СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама: «?рпа? т?рбиесі-?лт болаша?ы»

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

?р  ?лтты? ?ай  кезе?де  болмасын  алдында   т?ратын ?лы міндеттеріні?   е? бастысы ?зіні? ісін,  ?мірін жал?астыратын  салауатты  саналы  ?рпа?  т?рбиелеу. Болаша? ?о?ам  иелерін  жан-жа?ты жетілген, а?ыл  парасаты  мол, м?дени, ?ылыми  ?рісі  озы? етіп т?рбиелеу  а?а  буынны?  ?о?ам алдында?ы зор  борышы. Ал  жастарды жан-жа?ты ?абілетті  азамат  етіп ?сіруде  халы?ты? салт  д?ст?рлерді?  т?лім -т?рбиелік  білім  танымды? ролі  зор.  ?аза?  хал?ы —  рухани зор байлы?ты? м?рагері.Ежелгі ата-бабаларымызды? к?мбірлеген   к?міс  к?йі, сыбыз?ы  сырнайыны?  ?ні,  ас?а?тата сал?ан ?сем ?ні, ?ашы?ты? жырлары   ма?ал-м?тел,  шешендік  с?з, айтыс ?ле?деріні?  сан ?асыр бойы  ?з ?рпа?ын  сегіз  ?ырлы, бір сырлы,  ?негелі де ?нерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жо?ары  намыс?ой  азамат  етіп  т?рбиелеп келгені  тарихи шынды?.

Т?уелсіздік   туы желбіреген  егеменді елімізді? болаша? ?рпа?ын т?рбиелеуде,  оларды?  бойына  ізеттілік,  ?айырымдылы?, кішіпейілділік,  ?дептілік, елін, жерін,  Отанын  с?юшілік секілді  е?  асыл ?асиеттерді  ?ан мен  жанына  сі?іруде   осы ата-бабамызды?   салт-д?ст?р негізін ?станса? ?те  ?тымды болар еді.

Б?гінгі  та?да ?асырлар ?ойнауында ?алыптас?ан ?лтты? т?рбиені,озы? ?негелі д?ст?рді,адамгершілігі бар асыл ?асиеттерді  жастар бойына ?алыптастыруда,оны ?тымды  пайдалану аса ма?ызды міндеттерді? біріне айналып отыр?аны даусыз   Сонды?тан ?лтты?  м?дениетті?,?дебиетті?, тілді?,  халы?ты?  педагогиканы? тарихы мен болаша?ы  да  мектептегі жас  ?рпа? т?рбиесіне  байланысты.

Бала т?рбиесіні?   алтын бесігі –отбасы.Б?л ша?ын  ?леуметтік  топ-бала ?шін ?мір мектебі.

?аза?стан  Республикасы  Ата  за?ыны?  9 тарауы  «Отбасы»  деп аталып, оны?  51  бабында  «Ата-аналарды?  ж?не оларды?  орындарында?ы  адамдарды? міндеті-балаларды  асырау, т?рбиелеу  ж?не о?ыту»-деп  на?ты  к?рсетілген.  Ата-ана  баланы? ?мірлік  ?стазы  ж?не  т?рбиешісі. Балаларды?  болаша?ы  оларды?   ?мірден  татар  несібесі  мен  еншісіні?  ?лес  салма?ы  ата-ананы?  сі?ірген  е?бегіне, т?лім-т?рбиесіне байланысты  болады.

Сонды?тан  ата -ана   ?зіні?  баласын  е?бек?ор, еліні?  ?ам?оршысы  азаматы  етіп  т?рбиелеуге міндетті .   ?здіксіз  білім беру  ж?йесіні?  ал?аш?ы сатысы  балаба?шадан  басталып, белгілі  бір  ба?дарлама  негізіне с?йене  отырып,  мектеп  жасына дейінгі  балалар?а  о?ыту  мен  т?рбиелеу м?селесін  жоспарлап,  отбасына  педагогикалы?  к?мек  беруді ма?сат етті.   Ата-ананы?  педагогикалы?  біліміні?  не??рлым жо?ары  болуын  оларды?  ?о?ам  алдында?ы  ?з  балаларыны?  т?лім-т?рбиесі  ?шін  жауапкершілігін  арттырады.

Т?рбиедегі  басты  ба?ыт  делінген  т?лім-т?рбие т?жырымдамасында:«?рбір адам е? алдымен  ?з  хал?ыны?   перзенті, ?з Отаныны?   азаматы   болу   керек  екенін, ?лтты?   болаша?ы  тек ?зіне  байланысты  болатынын  есте  ?стау?а  тиіс.   Оны?  осындай  т?жырым?а то?талуына ?лтты? ?дет-??рыптар  мен   д?ст?рлер к?мектеседі, солар  ар?ылы  ол  жалпы  азаматты?   м?дениетке   ая?  басып, ?з хал?ыны?  м?дени  игілігін бас?а  халы?тар?а  жа?ын да т?сінікті    ете алады. Сонды?тан  ?рбір  ?рпа?  ?з  кезі   мен  ?ткенні?  та?дыры  мен  талаптарын  обьективті  факторлар ретінде  ?сынып, сол  ар?ылы  ?рпа?ты  ?мірге  даярлап, оларды  жина?тал?ан т?жірибе  негізінде т?рбиелей отырып,  ?зіні?  ата-аналарыны?  рухани  м?расын   игере  т?суі керек»  деп  айтыл?ан.

?азіргі кезе?дегі  саяси, экономикалы?  жа?дайды?  т?ра?сызды?ы, т?рмыста?ы  к?йзеліс, ?лтаралы?  ?атынастарды? шиеленісе  т?суі, адамгершілік  ??ндылы?тарды?  ??лдырауы, білімге, адал е?бекке деген  ынтасыны?  азаюы, отбасын ??ру?а жауапкершілікпен  белсенді  ?арамауы, зорлы?-зомбылы?  пен  ?атыгездікті? бел  алуы  т.б м?селелері  жастар  т?рбиесіне  жа?аша   ?арауды  талап етіп отыр. Сонымен ?атар ?аза?  хал?ыны?  ?ріден  келе  жат?ан м?дениетін ж?не білім, т?лім-т?рбие беру  ж?йесіні?  негіздерімен жан-жа?ты  танысу б?гінгі  к?нні?  басты ба?дары, талабы  десекте болады.

?аза?  хал?ыны?  тарихы д?ст?рге  ?тебай. Отбасы  ?шін ежелден  т?н  ?асиеті  балажандылы?,  балаларды  е?бекс?йгіштікке  т?рбиелеу,  ?лкенді  ??рметтеу,  туыс?анды?  ке? байланыс, к?ршілермен   ж?не  ?лты бас?а   халы?тармен досты?, ізгілік  ?атынастар-осыны?  б?рі  ?аза?  хал?ыны?  т?рмыс ?алпына  байланысты бол?ан. ?аза?  ?ыз-келіншектері мен ер-азаматтарыны?  бойында  ?зге  халы? ?кілдеріні?  бойынан  к?рінетін  даралы?  ?аза?ы  болмысыны?  жар?ырай  к?рініп,  ж?рекке  жылы  ?сер  еткен.  ?семдік  пен  ?дептілік  ?йлесімділік  тап?ан.  М?селен,ата-ана  ???ы?тары  ?ыз беріп,  ?ыз алу,  ??да  т?сіп  ??далы  болу ?аза? некелеріні?  ерекшеліктері  ?алы?  мал    м?селесі  бата б?зу,  ажырасу, бала   асырау, ?ме?герлік   мирас  пен  м?ра  ежелгі отбасы  д?ст?рлерімен  со?ан  ?атысты     ?а?ида ерекшеліктері  жайында  ма?л?маттардан  ?аза?  хал?ыны?  отбасына   ерекше м?н  бергенін   ша?ыра?  шай?алып  боса?а босамауына  назар  сал?анын  к?реміз.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «?рпа? т?рбиесі-?лт болаша?ы»»

Баяндама: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»

 

Әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл  парасаты  мол, мәдени, ғылыми  өрісі  озық етіп тәрбиелеу  аға  буынның  қоғам алдындағы зор  борышы. Ал  жастарды жан-жақты қабілетті  азамат  етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі  зор.  Қазақ  халқы —  рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген   күміс  күйі, сыбызғы  сырнайының  үні,  асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары   мақал-мәтел,  шешендік  сөз, айтыс өлеңдерінің  сан ғасыр бойы  өз ұрпағын  сегіз  қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп келгені  тарихи шындық.

Тәуелсіздік   туы желбіреген  егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде,  олардың  бойына  ізеттілік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін,  Отанын  сүюшілік секілді  ең  асыл қасиеттерді  қан мен  жанына  сіңіруде   осы ата-бабамыздың   салт-дәстүр негізін ұстансақ өте  ұтымды болар еді.

Бүгінгі  таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді  жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды  пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз   Сондықтан ұлттық  мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің,  халықтық  педагогиканың тарихы мен болашағы  да  мектептегі жас  ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Бала тәрбиесінің   алтын бесігі –отбасы.Бұл шағын  әлеуметтік  топ-бала үшін өмір мектебі.

Қазақстан  Республикасы  Ата  заңының  9 тарауы  «Отбасы»  деп аталып, оның  51  бабында  «Ата-аналардың  және олардың  орындарындағы  адамдардың міндеті-балаларды  асырау, тәрбиелеу  және оқыту»-деп  нақты  көрсетілген.  Ата-ана  баланың өмірлік  ұстазы  және  тәрбиешісі. Балалардың  болашағы  олардың   өмірден  татар  несібесі  мен  еншісінің  үлес  салмағы  ата-ананың  сіңірген  еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты  болады.

Сондықтан  ата -ана   өзінің  баласын  еңбекқор, елінің  қамқоршысы  азаматы  етіп  тәрбиелеуге міндетті .   Үздіксіз  білім беру  жүйесінің  алғашқы сатысы  балабақшадан  басталып, белгілі  бір  бағдарлама  негізіне сүйене  отырып,  мектеп  жасына дейінгі  балаларға  оқыту  мен  тәрбиелеу мәселесін  жоспарлап,  отбасына  педагогикалық  көмек  беруді мақсат етті.   Ата-ананың  педагогикалық  білімінің  неғұрлым жоғары  болуын  олардың  қоғам  алдындағы  өз  балаларының  тәлім-тәрбиесі  үшін  жауапкершілігін  арттырады.

Тәрбиедегі  басты  бағыт  делінген  тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:«Әрбір адам ең алдымен  өз  халқының   перзенті, өз Отанының   азаматы   болу   керек  екенін, ұлттық   болашағы  тек өзіне  байланысты  болатынын  есте  ұстауға  тиіс.   Оның  осындай  тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар  мен   дәстүрлер көмектеседі, солар  арқылы  ол  жалпы  азаматтық   мәдениетке   аяқ  басып, өз халқының  мәдени  игілігін басқа  халықтарға  жақын да түсінікті    ете алады. Сондықтан  әрбір  ұрпақ  өз  кезі   мен  өткеннің  тағдыры  мен  талаптарын  обьективті  факторлар ретінде  ұсынып, сол  арқылы  ұрпақты  өмірге  даярлап, оларды  жинақталған тәжірибе  негізінде тәрбиелей отырып,  өзінің  ата-аналарының  рухани  мұрасын   игере  түсуі керек»  деп  айтылған.

Қазіргі кезеңдегі  саяси, экономикалық  жағдайдың  тұрақсыздығы, тұрмыстағы  күйзеліс, ұлтаралық  қатынастардың шиеленісе  түсуі, адамгершілік  құндылықтардың  құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген  ынтасының  азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен  белсенді  қарамауы, зорлық-зомбылық  пен  қатыгездіктің бел  алуы  т.б мәселелері  жастар  тәрбиесіне  жаңаша   қарауды  талап етіп отыр. Сонымен қатар қазақ  халқының  әріден  келе  жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру  жүйесінің  негіздерімен жан-жақты  танысу бүгінгі  күннің  басты бағдары, талабы  десекте болады.

Қазақ  халқының  тарихы дәстүрге  өтебай. Отбасы  үшін ежелден  тән  қасиеті  балажандылық,  балаларды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу,  үлкенді  құрметтеу,  туысқандық  кең байланыс, көршілермен   және  ұлты басқа   халықтармен достық, ізгілік  қатынастар-осының  бәрі  қазақ  халқының  тұрмыс қалпына  байланысты болған. Қазақ  қыз-келіншектері мен ер-азаматтарының  бойында  өзге  халық өкілдерінің  бойынан  көрінетін  даралық  қазақы  болмысының  жарқырай  көрініп,  жүрекке  жылы  әсер  еткен.  Әсемдік  пен  әдептілік  үйлесімділік  тапқан.  Мәселен,ата-ана  құқықтары  қыз беріп,  қыз алу,  құда  түсіп  құдалы  болу қазақ некелерінің  ерекшеліктері  қалың  мал    мәселесі  бата бұзу,  ажырасу, бала   асырау, әмеңгерлік   мирас  пен  мұра  ежелгі отбасы  дәстүрлерімен  соған  қатысты     қағида ерекшеліктері  жайында  мағлұматтардан  қазақ  халқының  отбасына   ерекше мән  бергенін   шаңырақ  шайқалып  босаға босамауына  назар  салғанын  көреміз.

Соңғы  кезде  қазақ  халқының  табиғатына   тән  ана  сүтімен  сүйекке сіңген ізгіәдет ғұрыптардан тыс қалып  бара  жатқандаймыз.  Өз  ұлтының  өткені мен болашағына  бей-жай  қарайтын  тәрбиеден  тысқары  қалған  жастар  аз емес. Ата-ананы  сыйлау  үлкенге  құрмет  көрсету,   кішіге  ізет білдіру  әдеп   сақтаудан  хабарсыз  кей  жастардың  қылығы  әркімнің-ақ  намысына тиері сөзсіз.  Халық  өнерін  игеру  жастарды  еңбексүйгіштікке, әсемдікке  бағыттап халқының  тарихын біліп, мәдени мұрасын  қадірлеп,  жақсы әдет ғұрыптарын жалғастыруға баулиды.  Ұлттық  тәжірибеміз  отбасынан  басталып  кейінде   жалғасын  тауып жатса,  қазіргідей   қазақ  халқының  қанында  жоқ ата-баба тәрбиесіне  жат  өзін  жарық дүниеге  әкелген анасын,  әлпештеп  өсірген  асқар  тауы әкесін қарттар  үйіне  өткізген,  нашақорлықпен  маскүнемдікке  салынғандардың    шаңырағы  ортаға  түспес  еді.

« Алтын  кездік  қап түбінде жатпайды»-дейді  халық  даналығы  Бұл  ой  мен  сөздің   түпкі сырына ден  қойсақ, шын  асыл  қымбат   қазына   қилы  кезең,  шытырман  уақытта  да  сыны мен  сипатын  өзгертпейді.  Бала   жүрегін   жолды сөзбенде, айла  тәсілмен  де  балаға  деген  жүрек  сезімін  махабатпен  де  табуға  болады. Жылы-жылы  сөйлесең  жібімейтін  жүрек жоқ  тек  соған  апаратын  жолды  таба білуіміз  керек.  Сондықтан  мен  оның мынадай жолдарын ұсынғым келеді:

1.Мектеп  пен отбасының  бірлескен  жұмыстары, сайыстар,  кештер, апталықтар өткізілсе;

2.Имандылық сабақтарын өткзіп отыру;

3.Ұстаз, ата-ана,отбасының  әдістемелік  жұмыстары жайлы  басқа мектеп, аудандармен пікір  алмастырып отырса;


Никто не устоит!

Платья и сарафаны для романтичных ужинов и деловых встреч.

lamoda.kz

от 2 600 тенге



Балетки

Распродажа

lamoda.kz



Качество и комфорт

Мужские мокасины, слипоны и эспадрильи. Доставка с примеркой

lamoda.kz

от 4 800 тенге


  1. Еңбек пен оқуды  ұштастыра отырып, оларды  тәрбиелеу  жолдары кеңейтілсе  дер едім;

Дәстүрге арқа   сүйемегеннің  көсегесі  көгермейді  деген  атамыз. Яғни   отбасы  ауыл-аймақ, көпшілік,  қоғам  болып  тәрбиелеу  қазақ  халқының  өмірінен  өзекті  орын алған.  Салт-санасы , әдет-ғұрпы,  ойын-тойы осы  мақсатты іске  асыруға  бейімделе  жүргізілген.

Қазақ табиғатында отбасы  иелері  балаларының  алдында  өздерінің   тіршілік әрекетінде   барлық  адамгершілік қасиеттерін   үлгісін  көрсете  білген.  Оның  басты себебі «ұлдың  ұяты  әкеде,қыздың  ұяты  шешеде»   деп  бағалағандықтан.    Сондықтан   ата-ана  балаларын   тұрмыс пен салтқа  бейімдеп,  шешеден  көріп  тон  пішуге, әкеден көріп  оқ  жонуға  баулитын болған.  Осылайша  ұрпақтың  отбасы   тәрбиесі  ешқашан  күн тәртібінен   түскен емес. Бұрынғы қазақ  жастары  тәрбиені    мектеп  пен  медреседе  оқып білмесе  де  қызы  анадан, ұлы  әкеден үлгі  -өнеге  алған.

Болашақ   жастарға  тәлім  тәрбие  беруде Отанымыз  отбасы  мен  мектепке  үлкен борыш  артады.  Отбасы  болашақ  азаматтың   жеке басын  аяғынан  тұрғызып, егеменді  еліміздің болашағын, негізін  жасайтын  іргетас.Болашақ   азаматтың   отбасында  алған  тәрбиесі,  мінезі, жақсы  мен  жаманды  ажырата  білуі, үлкендерден  алған  өнегесі   уақыт өткен сайын берік  қалыпқа  түсіп,  оның  өмірінен  үлкен  орын алады.  Жас  ұрпақтың   өнегелі  тәрбие,  білім  алуына  оны  жалғастырушы-мектеп.  Мектеп-қоғамдық  ұйымдар  мен отбасы  тәрбиесін  ұштастыратын  негізгі ұйытқы, орталық.

Әр отбасында түрлі  қарым –қатынастың  орнығуынан  баланың  жеке  тұлғалық  қасиеті  қалыптасады. Отбасында   түрлі  қарым-қатынас  қалыптары  көрініс  береді  Кейбір отбасында бедел  орын  алуынан, мынадай  ерекшелік қалыптасады , ол  біреудің  басқаларға  басымдылық  танытуы,  бұйыруы  баланың  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуына  жағымсыз  ықпал  етеді.Қазіргі  кезде  заман ағымына  қарай  отбасында  еркіндік  қарым-қатынасқа  ұмтылушылық   бар,яғни әр  отбасы  мүшесі  тең  құқықты  қарым-қатынасты орнатуды  көздейді.  Отбасында  орныққан  қарым  -қатынас  арқылы  баланың  тұлғалық  қасиеттері  қаланады. Бала  әрқашан  да  ата-анадан  жүрек  жылуын, мейірімділікті  қажет етеді.ол  ата-ананы   өмірдің тірегі  санайды  Бала  үшін ата-ана  игілік  жасаушы,  айтушы болып  табылады.Қазақ  халқы  баланы  дүниедегі барлық   асылдан  жоғары  бағалаған, болашағына  арманына  балаған.   «Балалы  үй  базар,  баласыз  үй қу мазар»,  «Босағасын  алтыннан соқсаң  да  перзент  сүймей,  адамның  мейірі  қанбас»-деп  барлы  асыл  сөздерін  арнаған.   Қазақ  отбасы ата-ана,  әке-шеше, балалар атты үш  құрамнан  тұрған. Ата-ана  мен  әке-шешенің  қарым-қатынасы  жас баланың адамгершілік жағынан  толысып  жетілуіне  үлкен үлес  қосады  және  ізгілікті  іске баулиды.

Мектеп-ата-аналарының  тәрбие  істеріне  бағдар-бағыт  беріп,  оларды  жан-жақты  тәрбиелеуге  жұмылдырады.  Балаға  негізінен үш ортадан  тәрбие жұғады,  үш орта  бала  тәрбиесіне    әсер ететін негізгі   фактор.  Біріншісі-ата-ана, екіншісі-ұстаз, мектеп, үшіншісі-дос құрбысы.   Балаға  тәрбие  беру    кілті  ата-ананың   қолында.  Ұлы  педагог  А  С Макаренко:»Баланы    жас  кезінде, әсіресебес  жасқа  дейін  тәрбиелей  білу  керек».  Оның келешекте  қандай  адам болуы, ең  алдымен  бес  жасқа  дейін  дұрыс  тәрбие  бере  алмасаңыз, кейін оны  қайта  тәрбиелеуге  тура келеді. Ал  қайта тәрбиелеу-өте  қиын іс,-дейді  де  қайта:

«Баланы  дұрыс  тәрбиелесек, қартайғанда  өміріміз  бақытты болмақ, жаман   тәрбиелесек   зор  қайғыға  ұшырап,  үлкен  бақытсыздыққа  тап  болғанымыз.  Жаман  тәрбиеленген бала-басқа  адамдар   алдында,  бүкіл  еліміз  алдында жасаған  үлкен  кінәміз»  деп  атап  көрсеткен.  Ата-ана  баланы қалай  тәрбиелесе  бала  соған  қарай  бейімделеді.рбір ата-ана  мұғаліммен  тығыз  байланыста  болғаны  жөн,  онсыз  бала  тәрбиесінде  жақсы  нәтижеге жету  мүмкін  емес.  Ата-ана  мен  мұғалім бірлесіп   жұмыс  жасағанда  ғана   бала  бойына  ізгі  қасиеттерді   толығынан  сіңіруге  болады.  Жасыратыны   жоқ  кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне   салғырт  қарап, өз баласының  мінезін, баланың ішкі  дүниесіне, дүниетанымымен  бірге   баланы  не  қызықтыратыны    немен    шұғылданғысы  келетіні туралы  біле  бермейді,  сондықтанда   кейбір ата-аналар мұғаліммен кеңесіп, баласының   жағдайын жиі  біліп тұруымен   бірге мектепке жиі  келуі  керек.

Баланың   ақыл-ой, адамгершілік-әдеп тәрбиесімен  қоса, жас шамасына лайықты  еңбек  тәрбиесі, спорт түрлерімен  шұғылдануын  ата-ана  қадағалауы керек  Балалардың  жан  сұлулығымен  қатар  тән  сұлулығына да  мән берген жөн  Тапсырылған жұмысты   дұрыс  орындамаса  жекіп ұрса  берудің  орнына,  жұмыстың  қалай  жасалатындығын  көрсетіп,  үйретумен  бірге  баланың  шамасына, икеміне  қарап  содан  кейін оның  дұрыс  орындалуын талап ету  керек.  Мектепте ата-аналар  жиналысына  бірді-екілі ер  адам  қатыспаса,  одан  көп  ер адам  қатыспайтыны белгілі  болсада  қынжылтарлық  жәйт.  Соңғы кезде  бала тәрбиесімен айналысатын  ата-аналардың   жылдан-жылға   азаюы,  ата-аналардың  өз  міндеттерін білмеуі,  білсе  де мойындамауы  жиілеп  кеткені  соншалық,  көптеген   ата-аналар баласына  қарамайды,  жұмысым жоқ  деген  желеумен  сауда жасап, мектептің  қайда екенін  білмейтін  ата-аналар кездесетіні  өмірдегі  шындық.

Даналық   сөздермен  оза білген қазақ   халқымызда  «Балаңды  өз тәрбиеңмен  тәрбиелеме, өз  ұлтыңның тәрбиесімен  тәрбиеле»  деген   сөз  бар.  Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне келсек,  біз  халықтың нақыл  сөзінен  сусындаған,  аталар сөзімен өсіп-өнген,даналар  өсиетінен тәрбие алған,  ұлылар тәрбиесінен  тағзым   еткен дана халықтың  ұрпағымыз.

Қорыта   айтқанда  бүгінгі  күнде  жастарды   әдепті   де саналы  етіп  тәрбиелеу  үшін  ең алдымен  тәрбие ережелеріне сүйене  отырып,  ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды,  дінімізді,  ата-бабаларымыздан  қалған  насихат   мұраларын  жастардың   санасына   сіңіре білу

басты  міндетіміз  болуы  қажет.    Жас   ұрпақты  Отанын,  туған  жерін сүйіп, оны  қорғай  білуге үйрету, оқушы  бойында  патриоттық  сезім   мен  адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді  мемлекетіміздің  әр  отбасы   мен  азаматтарының  міндеті.   Елдің  ертеңгі  ұрпағы,  киелі  жердің  иесі-жастар  тәрбиесі біз  бен сіздің   басты мақсатымыз.  Тәрбиенің көзі-ата бабамыздан  қалған  дана  сөздер  десек,  біз сол   насихаттың жүргізушісіміз. Бұған  қоғам  алдындағы  үлкен міндет  ретінде  қараған жөн.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.

Куземханова Жанара Каукербековна,
Ә. Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған
облыстық мамандандырылған мектеп – интернат тәрбиешісі .

Данышпан Абай атамыз қазақ баласының бойында: « Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз – санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз – эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» – деп түсінемін.
Бүгінгі күні біздің Қарағанды қаласының қақ ортасындағы Шығыстың қос шынарының бірі, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жоғарыда айтылған қағидаларға толық жағдай жасалған. Мектебімізде тәрбие, оқу, спорт бірінен-бірі бөліп алғысыз егіз дүние сынды біте қайнасып кеткені шындық. Осыларды ұштастыра, яғни біріктіре отырып, салауатты өмір салтын қолдай білетін бүгінгі заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеу – басты міндет. Оған нақты айғақ ең алдымен тәрбиеленушілердің жатын орны, демалыс бөлмесі, оқу сыныптары, жаттығу залдары, баланың денсаулығын қатаң бақылап отыратын арнайы медициналық кабинеттер мен асхана биыл Ел басымыздың «Жол картасы» бағдарламасы бойынша заманауи талаптарға сай жөнделіп, жабдықталғаны көңілге қуаныш ұялатады.
Қазақстан спортшыларының спорттық шеберлігінің артуы, жарыстарда, жаттығуда жоғарғы натиже көрсете алуы және өзінің жақсы жағымен, мәдениеттілігімен басқаға үлгі бола білуі, сол ұйым спортшыларының арасында тәрбие жұмысының жақсы жолға қойылуына байланысты. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие жұмысында қазақ баласының келбетін қалыптастыру үшін:

- ақыл, парасат, сананы қалыптастыру;
- танымдылық, эстетикалық, достық, жолдастық сезімге тәрбиелеу;
- ата-анаға, туған-туысқа, туған жерге сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- бауырмалдық, туысқандық , мұрагершілікті тәрбиелеу;
- еңбек сүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу;
- адамгершілікті тәрбиелеу;
- салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
- қамқорлық, құрмет тұту рухына, сыйластылыққа тәрбиелеу;
- әдептілік пен ізгілікке тәрбиелеу;
- ерлік пен намысқорлық сезімге тәрбиелеу керек.

Тәрбиеленушілердің бойына осы қасиеттерді тәрбие сағаттары арқылы дарытамын. Тәрбие сағаттарын өткізудегі басты мақсат тек ақыл айту, баланын қателігін бетіне басу емес, ынтымақтастық қатынастарды, бір-біріне деген жылы сезімдерді ұйымдастыра білуге ықпал ету. Ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбие де болмайды. Біздің мектебімізде дәстүрлік тәрбие сағаттары - «Жігіт Сұлтаны», «Нағыз Қазақ!» жыл сайын өткізіліп отырады. Мақсаты оқушылар арасындағы қабілетті, яғни сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерді анықтау, олардың бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білуге бағыттау.
Оқушылардың туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатындағы «Гүлдене бер, Қазақстан», «Арманға бірге барайық», «Қызы батыр ел- ұлы ел», «Отан үшін от кешкендер» және т.б, сондай-ақ рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсатындағы «Ертеңгі мінез-құлық – бүгінгі әрекетіңде», «Сыртқы пішін мәдениеті», «Мәдениетті адам» және т. б. тақырыпта өткізілген тәрбие сағаттары жас спортшылардың эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, жаттықтырушыларға, өз қарсыластарына әрқашан әдептілік таныту, өз – мінез құлқын үнемі бақылап отыра мейірімділікке, ізгілікке, сұлулық қағидаларын берік ұстана білуге баулыса, ал салауатты өмір сүруге бағытталған тәрбие сағаттары, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіне білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге ықпал ететін «Ғасыр індеті СПИД – ажал аралы», «Ағзаға насыбайдың зианы» және т. б. «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында, жаттығу орнында, үйде және басқада орындарда үсті – басын таза ұстап, ұқыпты, таза жүруге ұмтылдыру мақсатында мектеп дәрігерінің қатысуымен үнемі әңгімелер өткізіліп тұрады. Сондай –ақ тәрбиеленушілерді үлгілі іс- әрекеттеріне сүйеніп, өзіне - өзі есеп беруге машақтандыру үшін өнер адамдарымен, спорт ардагерлерімен кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырып отырамыз.
Тәрбиеленушінің қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс – оның бос уақыты. Бос уақытты тиімді пайдалана білу үшін тәрбиелік мәні бар тақырыптық кинофильмдер және театрлық қойылымдар көруге, мұражайға, бассейнге, мұз айдынына барып, әртүрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Онда бала ағзасы демалып, күш – қуаты жөнге келіп, өмірге қызығушылығы арта түседі.
Аталған іс – шаралар жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен атқарылуының нәтижесінде жан – жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол Қазақстан туын көкке көтеріп, ел намысын қорғап, ел мақтанышы бола алатын спортшылар шығарына күмәнім жоқ.
Әрине, айта берсе атқарылған жұмыстар аз емес, осы орайда «Қимылдаған қыр асар» деген ұлағатты сөздің бекер айтылмағандығын ескере отырып, мектеп – интернатындағы тәрбие жұмыстарын біліммен ұштастыра біліп, спорт пен білімді қатар алып жүретін, мәдениетті, өнерлі, ұлттық тәрбиемен сусындаған Отансүйгіш шәкірт тәрбиелеу жолында қажымай – талмай еңбек ете беремін. «Ұстаз болу өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» мәртебелі кәсіп екеніне мектепте өткізілген әр сағатым дәлел бола алады.
Мектебіміздің мақтанышпен айтатын оқушылары:
Хобдал Қабанбай
Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шебері
Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі
• Қазақстан Республикасының дзюдодан чемпионы
• 2011 жылы Оңтүстік Африкада Кейптаун қаласында өткен Дүниежүзілік жастар арасындағы чемпионатының қола жүлдегері.
• 2011 жылы Германияда өткен Халықаралық турнирдың қола жүлдегері.
• 2011 жыл Чехияда Европалық кубоктың қола жүлдегері.
Сыздыкова Эльмира
Қазақстан Республикасының еркін күресінен спорт шебері
Қазақстан Республикасының еркін күресінен командасының мүшесі
• 2008 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионы
• 2011 жылы Дүниежүзілік жастар арасындағы чемпионатының қола жүлдегері.
Ақшонтаев Айдос
Қазақстан Республикасының қазақ күресінен спорт шебері
Қазақстан Республикасының дзюдо және қазақша күрес командаларының мүшесі
• Қазақстан Республикасының дзюдодан чемпионы
• 2002 жылы Өзбекістан Республикасында Учкун Муратовқа арналған қалақаралық турнирдің жеңімпазы.
• 2005 жылы қазақ күресінен Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
Ширшов Александр
Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат
Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі
• Қазақстан Республикасының жастар арасында дзюдодан чемпионы
• Дүниежүзілік кадеттер арасындағы чемпионаттың қатысушысы
• Халықаралық жастар арасындағы турнирдың жеңімпазы
Мусаинов Архат
Қазақстан Республикасының самбодан спорт шебері
және дзюдодан спорт шеберіне кандидат
Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі

• 2009 жыл Германияның Бремен қаласында өткен Халықаралық турнирдың чемпионы.
• Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жеңімпазы
• Халықаралық турнирлердің жүлдегері
Мауленин Абилқайыр
Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат
Қарағанды облысының жастар арасында дзюдо командасының мүшесі

• Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирдің жеңімпазы
• Қазақстан Республикасының дзюдодан мектеп-интернаттар арасындағы турнирдің жүлдегері
• Халықаралық турнирлердің жүлдегері
Божик Ерасыл
Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат
Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі
• Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жүлдегері
Какимов Ардақ
Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат
Қарағанды облысының жастар дзюдо командасының мүшесі
• Қазақстан Республикасының дзюдодан кіші жас арасындағы чемпионаттың жемімпазы
• Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жемімпазы
Бүгінгі таңда, жаһандану үрдесі кең өріс алып отырған дәуірде шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты – сауқатты, жан – жақты мәдениетті спортшы тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде.

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы».

 Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Міндеті:

1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

 2) Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

 3)  Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

                

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

         Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .

  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

        Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. 

 Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

 Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

 Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

       1. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: Данагөй сөзі

Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:

-         Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді.

Адамдар:

-         Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.

-         Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар,-дейді.

-         Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-деген халыққа данагөй қария:

-         Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:

-         Сонда кімдер?

-         Ол әрбіріңнің үйіңдегі теледидар,- деген екен

Мектептегі ұлттық тәрбиеге: «Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті», «Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселелері»,«Өз халқыңның қадір-қасиетін ұқ»,  «Қазақ өнеріндегі ұлттық тәрбие»,  «Ұлт патриоты болайық» , «Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері», «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және дін мәселесі» т.б қарастырылып келеді.

2.  Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.    

 

 

 

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.   Мысалы:

Жеті қазына                                  Жеті ата                            Жеті жұт

Ер жігіт                                         1. Бала                          1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                                      2. Әке                           2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім                                   3.Ата                            3.Өрт

Жүйрік ат                                      4.Арғы ата                   4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт                                5. Баба                          5. Соғыс

Берен мылтық                               6. Түп ата                     6. Топан су

Жүйрік тазы (ит)                           7. Тек ата                     7. Зілзала (жер сілкіну)

 

Жеті күн                Жеті ғалым                                  Жеті әулие

Бүгін                        1. Шығыс                            1. Меке шәріп

Ертең                       2. Батыс                               2. Мәдина шәріп

Бірсүгіні                  3. Оңтүстік                          3. Бұхар шәріп

Арғы күні                4. Солтүстік                        4. Шам шәріп

Ауыр күн                5. Аспан (жоғары ғалым)                     5. Қатым шәріп

Соңғы күн               6. Жер орта                          6. Құддыс (Мысыр) шәріп

Азына                      7. Жер асты( төменгі ғалым)         7. Кәләм шәріп (Құран)

 

Жеті жоқ                                                                        Жеті жетім

Жерде өлшеуіш жоқ                                    1. Тыңдамаған сөз жетім

Аспанда тіреуіш жоқ                                   2. Киюсіз тозған боз жетім

Таста тамыр жоқ                                           3. Иесіз қалған жер жетім

Тасбақада талақ жоқ                                     4. Басшысы жоқ ел жетім

Аққуда сүт жоқ                                              5. Аққу – қазсыз көл жетім

Аллада бауыр жоқ                                         6. Жерінен айырылған ел жетім

Жылқыда өт жоқ.                     7. Замандасы болмаса  – бәрінен де сол жетім

 

 

Бес қару                                    Бес өсиет                                      Бес намаз

Садақ                               1. Топасқа сенбе                                 1. Таң намазы

Мылтық                          2. Жауға иілме                                     2. Бесін намазы

Найза                               3. Сақ жүр                                            3. Екінді намаз

Қылыш                            4. Аз үйге сенбе                                  4. Ақшам намазы

Айбалта                          5. Жарлыдан сый алма                      5.Жашиық намазы

 

Бес жаратылыс                                                  Бес қатер

Күн                                                                          1. От

Ай                                                                            2. Жау

Жұлдыз                                                                   3. Борыш

Күндіз                                                                     4. Ауру

Түн                                                                          5. Сөз

 

Үш даусыз                           Үш арсыз                                Үш тәтті

Мінез                               1. Ұйқы арсыз                            1. Жан тәтті

Кәрілік                            2. Күлкі арсыз                            2. Мал тәтті

Ажал                               3. Тамақ арсыз                           3. Жар тәтті

 

Үш ғайып                                 Үш қадірлі                                   Үш қуат

Ажал ғайып                              1. Ырыс                                     1. Ақыл қуат

Қонақ ғайып                             2. Бақ                                         2. Жүрек қуат

Несібе ғайып                            3. Дәулет                                   3. Тіл қуат

 

 Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.  «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда. 

 Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

 Міне, бұл орайда  ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс сабақтарда,тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз.
 «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға  тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының  санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып  «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз.  Сондай-ақ  ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт.
  Мысалы өткен тарихымыздан сыр шертетін «Көшпенділер» фильмін, одан соң Желтоқсан оқиғасын, тәуелсіздіктің қалай келгендігін жас балдырғандарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы жолда «Тәуелсіздігім тұғырым», «Желтоқсан ызғары»т.б тәрбие сағаттарын өткіземіз.Ол болашақ ұрпақты ұлтын сүйе білуіне мүмкіндік береді.Бұл бір жағынан балалардың  егемен еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіміздің тартуы – рәміздерімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.
  Сонымен қатар «Сақина салу», «Орамал тастау» сияқты ұлттық ойындар қабақ үстінде де ойнатамыз. Бұл олардың өз халқына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра түсетіні кәміл.  Болашақ ұрпақ осы бастан қазақтың ұлттық киімдері мен ою-өрнектерімен танысып, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей, домбырамыз бен «бесік жырын» айтып, ақ бесікке әлдилеп жолбарыс жүрек батырлар мен ақындарды тәрбиелеген апа-әжелеріміздің бізге қалдырған ақ бесігін көріп өссіндеген ниетпен  «Бесікке салу, тұсау кесу,сырға салу т.б салт-дәстүрлерді тәрбие сағаттарында көрсетуге тырысамын.
 Әрине, қазіргі балаларды бұрынғылармен салыстыруға болмайды. Ертеректе балалармен жұмыс жасау бүгінгіге қарағанда әлдеқайда жеңіл болатын. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп, айтқаныңды екі етпейтін. Қазіргі балаларымыз бір үйдің еркесі, бір үйдің жалғызы дегендей... Оларды тек «алдап» көндірмесең ештеңе істете алмайсың. Оның үстіне бұл тек мектептің  ғана емес, үйдегі тәрбиеге де байланысты. Сондықтан біз, көбінесе, балалардың ата-аналарымен кеңесіп, бірлесіп жұмыс істейміз. Мені қынжылтатын тағы бір мәселе – қазіргі балалар уақытын пайдалы істерге жұмсамай, компьютердің алдында өткізеді. Ол баланы еңбек етуден алыстатып, ойлау қабілетін төмендететіні сөзсіз.Сондықтан «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге»нақыл сөздердің құндылығымен тәрбиелеуге жетелейміз.
 
  Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі.

Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда халықтық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой. Әйтсе де оны  оқушы санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет.  Мысалы, 5-сыныптарда халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі - халықтық педагогика.  Қазақ  халқының  тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер  мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен  өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми  тұрғыдан  сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге  қарап жол тауып, қаршадайынан  есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды  табатын  ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі  мал  шаруашылығына  байланысты болғандықтан,  бала 5—6 жасынан  ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы  ұйқастардың  бәрі  балаларды  қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін  шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата - дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.  Мысалы:«Айналдырған тас» туралы аңызды тыңдап көріңіздерші: «Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса, бір алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» — деп жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?» — деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде туындап жатқан мәселенің шешімі өзімізде екендігін көруге болады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын оқушыға дәлелмен жеткізу керек. Сондай-ақ, халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрнісі барын, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитынын оқушы санасына берік орнатуға тиіспіз. Қазақ халқының  ұлттық тәлім тәрбиесі мен  мәдениеті  талай  халықтардың  өкілдерін  таң қалдырғаны  тарихи  жазбалардан  белгілі. Ұлы саяхатшылар  мен  зерттеушілер  қазақтың  ежелгі  тұрмыс тіршілігі, мәдениеті  мен  ауыз  әдебиеті  туралы, ер адамдар  мен  әйелдердің  моральдік этикалық ерекшеліктері  туралы, олардың  тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы  әлеуметтік   орны  туралы, ұлттық  наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді  өмір  сүргеніне қарамастан  салты  мен  дәстүрінің  біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен  бейнелеу  өнерінің, ауыз  әдебиеті  және  музыка  өнерінің  жалпы  дала мәдениетінің  таң  қаларлық  үлгілері  туралы  таңдай  қаға  айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мақсаты:
а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Тәрбие сағаттың барысы:
І. Сан сұраққа саяхат
ІІ. Сыңарын тап
IІІ. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?»
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі:
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә, «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сан саяхат»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
ІІ. Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IІІ. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»





Тақырыбы: Ел болашағы – білімді ұрпақ

Сайыстың мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ
Сайыстың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, топшамалар, даналық сөздер.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Қазақстан болашағы –білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін.1-12 оқушы
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық. Алқа мүшелерін сайлау.

1. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі – Жұбаниязова Лиза апай
2. Бастауыш сыныптардың оқу ісінің меңгерушісі – Наукеева Лайық апай
3. Бастауыш сынып мұғалімі – Естібаева Жамал апай
4. Бастауыш сынып мұғалімі – Есенова Балагүл апай
Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін

1. Бәйге
2. Ханталапай
3. Жеті жұмбақ
4. Дода
5. Шешен тілдер
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер.
Білім –білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.

Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді.
Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!».

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Бүлдіршіндер алау оттай жалында, дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» деп аталады. Әр балаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.

1- оқушы.
1. Денені өлшейтін құрал (градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
6. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма ?
7. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн
8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
9. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
10. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев)

2- оқушы
1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң – аю
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік, залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім? –
Б. Соқпақбаев

3- оқушы
1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.
2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейтеміз
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ
4.40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең - 240
5. Көру мүшесі не - көз
6. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан Назарбаев
7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық
8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз
9. Көкөністерге нелер жатады – сәбіз, картоп, орам жапырақ, қызанақ.
10. Қу аң – түлкі

4 - оқушы
1. Елтаңбаның авторы кім -
2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе
3. Кітап сөзінің бас әріпі – К
4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев
5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз.
6. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана
7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ
8. Иіс сезу мүшесі – мұрын
9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі – Оңтүстік Қазақстан
10.Әлемде неше мұхит бар – 4

5 - оқушы
1. ҚР - ның Туының авторы кім?
2. 6 санының квадраты неге тең - 36
3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
4. Қол не үшін қажет – қызмет ету үшін
5. Ауданды немен белгілейміз - S
6. «А» қандай дыбыс – дауысты, жуан
7. Ең алғаш мектеп ашқан кім – Ыбырай Алтынсарин
8. Адам, жануар, өсімдік өміріне не қажет - ауа, жарық, жылу, су, қорек.
9. Жыл басы не - тышқан
10. Су қанша градуста қатады – 0 градуста

6- оқушы.
1.Бір ұшы тұйықталған түзу – сәуле
2.1 жыл неше ай – 12 ай
3.360 пен 60 бөліндісінің мәні нешеге тең – 6
4.Шаршы деген не?-
5.Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейту арқылы
6.1 аптада неше күн бар – 7 күн
7.321 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
8.Қазақтың киелі саны
9.27 қаламда 3 балаға тең нешеуден бөліп беремін - 9
10.Ауданды қалай белгілейміз.

7- оқушы.
1.Екі ұшы тұйықталған түзу - кесінді
2.15 ай неше жыл неше ай – 1жыл 3 ай
3. 420 мен 6бөліндісінің мәні нешеге тең – 70
4.Периметрді қалай табамыз – барлық қабырғаларын қосамыз
5.Ұзындығы 3см, ал ені 2см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең -6см
6.988 санында қанша цифр бар.- 2
7.Периметрді қандай әріппен белгілейді – Р
8.7 күн неше апта - 1 апта
9.Математикалық амалдарды ата – қосу, азайту, бөлу, көбейту.
10. уақыттың өлшем бірлігі – сағат, минут, секунд.

8- оқушы.
1.Бұрыштың түрлерін ата – сүйір, доғал, тік,
2.5 жыл неше ай -* 60 ай
3.Үшбұрыш деген не
4.Ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені тауып аламыз – ауданды
5.Өрнектің түрлерін ата – санды, әріпті
6.788 санын разрядтық қосылғыштарға жікте
7.7 қандай сан – киелі
8.салмақтың өлшем бірлігі – кг, гр, тонна,
9.қабырғалары 6см шаршының ауданын тап – 36см
10. қосудың компоненттерін ата – қосылғыш , қосындының мәні.

Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді.
Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Өз кезегін сайыскерлерге берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрелік,- деп қазір сайысымыздың екінші кезеңі «Ханталапайға» береміз.
Бұл сайыстың шарты бойынша, қалған оқушылар асық таңдайды. Әр асықтың артындағы сұрақтарға дәл, нақты, әрі тез жауап беруі қажет. Бұндағы сұрақтар қазақтың киелі сандарына байланысты болмақ. Дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі

1)Үш арыс
- Сәкен
- Бейімбет
- Ілияс

3 дана
- Абай
- Шоқан
- Ыбырай

3 арсыз
- Ұйқы
- Тамақ
- Күлкі

7 ата
- Ата
- Бала
- Немере
- Шөбере
- Шөбшек
- Немене
- Туажат

Аптаның 7 күні
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

7 қазына
Берен мылтық
Құмай тазы
Қыран бүркіт
Сұлу әйел
Ер жігіт
Ілім –білім
Жүйрік ат
Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:
- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.
- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.
- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады.
- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.
- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций.

Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Сараланар сайыскерлер білімі
Математика, ана тілі, дүниетану пәндерінен.
Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Жеті жұмбақ» сайысына кезек береміз.
Екеуі арнайы сұрақ, қалғаны бағдарламаға сай сұрақтар. Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншы бастайды.

20......20.......20
30......30.......30
40......40.......40

Сол жақтағы 20 - Әйтеке би ел басқаруды неше жасынан білген? ( 12 жасынан)
Оң жақтағы 20 – Зат есім дегеніміз не? ( Заттың атын білдіретін сөз табы.)
Ортадағы 20- Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі енді ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

Сол жақтағы 30- Алпамыстың қарындасының атын атаңыз? ( Қарлығаш )
Оң жақтағы 30- Еңбек тақырыбында бірнеше мақал мәтелдер айтып бер (Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей)
Ортадағы 30- Етістіктің түрлерін ата ()
Сол жақтағы 40 – Б. Майлиннің ашаршылық жылдарын бейнелейтін шығармасын ата?
(Күлпаш)
Оң жақтағы 40- Дәл көздеп ататын адам – мерген
Ортадағы 40- «Адам болам десеңіз ... » өлеңінің авторы кім? Жатқа айтып бер.

Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ.
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек. Ағылшын философы Френсис Бэкон «Кітап оқу адамды - білімді, әңгімелеу – тапқыр, ал жазып отыру әдеті - дәлшіл етеді» дейді. Ендеше жас ұрпақтың білімінің қаншалықты екенін сынау үшін сайысымыздың келесі кезеңі «Додаға» кезек береміз. Бұл кезеңнің шарты бойынша Сары түс жағы –гуманитарлық ғылымдар Жасыл түс жағы –жалпы ғылымдар Қызыл түс – жаратылыстану ғылымдары бойынша сұрақтарға жауап алынады. Әр бағытта 10 сұрақтан, әрбір дұрыс жауап 2 баллмен есептеледі.

Гуманитарлық бағыт бойынша
1. Бір өркешті түйе қалай аталады?
2. Абай қай жерде туылды?
3. Жаңылтпаш айт
4. Қорықтарды ата.
5. Адам денесіндегі сүйектер не арқылы қозғалады?
6. Батырлық, ерлік турасында мақал – мәтел айтып бер.
7. Ас қорыту мүшесін ата.
8. Ана тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесің тақырыптарын ата.
9. Сезім мүшелерін ата.
10.«Азаттық жолында» шығармасында кім туралы айтылған?

Жалпы ғылымдар
1. Роза Рымбаева кім?
2.ҚР Әнұранының авторлары кім?
3.Жұмадан кейін қай күн?
4. Қасиетті ай?
5. Спорттың түрлерін ата
6. Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесің?
7. Живопись дегеніміз не?
8. Ермек саздың көмегімен нелер жасауға болады?
9. Қандай мерекелерді білесің?
10. Рәміздерді ата.

Жаратылыстану бағыты
1. Геометриялық фигураларды ата.
2. Математикалық амалдар нешеу және оларды ата.
3. 9 санының квдраты нешеге тең?
4. Азайту амалының компоненттерін ата.
5. Уақыттың өлшем бірлігін ата.
6. 1 кг – қанша грамм
7. 25 пен 15 тің қосындысынан 16 азайтқанда айырманың мәні неге тең(24)
8. Әріпті өрнек деген не?
9. Теңдеудің қандай түрлерін білесің?
10.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айтып бер.

Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Ал ортаға келіңдер
Дұрыс жауап беріңдер
Өз сыныбыңның намысын
Қорғап қазір көріңдер,- дей отырып ортаға соңғы айналымымыз «Шешен тілдер» атты сайысымызға өткен екі оқушымызды шақырамыз.
Бұл сайыстың шартында екі конверттің ішінде тақырыптар берілген оқушылар келіп өздері қалаған конвертті ашып, берілген тақырыптарды оқиды және сол тақырыптар бойынша балалар өз ойларын ортаға салып, өзіне берілген тақырыпты аша білу керек Бұл сайыстың ең жоғарғы бағасы - 10 балл. Оқушыларға ойлануға - 3 минут уақыт беріледі. (Детства – Асылбек Еңсепов жаймен ойналып тұрады).
Қазылар алқасынан топ басшыларының ұпайлары және жалпы қортынды ұпайлары сұралады.
Нәтижесі шыққанша ортада би биленеді, ән орындалады.
Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады.
Сый-сыяпаттар беріліп, сынып жетекшілеріне рахмет айтылады.

Қортынды
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,

біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.
Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар!





Тәрбие сағатының тақырыбы: Ел болашағы - білімді ұрпақ
"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)
Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Сабақтың түрі: «Дарабаз» зияткерлік ойыны.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, таптау
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, арыс тілі,
ағылшын тілі, математика, тарих,
бейнелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз.
3. «Дарабоз» зияткерлік ойыны:
а) 1 - айналым «Бәйге»
ә) 2 - айналым «Дода»
б) 3 - айналым «Жорға»
4. Сергіту сәті.
5. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.

2. «Дарабоз» зияткерлік ойыны
І – «Бәйге»Әр бала бір сұраққа тез жауап
береді. (он бес сұрақ беріледі, әр жауап - бір ұпай.)

1. Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?
4. Жеті қазынаны ата
5. Бейнеу ауданының әкімі кім?
6. Үш қуатты ата.
7. ҚР - ның рәміздерін ата.
8. Төрт кітапты атап бер.
9. Желтоқсан құрбандары кімдер?
10. Маңғыстау облысының әкімі кім?
11. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?
12. Бес жаратылысты ата
13. Астананың туған күні?
14. Үш көзді ата
15. Күн көзі жылына неше рет шығады?
Жауаптары:
(1 - қыркүйек)
(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта) (1991ж. 16 желтоқсан)
(Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
Басшы Әзірханов.
(Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат) (Әнұран, Елтаңба, Ту)
(Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы) (Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол)
Бауыржан Мұханбетжанов
(1995ж. З0 тамыз)
(Күн, ай, жұлдыз., күндіз, түн)
(6 – шілде)
(Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.
Сөз анасы - құлақ)
(365 - 366)

ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 - ұпайдан 15 ұпай беріледі.

1. Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa - dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ)

III - «Жорға»Ұяшықтардың ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті,
Математика, Тарих пәндерінен сұрақтар берілген. Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті
1. Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын (Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала (Лексика)
3. Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?
4. Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті - қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды. (Абай Құнанбаев «Қыс»)

Математика
1. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
2. Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (Поезда 13 вагон болған)
3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?(12 өріктен бөлінеді)
4. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?
(Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста)

Тарих
1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)
2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (97)
4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1млн. 200мың)

3. Сергіту сәті
Айырмашылықты тап

5. Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл
жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты
мол азамат болып өсейік.







Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І – « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
5. « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
6. « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ

12. « Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
14. 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
1. Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
2. Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
3. Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз, eye)
4. ....... – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
5. Еңбегі жоқ ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
6. Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука, hard)
7. .... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
8. ...... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
9. Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
10. Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)

Көрініс « Білім артық па, мал артық па?»

ІІІ – « Ата салтың – халықтық қалпың» Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
2. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
3. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
5. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
6. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

ІҮ - « Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі: 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, жаратылыстану, тарих, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.

Қазақ тілі
50 ұпай – Буынның неше түрі бар және оларды ата? ( ашық, тұйық, бітеу)
100 ұпай – Бір-біріне қарама-қарсы сөздер ( антонимдер)
200 ұпай – жалпы халыққа ортақ түсініктер сөздер не деп аталады? ( жалпылама лексика)

Спорт
50 ұпай – Футбол ойынына қанша адам қатысады? (11 адам)
100 ұпай – Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
200 ұпай - Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)

Жаратылыстану
50 ұпай – Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі қалай аталады? (карта)
100 ұпай – Сұйық ішіндегі және газдағы молекуланың тартылуын не деп атаймыз? (диффузия)
200 ұпай – ғаламшарлардың жүретін жолы не деп аталады?( орбита)

Тарих
50 ұпай – жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында? (9 орында)
100 ұпай – тарих- әр халықтың ұлы кітабы деп кім айтқан? ( Н. Чернышевский)
200 ұпай – адамзаттың өткен тарихын заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым қалай аталады? ( археология)

Ү - Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
1. Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
2. Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
3. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
5. 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
6. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
7. Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
8. Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
9. Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (екінші орынды)
10. Сандар қатарын жалғастыр: 18,20,24,32? (48)
11. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (аққайыңда алма өспейді)
12. Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама-қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір-бір мысықтан. Барлығы неше адам құландыға бара жатыр? (Бір әже ғана)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!