СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект по теме " Мамандықтар "

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:              Мамандықтар.  Абдреева Лаура Нурболатовна, № 3 облыстық балалар оңалту орталығы,  дефектолог-логопед,     Қызылорда облысы, Шиелі кенті                                      Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: балалардың танымдық қабілетін арттыру. Кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіту. Дауыс ырғағын кейіпкерлердің бейнесін сәйкес сомдауға үйрету. 2.Түзете-дамытушылық: балалардың ой қиялын дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық әрекетін қалыптастыру. Зейінін, ойлау, қабылдау түйсігін қалыптастыру.  Жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту.  Қимыл-қозғалыс әрекетін жаттықтыру, саусақ, қол ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту. 3.Тәрбиелік:  рөлдік-сюжеттік ойындарға қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. Балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке үйрету. Сабақ көрнекіліктері: тақта, бор, мамандықтарды бейнелейтін маңызды суреттер (дәрігер, аспазшы, құрылысшы,  мұғалім, жүргізуші, әнші т.б)  Ертегі кейіпкерлерінің персонаждары (қуыршақ қыз, түлкі, аю, қоян, ешкі) Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, сюжеттік рольдік ойын, тақпақтар айту.

Жаңа сабақ:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  -Балалармен сәлемдесу. -Балаларды психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау. -Балалардың назарын сабаққа аудару. Армысың, шапағатты күніміз! (оң қолын жоғары көтеру) Армысың, мейірімді жеріміз! (сол қолын жоғары көтеру) Армысың табиғат анамыз (екі қолын алға созу)  Әдеппен бас иеміз баршамыз (бастарын изеу) Балалар хормен айтып, келген қонақтармен қимыл-қозғалыс қимылдарын жасап амандасу. -Балалар бүгін біздің көңіл- күйіміз тамаша секілді, -Балалардың жауаптары (иә, жақсы, тамаша) -Олай болса өткен сабақты еске түсіріп көрейікші. -Балалар мына алдарыңдағы суреттерден өздеріңе ұнаған мамандық иелерін алайық.  -Қолдаыңдағы  суреттен кімді көріп тұрмыз. -Мерей «дәрігер» дейді. -Жарайсың Мерей  қолыңдағы суретті тақтаға іле ғой. Келесі балалар кезектесіп, осылайша мамандықтардың аттарын айтып, суреттерін тақтаға іледі.  -Ал балалар, мен мына қалған суретті тақтаға ілейін. Бұл суретте біз кімді көріп тұрмыз? Балалардың жауабы ( мұғалім ) -Балалар,  мына  суреттегі адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда кімдер деп атаймыз? («мамандықтар»дейміз.) -Балалардың жауаптары: Балалардың бәрі бірге қосылып «мамандық иесі» деп айтады. - Жарайсыңдар, балалар! Сендер мамандықтық туралы біледі екенсіңдер.Бүгін біз осы мамандықтардың бір түрі актер мамандығы туралы әңгімелейміз. - Балалар біз әрбір сабақта өзіміздің сөздік қорымызға жаңа сөздер қосамыз.Бүгінгі біздің сабағымыздағы жаңа сөзі актер. - Ал, енді бізде қуыршақ театрының әртісі болып, ойнайық.  - Актер мамандығын таңдаған адамдардың не істейтінің мен сендерге айтып берейін.Біз теледидардан ертегі, кино, мультфильм көреміз.Біз бауырсақ ертегісін білемізбе? -Сол ертегідегі кейіпкерлердің ролін ойнайтындарды актер деп атаймыз. -Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? -Балалардың жауабы (иә) -Олай болса, бізге ертегіні көрсету үшін түлкі, аю, қоян, ешкі, қуыршақ қыздың кейіпкерлері болу керек. -Қане кім қандай кейіпкер болғысы келеді? Балалар өздеріне қалаған кейіпкерлердің персонаждарын алады. «Еңбекқор құмырсқа» ертегісі басталады  -Ал енді барлығымыз бірге ертегімізді бастайық. Балалар өздерінің рөлдеріне еніп, ертегі кейіпкерлерін сомдайды. - Тыңда, балам , ертегі      Ертегі сыр шертеді    Ерте,ерте ертеде    Ешкі жүні бөртедеАйша деген қыз болыпты. Айша үйінің терезесінен далаға қараса: күннің шуағы төгіліп тұр екен. Айша ойнауға далаға шықса кенеттен бір дыбысты естиді.Ол қандай дыбыс екен (балалардан сұрау) Ешкі:Мәә-Мәә деп ешкі маңырайды. Ешкі  басын изеп мен ешкі боламын.Маған тигендерді мүйізіммен сүзіп аламын. Сондықтан маған ешкім тисе алмайды. Кім күшті десе мен күштімін деймін. Қоян: Ей, ешкі сен мақтана берме. Мен де ешкімнен қорықпаймын. Себебі: менің екі ұзын құлағым бар.Ұзын құлағымның арқасында бәрін естіп қоямын. Маған ешкім тисе алмайды, тиіссе өткір тісіммен тістеп аламын.Менің жүгіргеніме ешкім ілесе алмайды. Түлкі: Мен түлкімін. Менде ещкімнен қорықпаймын.Мен барлығын ұзын тұмсығым арқылы сеземін, ал құйрығым арқылы артымнан із қалдырмаймын. Себебі: Мен қу түлкімін.  Аю: Әй, сендер не деп тұрсыңдар.Секеңдеген ешкі, қорқақ қоян, қу түлкі қане айтыңдаршы кімнің маған шамасы келеді.  Автор: Осы кезде барлығы басын бүгіп, үн түнсіз қалады.Сол кезде арқасында дәні бар құмырсқа кетіп бара жатады. Қуыршақ: Қане бәрін бастарыңды көтеріңдер,  мына құмырсқаны қараңдар өзі кішкентай болып еңбектеніп жатыр.босқа уақыт өткізбей  -Осымен біздің ертегіміз аяқталды. Кейіпкерлерді сомдағандар: -Түлкі рөлін ойнаған: Мерей -Аю  рөлін ойнаған: Саят -Қоян рөлін ойнаған : Нұрсәуле -Ешкі  рөлін ойнаған: Серікбол -Қыз  рөлін ойнаған: Маман  - Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз кейіпкерлеріңді жақсы ойнадыңдар. Ертегі сендерге ұнады ма?  Балалардың жауабы: - Ия. Балаларды ортаға шығарып: Ал, енді әрбір кейіпкердің өздері туралы тақпақтарын тыңдап көрейік. (Өздерінің ойнаған рөльдері бойынша сергіту жаттығуларын жасату). Қоян: Ұзын құлақ, сұр қоян,            Естіп қалып сыбдырды,             Ойлы қырлы жерлермен               Ытқып-ытқып жүгірді.              Қарап еді артына,             Қиығын салып көзінің,             Келе жатқан томпаңдап             Көжегі екен өзінің. Аю: Қорбаңдаған аюдың,         Құлпынайы көп екен,         Теріп-теріп алайық,         Қалтамызға салайық. Ешкі: Тауға міндім,             Ешкі бақтым,             Олай шаптым,             Бұлай шаптым,             Ешкі бақтым,            Қызық таптым. Түлкі: Балалар бәрі бірге қосылып қимыл –қозғалыс жаттығуларын жасау.  Сабақты қорытындылау. Балалардың сабаққа қатысуын жеке-жеке мадақтап, ынталандыру сыйлығын беру.

Просмотр содержимого документа
«Конспект по теме " Мамандықтар "»



Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар.

Абдреева Лаура Нурболатовна,

№ 3 облыстық балалар оңалту орталығы,

дефектолог-логопед,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: балалардың танымдық қабілетін арттыру. Кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге, ертегілер туралы түсініктерін бекіту. Дауыс ырғағын кейіпкерлердің бейнесін сәйкес сомдауға үйрету.

2.Түзете-дамытушылық: балалардың ой қиялын дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық әрекетін қалыптастыру. Зейінін, ойлау, қабылдау түйсігін қалыптастыру. Жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту. Қимыл-қозғалыс әрекетін жаттықтыру, саусақ, қол ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту.

3.Тәрбиелік: рөлдік-сюжеттік ойындарға қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. Балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке үйрету.

Сабақ көрнекіліктері: тақта, бор, мамандықтарды бейнелейтін маңызды суреттер (дәрігер, аспазшы, құрылысшы, мұғалім, жүргізуші, әнші т.б)

Ертегі кейіпкерлерінің персонаждары (қуыршақ қыз, түлкі, аю, қоян, ешкі)

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, сюжеттік рольдік ойын, тақпақтар айту.



Жаңа сабақ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалармен сәлемдесу.

-Балаларды психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.

-Балалардың назарын сабаққа аудару.

Армысың, шапағатты күніміз! (оң қолын жоғары көтеру)

Армысың, мейірімді жеріміз! (сол қолын жоғары көтеру)

Армысың табиғат анамыз (екі қолын алға созу)

Әдеппен бас иеміз баршамыз (бастарын изеу)

Балалар хормен айтып, келген қонақтармен қимыл-қозғалыс қимылдарын жасап амандасу.

-Балалар бүгін біздің көңіл- күйіміз тамаша секілді,

-Балалардың жауаптары (иә, жақсы, тамаша)

-Олай болса өткен сабақты еске түсіріп көрейікші.

-Балалар мына алдарыңдағы суреттерден өздеріңе ұнаған мамандық иелерін алайық.

-Қолдаыңдағы суреттен кімді көріп тұрмыз.

-Мерей «дәрігер» дейді.

-Жарайсың Мерей қолыңдағы суретті тақтаға іле ғой. Келесі балалар кезектесіп, осылайша мамандықтардың аттарын айтып, суреттерін тақтаға іледі.

-Ал балалар, мен мына қалған суретті тақтаға ілейін. Бұл суретте біз кімді көріп тұрмыз?

Балалардың жауабы ( мұғалім )

-Балалар, мына суреттегі адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда кімдер деп атаймыз? («мамандықтар»дейміз.)

-Балалардың жауаптары: Балалардың бәрі бірге қосылып «мамандық иесі» деп айтады.

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер мамандықтық туралы біледі екенсіңдер.Бүгін біз осы мамандықтардың бір түрі актер мамандығы туралы әңгімелейміз.

- Балалар біз әрбір сабақта өзіміздің сөздік қорымызға жаңа сөздер қосамыз.Бүгінгі біздің сабағымыздағы жаңа сөзі актер.

- Ал, енді бізде қуыршақ театрының әртісі болып, ойнайық.

- Актер мамандығын таңдаған адамдардың не істейтінің мен сендерге айтып берейін.Біз теледидардан ертегі, кино, мультфильм көреміз.Біз бауырсақ ертегісін білемізбе?

-Сол ертегідегі кейіпкерлердің ролін ойнайтындарды актер деп атаймыз.

-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

-Балалардың жауабы (иә)

-Олай болса, бізге ертегіні көрсету үшін түлкі, аю, қоян, ешкі, қуыршақ қыздың кейіпкерлері болу керек.

-Қане кім қандай кейіпкер болғысы келеді?

Балалар өздеріне қалаған кейіпкерлердің персонаждарын алады.

«Еңбекқор құмырсқа» ертегісі басталады

-Ал енді барлығымыз бірге ертегімізді бастайық.

Балалар өздерінің рөлдеріне еніп, ертегі кейіпкерлерін сомдайды.

- Тыңда, балам , ертегі

Ертегі сыр шертеді

Ерте,ерте ертеде

Ешкі жүні бөртедеАйша деген қыз болыпты. Айша үйінің терезесінен далаға қараса: күннің шуағы төгіліп тұр екен. Айша ойнауға далаға шықса кенеттен бір дыбысты естиді.Ол қандай дыбыс екен (балалардан сұрау)

Ешкі:Мәә-Мәә деп ешкі маңырайды. Ешкі басын изеп мен ешкі боламын.Маған тигендерді мүйізіммен сүзіп аламын. Сондықтан маған ешкім тисе алмайды. Кім күшті десе мен күштімін деймін.

Қоян: Ей, ешкі сен мақтана берме. Мен де ешкімнен қорықпаймын. Себебі: менің екі ұзын құлағым бар.Ұзын құлағымның арқасында бәрін естіп қоямын. Маған ешкім тисе алмайды, тиіссе өткір тісіммен тістеп аламын.Менің жүгіргеніме ешкім ілесе алмайды.

Түлкі: Мен түлкімін. Менде ещкімнен қорықпаймын.Мен барлығын ұзын тұмсығым арқылы сеземін, ал құйрығым арқылы артымнан із қалдырмаймын. Себебі: Мен қу түлкімін.

Аю: Әй, сендер не деп тұрсыңдар.Секеңдеген ешкі, қорқақ қоян, қу түлкі қане айтыңдаршы кімнің маған шамасы келеді.

Автор: Осы кезде барлығы басын бүгіп, үн түнсіз қалады.Сол кезде арқасында дәні бар құмырсқа кетіп бара жатады.

Қуыршақ: Қане бәрін бастарыңды көтеріңдер, мына құмырсқаны қараңдар өзі кішкентай болып еңбектеніп жатыр.босқа уақыт өткізбей

-Осымен біздің ертегіміз аяқталды. Кейіпкерлерді сомдағандар:

-Түлкі рөлін ойнаған: Мерей

-Аю рөлін ойнаған: Саят

-Қоян рөлін ойнаған : Нұрсәуле

-Ешкі рөлін ойнаған: Серікбол

-Қыз рөлін ойнаған: Маман

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз кейіпкерлеріңді жақсы ойнадыңдар. Ертегі сендерге ұнады ма?

Балалардың жауабы: - Ия.

Балаларды ортаға шығарып: Ал, енді әрбір кейіпкердің өздері туралы тақпақтарын тыңдап көрейік. (Өздерінің ойнаған рөльдері бойынша сергіту жаттығуларын жасату).

Қоян: Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Аю: Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Ешкі: Тауға міндім,

Ешкі бақтым,

Олай шаптым,

Бұлай шаптым,

Ешкі бақтым,

Қызық таптым.

Түлкі:

Балалар бәрі бірге қосылып қимыл –қозғалыс жаттығуларын жасау.

Сабақты қорытындылау. Балалардың сабаққа қатысуын жеке-жеке мадақтап, ынталандыру сыйлығын беру.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!