СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Металдар құпиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Металдар құпиясы»

Калиева Бибигул Утесбаевна

Алға индустриялық – техникалық колледжі, арнайы пән оқытушысы


Металдар  құпиясы

Сабақтың мақсаты: Білімалушылардың  арнайы  пән, материалтану сабағы бойынша  алған білімдерін  тексеру, белсенділігін, қызығушылығын  арттыру.

Оқу мақсаттары:

1. Білімділік: Сайыс барысында оқушылардың химиялық терминдерді қолдануын, сауаттылығын қалыптастыр, логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға  үйрету.

Сабақтың  барысы :

1. «Ой  қозғау»  сұрақ –  жауап.

2. «Металдар  құпиясы»

3. Жұмбақтар.

4.Тест  жұмысы. 

І. Сайыс. «Ой  қозғау»

1.     Өнеркәсіптің  негізгі  металы?   – темір

2.     Металдардың  кернеу  қатарын  кім  жасады?    – Н.Н.Бекетов

3.     Тайқазан  7 металдан  құйылған  ол  қандай  металдар?  -темір,  мырыш, қалайы,  қорғасын, мыс, күміс, алтын.

4.     Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?   -йод

5.     Ең  қатты  металл?  – вольфрам

6.     Шаршамайтын  металл?  -берилий

7.     Азотты  ашқан  ағылшын  ғалымы?  Резерфорд . 1772ж

8.     Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар  бейнесіне  ұқсайды?  -күкірт

9.     Ең  жеңіл  металл?  – литий

10.  Ең  тез  балқитын  металл?  -цезий

11.  Ең  ауыр  металл?  осмий

12.  Ауада  жанатын  сілтілік  металл?  -цезий

13.  Тыңайтқыш  ретінде  қолданылатын  сілтілік  металл?  -калий

14.  V топтың  металл  элементі?  -висмут

15.  Металлургияны  грек  тілінен  қазақшаға  аударғанда?  металдарда  өңдеу

16. Оңай  балқитын  металдар?  -қалайы, қорғасын мырыш.

II.«Металдар  құпиясы»

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы бастан кешкенін үлкен тәжірибе ретінде жинақтап , оны күнделікті өмірде , тұрмыста тиімді пайдалана білген. Ата – бабаларымыз ертеден металдарды қорытып, қоспалар дайындап, сабын жасап, күнделікті өмірде , т.б. химиялық үрдістерді қолдана білген.

Кеңінен қолданылған металдардың бірі – қорғасын.Балалар асық ойнағанда, сақа ауыр болуы үшін балқытып қорғасын құйған. Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Өнеркәсіпте көбінесе таза металдарды емес, олардың қоспаларын – құймаларды қолданады. Құймада бір құрауыштың қасиеттерін екінші құрауыштың қасиеттері жақсы толтырады. Мысалы, мыс жұмсақ металл және конструкциялық металл ретінде ыңғайсыз, ал мыс пен мырыш құймасының (жез) қаттылығы жеткілікті және машина жасауда кең қолданылады. Алюминий жақсы иіледі және жеңіл . Алюминийден , негізінде, құрамында мыс, магний, және марганец бар дюралюмин (дюраль)  құймасын алады.

Әрі жеңіл, әрі қатты дюралюмин авиация техникасында қолданылады. Темірдің көміртекпен құймалары (басқа металдар қосылған) – белгілі шойын мен болат береді..Бүгінгі күндері  таңғажайып қасиеттері бар синтетикалық заттардың сан алуан түрі өмірге келгеніне қарамастан, металдар осы заманға техникаға қажетті ең маңызды конструкциялық материал болып қалып отыр.

IІІ. Сайыс. Жұмбақтар

 1.Қымбат деп айтатындай емес алтын,

Сонда да тапты  игілік  одан  халқым.

Апарып  Айға  елімнің  туын тікті

Жемісін  ақыл-ойдың  елдің  салтын.
2.Қыздырып соқсаң иленеді,

Балға мен төстен именеді. – темір

 3. Кескен болам, кесілмейді

Кесілсе де бөлінбейді. –сынап

4. Жазылуым  бойынша  оқысаң    элементпін,

Ал керісінше оқысаң, өткізгішпін.

Ойлаңдаршы сонда мен кіммін?   Мыс – сым

ІV. Тест  жұмысы.

5.Бағалау.

6. Үйге тапсырма: ⸹18-19 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!