СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы-алтын діңгек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы құндылықтарын дәріптеу

Просмотр содержимого документа
«Отбасы-алтын діңгек»

















































































Тақырыбы: Отбасы - алтын діңгек!

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар
Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасу
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері Психологиялық тренинг
а) Қонақтармен сәлемдесу

Балалар күн анамыз бізге жылуын шашып тұр.қазір барлығымыз жақсы тілектер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Бақытты болайық!

Пусть всегда светит солнце!

Пусть всегда будет мир!

I wish your good health!

I wish your happiness!

Кеудемізге сыймай тұрған жылуымызды қонақтарға сыйлайық. ( бұрылып қолдарын үрлейді)

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған,

Ол әр баланың панасы,

Ол не екен балалар?

-Отбасы

Ерасыл:Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады

Гүлжан:Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.


Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.

Ерасыл: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы қазылған қара кенмен тең".
Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
Ақмаржан: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата – ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Хор « Ана туралы жыр»( сынып оқушылары)
Гүлжан: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
- Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.

Гүлжан:

Келесі кезекті отбасының тірегі әке мен отбасының жылуы ана туралы өлең шумақтарына кезек берейік.

Ерасыл:

О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

Ахмади "Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Гүлжан:Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.

Сабина: Жаным әке , бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды.

Өзің барда еркелеймін өмірге,

Арқасында алаққаннның аялы

Арқа сүйер , асқар тауым әкемсің,

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін,

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Айналайын аман жүрші әкешім.

Ақсамал: Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.

Жаңабек:Анашым жан анам

Балдан тәтті бал анам

Үйге келсең мақтанам

Құшақ жая қарсы алам

Әлпештеп мені өсірдің

Бала бол деп ұқыпты.

Қатем болса кешірдің

Санам соны ұғыпты.

Анаға жан жетпейді

Еңбегі еш кетпейді

Балаға да анасыз

Тамағынан ас өтпейді.

Азамат: Әкем менің асқар тауым тірегім,

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем дағы қияға,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Ыбырай: Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтқан ақылын,

Анам бақыт тілейді.

Айбат:Ақын жаны аналарды жырлаған

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған

Аналарға бас иеміз бәріміз

Бар өмірін баласына арнаған

Ән: Әке

Диас:

Ана деген жүректегі асыл ән

«Ана-бақыт» деген сөзге қосылам

Анаға арнап айта берсең сөз жетпес

Ол дегенің өмірдегі асыл жан.

Жансерік: Ыстық –ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

өмірдің соқтығымен өрге тартып,

алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында.

Ән: Ана Зарлық.А

Ақмаржан: Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз – ертенгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке ол әкеге қарап өседі. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.

Мақал сөздің мәйегі дгендей келесі кезекті мақал-мәтелдерге берейік

Мақал-мәтелдер

Бекжан:

1. Отан - отбасынан басталады.

2. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесін.

3. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

4. Отбасы - ошақ иесі.

Айбат:Ағайын алтау, ана-біреу

Атасыз үй батасыз

Анасыз үй панасыз

Ана сүтін ақтамағнды ешкім жақтамайды.

Ананың мейірімділігін ауырғанда білерсің.

Ақсамал: Ата баланың қорғаны

Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.

Ағасы бардың -жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

Сабина: Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Жансерік:Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

Бала-ананың бауыр еті, көз нұры.

Әке -асқар тау, ана- шалқар көл.

Ананың сүті бал, баланың тілі бал

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ерасыл:Алты аға бірігіп әке болмас.

Жеті жеңге бірігіп ана болмас

Әке балаға қарыз

Бала далаға қарыз

Әкеден безген ұл болмас

Анадан безген қыз болмас

Әке жүрегі таудан үлкен

Ана жүрегі теңізден терең

Әкеден –ақыл, анадан-мейір

Ақ шашты ана жастығым балам дейді

Ақылды бала ай күнім анам дейді

Отбасы сөзіне оқушылар постер қорғайды

Ойын: Неге теңеймін? Оқушыларға бұлт, гүл, ай, жұлдыз,күн суреттері беріледі.Сқрақ қойылады.Анаңды кімге теңейсің?

Әкеңді кімге теңейсің?

Ағаңды кімге теңейсің?

Апаңды кімге теңейсің?

..« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты слайдтар мен фотосуреттер
Жаңабек: Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ.Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым сөздерін айта отырып тәрбиелейді.Ендеше ата-анамыздан естіген ырым тиым сөздеріне құлақ түрсек

1.Ата-анаңа ауыр сөз айтпа

2.Түнде суға барма

3.Таңдайыңды қақпа

4.Кісіге и қарап есінеме

5.Үлкеннің сөзін бөлме

Гүлжан: Отбасының тірегі кім?

Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы

Ана-отбасының тірегі

Отбасының ең үлкен байлығы-бала

Қорыту:Отбасы ол кішкентай мемлекет.Отбасын неге ұқсатуға болады: ьбес саусаққа, жүзімнің сабағына .

Ал мен отбасын үлкен жеміс ағашына ұқсатамын, балалар сендер ағаштағы жеміссіңдер, жеміс неде өседі?

-Ағаштың бұтағында.Сендерді кім өсіріп тәрбиелейді?

-Ата-ана .Сонда ата-ана ағаштың бұтақтары.Ал ата-ананы кім өсіріп тәрбиелеген?

-Ата мен әже.Сонда ата-әже ағаштың діңгегі

Ал ағаштың түп тамыры ол біздің ата бабаларымыз екен.

Көрініс:

Сахналық қойылым «Менің отбасым»

-Ой,жаным,қызым!

Маған ойнайтұғын уақыт қайда?

Әлі кір жуып , тамақ пісіру кере.

Сен оданда әкеңмен ойна.

Қызы: -әке,әке, әкешім!

Оқымашы газетті,

Ойнайықшы допенен.

Киноға қашан барамыз?

Уәде бердің сен маған!

Әкесі:Қызым ,қызғалдағым!

Киноға да, парке де барамыз.

Бірақ артынан, мен демалысқа шыққанда.

Ал, қазір маған, газеттегі жарнаманы

Оқу керек тездетіп.

Сен әпкеңе бара ғой,

Әпкең сені бүгін қыдыртар.

Әпкесі : Сәлем менің ботақаным!

Неге отырсың ойнамай?

Қызы: Әпкетай, ойнайықшы бірге,

Сабақ оқып, сурет салайық?

Әпкесі: Жоқ, жоқ , ренжіме,

Бүгін менде уақыт жоқ.

Универге, кітапханаға барамын,

Одан кейін достарыммен кездесемін!

Қызы: Ойыншықтарды тізейін,

Жалғыз өзім ойнайын.

Бала нені білсе ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік

Ән: ана Зарлық.Азамат














Нарқызыл негізгі орта мектебі




Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Отбасы-алтын діңгек»





Класы:9

Өткізген:Ф.Көнекбаева





















2018-2019 оқу жылы

























Сахналық қойылым «Менің отбасым»

Мұғалім:

Бұл қалжыңның түбінде,

Жатыр өмір шындығы.

Сіздер бізге ренжімей,

Мән беріңіз тақырыпқа.

Анасы:

-Сәлем, құрбым, жан құрбым!

Хабарласпай кеттің ғой?

Мүмкін маған келіп кетерсің,

Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айттармыз.

Иә, иә, жұмыс көп!

Шыға алмаймын бір сәтке.

Үйдің жұмысы да бастан асады,

Кір жуасың , кешкі тамағың бар жасайтұғын.

Қызы:

-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.

Оқиықшы ертегіні бірге?

Анасы:

-Балам,қызым, қоя тұршы,

Оданда бос отырған әкеңе бар.

Оқып берер ертегіні...

Анасы:

-Айтпа, керемет көйлек сатып алдым,

Жағасында жалтылдаған тасы бар.

Тағыда бір етік алдым,

Сөмке де сатып алдым.

Қызы:

-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.

Қуыршақпен ойнайықшы бірге?

Анасы:

-Ой,жаным,қызым!

Маған ойнайтұғын уақыт қайда?

Әлі кір жуып , тамақ пісіру кере.

Сен оданда әкеңмен ойна.

Қызы: -әке,әке, әкешім!

Оқымашы газетті,

Ойнайықшы допенен.

Киноға қашан барамыз?

Уәде бердің сен маған!

Әкесі:Қызым ,қызғалдағым!

Киноға да, парке де барамыз.

Бірақ артынан, мен демалысқа шыққанда.

Ал, қазір маған, газеттегі жарнаманы

Оқу керек тездетіп.

Сен әпкеңе бара ғой,

Әпкең сені бүгін қыдыртар.

Әпкесі : Сәлем менің ботақаным!

Неге отырсың ойнамай?

Қызы: Әпкетай, ойнайықшы бірге,

Сабақ оқып, сурет салайық?

Әпкесі: Жоқ, жоқ , ренжіме,

Бүгін менде уақыт жоқ.

Универге, кітапханаға барамын,

Одан кейін достарыммен кездесемін!

Қызы: Ойыншықтарды тізейін,

Жалғыз өзім ойнайын.

Құрметті әріптестер! Бұл қойылымды өзім аудардым. Әр отбасындағы балаға уақыттың аз бөлінетіндігі туралы мысал.Ұйқаспаған тұсын өзгертіп аларсыздар.

Кейіпкерлер бір отбасы мүшелері: әкесі газет оқып отырады, анасы телефонмен сөлесіп отырады, кенже қызы ойнап отырады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!