СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты М.Ж.Көпеев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты М.Ж.Көпеев

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты М.Ж.Көпеев»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Бисембекова С.












«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-ұлы данышпан»

3-4 сынып

тәрбие сағаты







Сынып жетекшісі: Бигабулова Л.Т











2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-ұлы данышпан»

Сабақтың мақсаты: Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінің құрылысына талдау жасау және оның туындыларының ерекшеліктерін түсіндіру, оқушыларды көзқарастары мен пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жоба технологиясы, іздендіру, шығармашылық, әңгімелеу. 

Сабақтың түрі: жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, слайд, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының портреті.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін Ербол Хонойдың «Мәшһүрдің өзін таныстыру» термесі тыңдатылды.

-Біз тәрбие сағатында қандай тақырыпқа сөз қозғаймыз? 

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде өмір сүрген үлкен ақын, тамаша ғалым, философ, ауыз әдебиеті үлгілерінің қажымас жинаушысы, сан қырлы талант иесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын негізге ала отырып, «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы» атты сабағымызды бастаймыз.

Оқушыларды жеке жұмыс жасауы үшін бірнеше жобалық бағыттар беріледі: «Іздену», «Зерттеу», «Мұрагер», «Білім». Оқушыларға берілген уақыттан кейін өз жобаларын қорғайды.

1. «Білім жолында» атты жоба бағыты бойынша пікір қозғау

Жұмыс алгоритмі
1. Жобаның мақсатын ашу.
2. Қандай ортада тәрбиеленді?
3. Ақынның «Мәшһүр» деп атануы.
4. Білім жолына қосқан үлесіі.

2. «Дархан даланың данышпан ұлы – Мәшһүр Жүсіп » атты жоба бағыты бойынша тапсырма.
Жұмыс алгоритмі:
1. Жобаның мақсатын ашу.
2. Ақынның ағартушылық жолы, деректер арқылы дәлелдеу.
3.Мәшһүр шығармашылықтағындағы жетістік, сабақтастық.
4. Мәшһүр Жүсіптің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі. 

3. Жобаға сәйкес бағыт тақырыбы – «Хал-ахуал» өлеңін талдауы. 
Жұмыс алгоритмі:
1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
2. Өлеңнің мақсаты мен идеясын ашу.
3. Көркемдегіш құралдарды анықта және оның өлеңді жеткізудегі мәні.
4. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір.Өлеңді құрылысына талда.
5.Өлеңді мақал – мәтелмен, нақыл сөзбен түйінде.

Хал-ахуал
Жігіттер, жақсы қайда өнер шыққан,
Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан.
Анау озық, мен кейін қалам ба деп,
Көз салып бірін-бірі шамаласқан?
Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.
Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар
Бір-бірін сүзіп, жаншып жараласқан.
Жақсыны өзі болған көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

4. «Мәшһүр мұрасы - рухани қазына» атты жоба бағыты бойынша ой қозғау.
Жұмыс алгоритмі:
1.Жоба тақырыбының мақсатын ашу.
2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерін зертеушілердің пікірлері қандай, кімдер зерттеді?
3. «Рухани қазына» дегенді кім қалай түсінеді?
4. Қазақтың ұлттық санасын оятуда, азаттық жолындағы күресте Мәшһүр шығармаларының маңыздылығы қандай?

IV.Топтастыру стратегиясымен жұмыс





V. Жаңа сабақты қорыту
1. Мәшһүр Жүсіптің қандай шығармаларымен таныстық?
2. Несі ұнады, неліктен ұнады?
3. Қандай әсер алдың?
4. Қандай тәрбие алдың? Не үйрендік?

VI. Поэзия минуты. «Бұлақтың көзі» әні орындалады. 
Мұғалімнің сөзі:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың мұраларын әлі де зерттеп, зерделейміз. 
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, 
Еңбегінің қызығын да көре алмай. 
От боп жанып өтіп кеткен ақынға 
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай
- деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.


VII. Бағалау. Оқушылардың жауабын ортақ пікірге дауысқа салып, талқылау арқылы бір бірін бағалау.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!