СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кешіре білу де ғанибет

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

КЕШІРЕ БІЛУ ДЕ ҒАНИБЕТ

Бір күні мұғалім сыныпта отырған балаларға:  - Сендердің жек көретін адамдарың бар ма? - деген сұрақ қойды.  Оқушылар ойланып қалды. Кейбіреуі үнсіз қалып, кейбірі қабақтары түйіле бастарын изеді.  Олардың әрбіріне бірден қағаз қалта таратқан мұғалім:  - Біз бір қызық ойын ойнайық, - деді. - Өткен бір жеті ішінде сені кім ренжітті, қалай ренжітті,түгелдей еске түсіріңдер.Сосын ол баланың аты мен істеген ісін тілдей қағазға жазыңдар. Мектептен қайтқан соң өзен жағасына барып, түрлі салмақтағы тастардан теріп алып, әлгі жазуы бар қағазды соған жапсырыңдар. Көңіл ауыртқан іс ауыр болса, тас та үлкен, кішкене болса, тас та кішкене болсын. Соңынан тастың бәрін қолдарыңдағы қалтаға салып маған әкеп көрсетіңдер.  Бұл тапсырма балаларға аса қызық сезіледі. Сабақтан қайтқан соң барлығы өзен бойына барып, тас тереді. Ертесіне таңертең, тастарын көтеріп мектепке келген олар бұл іс жөнінде қызу әңгімеге кіріседі. Сөйтіп, бір күн өтеді. Ертесі тағы бір күн өтеді. Үшінші күн жылжиды. Кейбір оқушылардың дорбалары тасқа толып... тіпті, көтере алмауға айналады.  Ақыры бір күні оқушылар бұл іске қарсы шығып, бас тартады.  - Мұғалім, тапсырмаңыз тым қиын екен! - дейді олар ренжіп.  - Онда қолдарыңдағы басқалардың оспадар қылығын көрсететін тастарды тастаңдар! - дейді мұғалім жымиып.  - Босқа біреудің кемшілігін "қымбат зат" көріп, жүрекке жүк қылып, арқалап жүргенше, оны кешіре білуді үйреніңдер. Өйткені уақыт оза келе кім болса да бұл ауырлыққа төзе алмайды...  Кешірімділік - шаттыққа бастар жол.  Кешіре білетін адам - ақылды адам.

Просмотр содержимого документа
«Кешіре білу де ғанибет»

КЕШІРЕ БІЛУ ДЕ ҒАНИБЕТ

Бір күні мұғалім сыныпта отырған балаларға: 
- Сендердің жек көретін адамдарың бар ма? - деген сұрақ қойды. 
Оқушылар ойланып қалды. Кейбіреуі үнсіз қалып, кейбірі қабақтары түйіле бастарын изеді. 
Олардың әрбіріне бірден қағаз қалта таратқан мұғалім: 
- Біз бір қызық ойын ойнайық, - деді. - Өткен бір жеті ішінде сені кім ренжітті, қалай ренжітті,түгелдей еске түсіріңдер.Сосын ол баланың аты мен істеген ісін тілдей қағазға жазыңдар. Мектептен қайтқан соң өзен жағасына барып, түрлі салмақтағы тастардан теріп алып, әлгі жазуы бар қағазды соған жапсырыңдар. Көңіл ауыртқан іс ауыр болса, тас та үлкен, кішкене болса, тас та кішкене болсын. Соңынан тастың бәрін қолдарыңдағы қалтаға салып маған әкеп көрсетіңдер. 
Бұл тапсырма балаларға аса қызық сезіледі. Сабақтан қайтқан соң барлығы өзен бойына барып, тас тереді. Ертесіне таңертең, тастарын көтеріп мектепке келген олар бұл іс жөнінде қызу әңгімеге кіріседі. Сөйтіп, бір күн өтеді. Ертесі тағы бір күн өтеді. Үшінші күн жылжиды. Кейбір оқушылардың дорбалары тасқа толып... тіпті, көтере алмауға айналады. 
Ақыры бір күні оқушылар бұл іске қарсы шығып, бас тартады. 
- Мұғалім, тапсырмаңыз тым қиын екен! - дейді олар ренжіп. 
- Онда қолдарыңдағы басқалардың оспадар қылығын көрсететін тастарды тастаңдар! - дейді мұғалім жымиып. 
- Босқа біреудің кемшілігін "қымбат зат" көріп, жүрекке жүк қылып, арқалап жүргенше, оны кешіре білуді үйреніңдер. Өйткені уақыт оза келе кім болса да бұл ауырлыққа төзе алмайды... 
Кешірімділік - шаттыққа бастар жол. 
Кешіре білетін адам - ақылды адам.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!