СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік»

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

:«Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік»

                     (Атажұрт интеллектуалдық тарихи танымдық ойын)

Просмотр содержимого документа
««Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік»»

Сабақтың тақырыбы:«Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік»

(Атажұрт интеллектуалдық тарихи танымдық ойын)

Сабақтың мақсаты:

- Қазақ мемлекеті туралы оқушылардың алған білімін сүйене отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру;

- Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге қалыптастыру;

- Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, патриоттық тәрбие беру;

Сабақтың көрнекілігі: Тәуелсіздік шежіресіне арналған плакат, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

2) Ортаға интеллектуалды ойынға қатысатын оқушыларды шығару.

Қатысушы:9,10 – сынып оқушылары, «Тұлпар» және «Қыран» командалары.

Кіріспе сөз. Қадірменді қонақтар! «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты Атажұрт интеллектуалдық тарихи танымдық ойынына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең- байтық еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз - Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Сайыстың жоспары: (слайдта көрсетіліп тұрады)

  • 1 тур: «Қанат қақты» - капитандар сайысы. 1минутта 1 сұраққа жауап.

  • 2 тур: «Самғау»: ұпайы көп команда бастайды.

Қосымша көмек беріледі. 5 минутқа сұрақтар беріледі.

  • 3 тур: «Шарықтау» – жанкүйерлер сайысы.

  • 4 тур: «Шырқау» - Бейнесюжет арқылы сұрақ.

  • 5 тур: «Жерұйық» - сұрақ – жауап. 5 сұрақ.

  • Ойын қорытындысын шығару.

Жүргізуші 1:

Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.


Жүргізуші 2: Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып, қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

Жүргізуші 1:

Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау,

Кербез орман, көркем бел,

Лебі жұпар, ерке жел.

Жанға сая, панамыз – Қазақстан көркем жер!

Жүргізуші 2:

Бүгінгінің биігіне көз салып көр еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан, бір – біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарына барласаң,

Бір шынардың бұтағындай,

Күн нұрына таласқан.

Жүргізуші 1:

Қазақстан – бүгін міне достықтың туын тіккен жер!

Мәуелі бақтай жемісін шашып көп ұлттар.

Бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Жүргізуші 2:

Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,

Байлық пенен ырысқа,

Әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы,

Менің байтақ мекенім!


Бірлікке білек қосылып,

Жүрекке жүрек тіл қатты,

Ағайынды адамдай,

Ұғысқан көңіл тым қатты.

Жүргізуші 1:

Бүгін міне,

Өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз.

Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде,

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға

Самға – самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Жүргізуші 2:

Бүгін міне

Қазақ халқы азат болды,

Орын алды тарихтың төрінен.

Бақыт тапты, шаттық көрді,

Қош айтысты сан ғасырлық шерімен!


Жүргізуші 1:

Бүгін міне,

Азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты,

Ел мерейін асырды,

Егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Жүргізуші 2: Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын, ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, Тәуелсіздік даңғылына түскенімізге 30 жыл толды.

Жүргізуші 1: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген Тәуелсіздік біздің халқымызға аса қымбат. Себебі, Тәуелсіздік ата – баба рухын көтерді. Сөнген мемлекетіміздің отын маздатты. Елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

Жүргізуші 2: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызда қаз – қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата – жұртын сүйдірді.


Жүргізуші 1: Ендеше, «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты Атажұрт интеллектуалдық тарихи танымдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойынға қатысушылар 9 «А» сынып оқушылары.

Командаларды таныстыра кетсек:

1 команда – «Тұлпар» командасы.

Команда басшысы:______________________________________________

2 команда – «Қыран» командасы.

Команда басшысы:______________________________________________

Жүргізуші 2: «Ал енді, іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

1 тур: «Қанат қақты» бөлімі бойынша командаларға 7 сұрақтан беріледі.

Алдымен, «Тұлпар» командасы бастайды.

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды. (1991 жыл 16 желтоқсанында Республика Жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында).

2. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы. (Президент).

3. Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы қай жылы берілді? (1996 жылы). 

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылдың 4 маусымы).

5. Қазақ жастарының тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен күні? (1986жыл 16желтоқсан).

6. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны. (8500 – ге жуық)

7. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы Коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспардың аты. (Бұрқасын – 86)

Сіздерге қойылар сұрақ аяқталды, ал енді келесі командаға кезек береміз.

Жүргізуші 1: Ал «Қыран» командасы дайын болыңыздар.

1. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік Әнұраны қашан бекітілді? (1992 жылдың 11 желтоқсаны).

2. 1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның Тәуелсіздігін әлемнің неше елі таныды? (18 ел).

3. 17 желтоқсан – қандай күн болып жарияланды? (Демократиялық жаңару күні).

4. 11. «Желтоқсан-1986» ісі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы құрған арнай комиссияның төрағасы кім? (Мұхтар Шаханов)

5. «Желтоқсан желі» әнінің авторы кім? (Әбиірбек Тінәлі).

6. Қазақстанның дамуының перспективалық мақсаттары анықталған Н.Назарбаевтың жарқын және есте қаларлық алғашқы жолдауы қай жылы шықты және қалай аталды? (1997 жыл, «Қазақстан – 2030» бағдарламасы).

7. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауда Елбасы бірінші кезекке қандай мәселелерді қойды? (Әлеуметтік мәселелерді).

Сіздерге де сұрақтар аяқталды. Ал енді, 1 – ші турдың ұпай сандарын шығарамыз:

«Тұлпар» тобы:_________ ұпай.

«Қыран» тобы:_________ ұпай.

Жүргізуші 2: Біз ары қарай жарысымызды жалғастырамыз. Келесі тур «Самғау» деп аталады. Әр командаға 5 сұрақтан беріледі. Жауап табуға 1 минут уақыт, ал таба алмаған жағдайда қосымша көмектер бар. Ал, жауап жоқ болса, қарсы топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.

Ұпайы жоғары команда бірінші болып бастайды..

«Тұлпар» командасына қойылатын сұрақтар. Ал, дайын болыңыздар.

1. Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, Мемлекеттің алтын қорын жинауды қай жылы бастады? (1992 жылы қаңтарда)

2. Қазақстан қай жылдан бастап, неше халықаралық ұйымдарға мүше болды? (1997 жылдан бастап 60-тан астам)

3. Қазақстанда ең алғаш қашан бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты?

(1992 ж 6 қаңтарда)

4.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы Қазақстан Республикасы деп атауын қашан өзгертті? (1991 ж. 10 желтоқсанда)

5. ТМД қашан құрылды? (1991 ж)

Сіздерге қояр сұрақтар аяқталды. Кезекті «Қыран» командасына береміз

Жүргізуші 1: Ал, «Қыран» командасы дайын болыңыздар.

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993ж 28 қаңтар)

2. Қазақстандық киноматогрифистредің алғашқы түсірген көркем фильмі (Амангелді)

3. 1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің Президиумы кімге «Қазақ даласының батыры» атағын берді? Қажымұқан Мұңайтпасұлына.

4. Қазақстан қашан БҰҰ мүшелікке қабылданды? (1992 ж. 2 наурыз)

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қашан қабылданды? (1997 жылы 20 маусым)

Сіздерге де қойылатын сұрақтар осымен тәмам.

Ал енді, ұпай сандарын есептейміз.

2 – ші турдың қорытындысы бойынша:

«Тұлпар» тобында:_________ ұпай.

«Қыран » тобында:_________ ұпай.

Жүргізуші 2: Біз әрі қарай интелектуалдық ойынымызды жалғастырамыз. Келесі 3 – ші тур «Шарықтау» - жанкүйерлер сайысы деп аталады.

Ал, жанкүйерлер сіздер дайын болсаңыздар, біз сұрақтарымызды қоя берейік.

1. Түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі (Қожа Ахмет Яссауи)

2. Қазақстан жерінде Алманың отаны саналған қала. (Алматы)

3. Қазақстанда неше Алтын адам табылған және қай жерлерден?

4. Қазақфильм мен Голливуд бірлесіп түсірген кинофильмнің атауы.

5. Ұлы Отан соғысындағы ұшқыш батыр қыз кім?

Құрметті жанкүйерлер, сіздерге қойылатын сұрақтарды осымен аяқтаймыз. Сұрақтарға жылдам, әрі нақты жауап берген жанкүйерлерімізге қошемет көрсетіп қойсаңыздар.

Жүргізуші 1: Ал біз, келесі 4 - ші турға өтеміз, ол – «Шырқау» деп аталады. Бұл турдың шарты бойынша сіздерге бейнесұрақтар беріледі.

«Тұлпар» тобына қойылатын бейнесұрақтар:

1. Қытай данышпаны былай деп айтқан екен. Егер сіз болашақты 1 жыл бұрынға ойласаңыз, күріш егіңіз. Ал 2 жыл бұрын ойласаңыз, онда ағаш отырғызыңыз депті.

Сұрақ: Ал көп жылға бұрынға ойласаңыз не істеу керек? (адам тәрбиелеу)

2. Алдарыңызда ет немесе сүр ет, ұн, дән, су, тұз, сүт, май, езілген құрт тұр деп ойлаңыздар, осы заттардан қандай тағам жасалады? (Наурыз көже)

Сіздерге қойылар бейнесұрақтар осымен аяқталды, кезек «Қыран» командасына беріледі.

«Қыран» командасына қойылар бейнесұрақтар.

1.Қазақ жеріндегі монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған ммелекеттер пайда болды. Сонда мемлекеттердің бірі ХІІ ғасыр мен ХV ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақтағы ел Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы-Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы болды.

Сұрақ: Сөз қай мемлекет жайында болып отыр? (Ақ Орда)

2. Шығыстан Еуропаға дейін жорық жасап, кейінен Еуропалықтарды қызықтырып сол ел жайында деректер жинау үшін италиялықтар, француздар саяхатшылар ұйымдастырады. Сол елдің әскери күшін, салт-дәстүрін, шаруашылығын білу және христиан дінін уағыздау мақсатында.

Сұрақ: Жорық жасаған және еуропалықтарды қызықтырған қай ммелекет? (Моңғолдар)

Сіздерге де сұрақтарымыз аяқталды. Ал енді 4 – ші турдың қорытындысы бойынша ұпай сандарын есептейміз.

«Тұлпар» тобында:_________ ұпай.

«Қыран» тобында:_________ ұпай.

Жүргізуші 2: Ал біз интелектуалдық ойынымызды жалғастыра отырып, соңғы 5 – ші турға өтеміз. «Жерұйық» кезеңіне мұнда «Жанды сұрақтар» беріледі..

1. «Тұлпар» тобына:

1. Ежелгі костюмдер тарихы қай елден басталады? (Египет)

2. Кітап басып шығаруды ең алғаш кім ойлап тапты?

(Неміс ғалымы Иоганн Гутенберг)

3. «Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ» кімнің сөзі? (М.Әуезов).

2. «Қыран» тобына:

1. Мода қай елдің сөзі? (Француз).

2. Көне заттарды сақтайтын орын не деп аталады? (Мұражай).

3. Өнер-білім туралы қандай қанатты сөздер білесіңдер?

4. Сұрақ екі командаға ортақ. Жұмбақ көрініс.

Әкесі мен баласы: әкесі баласына 5 жебені алып сындыртады: 1-ші бір жебе, 2-ші екі жебе, 3-ші үш жебе, 4-ші төрт жебені 5-ші 5 жебені.

(Бұдан оқушылар нені түсінгендігін айтады, нақты мағынасы ашылған жауап бағаланады)

Жүргізуші

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
Жүргізуші
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!

Ендеше, ойынымыздың мәресіне де жеттік. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.






























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!