СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Философия тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект по истории философии

Просмотр содержимого документа
«Философия тарихы»

1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.  Презентация жасау

2. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.. Презентация жасау

1, Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді

  • 2, Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

  • Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.



2, м


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!