СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары. 7 - сынып

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аялай біл, сен деп соққан жүректі" тақырыбында сабақ жоспары. 7 сынып.

Просмотр содержимого документа
«сабақ жоспары. 7 - сынып»

Мектебі:

Күні:

№ 14

Мұғаілім:

Сыныбы: 7

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық


Мақсаты: Оқушыларды өз жүректерін аялауды түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету

2. Дамытушылық Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. № 13 – сабақ. Ата – ана туралы мақал – мәтелдер жазып келу

    1. № 14 – сабақ. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу. 72 – бет.

Сұрақтар:

      1. Жүрегіміздегі жақсылықты сезбеудің себебі неде деп ойлайсыз?

      2. Өзіңізге жақын адамдарды қандай бағалайсыз?

      3. Қасыңыздағыларды құрметтеп, түсіністікпен қарап жүрсіздер ме?

      4. Біреуге жақсылық жасаған кезде қандай көңіл-күйде боласың?


5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

    1. Талап.

    2. Тыныштық.

    3. Тазалық.

    4. Татулық.

  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»

Абай Құнанбаев

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.


Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Сұрақтар:

  1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?

  2. Айналаңыздағы адамдарға сүйіспеншілігіңізді қалай білдіресіз?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
- Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
- Мынау - шырақ, ол - мен!
Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
- Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
- Жоқ!
- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
Сұрақтар:
1. Балалар не себепті келісімге келе алмады?
2. Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?
3. Жақсы ой, сөз, іс - әрекеті үйлескен адам қандай адам?

  1. Риясыз сүйіспеншілік дегенде не түсінесіз?

  2. Ата – анаңызға риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіресіз?

  3. Бұл әңгімеде қай құндылық байқалып тұр? 


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

Тапсырма: Мақалдарды толықтырып жазу.

1 – топ «Жақсылық»

  1. Біреу, біреуге ....

(Біреу, біреуге сүйеу)
2. Мейірімділік — жүректен.

(Мейірімділік — жүректен)

3. Жақсы ниет - ... ....

(Жақсы ниет - жарым ырыс)

  1. ... болмай, 
    Әділдік болмас.

(Адамгершілік болмай, 
Әділдік болмас)

2 – топ «Ізгілік»

  1. Кең болсаң, ... болмайсың.

(Кең болсаң, кем болмайсың) 
2. Қолы ашықтың, ... ашық. 
(Қолы ашықтың, жолы ашық) 
3. Игіліктің ..., ... жоқ. 

(Игіліктің ерте, кеші жоқ) 
4. Жүзігің алтын болғанша, 
Жүзің ... болсын. 

(Жүзігің алтын болғанша, 
Жүзің жарқын болсын) 

3 – топ «Сүйіспеншілік»

  1. Өзіңді өзің сыйламасаң, 
    Өзгеден ... күтпе. 

(Өзіңді өзің сыйламасаң, 
Өзгеден сый күтпе)

  1. Өз қадірің - өз ....

(Өз қадірің - өз байлығың) 

  1. Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең, 
    Сүрінгенді ... қой. 

(Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең, 
Сүрінгенді сүйеп қой)

  1. Жақсылық еткен, ... алады. 

(Жақсылық еткен, алғыс алады) 

4 – топ «Мейірімділік»

  1. Жасы кішінің, ақылы асса, ... тұт. 

(Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт) 
2. Сыйласаң, ... боласың.

(Сыйласаң, сыйлы боласың)
3. Көпті сыйлағаның, ... сыйлағаның. 

(Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның) 
4. Ары таза, ... жүгін көтереді.

(Ары таза, нар жүгін көтереді)

 


  1. Топпен ән айту.

 Ана туралы жыр .          

Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай — күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал


  1. Үй тапсырмасы.

    1. №14 сабақ. «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбында эссе жазу.

    2. №15 сабақ. Б. Момышұлы шығармасын оқып келу. 78 бет


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады.

Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!








Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 7 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 7 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. http://tarbie.org/








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!