СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен ашық сабақ Қазақстан Республикасының рәміздері

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілінен ашық сабақ Қазақстан Республикасының рәміздері

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ашық сабақ Қазақстан Республикасының рәміздері»

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ

«Тілдерді оқыту орталығы»КММ

















Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

(А2 базалық деңгей)



Сабақты дайындаған: қазақ тілінің оқытушысы Г.С.Альмурзина

















Жітіқара, 2017 жыл


Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік

рәміздері


Грамматикалық тақырып: Есімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаушылардың сабаққа белсенділігін арттыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

Тыңдаушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру. 


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, үлестірме кеспе

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, мәнерлеп оқу



Өту барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Амандасу

Қал-жағдайларын сұрау

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

II Үй жұмысы

10 мин

Сөздік диктант (өткен тақырып бойынша сөздерді тексеру)

III.Жаңа сабақ

20 мин

Кіріспе бөлім

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп,қуанғам.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Құрметті тыңдаушылар өлең жолдары не туралы? (тыңдаушылар өз ойларын ортаға салады)


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы ведиоролик тамашалау».

Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?

Жедел сұхбат

Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашу (ауызша).

  • Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

  • Қазақсатан қандай мемлекет?

  • Қазақстан қайда орналасқан?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақстанның рәміздерін білесіздер ме?

  • Қазақстанның рәміздеріне не жатады?

Жаңа сөздер

Указ

Жарлық

Утвердить

Бекіту

Парящий орел

Қыран бүркіт

Святой, священный

Киелі

Понимание

Таным

Крылатые кони

Қанатты пырақтар

Принимать

Қабылдау

Прямоугольный

Тік бұрышты

Ширина

Ені

Голубой

Көгілдер

Посередине

Ортасында

Признак

Нышаны

Сияющий

Шұғылалы

Свобода

Дарқандық

Сплоченность

Тұтастық

Тишина,спокойствие

Тыныштық

Мир

Бейбітшілік

Изображен

Бейнеленген

Свобода

Еркіндік, бостандық

Бдительность, зоркость, 

дальновидность

Қырағылық

Подниматься ввысь

Биікке самғау

Добро, благоденствие

Құт-береке

Подобный; похожий

Іспеттес

Ескерту: Жаңа сөздердің ішінде сіздер үшін таныс емес сөздерді сөздік дәптеріңізге көшіріп алыңыздар.



Оқылым (15мин)

1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.





Тыңдаушыларды 3 топқа бөліп, мәтінмен жұмыс жасау.

Тапсырма:

  1. Берілген мәтінді оқу және орыс тіліне аудару

  2. Жаңа сөздердің астын сызыңыз

  3. Мазмұндаңыз





1-топ











Мемлекеттік ту

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.Ту неліктен көк түсті? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.









2-топ







Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы

Елтаңбадан  сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазаққа ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.



3-топ









Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Әнұран - бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі «gimneo» грек сөзінен шыққан және «салтанатты ән» дегенді білдіреді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында мемлекеттік әнұран екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.





Тыңдалым

Аудио тыңдау

437-439 бб. 30-жаттығу.

(Бектуров кітабы)






Сөйлесім





1-тапсырма: Сұхбаттасыңыз.

31-жаттығу 439 бет.(Бектуров кітабы)





2-тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс- бұрысын анықтаңыз.

  1. Мемлекеттік тудың түсі көгілдір.






  1. Күн тудың ортасында орналасқан.





  1. Тудың сол жағында қыран бейнеленген.





  1. Тудағы оюдың түсі сары.






  1. Тудағы оюдың түсі сары.





  1. Тудың ені мен ұзындығы бірдей.






7. Ш.Ниязбеков – тудың авторы.




Грамматикалық минимум

Грамматикалық анықтағыш 102-117 бб.

Есімдік

Заттың,құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.

Местоимение –это слова, которые указывают на предметы и лица или их признаки, но не называют их.

Есімдіктер мағыналық жағынан жеті топқа бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.


Мағынасына қарай мынандай топтарға бөлінеді:

1.Жіктеу есімдіктері –(мен,сен, ол, сіз,біз, олар т.б.)


2.Сілтеу есімдіктері – (мынау, сол, бұл, осы, анау т.б.)


3.Сұрау есімдіктері – (кім? не? қанша? қай? қайсы? қалай?)


4.Өздік есімдіктері – (өз,өзің, өзі, өзім)


5.Белгісіздік есімдіктері – (біреу, бірдеңе, әлдекім, кімде-кім, бірдеме)


6.Болымсыздық есімдіктері – (ешкім, ештеңе, ешқандай, ешбір)


7.Жалпылау есімдіктері(бәрі, бүкіл, барлығы, барлық)

Жазылым

1-тапсырма: Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.



  1. Анау ыдысты үстелдің үстіне қой.

  2. Сапардан ........... күні келген болатын.

  3. ............ тұрған көпқабатты үй – министрлік үйі.

  4. Қонақтарға арнап қымызды ............ жерден алдырды.



2-тапсырма: Топпен жұмыс. Суреттерді сілтеп, нұсқап көрсету арқылы сипаттаңыз.

1-топ 2-топ 3-топ



3-тапсырма: Тиісті қосымшаны жалғаңыз. 

... ертең рәміздер күніне келіңіз.
... гимннің сөзін білесің бе?
... маған алғыс айтты.
... Шәмшінің әнін тыңдап тұрмын.
... тудың авторын білесіз бе?
... рәміздерді айт.
... елтаңбаны бейнеледі.

Сіз
Ол 
Сіз
Мен
Сен 
Біз
Сіз



4-тапсырма: Сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.

қанатты пырақтар

жұлдыз

«Қазақстан » деген жазу

Шаңырақ біртұтастық білдіреді.

Пырақ мал шаруашылығының бейнесі.



Сергіту сәті

Топтық жұмыс.

Жұмыс шарты:

Рәміздердің авторлоры дүниеге келген өңірлері жасырылады. Өңірдің атауын қағазға жазып, ешкім көрмейтіндей бүктеңіз де араластырып ортаға шашыңыз. Сосын кезек бойынша қағазды алып қай өңір түскенін оқыңыз, бірақ сізде қай өңір екенін ешкім білмеуі тиіс.

Сол аймақ туралы толық ақпарат беруге тырысыңыз. (тыңдаушылардың ойлары, нұсқалары ортаға салынады).


ІV.Қорытынды

Бүгінгі сабақтан не білдіңіздер?

Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді?

Тудың авторы кім ?

Ту неліктен көк түсті ?

Туда нелер бейнеленген ?

Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Елтаңбада нелер бейнеленген ?

Әнұранның сөзін жазған кімдер ?

Әнұранның әнін жазған кім?


Тапсырма: Әнді тыңдай отырып, ән жолдарын толықтырыңыз.

Алтын күн аспаны,

...............................

Ерліктің дастаны,

...............................

Ежелден ер деген,

..............................

Намысын бермеген,

.................................

Менің елім, менің елім,

...................................

Жырың болып төгілемін, елім!

..................................................


Гимнді хормен айту.



V. Үй жұмысы



Сөздерді жаттау. Есімдік тақырыбын және жаңа сөздерді пайдалана отырып шағын эссе жазып келу.



Сабақ аяқталды. Рақмет. Сау болыңыздар!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!