СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұғалімнің қызметі бойынша аналитикалық есебі

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

мұғалімнің пәні бойынша щығармашылық есебі, барлық жетістіктері мен юолашаққа болжам жасауы

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің қызметі бойынша аналитикалық есебі»

«Мектеп жанындағы интернатымен № 8 орта мектебі» КММ

химия-биология пәндерінің мұғалімі

Айтпаева Гаухар Мырзагуловнаның

өткізген жұмыстарына аналитикалық есебі

Мақсаты:

1. Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химия-биология пәндерінің алатын орнын көрсетуге дағдыланады.

2. Оқушылар пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физика пәнінің әдістері мен теориялық көзқарастарын, минералдар мен тау жыныстарының, күнделікті өмірдегі болып жатқан химияның пайдасы мен зияның, өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейін, ағзалардың тіршілік әрекеттерінің мәнін химия-биология, микробиология, экология заңдылықтарына сүйене отырып зерттейді.

3. Оқушылар табиғаттың тұтастығын, онда жүріп жатқан құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы мен шарттылығы жөніндегі ғылыми көз қарас қалыптастырып, химия-биология пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырады.

Міндеттері:

1. Оқушылар химия-биология пәндерінің негізін игеріп, үздіксіз білім алуға, сарамандық жұмыстарға араласуға, әзірлеуге дағдыланады;

2. Оқушылар химия-биология зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылап, түсіндіруге дағдыланады;

3. Оқушылар химия-биология пәндерінен алған білімдерін басқа пәндерден алған білімдеоін байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көз қарас қалыптастырады;

4. Оқушылар заттармен, құралдармен, көрнекті құралдарымен жұмыс істей білудің біліктіліктері мен дағдыларын игереді. химия-биология кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, тәжірибелерінде дұрыс қолдана білуге үйренеді;

5. Оқушылар химия-биология пәндерін оқу барысында қалыптастырған білім, білік дағдыларын өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйренеді;

6. Оқушылар химия-биология пәндері бойынша білім мен білік алу дербестігі мен табандылығына тәрбиеленеді;

7. Оқушылар химия-биология пәндеріне деген құштарлықтары мен қабілеттерін дамытып, кәсіптік бағдар алады;


Өзіндік білім көтеру тақырыбым: «Химия-биология сабақтарында оқушыларды сындарлы оқу мен ойлауға, сыныпта белсенді іс-әрекет жасауға дағдыландыру» тақырыбында 2014-2018 оқу жылында 8,9,10,11 сынып оқушыларына химия пәнінен және 6, 7, 8,9,10,11 сынып оқушыларына биология пәнінен сабақ беріп келемін. Жалпы сыныптағы оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен, белсенділіктері әртүрлі. Оқушылармен үнемі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға, жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сарамандық- зертханалық жұмыстары, топсеруендер мен тест тапсырмалары, ашық журнал, семинар сабақтар өткізілді. Оқушылар жаңа технология талаптарына сай топта, жұпта, жеке жұмыстар жасауға, өзін, сыныптастары мен топтағы оқушыларды бағалауға дағдыланады. Тоқсан сайын әкімшілік бақылаулар орындалып, сол жұмыстар тандалып, қатемен жұмыстар жүргізіліп отырылды. Химия-биология пәндері бойынша кездесіп отырған әр мәселені аудан мұғалімдерімен бірге талқылап, тиімді шешім тауып отырдық: мысалы, PISA тапсырмалары, пән бойынша деңгейлік жұмыстар мен деңгейлік курс бойынша (үш айлық курс) ашық сабақтарды құру, өткізу, талқылау және сараптау. Жаратылыстану бағыты пәндерінің онкүндігінде 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Тұздар» тақырыбында химия пәнінен ашық сабақ, 6 сыныпта «Минералды тыңайтқыштар» (ӘБ онкүндігінде) биология пәнінен ашық сабақ, 9 сыныпта «Кальций» тақырыбында химия пәнінен ашық сабақ, 8 сыныпта «Су – табиғи әмбебап еріткіш» тақырыбында (Атбасар ауданы ББ кеңесінде) химия пәнінен ашық сабақ және 7 сыныпта (Деңгейлік курс бітірген ұстаздардың аудандық семинарында) химия пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақтар өткіздім.

Сонымен қатар «Химия-биология сабақтарында оқушыларды сындарлы оқу мен ойлауға, сыныпта белсенді іс-әрекет жасауға дағдыландыру» тақырыбымен байланысты аудандық тамыз конференциясында бірнеше баяндамалар оқыдым: 2014-2015 оқу жылында «Көшбасшылық және оқуды басқару», тақырыбына баяндама оқыдым.2014-2015 оқу жылында Атбасар аудандық олимпиада нәтижелері: Химия пәнінен: 3 орын - 8 «Ә» сынып оқушысы Асқарова Қалима, 1 орын -9 сынып оқушысы Түрекеш Ботагөз, 3 орын – 10 сынып оқушысы Базылбекова Мадина 2014-2015 оқу жылының аудандық тамыз конференциясында «Көшбасшылық және оқуды басқару» тақырыбына баяндама оқыдым. 2015-2016 оқу жылының тамыз конференциясында «Сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін биология-химия пәндеріне тиімді пайдалану» тақырыбына баяндама оқыдым. 2014-2015 оқу жылындағы Атбасар аудандық олимпиада нәтижелері: Химия пәнінен: 3 орын -8 «Ә» сынып оқушысы Асқарова Қалима, 1 орын -9 сынып оқушысы Түрекеш Ботагөз, 3 орын – 10 сынып оқушысы Базылбекова Мадина 2015-2016 жылы облыстық «Есірткіге «ЖОҚ!» салауатты өмірге «ИӘ!»»- атты бейнеролик түсіру байқауына мектеп оқушыларымен қатысыптық. Әр оқу жылының жаратылыстану бағыты пәндерінің онкүндігіне белсенді ат салысып, ашық сабақтар, суретшілер және қабырға газеттері сайысын, көрмелер ұйымдастырып, онкүндікті нәтижелі өткіземіз. Сонымен қатар, сынып жетекші ретінде қашықтық байқауларға оқушылармен қатысып жүремін.

05.12.2014 жылы «Реализация компетентностного подхода на уроках химии и биологии» №0013762 курсында өз біліктілігімді арттырып, құжат алдым.

Осы облыстық апталық курстың тәжірибелік кезеңінде биология пәнінен 8 сынып оқушыларымен «Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыбына, Облыстық тірек (ресурс) орталығының семинарында химия пәнінен 11 сыныпта «Майлар» тақырыбына ашық сабақтар өткіздім. Жыл бойы химия-биология пәндері бойынша аудандық, облыстық семинарларға қатысып тәжірибе алмасып жүремін.

Халықаралық педагогикалық жәрмеңкеге химия пәнінен «Өмірмен байланысты қарапайым тәжірибелер» атты жұмысыммен қатыстым.

Қорыта келгенде әр оқу жылына жоспарланған барлық жұмыстар жоспарға сәйкес орындалып, қорытынды жасалады. Сонымен қатар, әр оқу жылына мектеп маңындағы шағын бақшада оқушылармен көктемгі жұмыстар орындалып отырылады.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!