СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый образовательный урок по теме: «Самая сложная профессия - остаться человеком

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Открытый образовательный урок по теме: «Самая сложная профессия - остаться человеком»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы Шардара қаласы

А. Иманов атындағы жалпы орта мектебі











Ашық тәрбие сабақ

Тақырыбы:

«Ең қиын мамандық- адам болып қалу»











10 «Б» сынып жетекшісі: Игамбердиева Л.О













2020 ж

Пікірсайыс жоспары

Күні: 11.02.2020 ж

Тақырыбы:

«Ең қиын мамандық- адам болып қалу»

Мақсаты:

Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;

Күтілетін нәтиже:

Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Әлеуметтік  жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін  сыйлап,  төзімділікпен  тыңдай білетін  саналы  азамат болып қалыптасуға дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

Пікірсайыс барысы:


Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі



Кіріспе сөз: Өмірімізде қанша жамандық, қанша жақсылық болса, оның барлығы адамның ықпалымен болады. Еш нәрсе ешқашан өздігінен болмайды, бәрі-бәрі адамның қолында. Жанымыз бен жүрегімізді жылататын, күлдіретін – адамның өзі, сөзі, көзі. Өмір сүріп жатқан ортамызға жағымды және жағымсыз өзгеріс енгізетін – адамның іс-әрекеті. Тәртіпті орта қалыптастырып, ақыл-парасат күшін арттыру - адамның санасы, жұдырықтай жүрегі.

Ой қозғау: Мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық түрлері бар. Соның ішінде өзіне сай мамандықты таңдау және оның шыңына жету оңайға соқпайды.

Дәл қазіргі кезең еліміздегі мыңдаған жасөспірімнің алаң көңіл күйде жүретін шағы. Себебі, оқу жылы аяқталуға таяу. Орта мектептің тоғызыншы, оныншы және онбірінші сыныбының түлектерін «Қандай мамандықты таңдасам екен?» сауал үнемі мазалайды. Бәрі де қай мамандықты таңдайтынын және оны таңдаған кезде қателеспеу керектігін ойлайды.

Философтар «Ең қиын мамандық — адам болып қалу» деп тегін айтпаған. Қай заманда болмасын адами қасиетпен пен ізгі ниет бізді, яғни мені, сені даралайтын ең үлкен құрал.

Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы: – «Ең қиын мамандық- адам болып қалу»

ІІ. Негізгі кезең

Пікірсайыс барысы:

Жақтаушы жақ «Өмірде адамгершілік мамандықтан да маңыздырақ»

Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адамгершілік маңызды емес» деген ұстанымдар анықталды


Уақыт төрешісі: Бейсенбаева Элмира


2. Келесі кезекте бүгінгі өткелі тұрған пікірсайыстың басты ережелерімен қысқаша таңыстырып өтемін. Пікір сайыс Карл Поппер дебат форматы бойынша өтіледі Яғни,

Сөйлеуші

Уақыты

Ж1

4 минут

Д1—Ж1

3 минут

Д1

4 минут

Ж2—Д2

4 минут

Ж2

3 минут

Д3

3 минут

Ж3

4 минут

Сараптама бөлімі

Д1

3 минут

Ж1

3 минут




Көрермендердің, оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.

  • Уақыт төрешісінің сөзі:

Сараптама бөлімі басталмас бұрын залда отырған көрермендерден өз ой пікірлерін сұрасақ:

Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.

Сараптама бөлімінде пікірсайысқа қатысқан топтардың бір мүшесі шығып ойын барсына сараптама жасайды.

Қорытынды бөлімде пікірсайысты бақылап отырған әділ қазылар алқасына сөз беріліп ой пірлері мен ойын қорытындысы шығарылады.

ІІІ. Қорытынды кезең

Рефлексия.

Адалдық

(Мұқағали Мақатаев)

Өсiңiз, жетiлiңiз, тасқындаңыз,
Бірақ та биiкпiн деп асқынбаңыз. 
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәрiмiз бiр аспанның астындамыз.

Сiздiң ой бiздiң оймен бiрiкпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүрiп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сiз өлгенде қайтадан тiрiлтпейді.






















Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен өткен «Ең қиын мамандық- адам болып қалу» пікірсайысының

Хаттамасы

Мақсаты: Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, болашақ мамандығын таңдауға оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;

Күтілетін нәтиже: Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі, ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту: Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

Пікірсайыс «Дебат» түрінде өтті. Дебаттың жалпы формасы жайлы мұғалім айтып өтіп, екі топты таныстырды. Топтарға тапсырма берілді. Жақтаушы жақ «Өмірде адамгершілік мамандықтан да адамгершілік маңыздырақ» Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адамгершілік маңызды емес» деген ұстанымдар бойынша пікірлерін ортаға салды.

Жақтаушы жақтан Асылзат «Адамгершілік арқылы кез-келген жетістікке жете аласың. Арамдықпен тапқан дүние дүние болмайды. Ол уақытша нәрсе. Адал адамның жанында көп адамдар жүреді», десе даттаушы жақтан Аделя «Жетіктікке жету жолында адамгершілікті таныта беру маңызды емес. Жетістікке жету үшін ештеңеден аянбаймын» деген пікір білдірді. Сонымен қатар отырған оқушылар да өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Қорыта келгенде сынып жетекшінің «Жақсы адам көрсек сондай болсам деп, тамсанамыз, жаманды көрсек жанына жуымастай жасқанамыз. Әр адам бойында ерекше бір құдірет бар. Сол құдіретті күшімен бәрін өзгерте алады. Болашағымыз жарқын болу үшін, ғұмыр бойы алаңсыз күн кешу үшін адал болуға ұмтылайық. Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп сөзін аяқтады.

Сынып жетекшісі: Л. Игамбердиева

Хатшы: А. Лесбек




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!