СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл баяндама мұғалімдер үшін арналған. Мұнда бағалаудың түрлері формативті және суммативті бағалау түрері туралы жазылған.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"»

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы №1 Қарабалық орта мектебі» ММ























Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін бағалау түрлері мен әдістері.









\\





Камалова Гулжанат Мирашовна

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі































2015/2016 оқу жыл\

Мақсаты: Бағалаудың мәні,себептері және түрлерімен таныстыру. Бағалаудың түрлерін ажырата отырып, практикада қолдануына қолдау көрсету. Оқыту үшін бағалаудың оқушының оқуға деген ынтасына әсерін анықтап,талдау.

Оқушыларды бағалау – қай кезде де маңызды мәселе. Мектепте қaшaн болсa дa, aтa – aнaлaр мен мұғaлiмдердiң aрaсындa оқушылардың бағасы жөнінде дaу туып жaтaды. Aтa–aнaлaр бaлaлaрының бaғaлaрының төмендiгiне, «баға әділ қойылмады», - деп мұғaлiмдерге қaрсы келiп жaтaды. Оқушыларға қойылған баға кейде ақталмайды, мұғалімдердің қойған бағасы мен ҰБТ – дан, олимпиададан алған бағалары сәйкеспейтін кездері де болады. Бұл келiспеушiлiктiң aлдын aлуғa болaды деп ойлaймын. Бұның бiрден – бiр жолы оқушылардың білімін критерий aрқылы бaғaлaу. Менің ойымша, критерий арқылы бағалауды пайдаланғанда, мұғалімдер мен оқушының арасында ашық қарым – қатынас болады да, ата – ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік жойылады.  Мен үшiн де жетi мoдульдiң iшiнен oсы oқыту үшiн және oқытуды бағалау мoдулi еpекше әсеp қалдыpды. Себебi, бұл мoдуль oқыту үшiн бағалау, сoндай-ақ oқуды кpитеpиалды бағалауды зеpделеуге бағытталған. Бұл мoдуль мұғалiмдеpге:

Бағалаудың өлшемдеріне мыналар енгізіледі: 
1. Оқушылардың білім сапасы (білім стандарты);
2. Сабаққа оқушының белсенділігі, ынтасы, тәртібі; 
3. Өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілігі, ізденгіштігі, шығармашалықпен жұмыс істеуі; 
4. Ғылыми конференцияларда баяндама жасауы;
5. Оқулық, дәптерді дұрыс ұстауы; 

Баға әр уақытта субъективті. Баға – оқушының білімін, білік, дағды дәрежесін, деңгейін, сапасын белгілеу.

Бағалау – оқушылардың білім жетістігінің деңгейіне баға берумен аяқталатын кез-келген формалданған процес. Бағалаудың мақсаты –оқушының қандай сатыда тұрғандығын, оларға не істеу керек, қойылған мақсаттарына қалай жету керек екендігін көрсетеді. 

Қазақ тілі сабағы барысында бағалаудың мынадай түрлерін қолдануға болады:

-критерийлер арқылы топтық бағалау;

- Бағалау парақтары арқылы
- «Бас бармақ» арқылы бағалау; 
- Шапалақтау немесе мадақтау; 
- Стикерлер арқылы бағалау; 
- Пішіндер тарату арқылы бағалау; 
- «Мақсат ағашы» арқылы бағалау; 
- Жұпта бірін –бірі бағалау; 
- Топта бірін – бірі бағалау;

-Бағдаршам арқылы бағалау;

    Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді.

Критерийлер арқылы топтық бағалау: 2 топқа түйе суретін салу беріледі. Екі топқа бағалау криетрииі беріледі. Әр топ өз- өздерін бағалайды.

Критерийлер


балл

Бағалау

Параққа орналасуы

Толық бет

Жарты бет

Парақтың 1/3 бөлігі

3

2


1


Түстердің үйлесімі

4 түс қолданса

2-3 түс қолданса

1 түс қолданса

3


2

1


Бөлшектер саны

Басы,аяғы,өркеші

5-тен астам бөлшек

3-4-тен астам бөлшек

1-2 бөлшек

5


4


1


Барлық ұпай саны




Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі:

— алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

— анық, айқындылығы;

— бағаның әділдігі;

— топтың бағалауына мүмкіндіктің берілуі;

Бағалау парақтары арқылы бағалау.

Оқушының аты-жөні: ....................................

Үй тапсырмасы

«Сұрақ-жауап»

10 ұпай

Өткен материалды бекіту

«тест» 8 ұпай

1-тапсырма

«Диалог»

12 ұпай

2-тапсырма

«суретпен сөйлем құрастыр» ұпай 15










Бағалау критерийлері: 45-37- «5» 30- 36–«4» 27-20 – «3»

Оқытуда бағалаудың екі түрі бар екенін білеміз. Оқыту үшін (формативті) бағалау және оқуды бағалау (жинақтаушы,суммативті) бағалау.

Оқытуды жақсартуға бағытталған бағалау – формативті де, ал оқытудың қорытындысын шығару –суммативті (жиынтық) бағалау болып табылады
Бағалау әдістері:
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
– топта, жұпта, сыныпта талқылау;
– өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)

Формативті бағалаудың  әдістерімен бөліссек, олар төменгідей:

  • «Қысқа да нұсқа»  әдісі.

Сұрақтарға жауап беру:

Бүгін не білдіңіз?

Қандай сұрақ есіңізде қалды?

Қиын  және түсініксіз болғаны не?

  • «Сөйлемді жалғастыр»  әдісі.

Менің көбірек білгенім....

Таңқалғаным...

Менің сезгенім...

Менің ол туралы ойым...

  • «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

Курс тыңдаушылары екі шеңберде қарсы тұрып, бір-біріне сұрақ қояды, жауап алады. Мұнда жауап бере алмаған, әрине, неліктен жауап бере алмағанына ойланады

  •  «Қошемет» әдісі.

Егер мұғалімнің баяндауы сауатты, тартымды, түсінікті болатын болса, тыңдаушылар қошеметтейді.

Мұғалім мен оқушы  сабақ барысында уақытты ұтымды пайдалану тақырыпты жеңіл менгергенің бағалау да критерийлі бағалаудың маңызы зор.Критерийлік бағалау ,оқушының өздігінен білім алуына  жағдай жасайды, жеті модуль қамтылады, сабақтың сапасы артады, ұстаздың сапалық  шеберлігі  және шығармашылығы  дамиды. Мұғалім оқушылардың еңбегін жоғары обьективті бағалай алуы үшін тапсырмалар әртүрлі болуы керек.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!