СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кеңес: «Баланың балабақшаға бейімделуде тәрбиешінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кеңес: «Баланың балабақшаға бейімделуде тәрбиешінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі»

Просмотр содержимого документа
«Кеңес: «Баланың балабақшаға бейімделуде тәрбиешінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі»»

Кеңес: «Баланың балабақшаға бейімделуде тәрбиешінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі»

Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек.
«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек»
(тәрбиешілерге арналған ақыл - кеңестер, ұсыныстар)
Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды қысымның белгілері
1. Ұйқыға жатқысы келмеу
2. Бұрын көрмеген, іс - әрекеттерден шаршау
3. Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану
4. Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық
5. Алаңдаушылық
6. Өзіне сенімсіздік
7. Қырсықтық таныту
8. Ұдайы саусақ сорғыштық
9. Қарым - қатынасқа түсуден қорқу
10. Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару
Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрсетеді, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.
Балалардың өзі - өзіне сену сезімін қалыптастыру
Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – қалада өзі - өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс - әрекеттерді орындау қажет:
1. Балаларды бір - бірімен таныстыру, бір - біріне жақындастыру;
2. Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;
3. Топпен және балабақшамен танысу;
4. Балабақша қызметкерлерімен танысу;
Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.
Балаларды бір - біріне жақындастыруға
бағытталған ойындар
1. Кел, танысайық!
Балалар тәрбиешімен бірге шеңберде тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.
2. Көпіршіктер!
Балалар орындықта жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір - бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Алдымен ойынға құштарланып тұрған балаларға барған жөн. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады.
Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз».
Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.
3. «Кімнің дауысы?»
Балалар жартылай шеңбер жасап отырады, ойын бастауға бір бала шығып, балалардың артында тұрып бір баланың атын атайды, балалар кім екенін табады. Ойын осылай жалғасады.
Балаларды балабақшаға бейімдеу барысында балаларды балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлермен таныстыру мақсатында ойындар жүргізу керек.
Әр баланы таңертеңгі қабылдауда жылы қабақпен қабылдау. Ата - анамен тығыз байланыста болу.




Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы» КМҚК

















Кеңес: «Баланың балабақшаға бейімделуде тәрбиешінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі»













Педагог-психолог: Брянова А.Ш.









2021ж.

«Балабақшаға алғаш келгенде»

Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып алып кетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы алып келіңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
•Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалдырмаңыз;
•Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің.




Ата-аналарғапсихологиялықкеңес (балабақшадағыереже)

1. Балаларыңыздыжетістік пен дәрежесіүшінемес, солқалпындасөзсізқабылдапжақсыкөретіндігіңіздісездіртіңіз.

2. Қателескеніүшінбаланыкекетіп, бетіненалмаңыз, басқабалалармен оны салыстырмаңыз.

3. Баланыңсұрақтарынажауапбергенкездешынжәнешыдамдылықпенжауапберіңіз.

4. Күндебалаңызбенжекесөйлесугеуақытбөліңіз.

5. Жасмөлшеріәртүрліадамдармендұрысқарым-қатынасжасауғаүйретіңіз.

6. Баланыңәрбіржетістігіүшінмақтапотырыңыз.

7. Балағабағабермеңіз, оныңіс-әрекетінбағалаңыз.

8. Табысқакүшпенжетугеболмайды, сондықтанбалаңызғакүшкөрсетіп, тапсырманыорындадепталапетпеңіз.

9. Баланыңқателікжіберугеқұқығы бар екенінайтыңыз.

10. Баланыңбақыттыкездерітуралыойлаңдар.

11. Үлкендербалағақалайқараса, бала да өзінесолайқарайды.

12. Жалпы, өзіңіздібаланыңорнынақойыпотырыңыз.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!