СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары. 7 - сынып

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзін - өзі тану" пәнінен сабақ жоспары. Құдіретті жер - ана.

Просмотр содержимого документа
«сабақ жоспары. 7 - сынып»

Мектебі:

Күні:

: 21

Мұғалім:

Сыныбы: 7

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Құдіретті жер – Ана. 

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), татулық

Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық таныту туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды қоршаған ортасын қорғауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың толеранттылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Плакат, фломастер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

5. Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Туған ел, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, С.Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Әжесі немересін атамекенге неліктен алып барғысы келді?

  2. Атамекеннің қасиетін әжесі қалай түсінеді?

  3. Қандай адам атамекенін шексіз сүйе алады деп ойлайсыңдар?

  4. Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойласыңдар?

  5. Туған жеріңде туып – өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?

  6. Сен атамекеніңді көркейту үшін не істер алар едің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратыңа міндағы, өрге бас».

М. Әуезов.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Сұрақтар:

    1. Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

    2. Адамға өз атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер керек?

    3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Қорытынды: Жер – біздің асыраушымыз. Біздің тамағымыз да, киетін киіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы Жер – ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан-жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар балалар. Олай болса, Жер – анамызды күтіп, баптай білейік.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Қандай дам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су – бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ. Бұл – табиғат гормониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол – махаббат гормониясы. Кісі бірін – бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңиді. Бұл – адамзаттың бақытының негізі.

І. Еснберлин.

Ыбырай Алтинсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.

Сұрақтар:

1. Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды?

2. Олар нені көрді?

3. Үш жолаушы бұлақ басындағы тастан қандай жазуды оқыды?

4. Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай? 

5. Әңгімеде қай құндылық туралы айтылып тұр?

6. Табиғатты, Жер – Ананы аялауға қандай үлес қосып жатырсыз?


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді:

1 – топ: «Жер»

2 – топ: «Ауа»

3 – топ: «Су»

4 – топ: «Топырақ»

Тапсырма: «Табиғат – Ананы қорғау» тақырыбында сурет салу


  1. Топпен ән айту.

Табиғатым – махаббатым

Ұлықпан Жолдасов

Бұлбұлдар сайраса есіңе ал 
Өмірдің сырласу кеші бар 
Сүюді білмейтін адамдар 
Осынау өмірде несі бар

Табиғатым 
Махаббатым 
Табиғатым 
Махаббатым

Мен сені сағынам көктемде 
Аққу қаз төбемнен өткенде 
Шерлі бір домбыра дірілден 
Әсем бір ән-күйлер төккенде

Табиғатым 
Махаббатым 
Табиғатым 
Махаббатым

Мен сені сағындым асылым 
Сен жаққа қараймын жасырын 
Толқиды кеудемде жас жүрек 
Айта алмай ешкімге жан сырын

Табиғатым 
Махаббатым 
Табиғатым 
Махаббатым


  1. Үй тапсырмасы.

    1. №21 – сабақ. «Жер – ана» туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

    2. Келесі сабақ. №22, Ш. Айтматовтың «Ана – жер –Ана» мәтінін оқып келу. 104 – бет.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 7 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 7 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. Самопознание.kz №6(66) Маусым 2015

  6. https://wikisource.org/wiki/




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!