СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері" шебер-сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шебер-сыныпқа қатысушылардың білімдері жинақталады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алады.

Просмотр содержимого документа
«"Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері" шебер-сынып»

Тақырып: «Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері»

Шебер- сыныптың мақсаты мен міндеттері: педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдердің қолдануы және тәжірибе алмасу.

· Шебер – сыныпқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету.

· Қатысушылардың кәсіби шеберліктерімен ой бөлісу.

· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру.

Күтілетін нәтижелер: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алады.

Мақсатты аудитория: шебер-сынып қатысушылары.

Шебер-сыныптың жүргізілуі: ұйымдастыру, шаттық шеңбер құру, топқа бөлу, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, топтарға арналған тапсырмалар, кері байланыс, рефлексия жасау.

Әдістер мен тәсілдер: «Есім және қимыл», «Ұшақ», «Миға шабуыл», «Сенім пирамидасы», «Егер ..., онда...», «Компас», «Мейрамханада».

ҚҰРАЛДАР: презентация, постерлер, оқулықтар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, ұшақ ойыншығы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біз сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтынымызға қуаныштымыз.

Ал енді шаттық шеңбер құрып, «Есім және қимыл» жаттығуды өткізейік. (Қатысушылар шеңберде тұрады. Әрқайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады.) Сіздерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңіздер?

Топқа бөлу: Суреттер арқылы топқа бөліну. Қатысушыларға суреттер таратылып (мысалы:бесбармақ, пицца, торт), суреттердің біркелкілігіне қарап 7-8 адамнан бірігіп,топ құрайды.

«Миға шабуыл»:

«Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба?»

...
«Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай?»

...
«Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз?»

...
«Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек?»

...
«Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба?»

...
«Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін не істейміз?»

...

сауалдар төңірегінде ой бөліседі.


  • Құрметті әріптестер! Шебер-сыныптың тақырыбы «Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері». Мақсаты: педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдердің қолдануы және тәжірибе алмасу.

Бүгін біз сіздермен өз тәжірибемізде сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерінің қолданылуымен бөліскіміз келеді және шебер-сынып сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.(таныстыру)


1 баяндамашы. «Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері». Мақсаты: мұғалімдерді сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануға ынталандыру.

Міндеттер: 1) білім беру процесіне оқытудың белсенді әдістерін тиімді енгізуге жәрдемдесу, 2) оқытудың белсенді әдістерін пайдалануда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқу материалын меңгеру процесінде оқушыларды белсенді ойлауға және жаттығуға ынталандыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқудың оң мотивациясын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқу процесіне белсенді қатыстырады, оқушылардың жеке және тұлғалық мүмкіндіктерін ашады, стандартты емес ойлауды дамытады, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады,тағы да басқа мүмкіндіктер береді.

 Сабақтың әр кезеңінде тапсырмаларын тиімді шешу үшін белсенді әдістерді қолданған жөн. Әдістердің көпшілігі әмбебап болып табылады және оларды тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, басқа да оқу пәндеріндегі сабақтарда да қолдануға болады. Оқытудың белсенді әдістері сабақтың барлық кезеңдерінде қолданылады. (Сыныпты ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қою, жаңа тақырыпты түсіндіру, оқығанын бекіту, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, сабақты қорытындылау, рефлексия). Бұл әдістердің әрқайсысы сабақтың белгілі бір кезеңінің нақты тапсырмаларын тиімді шешуге мүмкіндік береді.
     1 . «Сабақтың ұйымдастыру кезеңі». Сабақ басталмастан бұрын оқушыларда позитивті атмосфера қалыптастырып алған дұрыс (сабақтың басы, танысу).Сабақтың басынан бастап жағымды эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыру маңызды, оған келесі белсенді әдістерді өткіземін: «Амандасу», «Достым қалайсың?», «Жақсы тілектер эстафетасы». Мақсаты: сыныптастармен сәлемдесу, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау.


 2. «Қызығушылықты ояту» кезеңі (сабақ тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін хабарлау)

Сабақ тақырыбына сәтті және ыңғайлы енудің бірнеше әдістері бар. Олардың барлығы логикалық және кеңістіктік ойлауды, аналитикалық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді және эмоционалдық саланы дамытуға қызмет етеді. Осы кезеңде «Иллюстрация», «Қолшатыр», «Ассоциация», «Мозаика», «Пазл» әдістерді қолданамын.

«Иллюстрация» әдісі. Мақсаты: жаңа материалды түсіну, оқушылардың зейінін жандандыру. Белгілі бір тақырып бойынша алдын-ала суреттер, немесе презентация, бейнефильмдер жүктеледі. Мысалы бейнефильмді көрген соң, ықтимал жауаптарын талқылағаннан кейін білім алушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды.

«Қолшатыр» әдісі. Мақсаты: Қолшатырдағы тамшыларда жазылған әріптерді, сөздерді, суреттерді оқушы айтып, өз болжамдарын айтады.

«Ассоциация» әдісі бейнелі ойлауды, есте сақтауды дамытады. Бірінші оқушы кез келген ілулі тұрған суретті алады да, осы сөзбен байланысты қандай ойлар келетінін айтады. Әр оқушының өз ойын жылдам қарқынмен айтуға мүмкіндігі болады.

«Мозаика», «Пазл» әдісі. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушылар мозаиканы, пазлды жинуы тиіс немесе суретті жинап, оны сөйлетеді, өз болжамдарын жеткізеді.


 3. «Жаңа тақырыпты меңгеру» кезеңі

Ақпаратты алу және игеру әртүрлі жолдармен мүмкін. Біздің міндетіміз-белгілі бір білім беру емес, білім алушылар өздерінің мазмұнына жеке мағыналарын енгізу арқылы қолданатын іс-әрекет тәсілдерін үйрету. Сабақтың осы кезеңінде білім алушылар өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен қойылған сұрақтарға жауап іздейді, тапсырмаларды орындайды, қорытынды жасайды. Ол үшін жаңа материалды үйрену кезінде сабақтарда келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын.

«Ақыл-ой карталары-Интеллект-карты», «Ақпарат карталары-Инфокарты» деген тәсілдерді, жұмыс парақтарды қолданамын.

4. «Сергіту сәті» кезеңі

Сабақта релаксацияның қалпына келтіретін күші туралы ұмытпау керек. Кейде бірнеше минут жатттығу жасауға, көңілді және белсенді демалуға, энергияны қалпына келтіруге жеткілікті. Релаксация түрлері: әртүрлі қозғалыстар, ойындар, ән айту, би билеу болуы мүмкін.


5. «Тақырыпты бекіту, қорытындылау» кезеңі

«Артығын алып таста», «Ұшақ», «Сенімділік пирамидасы», «Егер ..., онда ...», «Компас» әдістері, LearningApps, WordWall  электронды платформаларда жасалған тапсырмалар, «Мультиурок» сайтында құрастырылған тест тапсырмаларын қолданамын.


6. «Рефлексия»

«Аралда», «Фиксики», «Көңіл-күй құмырасы», «Тик-ток», «Компьютер» әдісі. Мақсаты: сабақты қорытындылау. Бұл әдіске әрбір қатысушыға түрлі түсті төрт стикер беріледі. Оқушылар көргендерін, білгендерін, түсінгендерін, қандай сезімде болғандарын жазады. Содан кейін бұл мәлімдемелердің барлығы тақтадағы символдық компьютерге жабыстырылады. Мониторда – көргенім, пернетақтада – үйренгенім, жүйелік блокта – түсінгенім, тышқанда – сезгенім.


2 баянадамашы. Әдіс – қойылған мақсатқа жетудің жоспары. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Тәсіл әдістің көмекші құралы қызметін атқарады.

1 Ұйымдастыру кезеңі:

«Досыңа тілек» әдісін Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Досыңа тілек» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«Есімдер аллитерациясы» әдісі

Оқушы өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айтады. Мысалы: Сәуле сүйкімді; Қайрат қажырлы; Бақыт – байыпты; Серік - сергек. Ұлжан – ұқыпты.

2 ОЙ ҚОЗҒАУ ӘДІСІ:

Қайсысы пайдалы?
Суретте берілген тағамдардың пайдасы мен зияны туралы диалог құрайды.
Суретте берілген тағамдардың атауларын атайды.

«Миға шабуыл» әдісі

«Қара жәшік» дайындалады.Қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады

Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілері біртіндеп оқылады. Тақырып анықталады.


3 МӘТІНМЕН ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛ- «ИНСЁРТ»

Инсёрт – сын тұрғысынан ойлау технологиясы тәсілдерінің бірі.

Оқылым кезінде мәтінді белгі қойып оқу. Жаңа білімді меңгеру барысында тақырыпты өз беттерінше оқып үйрену үшін қолданылады. Оқушы берілген мәтінді мұқият оқи отырып, әр абзац тұсына белгі қойып отырады. «Инсерт» әдісін қолданып оқу өте тиімді. Осындай белгілер қойылғанан кейін талқылау жұмыстарын жүргізуге болады.

4 ЖАЗЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛ – «Синквейн»

Синквейн – білімнің, ассоциацияның, сезімнің шоғырлануы; құбылысқа, оқиғаға, затқа жеке көзқарасын, пікірін білдіру. Онда еркін ойға ерік берілгенімен, белгілі ережеге бағынады. Синквейн жаза отырып оқушы оқу материалын қандай деңгейде меңгергендігін көрсете алады. Оның алгоритмі:

5 жол өлең

1 жол- зат есім (кім? не?)

2 жол-2 сын есім (қандай ?)

3 жол-3 етістік (не істейді?)

4 жол-4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек)

5 жол-5 алғашқы сөздің синонимі


5 жол өлең құрастыру

1жол.зат есім - жігіт

2 жол. сын есім-ержүрек, намысшыл.

3 жол. етістік-қорғайды,көмектеседі,сыйлайды.

4 жол. 4 сөзден құралған сөйлем - Отан үшін отқа түседі.

5 жол. синонимі- азамат


5 ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛ – «Кластер»

6 Рефлексия. Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасайды

«Смс» әдісі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Смс» әдісі арқылы жеткізеді


Сергіту сәті: Сергіту сәтінің мақсаты - психикалық шиеленісті жеңілдету, аздап демалу, жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй тудыру. Біз сіздерге демалуды ұсынамыз. Ән айтып, би билеп, бойымызды сергітейік. (Қатысушылар бірге хормен караоке айтады, би билейді.)


Топтық жұмыс: Белсенді әдіс – тәсілдерді сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсынамыз.

1 топ. Сабақтың басында үй жұмысын тексеру кезеңінде қолданатын әдіс-тәсілді көрсетеді.

2 топ. Сабақтың ортасында жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде оқылым дағдысына арналған әдіс-тәсілді ұсынады.

3 топ. Сабақтың соңында жазылым дағдысына арналған әдіс-тәсілді түсіндіреді. Бірінші топ «Сенім пирамидасы» , екінші топ «Егер ..., онда ...», үшінші топ «Компас» әдістері арқылы өз постерлерді қорғайды. (Мұғалімдер қызығушылықпен тапсырманы орындайды, жұмысын қорғайды, кері байланыс алады, рефлексия жүреді.) Топтарға бір-бірін «Сэндвич» бойынша бағалауды ұсынамыз.


Кері байланыс:

Қатысушылармен «Мен жақсы мұғаліммін!» психологиялық тренинг өткізіледі. «Бесбармақ» суретін таңдап алған мұғалімдер төзімді, шыдамды. Мақсатқа біртіндеп жетеді, жеткенше тоқтамайды.  «Пицца» суретін таңдап алған мұғалімдер өте күшті тұлғалар, қауіпті басекелестер. Олар сапалы білім берушілер. «Торт» суретін таңдап алған мұғалімдер өте мейірімді. Олар ешкіммен сөз таластырмайды, барлық мәселелерді келісіммен шешуге тырысады.


Рефлексия: «Мейрамханада» әдісі. Қатысушыларға бүгінгі күнді мейрамханада өткізгендерін елестетуді ұсынады, ал қазір мейрамхана директоры олардан бірнеше сұрақтарға жауап беруін сұрайды:

«Маған бәрінен ... ұнады.»

«Өтінемін, ... қосыңызшы.»

«Ұсынылған ... болды.»


Қорытынды ой:

Оқытудың белсенді әдістерін қолданатын сабақтар тек оқушылар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де қызықты. Бірақ оларды жүйесіз, ойланбастан қолдану жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан өз сыныбының жеке ерекшеліктеріне сәйкес авторлық белсенді әдістерді белсенді түрде дамыту және сабаққа енгізу өте маңызды.

Оқытудың белсенді әдістерінің әлемі жарқын, таңғажайып, көп қырлы. Оның құпиялары мен мүмкіндіктерін ашуға, жұмысыңызды әлдеқайда қызықты және тиімді өткізуге, білім алушыларды табысты және бақытты етуге барлығы сіздердің қолдарыңызда.

Бүгінгі шебер-сыныпқа уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін сіздерге көп рақмет айтамыз. Сау болыңыздар!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!