СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поэзия патшалығына саяхат

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Позия патшалығына саяхат" поэзия кеші

Просмотр содержимого документа
«Поэзия патшалығына саяхат»

Тақырыбы: «Поэзия патшалығы саяхат» поэзия кеші.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі үздік туынды Жұбан Молдағалиев шығармаларын насихаттау, оқырмандарды поэзия оқуға бейімдеу, рухани мұрамызды сақтау, оқу ісін ілгерілету, жас ұрпақты отансүйгіштікке,кітап оқуға баулу.

Көрнекілігі: Жұбан Молдағаливке арналған папка, кітап көрмесі, дәйексөздер.

Кіріспе: Жаңарған ел, жаңа ұрпақ, жастық, махаббат, достық, қазыналы Қазақстан туралы өнімді жырлаған, ақтық демі біткенше өз халқына адал, азаматтық антынан айнымаған ақын Жұбан Молдағалиевтей болар десек, қателеспейміз. Парасатты поэзиясымен халық арасында қашанда қалаулы болған Жұбан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қандықол Колбинге қарсы әйгілі сөзімен-нағыз қайраткерлік, азаматтық ұстанымымен ұлттық тұлғаға айналды. Жұбан Молдағалиев ақынымыздың өмірімен, өнерімен танысу үшін «Поэзия патшалығына саяхат»атты поэзия сағатына қош келдіңіздер! Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде дүниеге келген. Мектептен кейін Орал ауылшарушылық техникумында оқыған.1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден кейін шығармашылықпен айналысып, 1949 жылы тұңғыш «Жеңіс жырлары» жинағы шыққан. Жұбан әлі 29-да ғана еді. Сөйтсе де оның алғашқы өлеңінің ауқымынан алыстап, өскені көрінеді. Айналасы он-ақ жылдық тәжірибе оны ақын қатарына қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. Өлең жазу емес, окоп қазу күндерін өтті. Дегенмен, сол оқ пен от арасында өлең де жазылды - бірақ бұл соғыс шежіресі, соның күнделігі сияқты еді.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен — қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

86-ның ызғарлы желтоқсанындағы дүрбелең халық көкейінде әлі жаңғырып тұр. Сол оқиғада жаны ауырып, жастарға араша түскен азаматтардың бірі Жұбан Молдағалиев болатын. Желтоқсанның көргенше он алтысын, Бір күн батсамшы батар күнмен, -деген жүрекжарды шындығы бүгінгі күннің аңызына айналды.Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Ал, енді өздерің дайындап келген ақынның өлең шумақтарынан, поэмасынан үзінділерін мәнері мен мәтебіне келтіріп орындап, поэзияға саяхат шегейік. (оқушылар кезекпен кезек ортаға шығып өлеңдерді мәнерлеп оқиды.)

Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды.Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Оны қимас адамы — анаға балайды: ...Мен үшін қазақ жерінің Жаманы мен жаты жоқ. Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ. Ақын табиғатты қорғау, сақтай білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен: ...Табиғат — аңға да ана, маған да ана, Қорғаныш бола білсе — далам дана, — деп, табиғатты анаға теңеуінде үлкен ой жатқанын көреміз. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтың 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды.

Қазіргі қазақ әдебиетінде Жұбан Молдағалиев тұғыры биік ұлы тұлға, келешек ұрпаққа өшпес үлгі болып қала бермек, ол әрқашан өзі жырлаған халқының жадында. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын «Жұбан оқулары» өтеді. Орал қаласында ақын құрметіне ескерткіш орнатылған, сондай-ақ оның есімімен аталатын № 2-ші мектебі бар. Жұбан Молдағалиевтің туған жерінде ақынның құрметіне орай ескерткіш орнатылды, ал облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы оның есімімен аталды.Қазақ халқы өзінің төл әдебиетінде осындай ұлы ақынның болғанын әр уақытта мақтан етеді.

Қорытынды: «Жұбан ақын жырлары біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанымен ерекшеленеді, оның жырларында Отанға деген Сүйіспеншілік, туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!