СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мой любимый учитель

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мой любимый педагог. Менің ұлағатты ұстазым - Жаурова А.Б.

Просмотр содержимого документа
«Мой любимый учитель»

Менің ұлағатты ұстазым – Жаурова Айжан Баялиевна

Автор: Ерлан Русланұлы Баймағамбетов

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ұстаз... Қандай ұлы сөз! Ешбір адам тең келмейтін, ешкім жете алмай жүрген биік шыңым, аспандағы айдай асыл ұстазым, көктегі күндей мейірімді ұстазым, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жаурова Айжан Баялиевна. Жастайынан оқу – білімге құштар болған алғырлығымен, сөзге шешендігімен көпшіліктің көзіне ерекше түскен. 1991 жылдан бастап университет қабырғасында өзінің білімін студенттерге бере отырып, ұстаздық қызметті бүгінгі күнге дейін атқарып келе жатыр. Айжан Баялиевнадан білім алған студенттері қазіргі кезде жоғары дәрежеде. Сондықтан да Айжан Баялиевнаның бойындағы ерекше дарындылығы мені әрқашан биік белестерді бағындыруға жетелейді.

Ұстаз – ұлағатты тұлға. Айжан Баялиевна студенттерге ерекше бағыт – бағдар береді. Студенттерге жүріс – тұрысымен, көркем мінезімен, сөйлеу шеберлігімен, ағылшын тілін өте жоғары деңгейде үйретіп, тәрбиелейді. Менің үлгілі студент болып қалыптасуыма ата–анаммен қатар, білікті ұстаз Айжан Баялиевнаның да рөлі зор. Үйде мәпелеп өсіріп отырған әке – анам болса, университет қабырғасында дәл солай әлпештеп отырған екінші анам ол – білімді де білікті ұстаз Айжан Баялиевна. Ұлағатты ұстаз Айжан Баялиевнаның студенттерге деген өзара сыйластық, қамқорлық сезімі студенттердің білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етеді.

Айжан Баялиевна білім беру саласында ерекше бағыты бар, білімді ұстаз. Өзінің бір сөзінде: — Адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті. «Тарих» деген өте керемет пәннің болашақ ұстаздарысыздар сондықтан да өздеріңізді қазірден бастап мәдениетті болып, білім деген құштар болуларыңыз керек деп үнемі студенттерінің жүректеріне жеткізетін. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Сондай ұстаздардың бірі Жауырова Айжан Баялиевна. Әр студенттерінің жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы әрі ұлағатты ұстаз, ардақты ана.

Мен сізді ерекше жақсы көрем. Үлгілі студенттеріңіздің арасында шашыңызға ақ түспей, қартаймай жүруіңізді тілеймін. Бір өкініштісі уақыт өте біз де университетті бітірерміз. Бірақ мен сізді ешқашан ұмытпаймын. Бойыма сусындатқан білімдеріңізді әр уақытта керегіме жаратып, сіздің берген тәлім – тәрбиеңізбен жүретін болам. Сіздің арқаңызда талай – талай биік шыңдарға шығатыныма сенем. Атыңызды әйгілі етуге күшімді саламын. Студенттеріңіздің де бала – шағаңыздың да қызығын көріп, ұзақ жасай беріңіз деп шын тілек білдіремін!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!