СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Отбасы - бақыт мекені"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені

Сыныбы: 4

Мақсаты: Бала бойына отбасына деген сүйіспеншілікті, жылылықты        

                  ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы  

                  болуға тәрбиелеу.

.Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер     

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы - бақыт мекені"»

Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені

Күні: 12.09.2019

Сыныбы: 4

Мақсаты: Бала бойына отбасына деген сүйіспеншілікті, жылылықты

ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы

болуға тәрбиелеу.

.Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.


Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер



Сабақ барысы


І. Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері


Мұғалім: 

"Ана – сая болар бағың болса,Әке – асқар тауың" дейді қазақта.Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,Ана – шуақ шашатын таң екенсің."Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек"Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Бүгін «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Отбасы мерекесіне арналған тәрбие сағатын бастайық!


ІІ. Негізгі бөлім.

А) 2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтті. Алғаш рет бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. "Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi» деген болатын мәлімдемесінде. 


2)Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.

Ғабиден Мұстафин "Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол – өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат" деген екен. Ал оқушылар сендер қандай ұлылардың сөздерін білесіңдер. Сөз кезегі оқушыларда:

1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"

2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің".

3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең".

4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"

5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".

6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".

7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".


Мұғалім: Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

3)Оқушыларға сұрақтар: 

1. «Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер? 

2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар? 

3. Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек? 

4. Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек? 

Құндылық құны«Бақытты отбасы модулін» жасайық. Оқушылар өз ойларын білдіріп, ортақ бір бақытты отбасы моделі жасалады.

Мұғалім: Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар»,- дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз – бақыттымыз.

  • Отбасыларында дәстүрге айналған мәселелер бар ма?


ІІІ. Қорытынды бөлім

Мұғалім: «Әке – асқар тау. Ана – ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дейді атам қазақ. Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болмақ.



















1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"


2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің".


3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең".


4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"


5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".


6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".


7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".


1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"



2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің".



3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең".




4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"




5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".



6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".



7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!