СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика бойынша практикум сабақ. Аралас құжаттар құру

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Word Pad мәтіндік редакторы және Paint графикалық редакторы бойынша алған білімдерін тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Просмотр содержимого документа
«Информатика бойынша практикум сабақ. Аралас құжаттар құру»

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Word Pad мәтіндік редакторы және Paint графикалық редакторы бойынша алған білімдерін тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық және аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:





Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Шежіре ағашы

  1. Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар.

Ол мынадай болуы керек (106-сурет)

  1. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар (фигураларды қолданыңдар) және оларды ағашқа орналастырыңдар.

  2. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер. Ортасы бойынша түзетуді тағайындаңдар.

  3. Суреттің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.

  4. Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар (теріңдер)

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінші басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар – туыстарыңның суреттерін желімдеңдер немесе редактордың көмегімен қосыңдар.

106-сурет. А-деңгейі

В-деңгейі бойынша:

  1. Әңгімеден үзінді теріңдер.

  2. Автордың тегін курсивпен, мәтін атаумен жуан әріппен ерекшелеңдер.

  3. Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.

  4. Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына Paint-те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың рекордшылары –тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз – олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр – 15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан- 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні – есек-50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.



С-деңгейі бойынша:

  1. Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  2. Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.

  3. Ерекшелеу-Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.

  4. Суреттерді рамкаларға (мысалы, мынадай виньеткаға) орналастырыңдар.



  1. Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.

  2. Мәтіннің алдына «Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.

  3. Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер.



Сабақты бекіту: WordPad мәтіндік редакторы бойынша сұрақтар қою

Үйге тапсырма: 19-26 тарауларды оқып келу, қайталау.



















































Күні____________ Сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Блокнот пен калькулятор программаларының қызметі мен мүмкіндігін, блокнотты іске қосуға және калькуляторда қарапайым есептеулерді шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық және аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:



Стандарттық программалардың ішінде тағы да бір мәтіндік редактор бар. Ол Блокнот деп аталады.

Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. (107 - сурет).

Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған.

107-сурет. Блокнот

Блокноттың қызметі – мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында Блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады.

Сендер бұл программаны қандайда бір ақпаратты – мысалы, телефон нөмірін немесе мекенжайды – жылдам жазып алу үшін қолдана аласыңдар. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы – ол өте жылдам жүктеледі.



Калькулятор

Бүгінгі күні сендер «калькулятор» сөзінің бірнеше мәнін атап, сандық ақпаратты өңдеуге арналған программалардың да мысалын көптеген келтіре аласыңдар.

Осындай программалардың бірімен бұрыннан таныссыңдар – ол Калькулятор стандарттық бағдарламасы. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастырайық.



Сандық қосымша пернетақтаны қалай қосуға болады?

Сендер сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгізе аласыңдар. Калькулятормен жұмыс істегенде келесі пернелерге назар аударыңдар:

  • Блокнот программасы – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым құрал.

  • Калькулятор Стандартты программа – сандық ақпаратты өңдеуге арналаған қосымшалардың бірі.

  • Калькулятор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады.

  • Сандық мәндерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

108-сурет. Калькулятор программасының

қарапайым режимдегі терезесі

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А-деңгейі бойынша:

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептер нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың асына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.

  1. 100-67=

  2. (30*5)-6=

  3. (456+76)-(76+3)=

  4. 6*(45+5-21)+9=

  5. 207+65-(54+32)*2=

  6. 76-9*(5-2)=

  7. (300+200)-(54+3)=

  8. 66:3+11=

  9. 80:2+4*(34+12)-1=

  10. 100+58-(34+5*2):2=

  11. 45:5+15-6*3=

  12. 670+300-2*4+(56-2)=



В-деңгейі бойынша:

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептер нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың асына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.

№1 Есеп

Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?





№2 Есеп

Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша кг жылқы еті әкелінді?



С-деңгейі бойынша:

  1. Калькуляторды іске қосыңдар:Бастау – Барлық программалар – Стандарттық – Калькулятор

  2. Түр мәзірінде Инженерлік режимді таңдаңдар.

  3. Қарапайым режимге көшіңдер (108-сурет)

  4. Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.

  5. Түр – Цифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар. Мыңдықтардың разрядтары саннан ажыратылған.

  6. Түр – Журнал таңдаңдар2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.

  7. Журналды тазалаңдар: Түзету – Журнал-Тазалау





Сабақты бекіту: 195 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру

Үйге тапсырма: 27 тарауды оқып келу, қайталау.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!