СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

: S-элементтерге жалпы сипаттама,Сілтілік металдар. Олардың табиғаттағы қосылыстары Общие характеристики s-элементов. Их природные соединения. General characteristics of s-elements. Alkali metals. Their natural compounds.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік:Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу  тарихы, табиғатта кездесуі мен физикалық және химиялық  қасиеттерін түсіндіру; Дамытушылық:Сілтілік металдардың қасиеттерін реакция теңдеулерімен  жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық  белсенділігін арттыру;

Тәрбиелілік: Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін  жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын   ояту,еңбекті бағалай білуге,сүйіспеншілікке,оқушының шығармашылық,ойлау қабілетін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ   Сабақтың әдісі:Іздендіру,түсіндіру,сұрақ -жауап,ой-қозғау,топтастыру,шығармашылық,көрнекілік. Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар.

Пәнаралық байланыс:     Тарих, биология, қазақ тілі, география,биология,физика.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта

Просмотр содержимого документа
«: S-элементтерге жалпы сипаттама,Сілтілік металдар. Олардың табиғаттағы қосылыстары Общие характеристики s-элементов. Их природные соединения. General characteristics of s-elements. Alkali metals. Their natural compounds.»

Тақырыбы: S-элементтерге жалпы сипаттама,Сілтілік металдар. Олардың табиғаттағы қосылыстары


Общие характеристики s-элементов. Их природные соединения.

General characteristics of s-elements. Alkali metals. Their natural compounds.


Білімділік:Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу  тарихы, табиғатта кездесуі мен физикалық және химиялық  қасиеттерін түсіндіру;
Дамытушылық:Сілтілік металдардың қасиеттерін реакция теңдеулерімен  жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық  белсенділігін арттыру;

Тәрбиелілік: Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін  жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын   ояту,еңбекті бағалай білуге,сүйіспеншілікке,оқушының шығармашылық,ойлау қабілетін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ  
Сабақтың әдісі:Іздендіру,түсіндіру,сұрақ -жауап,ой-қозғау,топтастыру,шығармашылық,көрнекілік. Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар.

Пәнаралық байланыс:     Тарих, биология, қазақ тілі, география,биология,физика.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта


Сілтілік металдар - щелочные металлы-alkaline metals

І топшада орналасқан: литий Liнатрий Naкалий Крубидий Rbцезий Csфранций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған .

Сілтілік металдардың кейбір қасиеттері

Атомдық
номері

Атауы,
таңбасы

Атом
радиусы,
нм

Иондық
радиусы,
нм

Иондалу
Потенциалы,
эВ

Электртерістіліктері

p,
г/см³

tбулану,
°C

tқайнау,
°C

3

Литий Li

0,152

0,078

5,32

0,98

0,53

181

1347

11

Натрий Na

0,190

0,098

5,14

0,93

0,97

98

883

19

Калий K

0,227

0,133

4,34

0,82

0,86

64

774

37

Рубидий Rb

0,248

0,149

4,18

0,82

1,53

39

688

55

Цезий Cs

0,265

0,165

3,89

0,79

1,87

28

678

Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен (27-кесте). Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий — кармин қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.

Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында тек бір ғана электрондары бар, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардың аяқталған электрондық құрылысын қабылдайды. Қосылыстарында үнемі бір валентті, тотығу дәрежелері -0, + 1, күшті тотықсыздандырғыштар. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады, себебі атом радиустары осы бағытта өседі. Литий сумен енжарлау, ал натрий белсендірек, калий шабытты әрекеттессе, рубидий қопарылыс бере реакцияласады. Бұл элементтердің оксидтері – негіздік оксидтер, ал гидроксидтері суда жақсы еритін сілтілер, олардың қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады.

Литийді 1817 жылы А. Арфведсон,

рубидий мен цезийді 1861 жылы Р. Бунзен,

натрий мен калийді 1807 жылы Г. Дэви ашқан.

Литий-литий-lithium ұшақ құрылысында қолданылатын қорғасынды, алюминийлі құймалар алу үшін пайдаланылады, құймаларға қаттылық қасиет береді.

Рубидий-рубидий- rubidium мен цезий-cesium фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық әсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.

Натрий-натрий- sodium

Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.

Табиғатта таралуы

Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na23 • 10Н2О - сода; Na24 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).

Атом құрылысы

Na - үшінші периодта, бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан. 2311Na ядросында 11 протон бар, яғни ядро заряды +11, электрондарының жалпы саны да 11, нейтрондарының саны 12-ге тең. Натрий атомының электрондық формуласы; ls22s22p63s1, валенттілік электроны - 3s1. Натрий үнемі I валентті, тотығу дәрежесі 0, +1.

Физикалық қасиеттері

Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.

Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.

Химиялың қасиеттері

Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:

Na0 - е — Na+

Натрийдің қосылыстары - соединения натрия- sodium compounds

Натрий гидроксидінің алынуы

Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:

2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2

Na2O Н2O = 2NaOH

Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.

Физикалық қасиеттері

NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.

Химиялық қасиеттері

Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.

Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.

Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;

Тұздармен реакцияласуы:

    • a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3У

    • ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20

    • в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 У+ 2NaCl

Натрийдің қосылыстарының қолданылуы - использование соединений натрия- the use of sodium compounds

Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.

Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!