СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дені саудың, жаны сау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау

Сабақтың мақсаты: «Бірінші байлық –денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету.Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Ойлау,есте сақтау қабілетін дамытып,өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар,мәнжазбалар, қима қағаздар,ойын элементтері. ( «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бойынша,ашық хаттар салынған конверт, «Шыңға шығу» ойыны бойынша салынған шыңның суреті.)

Жоспар

І. Оқушыларды үш топқа бөлу

а) «Сауықтыру саяхатшылары»

ә) «Тазалық саяхатшылары»

б) «Спорт саяхатшылары»

ІІ. 1-топпен бірге «Зиянды заттар» ауылына саяхат, «Миллион кімге бұйырады?»ойынын ойнау.

ІІІ. 2-топпен бірге «Тазалық» ауылына саяхат, «Көзқарас» (Хаттарға пікір білдіру).

ІІІ. 3-топпен бірге «Спорт» ауылына саяхат, «Шыңға шығу» ойынын ойнау.

Барысы.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: «Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық -денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ.Осы қымбат та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз қажет? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар,біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты –оқушыларға  «Бірінші байлық –денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету.Зиянды әрекеттердің зияны туралы айта отырып,одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.Ойлау,есте сақтау қабілетін дамыта отырып,өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап,спортпен шұғылданып,денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әрекеттерден аулақ болуы керек.Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен?Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері,өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» сапар шегеді.Ендеше саяхатшыларымызбен таныс болыңыздар.

1-топ.Темекі шекпейміз,ішімдік ішпейміз.

Темекі ме,ішімдік пе.

Біз оған қызықпаймыз.

Оған уақыт та жоқ, -деген ұстаныммен зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыратын «Сауықтыру саяхатшылары».

2-топ. «Тазалық –саулық негізі,

Саулық –байлық негізі» деген ұранмен тазалық әлеміне сапар шегіп,тазалықтың қыр –сырымен таныстырып,өздері секілді достарыңның хаттарына көзқарастарын білдіретін «Тазалық саяхатшылары».

3-топ. «Намысты қолдан бермейміз,бермейміз,бермейміз!» деген ұранмен спорт еліне саяхат жасаушы «Спорт саяхатшылары».

Мұғалім:Міне,біздер бүгінгі саяхат сабағымызда осы саяхатшы топтар арқылы денсаулығымыз үшін ненің зиянды,ненің пайдалы екендігіне көз жеткіземіз.

Әр топ өздерінің жазып келген мәнжазбаларын оқиды.

«Сауықтыру саяхатшылары» «Зиянды заттар және олардың адам өміріне тигізер зардабы» тақырыбында.

«Тазалық саяхатшылары» «Тазалық –денсаулық негізі» тақырыбында.

«Спорт саяхатшылары» «Спорттың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында.

Мұғалім: Ал оқушылар,біз сендермен бірге әрі қарай сабағымызды «Денсаулық әлеміне» саяхат жасау арқылы жалғастырмақпыз.Бұл саяхат арқылы біз «Денсаулық» атты үлкен шыңның басына шығуымыз керек.Ол шыңның басына тек сендердің күштеріңмен ғана жете аламыз.Ол үшін ауылға соғып,солардың сындарынан сүрінбей өтуіміз керек.Алдымен «Сауықтыру саяхатшылары» «Зиянды заттар» ауылына соғып, олардың адам өміріне тигізер кесірі туралы сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойынының әдісі бойынша жауап беруі арқылы бізді «Тазалық» ауылына жеткізіп салады.Әрі қарай «Тазалық саяхатшылары» конверттегі өздері секілді достарының жазған хаттарына өз пікірлерін айтып көзқарасын білдіреді.Бұл топ бізді «Спорт саяхатына» алып келеді. «Денсаулық» шыңына алып шығу «Спорт саяхатшыларының» еншісінде.Ол үшін «Спорт саяхатшылары» шыңның суретіндегі берілген кедергілер нүктелер арқылы көтеріледі.Әр нүктеден жоғары өту үшін сұрақтарға жауап беру керек.Егер барлық сұраққа дұрыс жауап алынса,біз «Денсаулық» атты шыңның басына шығамыз.

«Зиянды заттар» ауылына саяхат

Бұл ауылдан өту шарты:саяхатшыларға 15 сұрақ беріледі.Сұраққа оқушылар топ болып жауап береді.15 сұраққа түгел жауап берген жағдайда саяхатшылар зиянды заттар ауылынан өтеді.

Пайдаланылатын жеңілдіктер:

1) 50/50

2) қалаған ұстазының көмегі

3)сабаққа қатысушы барлық ұстаздардың көмегі.

1.Тапсырмалар

1.Дені саудың -...сау.

а) күні

ә) өзі

б) жаны

в) басы

в) басы

2.Темекі шегушіліктен 1күнде 68адам өмірден өтсе,1 жылда қанша адам өмірімен қоштасады?

 а) 40мың

ә) 15мың

б) 25мың

в) 30мың

3.Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынады?

а) 18 жас

ә) 16 жас

б) 14 жас

в) 17 жас

4. Адам өміріне зиян емес затты табыңыз?

а) қымыз

ә) темекі

б) наша

в) арақ

5. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады?

а) тұмау

ә) гастрит

б) туберкулез

в) рак

7.Темекі шегетін адам ауаға төмендегілердің қайсысын шығармайды?

а) аммиак

ә) синиль қышқылы

б) никотин

в) су буы

8. Төмендегі атаулардың қайсысы темекі емес?

а) Бонд

ә) Гималай

б) Медеу

в) Прима

9. Жасөспірім неліктен шылым шегеді?

а) еліктеушіліктен

ә) ауырғаннан соң

б) бойын өсіру үшін

в) ата анасының айтуымен

10. Темекі шегетін адам қандай ауруға жиі шалдығады?

а) бүйрек

ә) өкпе қабынуы

б) жүрек

в) нашар көргіштік

11. Ішімдік құрамында кездесетін улы зат?

а) никотин

ә) алкоголь

б) көмірсу

в) ақуыз

12. «Филипп Моррис» компаниясы не өндіреді?

а) темекі

ә) арақ

б) тәтті

в) печенье

13. Темекі,ішімдік,нашаның адам өміріне қандай зияны бар?

а) қарнын аштырады

ә) көңілін көтереді

б) денсаулығын құртады

в) өмірін ұзартады

14. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

а) күн тәртібін сақтап,спортпен шұғылдану

ә) зиянды әдеттерге бой алдыру

б) шылым шегу

в) тазалық сақтамау

15. «Жақсыдан үйрен, жаманнан...»

а) сескен

ә) үйрен

б) жирен

в) құтыл

Мұғалім: «Зиянды заттар» ауылынан өтіп, «Тазалық» ауылына келдік. «Тазалық» ауылының жас саяхатшыларымызға қояр талабы –олар үлкен конверттің ішіндегі хаттардағы сұрақтар мен ситуациялық жағдаяттарға өз ойларын білдірулері керек.

«Тазалық» ауылына саяхат

1-сұрақ.Жан тазалығы,тән тазалығы дегеніміз не? Айырмашылықтары қандай?

2-сұрақ. «Тазалық –саулық негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

3-сұрақ. Дұрыс тамақтану жөнінде не айтар едіңіздер?

4-сұрақ. Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіздер?

5-сұрақ. (Хат оқылады) «Менің інім –үйдің еркесі.Таңертең ұйқыдан тұрғанда,тамақ ішер алдында қолын жумастан отыра салады.Осындай жаман әдетке үйренген інім өсіп,ержетіп келеді.Менің айтқан ақылымды құлағына аспайды.Бірақ тамақ ішер алдында жуынуға дағдыландыруды ата-анам маған міндеттеді.Маған қандай ақыл қосар едіңдер?Сендер қандай әрекет жасар едіңдер?

6-сұрақ. (Хат оқылады) «Мен сыныпта тазалықшы қызметін атқарамын.Мен досымның тырнағын алмағанына бірнеше рет ескерту жасадым.Бүгін мектепте оқушылардың тазалығына орай жиын болды.Мен тазалық сақтамаған оқушылардың арасында өз досымды да атап айттым.Жиналыс аяқталысымен досым маған қарамастан бұрылып кетті, яғни ренжіп қалған.Досымның әрекетіне көзқарастарың қалай,өздерің қандай әрекет жасар едіңіздер?»

7-сұрақ. (Хат оқылады) «Менің есімім –Мағжан. 7-сыныптаоқимын.Тазалық сақтағанды жақсы көремін,сондықтан болар мектепте киіміме кішкене шаң немесе бор жұқса,сүртемін.Тіпті партаға отырарда да орындықты сүртіп отырамын.Менің әрекетім сыныптас құрбыларыма ұнамайтын болуы керек,олар мені «Тазайын,партаның шаңы бізге жұқпай,саған жұғып қала ма?» деп мазақ етеді.Маған және достарыма қандай ақыл-кеңес айтар едіңдер?Мүмкін осыншама тазалық сақтаудың да керегі жоқ шығар?

 8-сұрақ. (Ата-анадан хат) «Менің балам 6-сыныпта оқиды.Есімі - Ербол.Ол мектептен келе салысымен киімін де шешпестен теледидар алдына жайғасады.Сөмкесі есіктің босағасында қалады,менің ескертуімді құлағына ілместен теледидар қарап отыра береді.Болмаса,компьютерлік ойындар ойнайды.Мектеп формасының бүлінетініне мен қапаланамын.Ерболдың бұл қылығына не айтар едіңдер?»

Мұғалім: Міне,оқушылар біз «Спорт» ауылына да келіп жеттік. «Спорт» ауылының сендерге артар сыны «Шыңға шығу» бөлімін бастаймыз.

«Спорт» ауылына саяхат

  1. Денені шынықтыру дегеніміз не?
  2. Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
  3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  4. Салқын суға шомылудың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
  5. Ұлттық ойындарға нелер жатады?
  6. Волейбол ойыны және  оның адам ағзасына қандай әсері бар?
  7. Гимнастика жаттығуларының адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?
  8. «Спорт-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  9. Қазақстаннның туын көкке көтеріп,намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?
  10. Өздерің қандай спорт түрлерімен айналысасыңдар?

Оқушылар жауап береді.

Мұғалім: Міне,оқушылар біз сендермен бірге «Денсаулық» атты биік шыңды бағындырдық.

Қорытынды.

Мұғалім: Сонымен,балалар,біз бүгінгі сабағымыздан көп нәрсені үйреніп,көкейімізге тоқыдық деген сенімдеміз. «Денім сау болсын десең...»

1-оқушы: Зиянды әдеттерден

2- оқушы: Шылым шегуден

3- оқушы: Ішімдік ішуден

4- оқушы: Нашақорлықтан

5- оқушы: Өтірік айту мен жалқаулықтан аулақ бол.

6- оқушы: Тазалық сақта.

7- оқушы: Өз деніңнің сау болғанын қаласаң,өзгеге саулық тіле

8- оқушы: Уақытында дұрыс тамақтан.

9- оқушы: Спортпен шұғылдан.

10- оқушы: Ағзаңды шынықтыр.

11- оқушы: Күн тәртібін сақта.

12- оқушы: Қоршаған орта тазалығын сақта.

13- оқушы: Әуелгі байлық -денсаулық,

Екінші байлық - он саулық.

Үшінші байлық - ақ жаулық.

14- оқушы: Тұмау түбі құрт болар,

Тұман түбі жұт болар.

15- оқушы: Тазалық -саулық негізі,

Саулық - байдық негізі.

16- оқушы: Екі ауру бір келсе,ажалыңның жеткені.

17- оқушы: Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

Мұғалім: Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сау болыңыздар!

Просмотр содержимого документа
«"Дені саудың, жаны сау"»

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!