СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конкурс для родителей

Нажмите, чтобы узнать подробности

В конкурсе участвовали дети и родители.Конкурс на знание казахского языка

Просмотр содержимого документа
«Конкурс для родителей»

«Біз қазақша сөйлейміз» отбасы сайысы


Мақсаты: Мемлекеттік тілде үйретуде ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу, олардың отбасымен мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын ояту, іс-әрекеттерін қолдау.АҚТ мен жаңашыл технологиялармен ұйымдастырылған жұмыс түрлерімен таныстыру, дамыту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзге ұлт өкілдерінің қазақ ұлты туралы білімдерін кеңейту, құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастыру.Балалаларды патриоттыққа тәрбиелеу. Ертегі сахналауға қатыстыру.


Бағдарламасы: «Бауырсақ» ертегісі желісімен

Бауырсақ- Шмидт Кристьян

Қоян-Демьянның мамасы-Изратов Демьян

Қасқыр-Никитаның мамасы-Абросимов Никита

Аю- Данилдың мамасы- Косарев Даниил

Түлкі-Диананың мамасы-Алексенко Диана

Ата-Анискович Нина (логопед)

Әже-Мазурок Наталья Владимировна (психолог)

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып-тұрып, бір кезде домалай жөнеледі.

Домалай келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін!-дейді.

-Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:

«Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым. Мен сенен де қашып кетіп кетемін». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады.

1 тапсырма- Таныстыру. (Қоян)


Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді:

-Бауырсақ, Бауырсақ , мен сені жеймін!-дейді ол.

Бауырсақ Қасқырға өзінің әнін айтып береді.

-Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:

«Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым. Мен қояннан қаштым. Мен сенен де қашып кетіп кетемін». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Сөйтіп домалай жөнеледі.

2 тапсырма- Диалог «Мен қоғамдық орында» - аналар мен жүргізуші

«Бұл не?» , «Бұл қандай?», «неше?» Суреттермен жұмыс.(балалармен жұмыс)

Бір кезде Аю жолығады:

-Бауырсақ, Бауырсақ , мен сені жеймін!-дейді ол.

- Аю, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:

«Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым. Мен Қояннан қаштым. Мен Қасқырдан қаштым. Мен сенен де қашып кетіп кетемін». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады.

3 тапсырма-«Айналып-толған» -«Назови ласково» -аналар қатысады.

Балалар Игровизорда сөйлем құрайды. «Не жоқ?»


Бауырсақ домаланғаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-Бауырсақ, Бауырсақ қайдан домалап барасың?-дейді ол.

-Жолмен домалап барамын.

-Бауырсақ, Бауырсақ! маған өлең айтып берші! Содан бауырсақ:

«Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым. Мен қояннан қаштым,мен қасқырдан қаштым, мен аюдан қаштым. Мен сенен де қашып кетемін».

4 тапсырма- Түлкі- Үй тапсырмасы- аналар орындайды.

Данил мамасы: Шашу.

Диананың мамасы: Беташар, Сыңсу,Қыз ұзату.

Никитаның мамасы:Бесбармақ, бауырсақ.

Демьянның мамасы: Ұлттық киімдер туралы айтады.

Түлкі оған: -Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір қаттырақ айтшы,-дейді. Бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

-Түлкі,сен мені жеп қайтесің!-дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық.Олар сені тойғызады. Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған. Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

Ертегі аяқталады.

Шығармашылық тапсырма: «Көрпе» құрастыру.

Сайысты қорытындылау. Марапаттау.














































«Біз қазақша сөйлейміз» отбасы сайысы


Мақсаты: Мемлекеттік тілде үйретуде ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу, олардың отбасымен мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын ояту, іс-әрекеттерін қолдау.АҚТ мен жаңашыл технологиялармен ұйымдастырылған жұмыс түрлерімен таныстыру, дамыту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзге ұлт өкілдерінің қазақ ұлты туралы білімдерін кеңейту, құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастыру.Балалаларды патриоттыққа тәрбиелеу. Ертегі сахналауға қатыстыру.

1тапсырма.Мақсаты:Қазақша өзін таныстыру, өзі туралы айта білу.

2-тапсырма. Мақсаты:Қоғамдық орындарда шағын болса да диалогқа түсе алу, адамдармен мемлекеттік тілде сөйлесе білу. Сөйлеуге талпындыру, сенімділіктерін арттыру.

Балаларға: Затты атау, түсін, санын айтқызу. Бұл не? Бұл қандай? Неше? деген сұраққа жауап бере білуге үйрету.

3-тапсырма.Мақсаты: Жақсы сөздер, жылы сөздер айтқызу.

Балаларға: Игровизорда «Не жоқ?» сұрағына жауап бергізу.Сөйлем құрау, айта білуге үйрету.

4 тапсырма: Үй тапсырмасы.

Мақсаты: Қатысушыларға өз қалаулары бойынша қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, киімі, тағамы, дәстүрлері туралы орыс тілінде айтқызу.Сол туралы білімдерін кеңейту, қазақ ұлтына деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!