СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Команда бойынша лабиринттен шығуды табу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар екі топқа бөлінеді де, әр топ бір минут ішінде қарсы топ пен оның мүшелеріне мақтау мен комплимент айтуға дайындалуы керек. Олар басқа топтағы әрбір студенттің сыртқы пішінінен, адами қасиеттерінен, сабақ үлгерімінен тек жағымды жақтарын атауы қажет.

Уақыт өткен соң екі топ кезектесіп бірін-бірі мақтайды.

Просмотр содержимого документа
«Команда бойынша лабиринттен шығуды табу»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мектеп: № 23 мектеп-лицей

Сынып: 5

Мұғалімнің аты-жөні: Сагынбаева Т.Г.

Бөлім: Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Команда бойынша лабиринттен шығуды табу

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

5.3.2.2. Алгоритмді сөз түрінде ұсыну.

5.3.2.3. Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: алгоритм анықтамасын, орындаушыларын және олардың арасындағы байланысты түсіндіру

Оқушылардың басым бөлігі: алгоритм орындаушыларын және командаларын біліп мысал келтіру

Кейбір оқушылар: біліп үйренгендерін қолданып практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындау

Бағалау критерийі

Алгоритм анықтамасын тұжырымдамасын біле отырып алгоритм орындаушыларын және командаларына мысалдар келтіріп қолдана алады



Тілдік мақсат

Оқушылар алгоритмді сипаттайды;

Орындаушылар мен командалардың жұмысын ауызша түсіндіре алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: алгоритм, блок-сызба, орындаушы, команда

Жазылым дағдысы:

Алгоритм, орындаушы сөзінің үш тілде аталуы мен жазылуын білу

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктері:

Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм орындаушысына анықтама бер.

Күнделікті тұрмыстағы бір іс-әрекетке мысал алгоритм құр.

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм түрлерін атап шық?

  3. Алгоритм орындаушыға анықтама бер?

  4. Алгоритм командаларын атап шық?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу

Пәнаралық байлыныс

Қазақ тілі-түсіндірме сөздік,

Ағылшын тілі-аталуы,жазылуы

Математика-есептерге алг. Құру

Бейнелеу өнері-суреттермен жұмыс

Алдыңғы тақырып

Алгоритмнің не екенін және оның командаларын біледі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Басы





Ұйымдастыру.

Шаттық шеңберін құру

«Қар кесегі» жаттығуы арқылы өткен сабақты пысықтау.

(қағаздан жасалған қар кесегін әр оқушы бір-біріне лақтырып сұрақ-жауап алады)


Жаңа тақырыпты «ұшақ» әдісі арқылы пысықтаймын. (оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақ қанатына бір сұрақ жазып әр топ оқушылары бір-біріне қарай ұшырады және сұрақтарға жауап береді)

Жаңа сабақтың термин сөздерін стикерлерге жазу арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

1-топ: Алгоритм

2-топ: Орындаушылар

«Миға шабуыл» әдісі

1.Осы топ аттарыңның бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2.Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

3. Алгоритм, орындаушы дегендерді қалай түсінесіңдер? –Проблемалық жағдай тудыру

А4 қағазы,

стикерлер


Ортасы





Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтарға тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. Топ оқушыларының оқулықтағы мысалдарды дұрыс түсініп талдауларын бақылап, бағыт-бағдар беремін.


І тапсырма:

  1. Суретке анықтама беріңдер. Орындалу алгоритмін жазыңдар.

  1. «Ағашты отырғызу» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.











ІІ тапсырма:

Оқушыларды қатарға бөліп, тапсырма беріледі.

  1. Төмендегі алгоритмге сәйкес есептің жауабын хабарлыңдар:

Басы

5-ті 7-ге көбейт

Нәтижесіне 5-ті азайт

Нәтижесіне 6-ны бөл

Шыққан санды хабарла

Соңы.


  1. Омлет дайындау алгоритмін құр.

Жауабы:

  1. Басы

  2. Үлкен ыдыс алу

  3. 5 жұмыртқа жарып, қоспа дайын болғанша араластыру

  4. Қалауынша сүт қосу

  5. Тұз бен қара бұрышты дәміне қарай салу

  6. Табаға май құйып қыздырып, дайын қоспаны құю

  7. Дайын болғанша араластыру

  8. Соңы


  1. Берілген тапсырмалардың алгоритмін құрыңдар:

  • «Шәй қайнату» алгоритмі

  • «Мектепке бару» алгоритмі

  • «Дүкенге бару» алгоритмі

  • «Гүл суару» алгоритмі


ІІІ тапсырма:

Балалардың қайсысы дұрыс жол тауып, flash - жадыға бара алады.
















Оқулық, дәптер, А4 қағазы








Дәптер, кеспе қағаздары, қаламсап, қалам


Сергіту сәті

Мадақтау

Оқушылар екі топқа бөлінеді де, әр топ бір минут ішінде қарсы топ пен оның мүшелеріне мақтау мен комплимент айтуға дайындалуы керек. Олар басқа топтағы әрбір студенттің сыртқы пішінінен, адами қасиеттерінен, сабақ үлгерімінен тек жағымды жақтарын атауы қажет.

Уақыт өткен соң екі топ кезектесіп бірін-бірі мақтайды.



Практикалық жұмыс

Қоянның сәбізге, араның гүлге жету алгоритмін құрыңдар. Блок-сызбасын компьютерде сызыңдар.












Қағаз, қаламсап, А4 парағы

Соңы

«Конверттегі сұрақ»: (кеспе қағаздар тарату арқылы жұптық жұмыс сұрақтарын тарату)

1.Алгоритм анықтамасына тұжырымдама жаса

2.Команда деген не және оған мысал келтір

3.Орындаушы деген не және оған мысал келтір.

4.Блок-сызба деген не және оған мысал келтір.

5.Орындаушының командалар жүйесі деген не және оған мысал келтір.

6.Қалай ойлайсыңдар, күнделікті өмірде алгоритмдер нәтижеге жете ме? Қандай жағдайда алгоритм нәтижесіз болады?


-бүгінгі сабақ бойынша өз бетіңше қандай іс-әрекеттерге алгоритм құра аласың?

-қандай іс-әрекеттерге алгоритм құру түсініксіз?



Кеспе қағаздар, конверт, стикер

Бағалау критерийі

Дескриптор

Алгоритм анықтамасын тұжырымдамасын біле отырып алгоритм орындаушыларын және командаларына мысалдар келтіріп қолдана алады

Алгоритм, орындаушы, команда анықтамаларын біледі

Алгоритмнің орындалуын біледі

Күнделікті қоғамдағы іс-әрекеттерге алгоритм мысалын құра алады

Алгоритм командаларын реттілігімен орналастыра алады

Алгоритмге сәйкес есепке алгоритм құрып, жауабын айта алады

Омлет дайындау алгоритмін біледі

Берілген тапсырмаларға алгоритм құра алады

Тапсырмаға сәйкес дұрыс жол тауып, алгоритм құра алады

Алгоритмді блок-сызба түрінде жаза алады

Компьютерде блок-сызбаны сыза алады.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен қосымша көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушыларға «Менің туған өлкем – Қазақстан» тақырыбына эссе жазу алгоритмін құрып, шағын эссе жазу тапсырмасын беремін.

«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы оқушы білімін тексеремін.

ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия






Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қарсы)?

1.

2.


Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!