СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өз жұлдызыңды тап

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өз жұлдызыңды тапӨз жұлдызыңды тапӨз жұлдызыңды тап

Просмотр содержимого документа
«Өз жұлдызыңды тап»

Тренинг

Тренинг тақырыбы: «Өз жұлдызыңды тап!»

Мақсаты: Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күнделікті жұмыстан шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл-күйлерін көтеру.


Тренингтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу «Жұлдыз»

Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

Нұсқау:тренингке қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар кезекпен шеңбердің ортасына шығып, амандасып,жұлдыз сөзін қоса отырып, өздеріне теңеу айту. (Мысалы: Біз осы ұжымның жарық жұлдызымыз)

ІІ. Негізгі бөлім

«Колидаскоп» ойыны

Тапсырмалар:

  1. «Ортақ қасиет»;

  2. «Өмір дөңгелегі»;

  3. «Жасырын хат, ойлан тап!»;

  4. «Өміршеңдік ережесі;

  5. «Сыйлық» жаттығуы;

Кері байланыс « Жұлдызды аспан»

Қорытынды


Барысы

  1. «Ортақ қасиет».

Мақсаты: Тренингке қатысушыларбір-бірін тереңірек тани білуге, ауызбіршілікте болуға бағыттау.

Нұсқау: Қатысушылар ұсынылған қыйындыларды таңдап алып, екі бірдей түс таңдаған қатысушы бірге отырып, екеуіне ортақ қасиеттерін тауып ортаға шығып айтады (мысалы: туған күндері, отбасы, жеке бас қасиеттері).

Уақыты: 10 минут.


2. «Өмір дөңгелегі».

Денсаулық

Демалыс

Жеке өмір



Отбасы қарым-қатынасы


Өзіңдік даму


Рухани өсу

Жұмыс

Ақша




Мақсаты:.

Қажетті құралдар:қағаз, қаламсап.

Нұсқау: қатысушылар өздеріне берілген қағаздарға өмір дөңгедегін сыза отырып, бағалайды .

Уақыты: 15 минут.

Сергіту сәті «Фокус».

Нұсқау: Қатысушылар қолдарын алдыға қарай созып, мұқият қолына қарайды да, келесі кезекте жүргізуші нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындайды.

Уақыты:5 минут.

3.«Жасырын хат, ойлан тап!»

Мақсаты:Бірлесіп жұмыс жасауға, логикалық ойлауға, түсіністікке бағыттайды.

Қажетті құралдар:ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.

Барысы: Қатысушылар қыйындылар арқылы 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші:Ерте-ерте-ертеде … әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

1-ші топ арналған хат: «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы.

2-ші топ арналған хат: «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық

3-топ арналған хат: «Жексенбі күні сағат 1500-де менің туған күніме кел».

Ұстаздар өздеріне берілгени тапсырманы ватманға сурет арқылы салып өзара алмасады.

Уақыт: 15 минут.

4.«Өміршеңдік ережесі».

Мақсаты: Өзіндік Менін тереңірек түсіну, өзіне деген сенімділігін арттыру.

Нұсқау:Қатысушылардың әр қайсысы берілген қыйындыларды алып, бір-бірден ортаға шығып, өміршеңдік ережелерін айтады.

Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен:Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

Уақыты:10 минут.

5.«Сыйлық» жаттығуы

Мақсаты:ұжым арасында жақсы қарым-қатынас орнату, бір-бірлерін сыйлауға, құрметтеуге бағыттау.

Нұсқау:Әрбір қатысушы бір-бірден тұрып, өзі қалаған қатысушыға барып, бойындағы жақсы бір қасиетін сыйлық ретінде сұрайды. Ойын қатысушылар түгел сыйлықтарын алғанда аяқталады.

Кері байланыс: «Жұлдызды аспан»


Қорытынды: «Жақсы адамдар» ән орындау



































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!