СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көптілділік – білім берудің жаңа сатысы»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

А.Н. Жаналиева

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІ (негізгі) деңгей

КММ «Т.Ізтілеуова атындағы № 29 қазақ орта мектебі»

«Көптілділік – білім берудің жаңа сатысы»

«Қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретіндеьтанытуымыз қажет. Бұл: мемлекеттік тіл– қазақ тілі, ұлтаралық қарым–қатынас тілі– орыс тілі және жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі– ағылшын тілі».

Н.Ә.Назарбаев

(«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауынан)

Қазақстан Республикасы- көпұлтты мемлекет. Бұл елде тұратын барша халық өз ұлттық мәдениеті мен тілін дамытуда. Себебі, халық тағдыры тілге байланысты.

Мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет еткенге дейін әрбір қазақ үшін ана тілінің, оның бұрынғы, қазіргі және болашақ тағдырының маңыздылығы туралы ойланып көрмеппін.

Өзіміз өмір сүріп жатқан елдің мемлекеттік тілін меңгеру - өмір қажеттілігі, өйткені ұлт мәдениеті халық пен тіл мәдениеті мен құндылықтары арқылы жүзеге асады. 

Мен өз оқушыларымды достық пен өзаратүсіністік тіліне баулудамын. Ұлы қазақ ақыны Абайдың өзі: «Орыстың мәдениеті мен өнерін үйрен. Орыстың тілі - дүниенің кілті. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» - деп орыс тіліне әділ баға берген.

Орыс тілі БҰҰ ресми тілдерінің бірі болып табылады. Орыс тілінің табысты қызметтері баршаға аян. Неміс ақыны И.Гете: «Шет тілдерін білмеген адам, өз ана тілінде де ешнәрсе ойлай алмайды» - деген болатын.

Көптілділікті дамытудағы бағдарлы мақсаттың негізгі мәні қазақ тілін әлемдік тілдердің деңгейіне дейін көтеру, сондықтанда біздің дербес мемлекетімізде үш тілдің- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінің тең әрі толыққанды пайдаланылуына бар жағдай жасалынған.

Өскелең ұрпақ тілдерді меңгере отырып, рухани- адамгершілік құндылықтарын дамытады, әлемдегі өзгерістерге бейімделе алады.

Біздің мектепте осы тұрғыда түрлі Тіл мерекесіне арналған іс- шаралар, тілдік олимпиадалар, сайыстар, фестивальдар дәстүрлі түрде болып тұрады. Бізде қазақ, орыс, ағылшын тілдері үйірмелері жұмыс жасайды. Оқушылар ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысады. Атап айтар болсақ, 10 «А» сынып оқушысы   Матаева Елдос   «Наукоград» Халықаралық  жобалық конкурсында жүлделі І орынды иемденіп,  І дәрежелі Дипломмен және арнайы медальмен мадақталды.

Көптілділік қазіргі уақытта өзекті ой болып отыр. Десек те, біздің оқушыларымыз өз отансүйгіштік борыштары- қазақ тілін білу екендігін сезінеді, олар мемлекеттік тілдің жеке бәсекеге қабілетті, кез- келген салада ілгері дамушылыққа ілесе алатын құндылық екенін түсінеді.

Мен және менің шәкірттерім біздің Президентімізді мақтан етеміз, білім саласында өмірлік мәні бар оңтайлы өзгерістердің біздің елімізде  болып жатқанын да мақтанышпен айта аламыз. Ал «достық пен ұлтаралық қатынастар» тілінің мұғалімі ретінде, мен оларды шынайы, әрі бар жаныммен қолдаймын. Дәл осы орайда «Мен заман легіне ілесе аламын ба? Жаһандану дәуірінің талаптарына сәйкеспін бе?» - деген риторикалық сұрағыма өз жауабым дайын: «Иә! Мен болашақтың  ұстазымын. Мен өз біліміме, қабілетіме сенімдімін және оқытудың түрлі тәсілдерін шебер түрде пайдалана аламын». Бұл уақыт талабы. Бірақ қай уақытта өмір сүрсек те, мұғалім өз ұстанымын  біледі. Мұғалім ұстанымы - жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу.

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Тұрмағамбет ауылы

Просмотр содержимого документа
««Көптілділік – білім берудің жаңа сатысы»»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!