СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отанын қорғаған от жандылар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты.

Просмотр содержимого документа
«Отанын қорғаған от жандылар»

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ





БЕКІТЕМІН

Директордың оқу тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

___________Э. Какенова






ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Отанын қорғаған от жандылар»









Топ жетекшісі: Мусаева М.Е. 2 ивтк тобы






Астана, 2023 ж.

Мақсаты:

1. Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін  арттырып, патриоттық тәрбие беру.

2. Студенттерді Ұлы Отан соғысымен, ауылдас ардагер ағаларымыздың ерлік істерімен  таныстырып, ой-өрісін  дамыту.

3. Балаларды  үлкен  адамдарды  сыйлай  білуге,  оларды  қадірлеуге тәрбиелеу.


Барысы:

Оқытушы:   студенттер, бүгінгі « 9 мамыр – Жеңіс күні » атты тәрбие сағатымыз бізге  балалық шақ, бейбіт  өмір әперген Ұлы Жеңіске  арналады.

Жыл  сайын 9 мамыр күні  адамдар  ескерткіштер мен обелисклерге  барады.

Олар  жауынгерлердің  тас  мүсініне  айналған  бейнелеріне  гүл шоғын  койып, батырлар  есімін  еске  алады.


1 студент:  

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамды.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды

 

2 студент: 

Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

 

Оқытушы:    Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың  9 мамырына қайта оралтады.


Дәл  осынау  жадыраңқы жай  күні,

Болсадағы  қайғасырды, қай  күні.

Ұлы  Отаным  басын  иіп  бір минут,

Есіне  ал нақ  сол бір апат  қайғыны.

( бір минут үнсіздік)


1941 жылы 22 маусым  күні  таң шапағы  жаңа ғана  арайлап келе жатқан           кезде  фашистік   Германия елімізге  опасыздық  пен  басып  кірді. Ұлы  Отан  соғысы  осылай  басталды. Отанымыздың  басына  ауыр  күндер  туды.


3 студент:   

 Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- Дұрыс, – десті сұрағың. –

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

Оқытушы:  Өз  халқының  батырлығын  әлемге  әйгілі  еткен  қазақтың  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы  ақиқат  пен  аңыз  халыққа  кең  таралды.


4 студент: 

Сонау жылы жер-көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк  апамыз

Жаудан елді  қорғаған.


Оқытушы:  Мәншүк 1922 жылы  дүниеге келген. Шын  аты  Мәнсия. Анасы еркелетіп  Моншақ  деп  кеткен. Әкесі  дәрігер  болған. Мәншүк  соғысқа өз еркімен  аттанады. Мәншүк  ол  кезде  не бары 19 жаста  болған. Елін  жаудан  қорғаймын  деп  шепке  сұранып  пулеметші  болады. Өзі  қорғаған   Невель қаласында Мәншүкке  ескеткіш  қойылған.


5 студент: 

Айтамыз біз өлең ғып,

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі

Ұмытылмас  мәңгілік.

 

Оқытушы: Әлия 1924 жылы Қобда  ауданы  Көк  бұлақ  деген  жерде  туған. Екі  жасында  жетім  қалып, Әубәкір деген  ағасы  өз  тәрбиесіне  алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына  көшіп  келеді де, Әлия  сол  қалада  оқиды. Отбасының  жағдайына  байланысты  Әлия  кейін  балалар  үйінде  тәрбиеленеді. Соғыс  басталғанда  ол 17 жаста еді. Сол  кезде  майданға  өзі сұранып, атқыштар  даярлайтын  бөлімді   бітіреді.


Зымырап  жылдар  өтеді,

Жанымыз  жауға  ызалы.

Соғыста  өлген  атаны

Бөбегім сен де ұмытпа.


-    Ал, сендер Отанның  қадірін  білетін   боларсыңдар?!


Хормен:  Біз  Отанымызды  мақтан  етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.

Оқытушы: Рақмет.

Ән:  «Әрқашан күн сөнбесін!»




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!