VII. Марапаттау.

Мұғалім:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын –

дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы түрлі – түсті жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз


1. Монитор мен көздің арақашықтығы қанша см болуы тиіс? (60-70 см)
2. Монитор экранының ең кіші элементі? (пиксель)
3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
4. Сурет, сызба, кесте түрінде берілетін ақпарат? (графикалық)
5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
7. Алгоритмнің неше түрі бар? (5)
8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
9. Адам мен компьютер арасындағықарым – қатынас (Интерфейс)
10. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

11. Бір байта неше бит бар? (8)

12. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

14. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта)





Мұғалім:
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады. 


1. Қажет емес символды алып тастау пернесі
(өшіру, удалить, delete)

2. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады?

(бес, пять, five)

3. Бір байтта қанша бит бар?

(сегіз, восемь, eight)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз

(пернетақта - клавиатура - keyboard)

5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың

(тышқан - мышка - mouse)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. 

(сызғыш-линейка-a ruler)
7. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.

(кітап-книга-book)

8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? 

(он екі- двенадцать- twelve)

9. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
(бит - бит - bit)

10. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

(терезе- окно-windows)

11.Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми

(Жүйелік блок- Системный блок-System unit)

12. Принтерден асып түсетін құрылғы

(Мәтіналғы-Сканер- Scanner)

13. Қағазға тойматын  құрылғы

(Басып шығарғыш-принтер-printer. )

14. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.
(себет - корзина - basket)

Мұғалім
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар”атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай. Және осы бөлімнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 4 оқушы ойыннан шығады. 
1. Жанұяда бес ұл бар және олардың әрбіреуінің қарындасы бар. Сонда бұлар неше адам? (алтау)
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? – (3 стакан)
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?- (15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? – (жоғары)
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? –

(шырпы)
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – (8)

7. Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1, 5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге?

(90мин=1, 5сағат)

8. 1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды?

(3 мин)

9. Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.
Олардың қаншасы қалды? (страустар ұшпайды)

10. Үш тауық үш күнде 3 жұмыртқа тапса, 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа табады? (6)

Мұғалім
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп, 3 кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 4 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.

Мұғалім. Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Армогмрап-------Программа
2. Тирнетен-----------Интернет
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника

8. Дңеөу -------------- Өңдеу

9. Пьюромтек ------- Компьютер

10. Нимотор ----------- Монитор

ІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 4 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.


Мұғалім.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-дей келе

V. «Мақал –сөз мәйегі» атты бесінші кезеңімізді бастайық. бұл кезеңде информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.   Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.   Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


V кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 4 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.


Мұғалім.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

VI. “Жорға” кезеңін қалған 2 оқушыға 5 - 5 – тен Plickers бағдарламасы бойынша онлайн тест алынады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
1 оқушы.
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Терезенің орысша атауы? (Окно)
5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)


2 оқушы.
1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)
2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
5. Дүниежүзілік желі? (Интернет)
Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау. 


Мұғалім.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!