Пән аты : Информатика | Сабақ № 28 | Сынып : 5 Мерзімі: |
Сабақтың тақырыбы | §28 Калькулятордың жады |
Сабақтың мақсаты | 1.Калькулятор бағдарламасы туралы ақпарат беру 2.Калькулятордың ерекшеліктерін, қызметін түсіндіру 3.Калькулятор жадымен жұмыс істеуді үйрету |
Оқу нәтижелері | 1. .Калькулятор бағдарламасы туралы ақпарат алады. 2. Калькулятордың ерекшеліктерін, қызметін түсінеді 3. Калькулятор жадымен жұмыс жасай алады |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | 1.Кездесу 2.Топтық жұмыс 3.Жұптық жұмыс 4. Кім жылдам? 5.Сәйкестендіру 5.Ақпараттық диктант |
Көрнекілігі | ДК, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырма, стикер, түрлі-түсті қалам, бағалау парағы, ребус |
Дерек көздер: | Иформатика 5 сынып Вьюшкова, Параскун, Әбенов Арман ПВ-2013жыл 191-199 бет |
Түйінді идеялар | Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Топтасу Уақыты 2 мин | Оқушыларды үш топқа «Түстер» әдісі арқылы бөлу «Жасыл», «Қызыл», «Сары» | Оқушылар таңдаған түстері арқылы топтасады. І топ «Жасыл» ІІ топ «Қызыл» ІІІ топ «Сары» |
Кездесу Уақыты 3 мин | «Мен сені көргеніме қуаныштымын ...» жақсы тілекпен сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнату | «Мен сені көргеніме қуаныштымын ...» оқушылар бір-біріне жақсы жақтарын аша түседі. «Жақсы тілек жарым ырыс» екенін түсінеді. |
Білу Уақыты 3 мин Жұптық жұмыс Уақыты 8 мин | Үй тапсырмасын тексеру «Тест» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру «Менің қиялымдағы калькулятор» тақырыбында постер жасау | Оқушылар тест парақшасын белгілеп, сағат тілі бойынша бір бірін тексереді. Алынған ұпайды бағалау парағына түсіріп отырады «Менің қиялымдағы калькулятор» тақырыбында постер жасап, топтан бір, екі оқушы шығып қорғайды |
Көпір Уақыты 2 мин | Тақырыпты ашу Ребус-ты шеше отырып, бүгінгі өтетін тақырыпты ашады. «Каькулятор жады» | Ребусты топтаса отырып шешеді. Шешілген сөз жаңа тақырыпты дәптерге жазады. |
Түсіну Уақыты 5 мин | Жаңа сабақ Қарапайым Инженерлік - жадты тазартады - жадтағы санды индикаторға шығарады - санды индикаторға жазады | Оқушылар батырмаларды дәптерге түсіріп отырады |
Қолдану Уақыты 3 мин Жұптық жұмыс | «37» санының қызықты қасиеті. Тақтада берілген есептерді компьютерде орындап, шығарады. Біткеннен кейін оқушылар тақтада орындайды | Оқушылар калькуляторда орындап, тақтаға жазады. Интерактивті тақтадағы жауаппен тексереді. |
Сергіту сәті Уақыты 3 мин | «Мен қазақпын» биін тақтада көрсету | Оқушылар музыкамен бірге билейді |
Талдау Уақыты 4 мин Кім жылдам? Уақыты 5 мин | Сәйкестендіру Тақтада ілінген калькуляторды, батырмалармен сәйкестендіру 5-2:2= 12+3:2= 15-(2+5)= 6*7*(5-2)= тапсырманы калькулятормен шешу | Оқушылар ретімен шығып сәйкестендіреді. Қателерін тексереді Есепті шешіп дәптерге орындайды: 5-2:2= 4 12+3:2= 13,5 15-(2+5)= 8 6*7:(5-2)= 14 |
Жинақтау Уақыты 3 мин | «Ақпараттық диктант» Бос орынға керекті сөздерді қою керек. Калькулятор Стандартты программасы - ____________ ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: _________ және ___________. Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз: _____________ - Все программы - Стандартные ____________ . Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда ______________ калькулятор шығады. | Параққа орындайды Калькулятор Стандартты программасы – сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік. Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз: Пуск - Все программы - Стандартные - Калькулятор. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады. |
Рефлексия Уақыты 1 мин | «Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау Бармақ жоғары қараса – ұнады Бармақ жанға қараса – онша ұнамады Бармақ төмен қараса – мүлдем ұнамады | Оқушылар «Басбармақ» әдісі арқылы өтілген сабаққа баға береді. |
Бағалау Уақыты 2 мин | Алынға ұпайлар бойынша оқушыларды бағалау | Оқушылар жинаған ұпайларын есептеп, өздерін бағалайды |
Үйге тапсырма: Уақыты 1 мин | 1. §28 - бет 2. Блокнот, калькулятор бағдарламасына сөзжұмбақ, ребус құрастырып келу 3. Калькулятордың пайдасы мен зияны | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады |