СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасындағы жылулық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке даярлық орыс тобына арналған  ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Шығармашылық.

Бөлімі : мемлекеттік тіл

Тақырыбы: : «Отбасындағы жылулық! »

Мақсаты: отбасындағы татулық пен бақыт туралы түсінік беру.

Міндеттері:  «Шаңырақ»  туралы түсініктерін қалыптастыру. Өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін сезімдері арқылы жеткізе білу дағдыларын дамыту..Отбасындағы өзара жағымды қарым-қатынас орната алу дағдыларын қалыптастыру, істеген әрекеттеріне жауап беру.Диалогпен сөйлесе алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың бойларында сүйіспеншілік, мейірімділік , түсіністік, жақындарына деген ыстық ықылас сезімдерін қалыптастыру. Отанына , отбасына деген қамқорлық сезімдерін дамыту.Мнемотехника арқылы байланыстырып сөйлей алуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстай алуларына көңіл бөлу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шаңырақ, отбасы суреттері.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: отбасы тақырыбында жаңа сөздер меңгеру, отбасы туралы фотоальбомдар дайындау.

Билингвальді компонент:  Отбасы-семья,  ата-дедушка, әже-бабушка, ана-мама, папа-әке, аға-брат, апа-сестра, младшая сестра-қарындас, сіңлі, младший брат-іні, ребенок-бөпе,

Әдістемелік жұмыстар әңгімелесу, сұрақтар, сергіту сәті, релаксация, мнемотехника әдісімен тақпақ жаттау, ертегі сахналау.

Ұйымдасмтыру кезеңі:

Жиналамыз ортаға

Біз доспыз, біз доспыз

Қолымызды қысамыз

Мейірімді шашамыз

Мұғалім: Балалар келген қонақтармен амандасайық

Балалар: саламатсыз ба?!

Мұғалім: Есік қағылып қолында отбасының суреттері бар қыз бала келеді.

Қыз бала: Саламатсыздар ма?! Өтіп бара жатып мейірім туралы сөздеріңізді естіп келіп тұрмын. Менің отбасымда түсініксіз жағдйлар болып жатыр: әкем мен анам күнде ұрсыса береді. Сіңлім екеуміз төбелесе береміз. Ал атам мен әжемнің  көңіл күйлері мүлдем жоқ болып кетті. Маған отбасымдағы жылулықты, бақытты кезеңдерді қайтаруға көмектесіңіздерші.

Мұғалім: : Шаңырақ –дегеніміз қазақ халқының символы. Шаңырақ - құтты мекен. Әр адам өз отбасын жақсы көруі керек.   

Ал балалар отбасында кімдер тұрады? Біз отбасымызды жақсы көреміз ба?

Көмек сұрап келген кішкентай қызымызға бір-бірімізбен қалай сөйлесетінімізді, өзіміздің кім екенімізді, қай елде тұратынымызды айтып берейік.

(Балалар бір бірімен диалог арқылы сөйлеседі)

Мұғалім: Сендер өз отбастырыңды жақсы көретіндіктеріңді мына суреттерің арқылы дәлелдеп беріңдерші.

(балалар алдын ала жасалған жұмыстары бойынша мен анамды жақсы көремін, ол аяулы, мейірімді жан деп айтады)

 Мұғалімдер: Енді осы әрқайсысыңның айтқан жылы сөздеріңді мына тақпақ арқылы топтастырайық.

Мнемотехника бойынша тақпақ

Анашым менің аяулым, мейірімді

Әкешім менің қамқоршым, батырым

Ағатай менің бауырым, қорғаным

Апатай менің жан досым, ардақтым

Бір шаңырақ астында

Бақытты менің отбасым!

Мұғалім: жарайсыңдар! Енді отбасына қатысты кім мақал-мәтел айтады?

Балалар:

Бала – ананың бауыр еті.

 Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар. Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді.

Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді.

 Ана алдында — құрмет,

 Ата алдында — қызмет.

Сергіту сәті:

Драматизация: «Ханшайымдар» ертегісі

Ханшайымдар

Автор:

Алыс-алыс орманда

Хан ордасы  бар екен

Ханшайымдар сымбатты

Өмір сүрді сарайда

Патшалықтан көршілес

Ханзада мен Ханшайым

Қонақ болып кетуге

Келмек болып шешіпті

Қарсы алуға қонақты

Ханшайымдар кірісті

1 Ханшайым:

 Керемет кешті  ертең біз

Өткізуге тиіспіз

Ханзада мен ханшайым

Таң қалады тамсанып

-аспазшы !

Аспазшы : -иә ханшайым, тыңдап тұрмыз.

1 Ханшайым: -таң атқанша  өте көөөп бауырсақ пісір!

Аспаз: бір түнде ма?

1 Ханшайым : иәәә

Аспазшы : ол мүмкін емес

1 Ханшайым: ол сенің  шаруаң!

2 ханшайым:

Әлемде жоқ ерекше

Әдемі көйлек киеміз

Ханзада мен Ханшайым

Таң қалады тамсанып

2 ханшайым: Тігінші! 

Тігінші : иә ханшайым

2ханшайым: Таң атқанша үш түрлі ерекше көйлек тігетін бол!

Тігінші: Бір түнде ма?

2Ханшайым: Иә

Тігінші: Бұл мүмкін емес қой

2 Ханшайым: ол сенің шаруаң

3 Ханшайым:

Таң атқанша әртүрлі

Гүлдер өсіп тұрады

Ханзада мен Ханшайым

Таң қалады тамсанып

3 Ханшайым: бағбаншы!

Бағбаншы: Иә ханшайымым

3 Ханшайым: таң атқанша мың түрлі гүл өсір

Бағбаншы: Бір түнде ма?

3Ханшайым: Иә

Бағбаншы : Бұл мүмкін емес қой

3 Ханшайым: ол сенің шаруаң

1 ханшайым: Ал біздер барып ұйықтайық!

2 ханшайым: кеттік

Автор: Қызметшілер шаршады

             Сол жерінде ұйықтады

(музыка играет)

Автор: Ханшайымдар ұйқыдан оянды

1 ханшайым: Тәтті тоқаштар қайда?

2ханшайым: Көйлектер қайда?

3 ханшайым: Гүлдер қайда?

1 Ханшайым: Олар ұйықтап қалыпты

(Ханшайымдар өз істеріне ұялып қызметшілерден кешірім сұрайды)

2 Ханшайым: Біздер ұят жасадық ау деймін!

3 Ханшайым: Оларды оятып кешірім сұрайық!

(үшеуі жұмысшыларды оятады) (Ханшайымдар өз істеріне ұялып қызметшілерден кешірім сұрайды)

Ханшайымдар: Кешіріңіздер

Тігінші:

 Адамгершілік болмай,  Әділдік болмас. 

Аспазшы:

 Адамның ұяты бетінде ,  Адамгершілігі ниетінде

Бағбаншы:

 Жақсы ниет - жарым ырыс. 

(Осы кезде көрші патшалықтан Ханшайым мен Ханзада  келеді)

Ханзада :

Армысыз!

 Сәлем бердім баршаңызға.

Қуанып қарсы алыңдар ханшайымдар!

Көрші ханшайым:

 Сый құрметті күтеміз!

Кәнеки шашу шашыңдр!

1 Ханшайым:

 Достар, Достар тоқтайық,

Дастарханды бірлесе,

Тату жайып тастайық!

Ханзада мен ханшайым: жарайды!

Мұғалім: Осы ертегі желісімен сендермен «иә, жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр.

Мұғалім: Балалар ханшайымдар басында дұрыс жасады ма?

Балалар: жоқ

Қызметшілер ханшайымдарға қарсы шықты ма?

Балалар: жоқ

Қызметшілер тапсырманы орындай алды ма?

Балалар: жоқ

Ханшайымдар кешірім сұрап дұрыс жасады ма?

Балалар: иәәә

Мұғалім: Балалар жарайсыңдар!Қай елде болмасын  «отбасы жылуы» деген сөз бар. Бұрынғы өткен заманда адамдар осындай от жағып отбасымен бірге сол оттың жанында жиналып жылынып отыратын болған. Содан бері отбасы және туған үйін адамдар шырақ мекені атап кеткен. Кәзір осы жанып тұрған отқа қолымызды созып, көзімізді жұмып жылынып отырайық

Релаксация «Тыныштықта отырайық

Мұғалім: Балалар әрбір үйде әрқашан осындай жылу болсын! Сабағымыздың соңында мына сиқырлы сандықшаға менің отбасым ең... деген сөздерді айтып әдемі сиқырлы сөздер жинайық!

Балалар: Тату, берекетті, көңілді, достық, мықты.

В:  Әрқашан бірге болайық

Отбасы жылуын құрайық

Отбасы бақыт мекені

Жеріміз алтын діңгегі – деп сіздермен қоштасымыз!

Просмотр содержимого документа
«"Отбасындағы жылулық"»

Баласыз үй қу мазар.

Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді.

Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді.

Ана алдында — құрмет,

Ата алдында — қызмет.

Сергіту сәті:

Драматизация: «Ханшайымдар» ертегісі

Ханшайымдар

Автор:

Алыс-алыс орманда

Хан ордасы бар екен

Ханшайымдар сымбатты

Өмір сүрді сарайда

Патшалықтан көршілес

Ханзада мен Ханшайым

Қонақ болып кетуге

Келмек болып шешіпті

Қарсы алуға қонақты

Ханшайымдар кірісті

1 Ханшайым:

Керемет кешті ертең біз

Өткізуге тиіспіз

Ханзада мен ханшайым

Таң қалады тамсанып

-аспазшы !

Аспазшы : -иә ханшайым, тыңдап тұрмыз.

1 Ханшайым: -таң атқанша өте көөөп бауырсақ пісір!

Аспаз: бір түнде ма?

1 Ханшайым : иәәә

Аспазшы : ол мүмкін емес

1 Ханшайым: ол сенің шаруаң!

2 ханшайым:

Әлемде жоқ ерекше

Әдемі көйлек киеміз

Ханзада мен Ханшайым

Таң қалады тамсанып

2 ханшайым: Тігінші!

Тігінші : иә ханшайым

2ханшайым: Таң атқанша үш түрлі ерекше көйлек тігетін бол!

Тігінші: Бір түнде ма?

2Ханшайым: Иә

Тігінші: Бұл мүмкін емес қой

2 Ханшайым: ол сенің шаруаң

3 Ханшайым:

Таң атқанша әртүрлі

Гүлдер өсіп тұрады

Ханзада мен Ханшайым

Таң қалады тамсанып

3 Ханшайым: бағбаншы!

Бағбаншы: Иә ханшайымым

3 Ханшайым: таң атқанша мың түрлі гүл өсір

Бағбаншы: Бір түнде ма?

3Ханшайым: Иә

Бағбаншы : Бұл мүмкін емес қой

3 Ханшайым: ол сенің шаруаң

1 ханшайым: Ал біздер барып ұйықтайық!

2 ханшайым: кеттік

Автор: Қызметшілер шаршады

Сол жерінде ұйықтады

(музыка играет)

Автор: Ханшайымдар ұйқыдан оянды

1 ханшайым: Тәтті тоқаштар қайда?

2ханшайым: Көйлектер қайда?

3 ханшайым: Гүлдер қайда?

1 Ханшайым: Олар ұйықтап қалыпты

(Ханшайымдар өз істеріне ұялып қызметшілерден кешірім сұрайды)

2 Ханшайым: Біздер ұят жасадық ау деймін!

3 Ханшайым: Оларды оятып кешірім сұрайық!

(үшеуі жұмысшыларды оятады) (Ханшайымдар өз істеріне ұялып қызметшілерден кешірім сұрайды)

Ханшайымдар: Кешіріңіздер

Тігінші:

Адамгершілік болмай, 
Әділдік болмас. 

Аспазшы:

Адамның ұяты бетінде , 
Адамгершілігі ниетінде

Бағбаншы:

Жақсы ниет - жарым ырыс. 

(Осы кезде көрші патшалықтан Ханшайым мен Ханзада келеді)

Ханзада :

Армысыз!

Сәлем бердім баршаңызға.

Қуанып қарсы алыңдар ханшайымдар!

Көрші ханшайым:

Сый құрметті күтеміз!

Кәнеки шашу шашыңдр!

1 Ханшайым:

Достар, Достар тоқтайық,

Дастарханды бірлесе,

Тату жайып тастайық!

Ханзада мен ханшайым: жарайды!

Мұғалім: Осы ертегі желісімен сендермен «иә, жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр.

Мұғалім: Балалар ханшайымдар басында дұрыс жасады ма?

Балалар: жоқ

Қызметшілер ханшайымдарға қарсы шықты ма?

Балалар: жоқ

Қызметшілер тапсырманы орындай алды ма?

Балалар: жоқ

Ханшайымдар кешірім сұрап дұрыс жасады ма?

Балалар: иәәә

Мұғалім: Балалар жарайсыңдар!Қай елде болмасын «отбасы жылуы» деген сөз бар. Бұрынғы өткен заманда адамдар осындай от жағып отбасымен бірге сол оттың жанында жиналып жылынып отыратын болған. Содан бері отбасы және туған үйін адамдар шырақ мекені атап кеткен. Кәзір осы жанып тұрған отқа қолымызды созып, көзімізді жұмып жылынып отырайық

Релаксация «Тыныштықта отырайық

Мұғалім: Балалар әрбір үйде әрқашан осындай жылу болсын! Сабағымыздың соңында мына сиқырлы сандықшаға менің отбасым ең... деген сөздерді айтып әдемі сиқырлы сөздер жинайық!

Балалар: Тату, берекетті, көңілді, достық, мықты.

В: Әрқашан бірге болайық

Отбасы жылуын құрайық

Отбасы бақыт мекені

Жеріміз алтын діңгегі – деп сіздермен қоштасымыз!

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!