СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сенімге ие орталық

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сенімге ие орталық

           Ұстаздар қауымы өмір бойына білім мен тәрбиеге қатты көңіл бөлетін жандар. Олар әрқашанда өз оқушысы үшін неге болса да дайын, тіпті әлемнің қай жеріне жіберсе де әзір тұрады. Өйткені, білім мен ғылым мұғалімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл ой белсенділігін міндет етіп жүктеп отыр. Ал бұл міндет ұстаздың жас кәрісінен де талап етіледі.  

          Бірде іс сапар бабымен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талдысу елді мекеніндегі «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» болып келдім.

          Мұнда  жаны таза, жайдары көңіл, ыстық лебізді ұжым қызмет атқарады. Ол кісілер бәрімізді құшақ жая қарсы алды.  Ақын Тұрмағанбет :

 «Ақыл–тон, алдағанға тозбайтұғын

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын », деп айтқандай, Убайдулла Әбибуллаев басқарып отырған бұл орталықта баланың білім алуына, денсаулығын нығайтуға бар мүмкіндік жасалған. Табиғаты да әсем:  таулы жер, таза ауа, мөлдір бұлақ. 

          Әр жерден келген майталман ұстаздар қай ауданның оқушысы болса да адал да сауатты білім беруге тырысты. Оқушылар әсіресе математика пәні бойынша Пірімбетова Алмагүл Манапқызы (Жаңақорған  ауданы), Қожабаева Клара Бижанқызының (Қармақшы ауданы) еңбектеріне дән риза болып, рахметтерін айтты. Бұл мұғалімдер күні түні бала үшін алтын уақыттарын бөліп, оларды дайындаудан жалыққан емес. Себебі, мұғалім баланың екінші анасы. Бұл орталықта біліммен бірге тәрбие саласы да жүйеге қойылған. Орталық тәлімгері Парменова Айсара Жамшитқызы бұл қызметті оңтайлы атқара біледі. Бала жанын көзінен танитын Айсара апай барша оқушының қуанышы. Әр күнде түрлі шаралар, поэзиялық думанды кештер, балалар шығармашылықтары адам көңілін бір серпілтіп тастайды.

          Алмагүл Манапқызы мен Айсара Жамшитқызы бала кездерінен, студенттік жылдардан бері ұстаздық өмірдің қызығы мен қиындықтарын бірге көріп келеді екен. Туған өлке туралы сөз болғанда, бұл кісілердің өз жеріне, еліне деген ілтипаты мен сүйіспеншіліктері ерекше. Тіпті, орталық басшысы У.Әбибуллаев ағай да  жас жеткіншектерге: «Білімді жастар ғана  ел егемендігін асқақтады. Балаларым, әрқашанда Отанымыздың жарқын болашағы үшін еліміздің нағыз патриоты бола біліңдер»,деп ақылын айтып отырады.

        Осындай шығармашыл, еңбекқор, жанашыр  ағаапаларымыз тұрғанда, әрбір  оқушы ойы озық, сауатты болып қана қоймай, сонымен бірге еліміздің білімді де, патриот азаматы болатынына сенемін.

   Жаналиева Айгүл Несіпбайқызы, орыс тілі пәні мұғалімі

Қармақшы ауданы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» 

Просмотр содержимого документа
«Сенімге ие орталық»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!