СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі заманауи технологияларды пайдалудың жолдарын көрсету». (шеберлік сынып)

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұрым – бұлақ таудан аққан құлатқан Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан Момақан боп жүрген бүгін әкең де Талай қызды шаштан тартып жылатқан

Просмотр содержимого документа
««Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі заманауи технологияларды пайдалудың жолдарын көрсету». (шеберлік сынып)»

ӘДЕП – ЕҢ ҚЫМБАТ МИРАС

 

•     Мақсаты:      Оқушыларды сыпайы сөйлеуге, адамдармен әдепті қарым-қатынас жасай білуге, инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттерінің негізгі арқауы екендігін үйрету;

–                Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту;

–                 Ұлттық салт-дәстүр, ырыммен таныстыру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жолдастық сыйласымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

       Әдісі:

             Топтық жұмыс, сұрақ-жауап,  әңгімелесу, ой қозғау, пікір алысу, диалог түрінде өткізу, топтастыру.

Көрнекілігі:

Әдеп-ғұрыпқа байланысты суреттер, Венн диаграммасы, слайд топтамасы, ұлттық киім киген оқушылар

 

Сабақ барысы: 1. Кіріспе

Мұғалім: Мәнге толы қазағымның тірлігі,

                        Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

                        Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

                          Ғажап екен әдеп пен ғұрыбы, дегендей қазақ халқында, оның тіршілік аясында адамдармен қарым-қатынасында толып жатқан әдеп-ғұрыптар мен әдеттер қалыптасқан бұл олардың өзіндік рухани байлығы, рухани тазалығын көрсетсе керек.

Құрметті оқушылар, сендер міне оқушы болдыңдар. Оқушы болғаннан кейін мектеп ережелерін яғни өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, үлкенді сыйлап, кішіге көмек беру керек екендігін білулерің қажет. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда осы әдет, әдеп жөнінде айтамыз.

Оқушыларды 2 топқа бөлу.

І-топ  “Ұқыптылар”

ІІ-топ “Тәртіптілер”

 

Топтарға берілетін тапсырмалар:

1)    “Даналық әліппесі” мақал-мәтелдер айту;

2)    “Ұрпаққа мұра” ырым сөздер айту;

3)    Өнер көрсету

4)    “Сахналық көрініс”

5)    Жаман бала, жақсы бала – топтастыру;

6)    Қорытындылау.

 

Мұғалім: Әдептілік түрлері көп

ӘДЕПТІЛІК

–     Cөз әдептілігі

–     Іс әдептілігі

–     Мінез әдептілігі

-Үйге, не сыныпқа жасы үлкен адам келді,

не істейміз ?

-Сәлемдесеміз.

 Балалар! Сәлемдесудің де түрлері көп.

Көрініс. 2 ер бала қол берісіп  амандасады.

-Ассалаумағалейкум! (сізге амандық тілеймін)

-Уағалайкумсалам! (сізге де амандық тілеймін)

  2 қыз бала амандасады

 -Сәлематсың ба құрбым ?

 -Сәлематсың ба,қалың қалай?

Мұғалім:
- үлкен адамдар жақсы тілектерін айтып жатады. Мысалы “бақытты бол”, “көп жаса”, “өркенің өссін” т.б.

- сәлемдесу де әдіптіліктің белгісі, үлкен адамға сәлем беру, кіші адамның міндеті. 
-қазақта “Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді” деген әдеп бар. 

-әдепті болу тек сәлемдесу емес, ата-ана, ұстаз, бір-біріңді, бауырыңды сыйлау, ретсіз сөйлемеу, күлмеу, дастархан басында әдепті отыру, дұрыс киіну, жүру-тұру да әдіптілікті талап етеді.

ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕСІ

Қыз балалар үшін:            

•     Қыз қылығымен сүйкімді болу;

•     Қызға қатты күлудің қажеті жоқ;

•     Ата-ананы сыйлау, көмектесу;

•     Қыз бала сабырлы, әдепті болуы керек;

•     Көп сөйлемеу, өтірік айтпау,

•     Дене тазалығын сақтау;

•     Бойды дұрыс алып жүру;

•     Сыпайы болу т.б.

 Ұлдарға кеңес:

•     Үлкенге инабатты, кішіге қамқор болу;

•     Жалған сөйлемей, өсектен аулақ бол;

•     Пайдасыз іске уақытыңды кетірме;

•     Қыздарға көмектесу;

•     Жаман сөздер айтпау;

•     Еңбекқор болу;

•     Сабақтан кешікпеу т.б.

   Даналық әліппесі (мақал-мәтел айту)

І-топ “Ұқыптылар”

1. Алыстан сәлем береді,

   ұқыпты елдің баласы.

2. Жақсы сөз жарым ырыс.

3. Әдепті бала арлы бала,

   Әдепсіз бала сорлы бала.

4. Көп жасаған қария,

Ақылы асқан дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ өзі бар.

                                       5. Әдептілік ар-ұят,

                                       Адамдықтың белгісі.

                                       Тұрпайы мінез тағы бар,

                                       Надандықтың белгісі.

                    ІІ-топ “Тәртіптілер ”

1.Сәлемдесу әдептіліктің белгісі.

2.Алыстан алты жасар бала келсе,

 Алпыстағы қария сәлем береді.

3. Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күні бармақты.

4. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

   Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

5. Қызға қырық үйден тию

 

ҰРПАҚҚА МҰРА  (ырым сөздер)

І-топ “Ұқыптылар”

-      Үлкеннің алдын кесіп өтпе,

-      Біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөлме,

-      Нанды аяқ астына тастама,

-      Дастарханды баспа, аттама,

-      Жерге төгілген ақты баспа,

-      Үйде отырған адамдарды санама,

-      Қызға ер балаға аяқ көтеруге болмайды,

-      Оқушылар бір-бірін балағаттауға болмайды,

-      Бас киімді лақтыруға, онымен ойнауға болмайды,

-      Сыпырғышпен адамды ұруға болмайды,

-      Құран оқығанда күлуге болмайды т.б.

ІІ-топ. “Тәртіптілер”

-      Ер балалар қыздарға дөрекі сөздер айтпайды.

-      Қыздар өздерін сыпайы ұстауы керек.

-      Есікті теуіп ашуға болмайды.

-      Жолдасының сөзін аяғына дейін тыңдайды.

-      Ас ішердің алдында “Бисмилләһи рахмани-рахим” деп наннан ауыз тиген соң басқа тағамды жейді.

-      Адамға қарап керілуге, кекіруге болмайды,

-      ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕДІ

-      (Әр топтан оқушылар өнерлерін көрсетеді)

ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН.

ЖАҚСЫ БАЛА

·       ТАЗА

·       ҰҚЫПТЫ

·       ӘДЕПТІ

·       МЕЙІРІМДІ

·       ШЫНШЫЛ

·       ТӘРТІПТІ

·       БІЛІМДІ

ЖАМАН  БАЛА

·       Тілазар

·       Мақтаншақ

·       Өтірікші

·       Әдепсіз

·       Еріншек

·       Нашар оқиды

 

АЛЫСТАН КЕЛГЕН ХАТТАР

1-хат: Құрметті достар!

 Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанып отырады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы.

Астана қаласы,

22 мектеп

2 сынып оқушысы

Ахметов Айдос

 

2-хат: Құрметті достар!

Менің көршімнің баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп,ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

2 сынып оқушысы

Түсіпбаева Арайлым

 

Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы бар, надандықтың белгісі.

Әдепті

·       Қамқор

·       Ізетті

·       Талапты

·       Қайырымды

·       Ізетті

·       Ұятты

·       Сыпайы

·       Тәртіпті

·       Арлы

·       Адал 

Әдепсіз

·       Рақымсыз

·       Еріншек

·       Мақтаншақ

·       Арам

·       Көргенсіз

·       Тәртіпсіз

·       Жағымпаз

·       Ұятсыз

Адам бойындағы мінез:

1)     Еңбексүйгіш, мейірімді, кішіпейіл, қамқор, ақкөңіл, тазалық, сабырлы, тәртіпті, бауырмал т.б.

2)     Өтірікші,өсекші, мақтаншақ,еріншек, ұрыншақ, қорқақ, зұлымдық, жалқау,салақ,залым т.б.

Ендеше ӘДЕПТІЛІК туралы Абай атамыздың қандай өлеңін білеміз?

Не деу керек? (6 оқушы айтады)

•     Мұғалім:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Сауатсыз деп жазғырған

Ата-баба ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан жанымыз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халықпыз,

Өзге ұлттай біздің де

Сақталады салтымыз – дей келе тәрбие сағатымызды

аяқтайық.

Қатысушы топтарды мадақтау, сыйлықтар беру.

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!