СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады.

Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету»

Б. Жұмалиев атындағы №2 жалпы білім беру орта мектебі








БАЯНДАМА












Тақырыбы:

Инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету







Баяндамашы: Токашева Дидар










2021 жыл

Тақырыбы:

Инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету


Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады.

Бүгінгі таңда шет елдерін денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, инклюзивті оқыту тек теория түрінде ғана жасалған. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған.

Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция проблемасы бар. Бұл академик В.И.Лубовскийдің сөзімен айтқанда «қажеттіліктен» туындаған интеграция. Оның себептері арнаулы мекемелердің болмауы немесе ол мекеменің бала мен отбасынан қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнаулы мекемелерде оқытқылары келмеулері болып табылады.

Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты дамуында жетіспеушілік бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық білім Департаменті ауылдық жалпы білім беретін мекемелерде инклюзивтік оқыту шеңберінде шешілетін оның жаңалықтары, әлеуметтік маңыздылығын, проблеманың қиындығы мен жинақтылығын ескере қолдануға және арнаулы мектептері жоқ жерлерде келесі ұйымдастыру формаларын: жалпы білім беретін мектептердегі сыныптарда оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес беретін мектептердегі сыныптарда оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес береді.

Инклюзивтік оқыту сыныптары мектеп директорының бұйрығымен әр балаға оқытудың сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін қалыптастыру маңызды болып табылады.

Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты.Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары, яғни, оқыту дифференциональды, балаға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлеуметтік-мәдениетін ере дамытатын болуы керек. Теориялық білім мен негізгі пәндер бойынша оқу жоспарының міндетті компоненті олардың практикалық дағдылары мен икемдері, сонымен қатар осылардың білім стандарттарымен және оқушылардыңң шынайы мүмкіндіктерімен сай келулерін, Қазақстан Республикасына білім және ғылым министрлігінің 02.3.04 №166 «Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережелеріне» сай іске асыруға кеңес беріледі. Инклюзивті оқыту жалпы мектептің педагогынан басқаша дайындықты, жоғары мамандандырылуды, шығармашылықты және тәжірибені талап етеді. өйткені баланың психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарау оның жеке басына қосымша кемістіктер пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан инклюзивтік оқыту тек жалпы мектептердегі педагог мамандардың арнайы дайындықтары мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Мұндай дайындықтардың мақсаты жалпы мектеп, балабақша педагогының дене және ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларды толық біліммен қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады.

Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін педагог-дефектологтар жалпы білім беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар болулары керек. Мүгедек және дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына екі түрлі міндет қойылады:

1.      Баланың мектепке дайындығын анықтау

2.      Тәрбиесіндегі кемістігін жою.

3.      Сабақты жүйелі жоспарлау.

Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек дегенді атап айтады. Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4) психоанализ; 5) логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзу кабинеттері мен сыныптарға балаларын бергісі келмесе, жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ң ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Ол үшін жалпы мектептер ПМПК-ң қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер болмаған жағдайда мұғалімдерді мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

Жоғарыда айтылған ойларымды қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемсітігіне немесе ақыл-ойының баяу дамуына қарамастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін.

Әйтсе де, мұндай балалармен жұмыс істеу үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты қажет ететіндігі белгілі. Осы орайда өзіме келтіріп жүрген қиыншылықтарды айта кетсем, әр жыл сайын жалпы білім беретін мектеп бағдарламалары бойынша өзім оқытатын мүмкіндігі шектеулі балалардың жасына, сыныбына сәйкес оқу бағдарламаларын жасап отырамын. Мұндай балаларға білім беретін мұғалімдер үшін, жеңілдетілген «Рауан» баспасынан шығатын оқулықтар бойынша тұрақты оқу – әдістемелік бағдарламалары жасалынса, осындай бағдарламалар негізінде оқу-әдістемелік құралдар жасалынса, балалардың әріп, түс айыру деңгейіп дамытатын түрлі –түсті көрнекі құралдармен жеткілікті қамтылса нұр үстіне нұр болар еді. Осының барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда үлкен маңызға ие деп ойлаймын.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!