СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұғалімге жаңа технологияның көмегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі  тұрақты  моральдық және психологиялық – педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Оның оқушының жүрегіне жол тауып,  педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болуы керек.

Осының бәріне жол табу үшін мұғалім шаршамай еңбек етіп, түрлі жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге талпынуы тиіс. 

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімге жаңа технологияның көмегі»



Мұғалімге жаңа технологияның көмегі

Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық – педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Оның оқушының жүрегіне жол тауып, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болуы керек.

Осының бәріне жол табу үшін мұғалім шаршамай еңбек етіп, түрлі жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге талпынуы тиіс.

Білім беру жүйесінің басты стратегиялық мақсаты- ұлттық білім үлгісін жасау. Ал үлттық білім жүйесінің негізі дегеніміз- адамға қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде қорғау:

Оның рөлі мен қоғамдағы орнына, әлеуметтік жағдайы мен жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау:

Кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық жағдай жасау:

Қоғамның өзгеруіне қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару мен ұйымдастырушы жүйесінің өзгеруі де заңды құбылыс. Осы ретте қазіргі ақпараттық қоғам ғасырындағы білім жүйесінің мазмұны да, мақсаты да, оған көзқарас та өзгереді: оларды іске асыру үшін жаңа ұйымдастыру жұмыстары мен жаңа кешенді істер атқарылуы тиіс. Атап айтатын болса мұғалім сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі керек.

Педагогикалық технология ұғымы қазіргі кезде білім беру мекемесіндегі оқу процесіне енгізілуі қажеттілікке айналғаны ақихат. Мектепке қазіргі кезде бір ғана педагогикалық технология емес, бірнеше технологиялар жиынтығы қажет. Бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де қажетті, Егер біз оқушыға байланысты жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшсек, онда дәл осындай жағдай мұғалімге де берілуі тиіс. Мұғалім өзіне өз пәніне, оқушылардың жас ерекшелігіне, жеке ерекшеліктеріне байланысты, қандай технологияны таңдай алу мүмкіндігі болуы қажет.

Технология ұғымы өзі әмбебап, әдістемеден ерекшелігі оны барлық пәндерге пайдалануға болады. Мысалы модельдік, жоба, сын тұрғысынан ойлау технологияларын түрлі пән мұғалімдері өз пәндері бойынша пайдалана алады, бірақ нәтижесі бойынша жеткен копитенттері ортақ болады. Сондықтан да қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар бойынша шығарылып жатқан оқу әдістемелік құралдардағы бір ғана емес бірнеше технологиялар туралы, оларды оқу процесіне пайдаланудың жолдары туралы берілсе, мұғалімнің өзінің жеке технологиясы пайда болады.

Миға шабуыл (тренинг)

Ортаға сұрақ: Сіздер бір сәтке өздеріңізді дәрігермін деп есептеңіздер, сіздің больницада бір ғана донор жүрек бар. Ал осы жүректі салса жазылып кететін төрт адам кезекте тұр.

1.Бес жасар қыз бала.

2.Он баланың анасы.

3.Ақылды дана бала,

4.Өзбек құрлысшы. Кімге жүректі салар едіңіз?

(мұғалімдер өз ойларын ортаға салады)

Біз анау қлсе өлсін мынау тірі қалсын деп кесіп айта алмаймыз, дәрігерлер бұл жағдайда тәжірибе тастайды екен, себебі олар Гипократ антын берген; ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық адамға тең қарап дәрігерлік көмек беруге.

Ал біз мұғалімдер қауымы қандай антқа берікпіз ол өздеріңізге белгілі, біздер де алдымыздағы баланың бәріне тең көзбен қарап, білім беру барсында жұмыс жасаудамыз. Біздің алдымыздағы баланың бәрі бірдей емес, біреуінің қабылдауы тез, біреуінің қабылдауы жәй, бірақ біздер мұғалімдер қауымы осы қиындықтарды шешудің жолдарын іздеп, талмай еңбек етуге тиістиміз.

Мұғалім бала жанын жақсы түсінетін, оның сырын ұға алатын, әр-бір сабағын жүрегімен беретін тұлға екенін білеміз. Оның білімі әрі қарай шыңдана түсуі үшін, сабақты түрлендіру үшін мұғалімге жаңа технологияларды игеру керек. Бүгінгі таңда жаңа технологиялардың түрлері өте көп, солардың өзімізге керегін, тімдісін таңдай білу керек.

Мен дегейлеп, оқыту технологиясын, өзін-өзі тану бағдарламасын, топтап оқыту технологиясын денсаулықты сақтау технологиясын пайдаланамын.

Деңгейлеп оқыту технологиясы баланың қабылдауына, өз еркімен жұмыс жасауына үлкен көмек береді. Әр бала қзінің шамасына қарай тапсырмаларды орындайды, бұл жерде оқушылар арасында бәсеке де пайда болады, менің деңгейім төмен болмасын деп оқушы өз деңгейін көтеру үшін жұмыс жасайды.

Топтап оқу технологиясы негізінен технология сабағында кеңінен пайдаланамын, бұл өте ыңғайлы әрі оңай әдіс. Оқушыларды топқа бөліп тапсырма беріледі, әр топ өзінің тобы бірінші болуы, әрқашан алда болу үшін жұмыс жасайды. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады, оқушының өздігінен жұмыс жасауына септігін тигізеді, баланы өз ойын ортаға салып оны қорғауға үйретеді, еркін сөйлеуін қалыптастырады, ойлау қабілетін дамытады. Топпен жұмыс жасацу кезінде баланың жауапкершілігі арталды.

Өзін-өзі тану және денсаулықты сақтау технологиясының негізгі бағыты бірдй: ол баланы денсаулығын сақтай отырып сапалы білім беру. Бұл бағыт 12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі бағыттары болып саналады. Біз мектепке келген баланың денсаулығына да, біліміне де жауап беретініміз өздеріңізге белгілі, ал соған жету жолдары бізге кейде түсініксіз болып жатады. Мектепке бала білім аламын деген мақсатта келеді, ал мұғалім нені көздеп келеді? Осы жерде мұғалім мен баланың мақсаты сәйкес келуі тиіс. Көп жағдайда үлкеннің мақсаты іске асып, баланың мақсаты, оның пікірі қалыс қалатын жағдайлар болады.

Зерттеушілер мынадай тәжірибе жасапты: бүргені алып стакан астына бір айға салып қойыпты. Негізгі жаратылысында бүрге екі метр биіктікке секіреді екен, ал бір ай стакан астында тұрып сыртқа шыққан бүрге тек стакан көлемінде ғана секіретін болып қалыпты. Бұдан нені аңғартуға болады? Біз үлкендер балаға көп жағдайда стакан боламызғ ал бала бүрге екілді тек стакан көлемінде іс әрекеттер жасайды.

Біз баламыз өсіп өну үшін, даму үшін, білімді болу үшін беретін білімді шын жүректен беруіміз керек. Әр баланың жүрегіне жол тауып бала жанын түсіне білуіміз қажет. Бала робот емес, миын ашып программаларды енгізе салатын. Ол дамып келе жатқан жеке тұлға, оның білімді, саналы адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуына себепші болатын мұғалімдер қауымы, біз екенімізді естен шығармауымыз керек.



Скачать

© 2017, 630 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!