СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сын есімнің түрленуі сабақ жоспары 7-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

сын есім туралы түсінік беру. сын есімнің түрленуін мысалдар арқылы түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Сын есімнің түрленуі сабақ жоспары 7-сынып»

Күні:14.10.16 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің түрленуі 
Сабақтың мақсаты : 
а) Сын есімнің түрленуі туралы түсінік беру, сабаққа деген 
қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге 
үйрету ; 
ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын 
еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге 
дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеу 
машықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау 
қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ; 
б) Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, 
қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды өз Отанын, 
елін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі : Аралас сабақ 
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру 
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, мысалдар, тірек сызбалар 
Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу өнері 
Сабақтың барысы : 
а) Ұйымдастыру кезеңі : 
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту. 
ә) Үй тапсырмасын сұрау : 
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. 45-жаттығу. Берілген сөздерді септеп, зат есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар. 
«Кім жылдам?» ойыны 
1.Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшелігі неде? 
2.Зат есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (Толықтауыш) 
3. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелердің айырмашылығы неде? 
4. Не себепті тұрлаусыз мүшесі сөйлем құрай алмайды? 
5. Ел ерімен еңселі. Бастауыш қай сөз табынан? 

б) Жаңа сабақты түсіндіру: 
Сын есімнің не екеннін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық. 
Қызыл жақсы (сапасы) (түсі) қатты (сыны) Алма (қандай?) Дөңгелек (көлемі) Тәтті (дәмді) 

Сын есімнің анықамысын шығару 
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз. 
Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді. 
Мыс: көк, көкшіл, қып-қызыл,қара ала. 
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер. 
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең. 
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына-лы, алақан-дай, жиде-лі. 
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады. 
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады. 
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай 
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару. 
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Мыс: ауырырақ, кішірек,ақшыл, жылылау. 
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап-сары, өте жарық, аса маңызды. 
Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар: 
1.Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мыс: үлкен-үлкенірек-аса үлкен. Ал таулырақ,таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім) 
2.Шырай түрлері сапалық сын есімге: а)қосымша жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады. 
Мыс: Салыстырмалы шырай: қызыл-дау, қызыл-ырақ; Күшейтпелі шырай: қып-қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл. 
(Жаттығумен жұмыс жасау) 
49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Қайсысы түрленеді, шырай түрін анықтаңдар. 
Әдемі-әдемілеу, әдемірек, өте әдемі; Көк-көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, тым көк. 
Жүдеу, сулы, денелі деген сөздер бізде түрлене ме? Жоқ, олар қатыстық сын есім. 

«Біліміңді байқап көр» 
Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сөзді тауып, оларды түрлендіру. 
Семіз – арық. (С.т-арықтау, К.ш-өте арық, тым арық) 
Жаңа-көне (көнелеу, өте көне, ең көне) 
Қараңғы-жарық (жарықтау, өте жарық, жап-жарық) 
Сұйық-қою (қоюлау, өте қою, қоп-қою) 
Жуас-пысық (пысықтау, өте пысық) 
Үлкен-кіші (кішілеу, кішірек, өте кіші, тым кіші) 

50-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен сын есімдерді теріп жазып, шырай жасаймыз. 
Сұлу, ару, қолаң қара, бұйра, әдемі, көк, қап-қара, әп-әсем. 

«Кім тапқыр?» (халықтық педагогиканы қолдану) 
1.Өзі қысқа, 
Өзі нұсқа, 
Сөз қаймағын есіңде ұста. (мақал) 

2.Бір көзім «кідір-қызыл» дейді, 
Бір көзім «жүгір-жасыл» дейді. 
Бір көзім «абайла»-қызыл дейді. 
«Қарап ал маңайға» дейді. (бағдаршам) 

3. Қорыққанда жел аяқ 
Отырғанда томардай-ақ. (қоян) 

4. Өзі суық, 
Өзі өткір, 
Өзі үскірік (жел) 
Тапсырма. 
Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңдар. 
Көк. Қымбат. Ақ. Ұзын. Ащы. Жуас. 

Білімді бекіту : 
Семантикалық картамен жұмыс. 
Мысалдар Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай 
Әп-әдемі 
Кішілеу 
Бойшаң 
Сұп-сұр 
Қымбатырақ 
Өте арық 
Сарғыш 
Аса маңызды 
Бозаң 
Биіктеу 
Тым көк 
Сарғылт 
Тереңдеу 

Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуі оқу. 
52-жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына 
енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазыңдар. 

Бағалау




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!